Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметттік және
азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұлғасынан сезінуге
үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап , өз елін мақтан ету сезімдерін
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- азаматтық тұлға , азаматтық ұстаным ұғымдары
туралы түсінік беру;
- азаматтық ұстанымдары мен
көзқаратарын қалыптастыру;
- оқушыларды алдарына саналы
мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы ортаға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi:
Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.
5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық
және татулыққа назар аудару).
2.Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға
түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,
ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы
жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне
нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй
тапсырмасы: 14 сабақ «Аялай біл сен деп соққан жүректі»
тақырыбына шығарма жазу.
Дәптермен
жұмыс. «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер? » ойтолғау жазып келу.
Дәйек сөз: «Ел мен үшін не істей алады деп
сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра»
Дж.Кеннеди
2-рет ер
балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге
жазу.
Әңгімелеу.
«Мұғалімнің сыйы».
Екі дос
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі
болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына
шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл
жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап
әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі
жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара
суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау
әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын
өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір
жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім
жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін
өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ
болады да:
-Жарайды,мен сені қыршыныңнан
қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын
құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді
қолбасы.
-Ол да болсын,көзімді ал да,досымды
босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған
досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны
көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан
келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
-Екінші
достың орнында болсаң не істер едің?
-Қолбасшы неге әскерлерін шегінуге бұйрық
берді?
-«Азамат »дегенді қалай түсінесің?
-Адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
-Сенің ойынша азамат болу үшін өмірде қандай
құндылықтар мен қағидаларды,ұстанымдарды басшылыққа алу керек?
Шығармашылық
және топтық іс-әрекет.
Сөздер
мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін
анықтамасын беріңдер:
Ұғымы
Анықтамалары
1
Азаматтық
А)
Ақылдылық, ойлылық. Адамға ғана тән қасиет.
2
Азамат
Ә)
Адамдарға деген ізгі ниет, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік,
басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.
3
Адамгершілік
Б)
Адамның тұлғалық жақсы қасиеттерін танытатын ұғым
4
Кісілік
В)
Адамгершілігі бар парасатты адам.
5
Саналық
Г)
Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын адал орындауы.
Жауаптары: 1-г, 2-в, 3-ә, 4-б, 5-а;
Топпен
ән айту.
«Өз
елім»
Сөзі: Қ.Мырза Әли
Әні :Н.Тілендиев
Келгенде
көктемі
Көңілін
гүл басқан.
Шырағы
көктегі
Жұлдызбен
сырласқан.
Өз
елім менің –
Өзегім
менің,
Жырыма
қосып жүрегім.
Төрім
деп менің
Жерім
деп менің,
Соғады
мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Түлегі
сендер,
Тілегі
сендер,
Тірегі
сендер сол елдің!
Назары
сендер,
Базары
сендер,
Ажары
сендер сол елдің!
2.Ақ
күмбез астығы
Асқар
боп өрілген.
Жалынды
жастығы
Жүлдені
бермеген.
Өз
елім менің –
Өзегім
менің,
Жырыма
қосып жүрегім.
Төрім
деп менің
Жерім
деп менің,
Соғады
мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Үйге тапсырма: № 15 сабақ
М.Мақатаев «Төрт ана» жаттау.
Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы орындап келу
Соңғы
қортындылау сәтi:
Баяу
әуен қойылады. Көзімізді
жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,
қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.
Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап,
көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп
рахмет!
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.