Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ана тілі - мәңгі құламайтын бәйтерек" атты тәрбие сағаты

"Ана тілі - мәңгі құламайтын бәйтерек" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

Ана тілі - мәңгі құламайтын бәйтерек


Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тіл туралы өлең, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Әдісі: Мерекелік іс-шара.

Барысы:

1.Әнұран.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстазар мен оқушылар! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де , асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты жиынды ашықдеп жариялаймыз!

Жүргізушілер М.Қанафияұлының "Жасай бер ана тілім!" өлеңін оқиды.

1-жүргізуші:

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жүректе былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

2-жүргізуші:

Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім.

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі - ана тілім.

1-жүргізуші:

Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиханкез желмаялы Асан қайғы

Жер-жерге баға берген сынды тілім.

2-жүргізуші:

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім- қазақ тілім.

1 – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
2 – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1-жүргізуші:

Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.

1989 жыл "Тіл туралы" Заң қабылданды. 
2-жүргізуші:

1989 жыл "Тіл туралы" Заңды жүзеге асыру үшін "Қазақ тілі" қоғамы құрылды.

1-жүргізуші:

1993-1995 жылдар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

2-жүргізуші:

1993 жыл Тіл комитеті құрылды


1-жүргізуші:

1996 жыл 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тіл саясаты" Тұжырымдамасы мақұлданды.

2-жүргізуші:

1997 жыл 11 шілдеде "Тіл туралы" Заң толықтырылып қайта шықты.

1-жүргізуші:

1998 жыл "Тіл туралы" Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды.

2-жүргізуші:

2007 жыл "Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған" Тұжырымдамасы қабылданды.

1-жүргізуші: Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген      адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе?

2-жүргізуші:

Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Ән: "Жаса қазақ тілі".

1-жүргізуші: Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
1-жүргізуші: Әрине,  тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді». Ғ. Мұстафин. 2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту». Б. Момышұлы.
5-оқушы: "Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз". Н.Ә. Назарбаев

6-оқушы: "Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиелік те осында". Мәшhүр Жүсіп 7-оқушы: "Әркімге туған тілі - туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе" С.Мұқанов 8-оқушы: "Тіл мәдениеті, жазу сауаттылығы -ұлттық мәдениет көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесі де төмен болады". Р.Сыздықова 9-оқушы: "Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретінмәңгі құламайтын бәйтерегі" Ж.Аймауытов 10-оқушы: "Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз" А.Байтұрсынұлы 11-оқушы: "...Жоғалып, өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп келмейтіні белгілі. Жаңадан тіл пайда болмайды. Тілдердің пайда болу дәуірі біткен. Сондықтан қазіргі барымызды мәпелей білуіміз керек" Ш.Айтматов 12-оқушы: "Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін - бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз" Н.Ә.Назарбаев

1-оқушы:

Анам, әкем, атам да сөйлеген тіл,

Ана тілің қадірлі мұны да біл.

Абай, Ыбырай ұлылар жырлаған тіл,

Мұқағали, Сәкендер сырласқан тіл.

Құрманғазы, Диналар күйін шертіп,

Әр кісіге бір бақыт сыйлаған тіл.

Алыңдар осы өлеңді енді қабыл,

Өз тілін білмейтіндер тілден жаңыл.

Қайғысын да, қазақтың, қуанышын

Мадақтайтын, жырлайтын осы ана тіл.

Қорғап бізді аялайсың пана тіл,

Тек өзіңді қастерлейміз дана тіл.

Бүгінгі күн қасиетіңе өзіңнің

Қадір тұтып, бас иеміз ана тіл.


2-оқушы:

Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдыретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы еске алу қашанда

Ауыр әрі қасіретті болса да

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –

Тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес –

Күрестердің ұлысы.


3-оқушы:

О, туған тіл! Дүниеде

Сен болмасаң не етер ем?

Ақпен бірге ақ болып,

Шаңмен бірге шаң болып,

Ұстағанның қолында,

Тістегеннің аузында

Олжа болып кетер ем.

Сені берген атамнан,

Сені үйреткен әжемнен

Қалай айналмаспын мен!

Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Ана тілім - ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

4-оқушы:

Қуан, бабам! Қуаныштың күні бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»

«Халық жауы» атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

Қуан, балам! Туған тілдің киесі

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс

Дүниеде тіршіліктің жүйесі.


1-жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші,

Әуендетіп әніңе сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін - қазақ тілі,

Көкейімде жатталып қала берші.

Ән: "Анамның тілі".






Көрініс: "Асыл мұра"

Сахна сыртында Махамбет:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай

Ерлердің ісі бітер ме...

(Батыр отырған баланың қасына келеді. Бала әдеппен иіліп сәлем береді)

Бала Құрманғазы: - Армысыз аға?

Махамбет батыр:- Қай ұлансың, қарағым?

Бала Құрманғазы: - Мен Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазымын.

Махамбет батыр - Көзіңде өшпес жалын бар, болғалы тұрған ұлмын де, иә!

Қабырғасын сөксе де қайыспас қайсар нар болатын түрің бар ұлым!

Бала Құрманғазы: - Өзіңіз кім боласыз аға?

Махамбет батыр: - Мен де, ұлан, мен болам,

Ағатай - беріш ел болам,

Исатайдың серігі,

Ел жұртым деп жанымды

Шүберекке түйген ер болам

Халық жауы хандардың,

Қарны жуан билердің

Басын кессе - дер болам...

Жайықты малға толтырып,

Халыққа теңдік әперсем-

Деп арманға қол созған,

Махамбет батыр мен болам!

Бала Құрманғазы : - Ақын аға Махамбет, мені өзіңмен ала кет.

Батыр: - Жоқ қарағым, ертерек, қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған.

Әзірге жассың, ертерек! Мынау не қарағым?

Бала Құрманғазы: -Домбыра жасап алмақпын, ел кегін егіз шектен еңіретіп төгетін.

Батыр: - Мақұл, балам, әзірге қош. (Батыр кетеді, бала Құрманғазының орнына шал Құрманғазы келіп отырады. Жәймен күй ойнап тұрады)

Қария Құрманғазы: - Айналайын қыз да болсаң мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса, қызым, көп жаса!

Жан шошыр бастан өтті талай майдан,

Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.

Екпінді кек күш беретін,

Ұл туар дәл өзімдей ана қайдан.

Бұл тартқаның қандай күй?

Дина қыз: - Бұл күйді көбік шашқан деп атайық, ата.

Құрманғазы: -Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты "Көбік шашқан".

Атың кім шырағым?

Дина қыз: - Атым Дина.

Құрманғазы: - Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі, Құрманғазымын.

Тәрбиешім - Махамбет, ақын Исатайдың серігі. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді. (Домбырасын Динаға ұсынады)

Дина қыз: - Егер де маған, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етемін. (Тізерлеп отырып домбыраны сүйеді)

1-жүргізуші:

Міне күй атасы Құрманғазы мен Динаның кездесуі жөнінде ел осылай аңыз етеді.

Дина апа осы антын адал орындады. Ол күй атасы Құрманғазыдан алған асыл мұрасын алтындай сақтап, қазынасына табыс етті.

Би:"Қыз қуу"

 2-жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

1-оқушы:

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!


2-оқушы:

Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.


3-оқушы:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім,
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.
Жалғастырып жаза берем мәңгілік

4-оқушы:

Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

1 – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

Ән: "Қазақ жастары"

Би: "Әдемі-ай"

1 – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
2 – жүргізуші:
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
1 – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
2 – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
1– жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
2– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
1 – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
2– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған мерекелік концертімізге қатысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
1 – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

2– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

Ән: «Атамекен»


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана тілі - мәңгі құламайтын бәйтерек" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 2398
    • DOCX 50.8 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Гулбану Онгаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманбаева Гулбану Онгаровна
    Аманбаева Гулбану Онгаровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14081
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе