Инфоурок Другое Другие методич. материалыАлтын қақпа интелектуалдық сайыс

Алтын қақпа интелектуалдық сайыс

Скачать материал

 

 

«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны 
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 
Білімділік: балалардың өткен оқу іс-әрекетінен  алған білімдерін еске түсіре отырып, мерекелік көңіл күй орнату, тіл байлығын дамыту.
Дамытушылық: Балалардың зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, танымын, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. 
Тәрбиелік: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлықтарымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 
Әдіс – тәсілдері: Ойын түрінде өткізу. 
Қуанамын мен де 
Қуанасың сен де 
Қуанамыз бәріміз 
Арайлап атқан күнге 
Балалар, бүгін оқу іс-әрекетіміз өте ерекше болайын деп тұр. Бүгін біз 
«Алтын қақпа» атты ойын арқылы бәсекеге түсіп, білімімізді көрсетеміз. Алтын қақпаға жету үшін бірнеше сынақтардан өтесіңдер. Міне, алдарыңда тұрған Тас қақпа, күміс қақпадан сүрінбей өтсеңдер, алтын қақпаға тап боласыңдар. Алтын қақпада да сендерді таңғажайып сәт күтіп тұр. Балалар, біз екі топқа бөлініп отырмыз 
Бірінші топ – «Білгірлер» тобы 
Ұраны: Білімдіге дүние жарық, 
Білімсіздің күні ғаріп 
Екінші топ – «Алғырлар» тобы. 
Ұраны: Оқусыз білім жоқ, 
Білімсіз күнің жоқ 
Балаларға ойын шартын түсіндіру: 
Алдымен мына Тас қақпаның сыртында ілініп тұрған хатты таңдайсыңдар. Үш сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, әр қақпа кезегімен ашылып отырады. 
1.Жыл мезгілдерін атаңдар?
2.Қазақстан Республикасының Елбасы кім? 
3.Қазақстан Республикасының  рәміздерін атаңдар? 
4.6-шілде қандай күн? 
5.Қазақтың ұлттық ойындарынатаңдар?
6.1-ден 10-ғадейін тура және кері санаңдар? 
Балалардың жауаптарынан кейін үнтаспадан күй ойналып, 
Тас қақпа ашылады. 
Балалар, қандай қақпаға тап болдық? 
Балалар: Тас қақпаға 
(балаларды мадақтау, тас қақпада жақсы қатысқан балаларды атап өту) 
Келесі қақпамыз: Күміс қақпа 
Күміс қақпа ашылу үшін тағы да 3 сұраққа жауап беруіміз керек. 
1) ТАС ҚАҚПА 
Құрметті «Алтын қақпа» ойыншылары! 
1. Күн сәулелеріндегі буындардан сөз құраңдар. (са-ғат, са-на, са-бақ) 

2. «Дыбыстарды ажырат» (құлпынайдың ішіндегі дыбыстарды да уысты, дауыссыз екенін ажыратып, себетке салу) 

3. «Адасқан әріптер» ( әріптерден сөз құрау: жеміс, бала, жұлдыз сөздері) 

Тас қақпаның тапсырмалары орындалғаннан кейін күй ойналып, қақпаның есігі ашылады. 

2) КҮМІС ҚАҚПА 

1) «Көктем» сөзіне дыбыстық талдау жасау. 1 топ 
2) «Көктем » сөзіне сөйлем құрау. 2 топ 
3) Ребус шешу (ананас, қауын) 

Енді, балалар, Күміс қақпаның арғы жағында не бар екенін біз күш жинап 
алайық. Орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік. 

СЕРГІТУ СӘТІ 
Шаршадық ба, балалар? 
Онда сергіп алайық, 
Шаршамасын көзіміз, 
Шаршамасын құлағымыз, 
Шаршамасын қолымыз 
Шаршамасын аяғымыз, 
Көз көру үшін керек, 
Құлақ есту үшін керек 
Қолымызбен шапалақ соғамыз, 
Аяғымызбен топырлап жүреміз. 

4) АЛТЫН ҚАҚПА 

1. Әліппе кітаптан мәтін оқыту (әр топтан) 
2. «Жоғалған дыбыстар» (түсіп қалған әріптерді жазу) 
3. Буындардан сөз құрау (шардың ішіндегі шашылған буындарды түстеріне қарай қосып, сөз шығару) 
Алтын қақпаның есігі ашылады.
Үнтаспадан күй ойналып сандық шығады .Балалар, алдымыздан не пайда болды? 
Балалар: сандық! 
Балалар бүгін біз сендермен «Алтын қақпа» ойынын ойнадық. Ойынға бәрің де белсенді қатыстыңдар. Дегенмен де, әр ойында жеңімпаз болады. Бүгінгі ойынның жеңімпазын білу үшін тақтадағы ұпайларымызды санап көрейік. Енді осы алтын сандығымызда бізді қандай сыйлық күтіп тұр екен. Сандықтың ішінде қандай құпия тұрғанын білу үшін тағыда жұмбақ шешейік. 
Қалам туралы жұмбақ жасыру. Балаларға сандықтын ішіндегі қаламдарды сыйға тарту. 


 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алтын қақпа интелектуалдық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 685 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.08.2017 509
    • DOCX 244.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Немзорова Светлана Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Немзорова Светлана Андреевна
    Немзорова Светлана Андреевна
    • На сайте: 6 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 90086
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой