Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Алло таланттарды іздейміз!" өнер байқауы.

"Алло таланттарды іздейміз!" өнер байқауы.

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Колледж  директорының

әлеуметтік және тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_________  Б.Ж.Бахтиярова

«____» __________  2016 ж.

 

 

 

 

 

 

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК 85 жылдығына орай  «Алло, таланттарды іздейміз!» атты топтар арасында

өтетін колледжішілік өнер байқауын өткізу сценарийі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2016-2017 оқу жылы

І күн - 03 қараша 2016 жыл

 

 «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауы

Фанфары ойналады

(музыка ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)

 

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер!

ІІ жүргізуші: «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауына хош келдіңіздер!

 

Фанфары ойналады

І жүргізуші: 

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл-аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына,  дей келе «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауымызды бастаймыз.

 

ІІ жүргізуші: Байқау колледжімізде дәстүрлі түрде жылда өткізіп келеді.

Байқаудың мақсаты:

Ø Колледжге жаңа түскен студенттердің өнерлерін жұртшылық алдында көрсете алуларына жағдай жасай отырып, таланттарды анықтау;

Ø Toп студенттерінің колледждің қоғамдық өміріне қатысу белсенділігін арттыру;

Ø Студенттерді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сахна, эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

І жүргізуші:  Өнер байқауына 1 негізгі және 2 қысқартылған курстар қатысады. Бүгін өнер көрсететін топтармен және топтардың сахнаға шығу ретімен таныс болыңыздар:

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРУ КЕРЕК)

 

№ Рет саны

 (сахнаға

шығуы)

 

Топ

                   03 қараша 2016 жыл

1

1 негізгі ВТ – 1                топ жет: Көкенов Нұржан Абылкакович

2

1 негізгі ВТ – 2                топ жет: Искаков Артур Николаевич

3

1 негізгі ИС                      топ жет: Ихсанова Аяулым Сериккалиевна

4

1 негізгі Учет – 1             топ жет: Турлубекова Амина Сейлгазыевна

5

1 негізгі Учет – 2             топ жет: Сейфжанова Айжан Мырзатаевна

 

 

ІІ жүргізуші: 

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей келе байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.

1 – «Таныстыру» топтың төлқұжаты (курс, топ, ұран, топтың туған күнін, топ жетекшісін, оқушылар санын, топ белсенділерін, топтың қысқаша сипаттамасын көрсету - 5 минут)

2 – «Декоративті - қолданбалы өнер» (көрме)

3 – «Өнерлер дебюті»

-         ән (соло, дуэт, трио, вокал, хор, т.б.);

-         хореография (халық, классикалық, казіргі заманғы, эстрадалық, т.б. билері);

-         музыкалық аспаптарда ойнау;

-         көрініс қою;

-         цирк, эстрада, оригиналды жанр;

-         КВН;

-         мәнерлеп оқу, т.б. (15 минут)     

 

Байқаудың шарттары 1 ай бұрын бекітіліп топтарға берілген болатын.

 

І- жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі өнер байқауына қатысқан топтырдың өнерлерін бағалайтын әділқазылар алқаларымен таныс болыңыздар.

 

1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

2. Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл  Жанузакқызы

3. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Жунисжанов Багнур Бахытказиевич

4. Тілдер циклдық комиссиясының төрайымы Бектурова Гүлнар Жомартовна

5. Роллан Мусин атындағы «Мәңгілік ел» ұлттық мәдени орталығының тьюторы Мукушева Лаура Надырбековна

 

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРУ КЕРЕК)

(СЛАЙДТА ФОТО ШЫҒЫП ЖАТАДЫ)

 

 ІІ- жүргізуші: 

         Топтардың өнерлерін бағалау «Таныстыру»;  «Декоративті - қолданбалы өнер»; (көрме) және «Өнерлер дебюті» бойынша  жоғарғы бал 3 ұпай мен бағаланады. Байқаудың қорытындысы барлық топтар өнерлерін көрсеткеннен соң белгілі болады.

 

Байқауымызды бастамас бұрын «Декоративті - қолданбалы өнер» яғни көрмені тамашалауға және бағалауға әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.  (ӘУЕН ОЙНАП ТҰРУ КЕРЕК)

 

І- жүргізуші:

 

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар.
Әнді сүйсен менше сүй  - дей келе сахна төріне 1 негізгі – ВТ – 1 тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Көкенов  Нұржан Абылкакович.

 

ІІ- жүргізуші: 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, - дей келе ортаға 1 негізгі – ВТ - 2  тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Искаков Артур Николаевич.

 

І- жүргізуші: 

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – дей келе сахна төріне 1 негізгі ИС тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Ихсанова Аяулым Сериккалиевна.

 

ІІ- жүргізуші: 

Табады асыл сөзді ер данасы, 

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып, 

Тыңдасын мына халық шабыттанып, - дей келе ортаға 1 негізін Учет – 1 тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Турлубекова Амина Сейлгазиевна

 

І- жүргізуші: 

Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!-дей келе бүгінгі өнер байқауын қорытындылайтын 1 негізі Учет – 2 тобын ортаға шақырамыз. Топ жетекшісі: Сейфжанова Айжан Мырзатаевна.

 

ІІ- жүргізуші: 

         Барлық топтар өнерлерін көрсетіп болды ендігі кезекте ұпай санына кезек берсек.

 

І- жүргізуші: 

         Құрметті әділқазы алқалары  өнер көрсеткен топтарға қояр бағаларыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРУ КЕРЕК)

 

1

1 негізгі ВТ – 1                топ жет: Көкенов Нұржан Абылкакович

2

1 негізгі ВТ – 2                топ жет: Искаков Артур Николаевич

3

1 негізгі ИС                      топ жет: Ихсанова Аяулым Сериккалиевна

4

1 негізгі Учет – 1             топ жет: Турлубекова Амина Сейлгазыевна

5

1 негізгі Учет – 2             топ жет: Сейфжанова Айжан Мырзатаевна

 

 

ІІ- жүргізуші: 

Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі - өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға,- дей келе бүгінгі өнер көрсеткен топтардың өнерлерін қорытындылау  үшін  сахна төріне қошеметпен әділ қазылар алқасын шақырамыз.

 

І жүргізуші:

Ән әуені көгімізде самғайды,

Көңілдерді қуанышқа жалғайды

Ән мен бірге біз ұшамыз аспанда

Қанатымыз ешқашанда талмайды, - дей келе  бүгінгі «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауы аяқталды. Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.

 

ІІ- жүргізуші: Келесі өнер байқауында кездескенше хош, сау болыңыздар.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ күн - 04 қараша 2016 жыл

 

«Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауы

Фанфары ойналады

(музыка ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)

 

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер!

ІІ жүргізуші: «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауына хош келдіңіздер!

 Фанфары ойналады

І жүргізуші: 

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл-аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына,  дей келе «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауымызды бастаймыз.

 

ІІ жүргізуші: Байқау колледжімізде дәстүрлі түрде жылда өткізіп келеді.

Байқаудың мақсаты:

Ø Колледжге жаңа түскен студенттердің өнерлерін жұртшылық алдында көрсете алуларына жағдай жасай отырып, таланттарды анықтау;

Ø Toп студенттерінің колледждің қоғамдық өміріне қатысу белсенділігін арттыру;

Ø Студенттерді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сахна, эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

І жүргізуші:  Өнер байқауына 1 негізгі және 2 қысқартылған курстар қатысады. Бүгін өнер көрсететін топтармен және топтардың сахнаға шығу ретімен таныс болыңыздар:

 

№ Рет саны

 (сахнаға

шығуы)

Топ

                   04 қараша 2016 жыл

1

1 негізгі ФО – 1                топ жет: Молдашева Сандугаш Тулешовна

2

1 негізгі ФО – 2                топ жет: Касумканова Бакыт Мухамедиевна

3

2 қысқартылған  ПО        топ жет: Несвельдинова Салтанат          

                                                           Мураткановна

4

2 қысқартылған  ИС        топ жет: Калымжанова Алуа Бакытхановна

 

ІІ жүргізуші: 

Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.

1 – «Таныстыру» (5 минут)

2 – «Декоративті - қолданбалы өнер» (көрме)

3 – «Өнерлер дебюті»  (15 минут)   

 

Байқаудың шарттары 1 ай бұрын бекітіліп топтарға берілген болатын.

І- жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі өнер байқауына қатысқан топтырдың өнерлерін бағалайтын әділқазылар алқаларымен таныс болыңыздар.

 

1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

2. Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл  Жанузакқызы

3. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Жунисжанов Багнур Бахытказиевич

4. Тілдер циклдық комиссиясының төрайымы Бектурова Гүлнар Жомартовна

5. Роллан Мусин атындағы «Мәңгілік ел» ұлттық мәдени орталығының тьюторы Мукушева Лаура Надырбековна

 (слайдта фото шығып жатады)

 

 ІІ- жүргізуші: 

         Топтардың өнерлерін бағалау «Таныстыру»;  «Декоративті - қолданбалы өнер»; (көрме) және «Өнерлер дебюті» бойынша  жоғарғы бал 3 ұпай мен бағаланады. Байқаудың қорытындысы барлық топтар өнерлерін көрсеткеннен соң белгілі болады.

 

 

Байқауымызды бастамас бұрын «Декоративті - қолданбалы өнер» яғни көрмені тамашалауға және бағалауға әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.  (әуен ойнап тұру керек)

 

І- жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар.
Әнді сүйсен менше сүй  - дей келе сахна төріне 1 негізгі – ФО – 1 тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Молдашева Сандугаш Тулешовна

 

ІІ- жүргізуші: 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, - дей келе ортаға 1 негізгі – ФО - 2  тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Касумканова Бакыт Мухамедиевна

 

І- жүргізуші: 

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – дей келе сахна төріне 2 қысқартылған  ПО        тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Несвельдинова Салтанат  Мураткановна

ІІ- жүргізуші: 

Табады асыл сөзді ер данасы, 

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып, 

Тыңдасын мына халық шабыттанып, - дей келе бүгінгі өнер байқауын қорытындылайтын  2 қысқартылған  ИС  тобын шақырамыз. Топ жетекшісі: Калымжанова Алуа Бакытхановна

 

І- жүргізуші: 

         Барлық топтар өнерлерін көрсетіп болды ендігі кезекте ұпай санына кезек берсек.

ІІ- жүргізуші: 

         Құрметті әділқазы алқалары  өнер көрсеткен топтарға қояр бағаларыңыз!

 

1

1 негізгі ФО – 1                топ жет: Молдашева Сандугаш Тулешовна

2

1 негізгі ФО – 2                топ жет: Касумканова Бакыт Мухамедиевна

3

2 қысқартылған  ПО        топ жет: Несвельдинова Салтанат          

                                                           Мураткановна

4

2 қысқартылған  ИС        топ жет: Калымжанова Алуа Бакытхановна

 

І- жүргізуші: 

         Әділқазы алқалары өнер байқауының қорытындысын шығарғанша әсем әнге кезек берейік.

 МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР

Самарханов Қазбек 4 негізгі ИС

 

ІІ- жүргізуші: 

Құрметті әділқазы алқалары 2 күн өткен өнер  байқауымызды қорытындылап өнер байқауына қатысқан топтарды марапаттау үшін  сахна төріне  шақырамыз.

 

І жүргізуші:

Ән әуені көгімізде самғайды,

Көңілдерді қуанышқа жалғайды

Ән мен бірге біз ұшамыз аспанда

Қанатымыз ешқашанда талмайды, - дей келе  бүгінгі «Алло, таланттарды іздейміз!» атты өнер байқауы аяқталды. Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.

 

ІІ- жүргізуші: Келесі өнер байқауында кездескенше хош, сау бол

 

 

 

 

 

 

«Алло, таланттарды іздейміз» өнер байқауын бағалау

Жоғарғы бал 3 ұпай

Р/с

Қатысушылардың өнер сайысын бағалау

өлшемдері;

 

                               Байқауға              

                               қатысатын

                               топтар

І – Таныстыру

(курс, топ, ұран, топтың туған күнін, топ жетекшісін, оқушылар санын, топ белсенділерін, топтың қысқаша сипаттамасын көрсету)

3 ұпай

ІІ - Декоративті - қолданбалы өнер. (көрме)

3 ұпай

ІІІ –«Өнерлер дебюті»

-          ән (соло, дуэт, трио, вокал, хор, т.б.);

-          хореография (халық, классикалық, казіргі заманғы, эстрадалық, т.б. билері); музыкалық аспаптарда ойнау;

-          көрініс қою; цирк, эстрада, оригиналды жанр; КВН;

мәнерлеп оқу, т.б

3 ұпай

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ

1

1 негізгі ВТ – 1 тобы

Топ жетекшісі: Көкенов Н.А.

 

 

 

 

2

1 негізгі ВТ – 2 тобы

Топ жетекшісі: Искаков А.Н.

 

 

 

 

3

1 негізгі ИС тобы

Топ жетекшісі: Ихсанова А.С.

 

 

 

 

4

1 негізгі Учет – 1 тобы

Топ жетекшісі:Турлубекова А.С.

 

 

 

 

5

1 негізгі Учет – 2 тобы

Топ жетекшісі:СейфжановаА.М.

 

 

 

 

6

1 негізгі ФО – 1 тобы

Топ жетекшісі: Молдашева С. Т.

 

 

 

 

7

1 негізгі ФО – 2 тобы

Топ жетекшісі: Касумканова Б.М.

 

 

 

 

8

2 қысқартылған  ПО тобы

Топ жетекшісі: Несвельдинова С.М.

 

 

 

 

9

2 қысқартылған  ИС тобы

Топ жетекшісі: Калымжанова А. Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алло, таланттарды іздейміз» өнер

                                    байқауының қорытындысы         

 

 

Р/с

 

Байқауға

қатысатын

топтар

Қорытынды ұпай саны

Берілген орындармен мен номинациялар

1

1 негізгі ВТ – 1 тобы

Топ жетекшісі: Көкенов Н.А.

32

«Шебер орындаушы»

2

1 негізгі ВТ – 2 тобы

Топ жетекшісі: Искаков А.Н.

34

«Ұйымшыл топ»

3

1 негізгі ИС тобы

Топ жетекшісі: Ихсанова А.С.

45

І орын

4

1 негізгі Учет – 1 тобы

Топ жетекшісі:Турлубекова А.С.

30

«Шығармашыл топ»

5

1 негізгі Учет – 2 тобы

Топ жетекшісі:СейфжановаА.М.

26

«Үздік көрме»

6

1 негізгі ФО – 1 тобы

Топ жетекшісі: Молдашева С. Т.

45

«Бас жүлде»

7

1 негізгі ФО – 2 тобы

Топ жетекшісі: Касумканова Б.М.

36

ІІІ орын

8

2 қысқартылған  ПО тобы

Топ жетекшісі: Несвельдинова С.М.

33

«Өнерлі топ»

9

2 қысқартылған  ИС тобы

Топ жетекшісі: Калымжанова А. Б.

37

ІІ орын

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алло таланттарды іздейміз!" өнер байқауы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2016 1052
    • DOCX 146 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Меллатова Мадина Даулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Меллатова Мадина Даулетовна
    Меллатова Мадина Даулетовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69253
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой