Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Өмірдің мәні" тақырыбында сабақ құрылымы 7 сынып

"Өмірдің мәні" тақырыбында сабақ құрылымы 7 сынып

Скачать материал

                                        Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Жолымбет №2 орта мектебі ММ

Мерзiм: 30.04.2020     №5 сабақ

Тақырып: Өмірдің мәні

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, жауапкершілік

Мұғалiм:   Алпамыс Сусар                   Cынып_7___   Оқушылар саны_20____

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мағынасын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.      1 Білімділік:  Оқушыларға тек шындықты айту арқылы шыншылдық туралы түсініктерін кеңейту;

2.      2 Дамытушылық: Оқушылардың бойында  адалдық қасиеттерін       дамыту;

3 Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

 

Ресурстар: құралдар, мәліметтер, слайд, маркер, түрлі – түсті бояулар)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. (1мин.)

        Оқу құралдарын тексеру. 5 «Т»:

Тыныштық сәті. №1. (Нұрға бөлену) (2мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.            Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.        Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға

бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен     әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, танысқандарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

            Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жандарға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.

            Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

            Осындай Нұр. Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

            Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналыстырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет!   

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (5мин)

Жаңылыс пен Ақиқаттың есігі (аңыз)

 

Сұрақ:

·         Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?

·         Мәтінде Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді?

·         Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?

·         Өзін ақиқатты қайдан іздейсің? «Ақиқат – адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен?

 

 

5 Т ережесін тақтаға іліп қою

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықтың  23-24 бетінде

 

 

 

 

Дәйек сөз. (2мин)

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.

Қаныш Сәтбаев

Сұрақ : Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

 

 

Дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке қайталау, хормен қайталау. Дәптерлеріне жазып алу

 

 

Қаныш Сәтбаев туралы қысқаша мәлімет беру

Әңгімелеу. ( Мұғалімнің сыйы) (15мин)

Бейнеролик: Адалдықтың өтемі

Сұрақтар:

1. Кішкентай Абзал неліктен көркем мінезді бала болып өсті деп ойлайсыңдар?

2. Бала етікшінің қандай әрекеттерін байқады? Бұл дұрыс әрекет пе?

3. Неге барлық халық Абзалға ғана етік тіккізгісі келеді деп ойлайсыңдар?

4. Ұстазы шәкіртінен нені үйренді?

5. Ал сендер осы бейнероликтен не түйдіңдер?Абзал секілді адал іс жасаған кездерің болды ма? Қандай?

 

 

https://www.youtube.com

/watch?v=f2J53JvJ2j8

Шығармашылық жұмыс.  (7мин)

Топтық жұмыс.

1 топ. Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал - қорытындылау» әдісімен талқылаңдар.

2 топ. «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып, шағын эссе жазыңдар.

3 топ. Оқулықта берілген үзіндіні оқып, ондағы өмірдің мәні суреттелген ойлар мен сәттерді тауып, дәптерге жазыңдар.

25 бет

Үй тапсырмасы.  (1мин)

«Айтып несіне әуре боласың....» Аңыз-әңгімені оқып келу

 

Оқулықтың 25-26  бетінде

Топпен ән айту. (5мин)

Өміріңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

 Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

 

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өмірңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

 

Қайырмасы:

 

 

 

https://youtu.be/IcyPHiEoYpI

Соңғы тыныштық сәті.(2мин)

-         Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді бойларыңыздан өткізіп, жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Көздеріңізді жайлап ашыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Баяу музыка ойнап тұрады

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өмірдің мәні" тақырыбында сабақ құрылымы 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 638 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2020 528
    • DOCX 3.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпамыс Сусар Алпамысқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алпамыс Сусар Алпамысқызы
    Алпамыс Сусар Алпамысқызы
    • На сайте: 5 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 595
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе