Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Армысың, әз Наурыз" қазақ тілі және әдебиеті

"Армысың, әз Наурыз" қазақ тілі және әдебиеті

Скачать материал

         Армысың, әз Наурыз

Сабақтың  мақсаты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан Наурыз  мейрамы қалай тойланғаны туралы жөнінде мағлумат беру ,халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері.Ұлттық киімдер ,киіз үй жабдықтары ,қазақ халқының ұлттық тағамдары.

Сабақтың барысы

1-жүргізуші. Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп , тіршілік атаулына қайта оятып жаңартатын кез Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен жер босанып, шаттанатын кез.

2-жүргізуші. Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.

1-жүргізуші. Иә. міне наурыза да келді. 22 – наурыз – жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

«Би» орындалады.

1-    Оқушы.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы.

Нұрға бөлеп жатырын мене маңайды!

Мал біткеннің бал татыған үызы

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік  мал – халқымыздің сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

Аман ба деп мал – жаның ,

Бірін- бірі құшақтасып сүйеді.

 

2-    Оқушы.

Уа, жараңдар, жараңдар

Бәрің бері қараңдар

Наурыз- думан басталды

                                                 Бір сәт зейін салыңдар

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

                                                  Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жанқырып.

Бермен жақын тұрыңдар

Сөзіме көңіл бұрыңдар

Жауқазындай наурызды

Жарапазан жыры бар

 

 

«Наурыз думан» әні.

3-    Оқушы.

Ала қотың той думан

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді шалқытып

Інжу- маржан шашайық !

Жиналған халық таң қалсын

Өнерден күнбез жасайық

4-    Оқушы.

Жиналдық наурыз тойға бәрімізде

Үлкен- кіші жасымыз, кәріміз де,

Бермен шақыр сол келген қонақтарды

Жастары келіп қалған «мын жүзге»

Кейіпкері дастан қиса ертегінің

Жақсылық тілеп жүрген сірә бізге

5-    Оқушы.

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе- теңің

Келді Наурыз бұл күш тасқынымен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен

Жер иіп, тамыр толып, бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.

6-    Оқушы.

Мол болсын, ер азамат келе- шегің

Еңбекшіл болсын жасың, ересегің

Шаруашылық өркендеп алға бассын,

Орындалсын Отанға берешегің.

Сәулесі бар наурызда таңғы үмітте,

Басын қосқан сан халық , сан ғұрыптың.

Ұлыстың Ұлы күні паш етейік,

Белгісін достық пенен мәңгілікті.

7-    Оқушы.

Құлпырған даламызда жасыл желек

Қызғалдақ гүл орнаған елден ерек.

Мәуелі жеміс, бағы суы шипа

Тек қана біздің елде болсын керек,

Күн күлімдеп, нұрын шашар шуағын,

Құтты болсын айы қадамың

Бүгін бізде салтанат қызық ойын

Халқым- ау құтты болсын жыл басың!

«Көктем» әні.

8-    Оқушы.

Көктем жетті көл көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып

Шатырында үйлердің Наурыз жүр

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

9-    Оқушы.

Аманбысың, ардақты халқым менің,

Ардақты Наурыз тойы, салты елімнің .

Мереке басы болсын берекеңнің ,

Игі еңбектің жемісін бәрін жегін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның- жарқын сенім.

10-           Оқушы.

Наурыз мейрам жүректерге нұр секген

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығымен, шуағымен күн көктем

Алып келді жер бетіне гүл көктем

Қош келдің, Наурызым ардақты!

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп  аймақты .

11-           Оқушы.

Аспанымда ақша бұлыттар аунайды

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз – мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды

Жатыр шалқып қөңілімде шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш , бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің- бәрің.

 

2 – жүргізуші. Міне, балалар, сендерге арнап Ақ әже тайқазанды толдырып , наурыз көже пісіріп әкеліп тұр.

Ал, әже, дәмінгізге рахмет. Тойды одан әрі «Түсау кесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда аяқтарын апыл- тапыл басып, бақша есегін артта қалдырып отырған немерелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

 

 

«Сахна ортасында көрініс көрсетіледі.»

Ақ әже: Әлбетте, қарағым! Ал халайық, менің немеремді түсауын кесіп , жоралғысын алар қайсысың бар?

Қаз-қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік

Тусауыңды кесейік

Қаз бола ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Оқушы: Ала жіпті алайық ,

әжеңе алып барайық.

Ер жетті деп атайық

Шашуын жеп қайтайық.

«Ортаға кішкентай бала алып, түсау кесуші шығып, баланың түсауын кеседі Шашу шашылады. Бата беріледі»

Жортқанда жолың болсын!

Арғымақтай жүйерік бол!

Қыдыр баба жолдасын болсын!

Асқар таудай биік бол! Аумин!

 

Қарияның батасы:

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

Қайда барсан жолың болсын

Ұлыс бақытты болсын

Төрт түлік ақыты болсын!

Ұлыс береке берсін

Пәле- жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қуаныштарың көп болсын, Әумин.

1-    Жүргізуші:                                                                                                                                                     Армысың, аулымның асылдары,                                                                                        Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.                                                                                                    Сендер үшін ән мен күй, Өлеңмен би,                                                                                                                                      Сендер үшін наурыз той мен шашулары.

«Концерттік бағдарлама»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Армысың, әз Наурыз" қазақ тілі және әдебиеті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 775
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есиркепова Алия Аширкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есиркепова Алия Аширкуловна
    Есиркепова Алия Аширкуловна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1668
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой