Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨзін-өзі тану пәнінен "Мамандық-жетістік мерейі" тақырыбындағы ашық сабақ

Өзін-өзі тану пәнінен "Мамандық-жетістік мерейі" тақырыбындағы ашық сабақ

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектебі:_Северный  орта мектебі

Мерзiмі:____________Мұғалiм:_Идирова Н.Ж.

Сыныбы:_11_Оқушылар саны: 15 

Тақырыбы: Мамандық-жетістік мерейі.      

Құндылық:_дұрыс әрекет___Қасиеттер: мейірімділік, ынтазарлық, сабырлылық.

Мақсаты:мамандық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Қай мамандық иесі болса да, әр адам мейірімділік қасиетімен ерекшеленетіндігі туралы оқушыларға түсінік беру;

2.Оқушылардың болашақ мамандығына деген ынтазарлығын арттыру;

3.Барлық кезде де сабырлы болуға тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiмет-

тер)   

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет.

5 «Т» ережесі.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Үмітімді үзгім келмейді» атты Н.Келімбетовтің шығармасын оқып келу.Сұрақтар:

1.Дәрігер неліктен өз ісіне селсоқ қарайды?

2.Шынайы дәрігер қандай?

3.Ақынның сұрағына дәрігер қалай жауап берді?

4.Өз ісін дұрыс атқару  үшін адамға не қажет?

5.Сенім күші дегенді қалай түсінесіз?

6.Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысу қаншалықты жақсы?

 

Ескерту

Дәйексөз. «Ең қиын мамандық – адам боп қалу»      Хосе Хулиан Марти

( хормен қайталату, мағынасын сұрау)

 

Мұғалім сыйы: «Әмиян»

Халықаралық Reader's Digest («Ридерз Дайджест») журналы саябақтар мен жаяу жүргіншілер жолына, сауда орталықтарына, жақын көшелерге 12 әмиян тастап, тәжірибе жасады.Әр әмиянның ішінде жергілікті валютамен 50 АҚШ доллары шамасында ақша, зат иесінің суреттері, телефон нөмірі жазылған қағаз салынған. Журнал қызметкерлері әмиянды тауып алған адамдардың әрекетін алыстан бақылаған. 
Адал адамдар көп мекендейтін қала – Хельсинки болып шықты. Финляндия астанасында «жерге түсіп қалған» 12 әмиянның 11-і «иесіне» қайтарылды.Португалия астанасы Лиссабонда 12 әмиянның біреуі ғана қайтарылған. Оның өзі қыдырып келген нидерландтық ерлі-зайыптылар болып шықты.Жалпы алғанда, көшеге тасталған әмияндардың жартысына жуығы – 47 пайызы қайтарылған. Ал 53 пайызын адамдар іліп алған күйі алып кеткен.

Варшавадан 5 әмиян қайтқан. «Олжа» тауып алғандардың бірі - 28 жастағы биотехнолог Марлена Каминска. Ол зат «иесіне» бірнеше сағат хабарласпаған. Марленаның айтуынша, жұмыстағы әріптестерінің біразы «иесін іздеп әуре болма» деген кеңес беріпті, бірақ әйелдің ұяты жібермеген. Тәжірибе адамның адалдығына жасы мен жынысы, жұмысына әсер етпейтінін көрсетті.Міне, қызық!Адамдардың адалдығы елдегі экономика деңгейіне ықпал еткен. «Адал адамдар мекені» саналған Финляндия экономикасында аса күрделі проблемалар жоқ, мұндағы жұмыссыздық деңгейі-7-ақ пайыз. Ал біреудің затын иемденуге бейім Португалия экономикасын үш жылдан бері дағдарыс меңдеп тұр. Мұндағы жұмыссыздық көрсеткіші 17 пайыздан асады.

Сұрақтар: 

1.Қандай тәжірибе жасалды?

2.Нәтижесі қандай болды?

3.Адамдардың  адалдығы ел экономикасына неліктен әсер етеді?

4. «Ұяты жібермеу» деген сөзді қалай түсінесіз?

5.Осындай жағдайға тап болсаңыз, не істер едіңіз?

6.Қоғамда ізгілікті орнатуға өзіңіз қандай үлес қосар едіңіз?

 

Топтық жұмыс. Топтастыру мамандықтар бойынша жүзеге асады.Әр оқушы мамандық атаулары бар кеспе қағазын алады да, мамандық типтеріне қарай топтасады.

Адам-адам: мұғалім, дәрігер, менеджер, шаштаразшы,журналист

Адам-техника: оператор, инженер, машинист,механик,металлург

Адам-табиғат: археолог, биолог, агроном, зоотехник, фермер

Адам-шығармашылық бейне: әртіс, әнші, суретші,  мүсінші, дизайнер    

1.«Мамандық пен адамдық» тақырыбына постер қорғау.

2. «Мамандық пен адамдық» тақырыбына эссе жазу.

3. «Мамандық пен адамдық» тақырыбына өлең шығару. (бос орындарға сөздерді қойып айту)

Әрбір кәсіп иесін

Көркем етер  .................. (кісілік)

Болса егер  ..................... (бойында)

....................... (Адалдық)   пен  ................(кішілік)

Қара басы қамы емес,

Еңбек етсе   ........................(елі үшін)

............................. (Мұқтаждардың )  бәріне

Соза білсе  ...................(қол ұшын.)

Аманатын елінің

Ақтар болса ................ (үмітін )

Міне нағыз  ..............(азамат)

Міне осы  .....................(ғанибет !)

 

4. «Мамандық пен адамдық» тақырыбында сахналау.                                       

 

Топпен ән айту: «Арман жолдар»

Сөзі:А.Дүйсенбінікі     Әні:Ұ.Жолдасовтікі

Жол – жетелейдi арман мен мұраттарға,
Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.
Сен адастырма, арманым, жол бастаған,
Үйреттiң өмiр сырын алғаш маған.               2 рет
              Сен – қиял құсым сапарға алып ұшқан,
              Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.
              Сен – жас дәуренiм, жүзiндей ақ алмастың,
              Мөп-мөлдiр кәусарыңа қана алмаспын.             2 рет
Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнiмдi.
Сен – ұрлап алып кетпешi жастығымды.
Сен – қол жетпейтiн тұратын сағымнансың,
Жолдарда жүрiп өткен әнiм қалсын.                     2 рет

 

Үй тапсырмасы:  «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.

 

 

 

 

 

Сабақтың қорытынды минуты:

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен "Мамандық-жетістік мерейі" тақырыбындағы ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2017 2379
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идирова Нургуль Жанузаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Идирова Нургуль Жанузаковна
    Идирова Нургуль Жанузаковна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8781
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек