Инфоурок Другое Научные работыҚазақ тіліндегі жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

Қазақ тіліндегі жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

Скачать материал

№13 орта мектебі

Берік Ақмарал Берікқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тіліндегі жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман ба?» - дан басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани, мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.

Этнолог-ғалым Халел Арғынбаев төрт түліктің пайда болуы, шығуы туралы ойын былай таратады. Халық арасына кең тараған аңыз бойынша жер бетін топан су қаптап, бүкіл адамзат, жан-жануар апатқа ұшырағанда Нұх пайғамбар әрбір жәндік иесінен бір-бірден тұқым сақтау мақсатымен оларды кемесіне отырғызып басын су шалмаған Қазығұрт тауына келіп тұрақтапты-мыс. Міне, сол Қазығұрт тауына әкелінген «қатпа тайдан», «жетім ботадан», «жалғыз танадан», «жұрын тоқтыдан» төрт түлік өсіп-өніпті-міс. Мұнымен бірге әр түліктің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай оларды қиялмен табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан жаралды деп гиперболалық түрге де айналдырған. Мәселен, жылқы – желден (жел аяқ жүйрік болғандықтан, таза ауаны сүйгендіктен), түйе – сордан (сорлы жерді тәуір көргендіктен), сиыр – судан (сасық судан да жерімейтіндіктен), қой – оттан жаралды дегендей және әр түліктің өзіне тән пірі (қамқоршысы) саналған «Қамбар ата», «Шопан ата», «Ойсылқара», «Зеңгі баба» бәрі де бір кезде болған атақты бақташылар. Олардың кейбіреуінің қабірі Сырдария мен Жетісу өлкесінде осы күнге дейін сақталған деседі.

Төрт түлік мал қазақтың жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі, мінсе көлігі, ауырса емі, жыл он екі ай отыратын үйі болды. «Демінен басқасының бәрі пайдалы» төрт түліктің күнделікті тұрмыста атқаратын рөлі, қолданылатын орындары өте көп. Сондықтан да материалдық және рухани мәдениетімізді малдың қатысынсыз көзге елестету мүмкін емес.

         Қазақ халқы малды сүйіншіге, құн төлеуге, айып-пұлға, қалың малға, тасаттыққа, қалжаға, бата оқырға, өлікті жерлеуге, той өткізуге, ауруды көшіруге, спорттық ойындарға, құдайы садақаға, сыйлыққа, асқа, емдеуге, ауа райын болжауға, көшіп-қонуға, жүк тасымалдауға, күш-көлік ретінде, бал ашуға, уақыт пен кеңістікті өлшеуге, нысандарды салыстыруға, кеңістікті игеруге, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға, жас ұрпаққа тәрбие беруге т.б. жағдайларға қолданылады.

          «Жер бетіндегі ең малсақ халық – біздің халық» - дейді ғалым Ә.Қайдар. Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы осы малдан табылған ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мал бағып, өсіріп өмір сүрді. Тұрмыс-тіршілігін де, мәдениетін де осы төрт түлікке сәйкес жасады. Содан соң түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына  деген қанатты сөзді де тауып айтқан. Бұл сол төрт түліктерге берген  шын мәнінде әділ баға.

         Жылқы – өзінің қайталанбас әу бастағы қалпын күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан, аңыздарға арқау, ертегілерге үзілмес желі болған сипаты бөлекше жаратылған жануар. Сонау есте жоқ көне замандардан күні осы уақытқа дейін бір бойына көптеген артықшылықтарды, ерекше қасиеттер мен өзгешеліктерді жинастырған жылқының Табиғат-Ана жан беріп жаратқаннан бергі тегі мен құпия сырларына қанық болдық десек, мұнымыз бүгінде асылық айтқандық да болар еді.

         Қазақ поэзиясының Құлагері І.Жансүгіров:

Жанына еліміздің жылқы жаққан,

Жылқыға жетпеген көз жәутең қаққан.

Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы,

Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.

Халқымыз артық көрген атты тақтан,

Қызық-ау, біздің бәйге қырда шапқан,

Шыдарма қазақ жаны ұшып кетпей,

Аттарға шаң шығарып келе жатқан - деп қазақтың жылқы малын ерекше қастерлей білгендігін, халқымыздың жанына жақын түліктердің бірі осы жылқы дейді.

Зоонимдердің ішінде осы жылқы атауларын зерттейтін сала  гиппоним деп аталатындығы белгілі. Тұлпар десек, сәйгүлік десек, біздің есімізге Қамбардың Қарақасқасы, Қобыландының Тобылғы меңді торы аты, Тайбурылы, Алпамыстың, Байшұбары, Тарғынның Тарланбозы, Төлегеннің Көкжорғасы, Хан Қореннің Қаз мойын қара тұлпары, Сандалкөгі, Көбіктінің тарлан аты, Қарлығаның Ақмоншағы, Ертөстіктің Алты құлаш ала аты, Жеті құлаш жирен аты, Шалқұйрығы, Кендебайдың Керқұласы түседі. Әрине, бұлар ертедегі батырлардың тұлпарлары. Кейінгі кезеңге құлақ түрсек, елге атағы жайылған бұлар сияқты сәйгүліктер саны аз емес көрінеді. Көпшілігімізге белгілі, Жәңгір ханның Ақмоншағын, Ақан серінің Құлагерін, Балуан Шолақтың Ақбозатын, Исатайдың Ақтабанын, Амангелдінің Шалқасқасын, Байжанның Тауторысын былай қойғанда, ел ішінде Толыбайдың Шымқарасы, Бақтыбайдың Торысы, Райымбек батырдың Көкойнағы, Малдыбайдың Құндызқарасы, Әлшекейдің Көкқасқасы, Қыздарбектің Қарақұлағы, Мақұлбектің Қарааты, Кенжебайдың Шаңтимесі, Бошайдың Құланқара, Бұланқара, Желмаясы сияқты бәйгі аттарының атын жиі естуге болады.

Байқағанымыздай жақсы ат тек өзінің атын ғана шығарып қоймайды екен, сонымен бірге оны баптап күткен, бәйгіге жаратқан иесінің де, қала берді оны үкілеп бәйгіге қосқан елінің де атақ-даңқын асырып, мерейлерін үстем етіп отырған. Оған мысал ретінде бүкіл қазақ еліне аты жайылған Ақан серінің Құлагерін келтіруге болады. Бақай сыншының Желқанат деген аты жиырма бес жыл бойы алдына қара салмай, ылғи озып келіп жүреді.

Белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Арғымақтар» деген мақаласында бәйге аттарының мынандай атауларын келтіреді: «Қарақұлақ, Шаңтимес, Желтимес, Кесікқұлақ, Күншалмас, Құланқара, Көккептер, Қақпанбел, Желаяқ, Қылаңбоз, Қазмойын, Мақпалқара, Айғасқа, Сұржекей, Құлагер, Тайбурыл, Қарағасқа, Бозжорға, Азбансұр, Сүмбіле, Қызқара, Қараторғай, Айторы.

   Жылқының жасына, жынысына, тұқымына, мінез-құлқына, табиғи ерекшеліктері мен түрлі қасиеттеріне байланысты тілімізде өте көп атаулар пайда болып, сөздік қордан орын алған. Сол сияқты жылқының түр-түсін білдіретін атаулар да көп. Этнограф Х.Арғынбаев жылқының түсі дәстүрлі 4 топқа бөлінеді деп атап көрсетеді: 1) қылаң; 2) баран; 3) ала; 4) шұбар. Жылқының түсін білдіретін жалаң атаулардың барлығы да шығарманың өн бойында кездесіп отырады. Мысалы, қылаң, қылаңға жататын басқа түстер де шығармада назардан тыс қалмайды: Қос қылаңы – Жоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулері. Қылаң тобына жататын түстердің негізгісі – ақ. Жылқының ақбозын халық қасиетті санайды. Шығармадағы қолбасшылардың, хандар мен әміршілердің жорық аттарының  ақ боз болып келуі тегін емес. “Ақ ат мінген сайыпқыран жорықта кілең жеңіске жетеді. Әдетте, мұндай атты сардар немесе патшаның өзі мінсе жарасады”,- дейді Омар Хайям. Тағы кешегідей сес көрсетіп, жалаң қылыштарын басынан жоғары көтере, нөкерлерін соңынан ертіп жасыл туын желбірете, қамалды жанай ақ боз ақалтекесін ойнатқан Абдолла әмірші...

   «Көшпенділер» романындағы жылқыға қатысты антропонимдер мен топонимдер, гиппонимдер, олардың жасалу жолдары. Адам есімін жылқымен байланыстырып қою жиі кездесетін құбылыс. Оның мәні жылқыны киелі, қасиетті деп санаудан туған. Сонымен бірге жылқы – байлықтың, сән-салтанаттың белгісі. Ал, құлын – сұлулықтың, еркеліктің символы. Халқымыз әдемі әйелді “құлын мүшелі”, “құлын мүшесі бұзылмаған” деп сипаттайды. Адам есімін жылқыға байланыстырып қоюдың сырлары осында.

   Шығармада Тайшық, Жамантай, Тайжан тәрізді антропонимдер қолданылады. Тілімізде жылқыға байланысты жер-су атаулары да мол. Шығармада Тайкеткен, Саумалкөл, Атбасар, Атмінгескен тәрізді топонимдер мен гидронимдер бар. Жазушы Атмінгескен атауының тарихын оқиға желісіне орай қызықты, әрі орынды баян етеді. Шығармада кездесетін гиппонимдер: «Ортеке», «Киік-аяқ», «Киіккетпес», «Тарланкөк», «Тұлпаркөк», «Көксеңгір», «Көкдауыл», «Кертөбел», «Ақылақ», «Ақауыз»,  «Ақтанкер», «Ақжамбас», «Ақсирақ», «Ақбақай», «Жалынқұйрық», «Құмай төс». Бұлар жылқының түр-түсіне, ерекше белгілері мен қасиеттеріне қарай қойылған. Олардың барлығы дерлік күрделі сөздер.

         Ал енді халық ауыз әдебиетінде, көркем шығармаларда кезедесетін гиппонимдердің (жылқы атауларының) этнос тілімен сабақтастығы қандай деген сауалға жауап берсек. Ең алдымен жылқы малының жасына байланысты атауларды түркі тілдес халықтардың ұғымымен салыстырып алсақ. Осы орайда ғалым Р.Панзарбекованың «Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы» деп аталатын зерттеу жұмысындағы (кандидаттық диссертация) тұжырымдарды басшылыққа аламыз. Мәселен, түркі тілдерінде жылқы төлінің жас ерекшелігіне қарай аталатын атаулардың бірі – жабағы – деп көрсетеді ғалым. Автор бұл тұжырымын мынадай дәлелдермен дәйектейді: «қарақалапақша - jабағі «бір жастағы жылқы төлі», ноғайша - janaш «жаңа туған құлын», татарша - jaбаға  «бір жастан асқан жылқы төлі», туваша - чава «бір жастан асқан», түрікменше janaғы «жаңа туған құлын».

         Ғалым жабағы сөзінің жалпытүркілік басты мағынасын алты айдан бір жасқа дейінгі жылқы төлі деп көрсетеді. Демек, «Алғашқы қар басқан», «бірінші түлем жүнін тастаған» деген семантикалық элементтер осы ұғымға кіреді. Ал қалған мағыналары – «жаңа туған құлын», «екі жастағы» дегендер – жекелеген тілдерге тән, кейіннен пайда болған айырымдар. Қарап отырсақ, түркі тілдерінде жылқы төлінің  жабағы деп аталуында ұқсастық семантикалық жағынан да, түбір тұлғасынан да байқалатындығын көреміз.

         Жылқының төліне қатысты атаудың бірі – тай атауы. Ғалым Р.Панзарбекованың тұжырымдары бойынша, бұл атау түркі тілдерінің көпшілігінде «жылқының бір жастан асып, екі жасқа қараған, екі жастағы төлі» дегенді білдіреді екен. Сонымен қатар бұл атау кейбір түркі тілдерінде кішірейткіш жұрнақпен айтылып, «жаңа туған» немесе «бір жасқа дейінгі құлын» мағынасында жұмсалатындығын мына мысалдардан көруе болады: әзербайжанша dairчa, өзбекше (диалект) тaiчik.

         Жылқының төліне қатысты атаулардың түркі халықтарындағы қолданысын талдаған ғалым Р.Панзарбекова түркітанушы ғалымдардың тұжырымдарын басшылыққа алып, былайша сабақтайды: «А.М.Щербак чувашша тіха, моңғолша таха атауларын В.Г.Егоров, Б.Я.Владимирцевке сілтеме жасай отырып, өзара байланысты деп қарайды» - дейді. Автор тай атауы түркі тілдерінің көбіне  дерлік жылқы малына байланысты  тай, өгіз, тайлақ, тaйқар («есектің екіден асқандағысы») т.б. кейініректе болған мағыналық ерекшелік болуға тиіс» деп бұл құбылыстың моңғол тілдерінде байқалатындығын: моңғолша даага «тай», даган тором «тайлақ» деген сөздермен дәлелдейді.

         Жылқы төлінің жасы мен жыныстық ерекшеліктерінің мамандандырылған атаулармен берілуі жалпытүркілік сипатқа ие құбылыс екендігін байқауымызға болады. Жылқы төлінің жыныстық жағынан жетіле бастаған кезін әрі жасын білдіретін жалпытүркілік атаулардың бірін ғалым Р.Панзарбекова құнан деп көрсетеді. «Қазақша құнан, башқұртша қонан, қырғызша кунан, туваша хунан ат, түркіменше, ұйғырша ғунан, өзбекше гунан «екі-үш жастағы еркек жылқы». Ал жылқы төлінің екі жастағысы немесе үш жасқа қараған ұрғашысы – жын (jin) тұлғасы арқылы беріледі: қазақша, ноғайша құнажын бие (құлындағаны), құныжын байтал (құлындамағаны), туваша кунан бэ т.б. деп аталады. Ғалым бұл атаудың «жалпы түркі тілдеріне ортақ интеграциялаушы семантикалық элементі «жылқының екі-үш жас аралығындағы төлі». Ал дифференциялаушы семантикалық элемент бұл атаудың  мағыналық құрылымында жыныстық белгіні («еркек», «ұрғашы») білдіретін семаның болуы» - деп атап көрсетеді. Демек, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін терминдерінің мағынасы («жануарлардың жынысы мен жасын білдіретіндігі») түркі-моңғол, тұңғыс-манжчур тілдеріне ортақ болып келетіндігін көруімізге болады. Тағы да ғалым Р.Панзарбекованың тілдік дәйектемелеріне жүгінетін болсақ, жоғарыда аталған терминдер кейбір түркі тілдерінде үй жануарларын білдірсе, кейбірінде үй жануарын ғана емес, жабайы жануарлардың жасы мен жынысын білдіру үшін де қолданылады екен. Мәселен, «моңғолша гуна (н) «үш жастығы өгізше», «үш жасар жолбарыс». Сонымен қатар бірсыпыра түркі тілдерінде байтал мен бие атаулары мәндес, мағыналас сөз түрінде қолданылады: алтайша, қырғызша байтал, бэ; башқұртша байтал, бэjа, гагауызша, құмықша, түрікменше баjтал, туваша бэ, хакасша бі, сахаша біэ». Бұл жерде айта кетеріміз, қазақ тілінде бие мен байтал сөзінің мағыналары әр басқа, яғни қазақ тілінде бие деп құлындаған ұрғашы жылқыны, ал байтал деп құлындамағанын айтатындығын білеміз. Ғалым Р.Панзарбекова бұған қоса «байтал атауының семантикасында әлі төлдемеген ұрғашы жас жылқы деген негізгі мағынаға қоса, «қысыр қалған», «семіз», «күйлі» деген семантикалық элементтердің жарыса жүретіндігін атап өтеді.

         Жалпы тақырып барысында жылқыға қатысты немесе жылқы төліне қатысты атаулардың түркі тілдерімен сабақтастығын көрсетудегі мақсатымыз – бұл атаулардың ертеде қалыптасқандығын және түркі тілдес халықтар арасында аталған түлік атаулары ортақ семантикалық мәнде жұмсалатындығын көрсету болды.

         Бөлімнің тақырыбына сай, жылқы түлігіне қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипатын сөз етсек. Ең алдымен қазақ халқы үшін жылқы қандай мал, басқа түліктерден несімен ерекшеленеді, қандай қасиеті бар деген сауалға жауап беріп өтсек. Жылқы – сезімтал, жолтапқыш жануар, табан жолын көрмейтін ақ түтек боранда, көзге түртсе көргісіз шырттай қараңғы түнде жолдан адасқан жолаушы не малшы аттың басын еркін қоя берсе, ол өзі-ақ ауылды тауып келеді. Өсіп-өнген жерінен басқа да бір алыс ауылға, қашық жерлерге алып барған жылқы малы ол  жерге үйрене алмаса, жерсінбесе, өзі өскен өлкеге қайтып келуі, қанша алыс болса да оны тауып келуі ықтимал. Бұл хайуанаттардың көбіне тән қасиет жылқы малында ерекше дамыған. Мұны ел арасында «жерсінбей кетіп қалды» дейді. Келер күні боран болатын болса, жылқы оны сезе қояды да, пысқырынып, ішін тартып, тиышсыздана бастайды. Жылқы құлағымен алысты нұсқап қайшыласа, жер тартып мазаланса, қалың жылқының жақын жатқанының белгісі. Ел ішінде жаһанды кезіп жүрген пәле-жала иесі - ібіліс, жын-шайтаннан, жәдігөй сияқты қаскөйлер лаңынан тек жылқы ғана құтқара алады деген түсінік қалыптасқан. Қазақ ұлты жылқыны ежелден «киелі», «өте таза», хайуан деп есептейді. Сойған жылқының басын аяқ астына тастамайды. Оны міндетті түрде биікке (үйдің төбесіне, дуалдың үстіне,талдың басына) шығарып қояды. Зерттеушілер «Сақтар Қаһанды үлкен қорғанның ішіне көмгенде, онымен бірге алтын, күміс және ат көметін» дейді. Тұрмысымызда жылқы сән-салтанаттың, көркемдіктің идеалы.

         Қазақ танымында әрбір түліктің пірі болады деген түсінік бар, яғни түліктің пірі жануарды жамандықтан, аурудан, кесапаттан сақтап, қорғап жүреді деп сенген. Сол сияқты жылқы малының пірі Қамбар ата аталатындығын  мектеп кезінен біліп келеміз. Ал енді осы Қамбар атаның  фольклорист ғалымдардың зерттеуінде  өзге түліктің иесі Ойсылқарадан, Зеңгібабадан, Шопан атамен салыстырғанда, Қамбар атаның көп қырлылығы неден көрінеді деген сауал бәрімізді де мазалары анық. Әрине, бұл сауалдарға жауап беру үшін халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне жүгінеміз. Мысалы, «Алпамыс» жырында: «Мал иесі Қамбар-ау, жан иесі Қамбар-ау, Қарағыма көз сал-ау» немесе «Қобыландыда»: «Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, Қамбар өзің қолдасаң, Қолдамайтын кім бар-ай». Қарап отырсақ, ауыз әдебиетінде Қамбар бейнесі ерекше сипатталады. Демек, жылқының пірі Қамбар ата ерекше мәртебеге ие болса, қазақ халқы жылқы түлігін де ерекше әспеттеп, артықша бағалаған. Жылқы атаулының ішінде желаяқ жүйріктерін, асылдарын қасиеттеу, қастерлеу түркі халықтарында ертеден келе жатқан дәстүр болып табылады. Соған байланысты олардың тілдерінде тұрақты сөз тіркестері, теңеулер мен бейнелі сөздер қалыптасқан. Бұл тілдік көріністер әдетте, көркем шығармаларда, әсіресе, ауыз әдебиет үлгілерінде кеңірек қамтылған. Мысалы: кекілін кесу, кекілін керу, кекілін зерлеу, құйрығын кесу, құйрығын өру, құйрығын түю, құйрығын тұмарлау, жалын өру, жалын сүзу, жалын үкілеу, жалына үкі тағу, мойны тұмарлы сияқты т.б. алуан түрлі сөз тіркестері кездесе береді.

    Тілді  зерттеу арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір жолын, рухани өмірін, дүниені танудағы ұлттық ерекшеліктерді анықтауға болады. Осы атаулардың  бір шоғырын төрт түлік атауына қатысты лексемалар құрайды. Тілдегі  жүйелілік, тұтастық сипаты төрт түлік малдың атауларына да тікелей қатысты. Сондықтан халқымыз төрт түліктің ерекшеліктеріне қарай  әрбірінің өз атауын жасаған. Малды жасына қарай  анықтауда да ұлтымыздың көрегендігі де жатыр. Сонымен қатар төрт түліктің асылдарын (жылқыда – тұлпар, сиырда- қаратіл, қойда – келепан, түйеде – желмая)  ерекше атап, олардың қадір-қасиетін танып,  адамның жақсы қасиеттерін де осы асылдарға теңеп, ұлт тілінің фразеологиялық қорына, мақал-мәтелдерге ұйытқы болған. Қазақ халқы үшін төрт түлік мал мен ит-құс атаулары – халықтың таным-түсінігіне, тұрмыс-тіршілігіне сай жасалған байырғы атаулар.  Олар сөздік қорымызды байытуға да үлесін қосады.

 

        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тіліндегі жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 580 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2021 606
    • DOCX 29.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Берік Ақмарал Берікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Берік Ақмарал Берікқызы
    Берік Ақмарал Берікқызы
    • На сайте: 2 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2821
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека