Инфоурок Другое СтатьиӨзін- өзі тану "Құдіретті жер- ана"

Өзін- өзі тану "Құдіретті жер- ана"

Скачать материал

 

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Қарақобда НМ         

Мерзімі: 6.02. 2017ж         сабақ №21

Мұғалім:Малаева Индира Жақсылыққызы       

Оқушылар саны: 7

Сынып: 7

Тақырыбы: Құдіретті Жер – Ана

Құндылық:ішкі тыныштық

Қасиеттері: адалдық, қайырымдылық, қанағат тұту.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жер-ана туралы айта отырып,  ішкі тыныштық  құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-          Оқушылар адалдыққа баулу;

-          Оқушыларды ң қайырымдылық қасиетін дамыту.

-          оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, қанағат тұту  тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 5-Т

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру.

21 – сабақ.  98-99  беттердегі  Конфуций ілімінен  үзіндіні  оқып келу.

Сұрақтар:

1.      Бақас жұрттың патшасы Ғұн патшасынан не сұратты?

2.      Екінші не сұратты?

3.      Жерін сұраған бақас жұртының патшасына Ғұн патшасы қандай жауап қайтарды?

4.      Ғұн патшасының жеріне деген адалдығы қалай көрінді?

5.      Қайырымдылықты қай патшадан көріп тұрсы?

6.      Сен Ғұн патшасының орнында болсаң не істер едің?

 

Дәйексөз

   «Жер - ана жомарт ана тер төккенге»    

 

Дәптерге жазып алу. 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға  айтқызу                                                                                        

Дәйексөзден не түйдіңіз?

 

Әңгімелеу.  «Жер – ана тұншықса»  Н. Құмар

Әңгіме бойынша сұрақтар:

1.      Мұрат неге мұңайып қалды?

2.      Данашқа топырақ жайлы не айтты?

3.      Қандай қорытындыға келді?

4.      Мұарттың ішкі тыныштығы орнады ма? Неге?

5.      Табиғатқа қалай қайырымдылық жасау керек?

 

Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.

Жер-Анаға деген менің көзқарасым....

 

 

Топпен ән айту.  «Табиғатым»

 

 

Үй тапсырмасы.

22 – сабақ.  104-107  беттердегі  Ш.Айтматовтың «Ана- жер-Ана»  шығармасын  оқып келу. Дәптерден 21 – сабақтағы №1  тапсырманы орындау.

 

Сабақтың қорытынды минуты. Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақтан алған жақсы сөздеріміз бен ойларымызды жүрегімізге жеткізіп, жүрегімізге сақтайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

 

 

 

«Жер – ана тұншықса»  Н. Құмар

 

-Екі апта сен болмағандағы жаңалығымыз осы, - деп Дана шаттан күлімсіреді.

Ауылға барып, табиғаттың тосын мінезіне жаны торығып оралған Мұрат үйінің маңайын көріп мұңайып қалды. Көрші  дүкен ашыпты да, көп көлемді жерді бетондап тастапты. --Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып тұрғандай.

-Қуанбайсың ба?  Айнала қандай әдемі!

Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан топырақтың тозу сатысы жайлы айтқанда, төңірек те сұрғылт тартты.

- Бір грамында жүз миллион мыкроорганизм өмір сүретін топырақтың тұншығуын –ай! «Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе, Данаш?

- Сонда немене? Топырақта зат алмасу процесі жүре ме? Көзі, жүрегі, өкпесі бар демексің бе?

- Бүкіл тірліктің бастау болған  - жер. Бәріне төзген, бәріне көнген, басына енді қасірет төнген.......

Ағалы –қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай ағылған адамдарға тосырқай қарасады.

Құрамында тұз бен гипсі көп ұнтақ шаңды шұбатып, көліктер ағылуда. Көкке ұшып, артынша адам ағзасына енетін тозаңды кім өлшеп, ескеріп жатыр?

Топырақ тозса, адам азбасын ба?

Мұрат пен Дана жып-жылтыр боп жатқан химиялық қоспаға да, жасанды жандарға да қызықпайтындай қалып танытты.

 

 

 

 

 

 

«Табиғатым»

 1 Бұл-бұлдар сайраса есіңе ал

Өмірдің сырласу кеші бар

Сүюді білмейтін адамдар

Осынау өмірде несі бар

 

Қайырмасы:

Табиғатым

Махаббатым

Табиғатым

Махаббатым

 

2  Табиғат  сыйладың,   гүл болдың

Сол гүлдің  арты  басқада

Сол гүлге арнаймын барлығын

Әнімді жырымды аңсаған

 

3 Мен сені сағынам көктемде

Аққу қаз төбемнен өткенде

Шерлі бір домбыра дірілден

Әсем бір ән-күйлер төккенде

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін- өзі тану "Құдіретті жер- ана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 732 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2017 846
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малаева Индира Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малаева Индира Жаксылыковна
    Малаева Индира Жаксылыковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20697
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой