Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Қыс келбеті"

Ашық сабақ "Қыс келбеті"

Скачать материал

Білім саласы: Қатынас

Тақырыбы: «Қыс келбеті»

Мақсаты: Қыс келбеті туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре  білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, Ақұлпа қыз, ойынға қажетті заттар.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шеңбер құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Мейрімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

 

Балалар щеңбер бойына тұрады.

 

Өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен сырғып келетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

-Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

-Еңдеше боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?

-Ал күн шыққанда не істейміз?

-Балалар, енді қыс айларын атайықшы.

*Желтоқсан-жылдың аяғы, қыстың басы, ол суық, ызғарлы.

*Қаңтар-жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, қатты суық, үскірік аяз болады.

*Ақпан-жел мен боранның айы,ең ауыр, суық боранды ай.

Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?Қане, іс-қимылмен көрсетейікші.

 

Ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ»

Ақырын, аспаймын, саспаймын,

Алдыңа тақия тастаймын.

Шарты: Алдында тақия жатқан бала табиғат туралы тақпақ, жұмбақ айтып беру керек.

 

-Қыста не жауады?

-Қардан не жасаймыз?

-Мынау ненің суреті?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Оның бөліктерінң пішіндері қандай?

-Жарайсыңдар балалар, жақсы ойнадыңдар. Сендердің ертегі тыңдағыларың келе ме?

Баяғы замаңда бір патшалықта Ақұлпа қыз дүниеге келеді. Ол әлемдегі ұлпа қардай аппақ, айдай сұлу екен. Күндердің күнінде ол есейіп, үлкен қыз болып өсіпті.

«Ғажайып сәт»(Осы кезде Ақұлпа қыз келеді)

-Ақұлпа қыз: Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Балалар менің Ақұлпа қыз екенімді қайдан білдіңдер?

Тәрбиеші: кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар қонаққа кім келді?

Тәрбиеші: балалар Ақұлпа қыз бізге құр келмепті, тапсырмалар алып келіпті.

Ақұлпа қыз: 1 тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

 

-Жылы әуен ойналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Осы кезде боранның, аяздың, суық желдің дауысы естіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан,

Қар лақтырып ойнаймыз,

Су өтеді қолғаптан.

2 тапсырма.

Ақұлпа қыз: жұмбақтар білесіңдер ме?

Жалт-жұлт етеді, ұстасаң еріп кетеді.(қар)

Суға батпайды,отқа жанбайды(мұз).

Ақұлпа қыз: жарайсыңдар балалар, менің тапсырмамды орындадаңдар!Рахмет! Мен сендермен қоштасамын, келесі жылы көріскенше сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар Ақұлпа қызбен қоштасайық! (Ақұлпа қыз шығып кетеді).

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

-Қыс мезгілі деп жауап береді.

-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

-Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді.

-Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады.

-Алақай, деп қолдарын көтереді.

-Балалардың жауабы:

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар іс-қимылмен көрсетеді:

Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз.

 

 

 

 

 

Жанель, Айғаным, Амира, Нұралы т.б.

 

 

 

 

 

 

-Қар

-Аққала

-Аққаланың

-Үш бөліктен тұрады.

-Дөңгелек

 

 

 

-Ия, тыңдағымыз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

 

Сәлеметсіз бе Ақұлпа қыз!

 

-Біз ертегіден білдік.

 

 

 

-Ақұлпа қыз.

 

 

 

-Балалар: ұнайды.

-Балалар:ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, аққала жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар жұмбақтар айтадыі

Әлібек, Айдина, Ерасыл, Әмір.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар Ақұлпа қызбен қоштасады.

Рефлексивті-коррекциялау

Қорытындылау:

-Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Бізге қонаққа кім келді?

Енді келген қонақтарымызбен қоштасайық:

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз,

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!

 

Балалардың жауабы:

-Қыс келбеті туралы.

 

-Ақұлпа қыз.

 

Балалар щеңбер құрып, өлең айтып қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс келбеті туралы, оның айлары, ақұлпа туралы ертегі.

Түсінді: Жақсы-жаманды

Қолданды: тапсырмалар орындауды, жұмбақ шешуді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Қыс келбеті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2016 2711
    • DOCX 1.5 мбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Зайгуль Рашитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасенова Зайгуль Рашитовна
    Хасенова Зайгуль Рашитовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49941
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой