Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты «Ана - өмір шуағы»

Ашық тәрбие сағаты «Ана - өмір шуағы»

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана - өмір шуағы»
Мақсаты:

а) Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.
ә) Ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
б) оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдыққа, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау, әңгімелесу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Ғұламалардың айтқан сөздер:
1) Дулат Бабатайұлы: «Ата - ананың ақылы - қарулы қара жолмен тең».
2) О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
3) М. Горький: « Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері.
Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».
4) Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
5) В. А. Сухомлинский: «Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін беретіндігіне мен мың мәрте көз жеткіздім».

 1 – жүргізуші

 Ана

 Сен бақыттысың,

 Жыламағын!

 Жай түсіп жатқанда да құламадың

 Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

 Сондықтан жыламағын, жыламағын!

 Бармын ғой

 Тірімін ғой,

 Қасыңдамын.

 Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

 Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

 Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

 Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

 Екі жыр жазсам саған бірін арнап

 «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

 Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

 Ана,

 Сен бақыттысың, тербете бер

 Құба талдан иілген бесігімді…

 

 Мұғалім. Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

 Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса
- Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
- Ана ( барлығы бірге айтады)

 

 

 

 

1 - жүргізуші:

Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын бізге кім бар? Өзінің жағдайына қарамаса да,  бізге бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын бізге қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі. Ендеше бүгінгі « Ана - өмір шуағы» атты сынып сағатымызды осы аналарға арнаймыз.

Мұғалім: Балалар, осы сендер білесіндер ме, не үшін 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды? (Слайд)

 

1 - жүргізуші:

Тарихқа көз жүгіртсек:

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Бірақ көпшілік бұл мейрамның қашан және қайдан келгенін біле бермейді.  

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қарсы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады. Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия, Швейцария елдерінде аталып өтті. Ресейде бұл мейрамның бастауы 1913 жылы Петербургте қала басшы-лығына «әйелдер мәселесі» атты өтініштен басталады. Кеңес Үкіметі кезінде 8 наурыз мемлекеттік мейрам дәрежесіне көтеріледі. Уақыт өте бұл мейрам саяси көрінісін жоғалта бастайды. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін де 8 наурыз мейрамы ТМД елдері арасында әлі де тойланып келеді. Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Белоруссия елдерінде әйелдер күні ретінде аталып өтсе, Армения мен Өзбекстанда аналар күні болып саналады.

 

Ал Клара Цеткин кім еді? Ол-ана. Күрескер – ана, Германияның және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері, Германия коммунистік партиясын құрушылардың бірі. Ол 1890 жылы Германияда социалистік-демократиялық әйелдер қозғалысын басқарған.

 

Мұғалім:Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

 

 

 

 

1 - жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

Өз басым анамды осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - ана, ұлтын көбейтетін - ана, ұрпақты ұластыратын - ана. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі - ана. Махаббаттың асыл нұры - ана. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - ана махаббаты.

Мұғалім: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсу үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық.

 Оқушылар өлең оқиды

 

1- жүргізуші:

Аяулысың, бұл өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары

Ән: « Ең жақсы ана»

Мұғалім: Немересін қолына алып бесік жырын айтып, ботақаным деп еркелететін ақ жаулықты әжелеріміз жайлы  қалай ғана айтпай кетпекпіз. Олай болса «Әжесі мен немересі»  көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»

 Немересі: - Әже деймін, әже,

 Сұрақ қойғым келеді сізге.

 Мен түсінбейтін бір жәйт бар.

 Түсіндірші соны бізге.

 Бірінші сұрағым сізге:

 Дүниеде не қымбат?

 Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.

 Немересі: - Адамға не қымбат?

 Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.

 Немересі:- Балаға не қымбат?

 Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.

 Немересі: - Иә, десеңші әже!

 Түсінбеппін осы жайды.

 Тағы бір сұрағым бар сізге,

 Қатты мен жұмсақ жайлы.

 Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.

 Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?

 Әжесі: Ананың сүті тәтті.

 Немересі: - Дүниеде не қатты?

 Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.

 Қарағым, сауал қойдың көп маған.

 Бір ақыл айтайын саған

 Тату болса – ағайын жақын,

 Ақылшы болса - апайың жақын.

 Бауырмал болса - інің жақын,

 Алдыңа тартқан адал асың,

 Қимас жақын қарындасың.

 Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:

 Алтын ұяң - Отан қымбат,

 Құт берекең - атаң қымбат.

 Аймалайтын - анаң қымбат.

 Мейірімді - әжең қымбат.

 Асқар тауың - әкең қымбат.

 Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

 

1 - жүргізуші:Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тарту таралғының керегі жоқ.
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген. Сондықтан да бәріміз де ана алдында қарыздармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
Мұғалім: Алайда «ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

«Соқыр ана» бейнефиліміне назар аударайық.

- Осы бейнефильмді көріп не ұқтыңыздар?

- Шындықты ерте білсе бала осындай жағдайға тап болар ма еді?

- Өз ойларыңызбен бөліскендеріңізге рахмет балалар.

 

Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.

Мұғалім:Ал енді сіздер өз аналарыңыз жайлы қаншалықты білесіздер  «Мен анамды қаншалықты білемін?» конкурсын жариялағым келіп тұр.

 

«Мен анамды қаншалықты білемін?» конкурсының сұрақтары.

Шарты:.

1.Анан  қандай түсті киімдерді ұнатады?

2.Жақсы көретін тағамы?

3.Ұнататын гүлі қандай?

4.Анан қандай  телехикаяларды ұнатады?

5. Бос кезде немен шұғылдағанды ұнатады?

6.Ұнатпайтын ісі қандай?

7.Ұнататын әншісі кім?

8. Ананың көзінің түсі қандай?

 

Мұғалім:

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!-   дей келе келесі кезекті

« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны

Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға мейрамға байланысты  жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.

Мұғалім: Балалар суреттерін аяқтағанша оқушылардың аналарына арнап жазған шағын шығармалары бар. Сол шығармаларды аналары оқып шықсын.

 

1 - жүргізуші:Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Солардың бірі - аяулы ұстаздар.

 

Мұғалім: Ұстаз- екінші ана. Мектепте жанашыр, сіздердің  қуыныштарыңызды, жақсы жаңалықтарыңызды, ойларыңызды бөлісіп ақылдасатын адам ол - Ұстаз. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап әр ұстаздың мінез –құлқын, сөйлеген сөзін , ренжіген кезі естеріңізде шығар. Ендеше сіздермен ойын ойнатсам деп едім. 

Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.

1 - жүргізуші:
—    Жарайсыңдар, балалар!
—    Балалар, қазір мен сендерге жағдаят оқып беремін. Арман және анасы жайлы не айтасыздар?  Арман 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей қабағы түседі. Бір күні анасына мынадай  хат жазады.

Ана, маған үй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегіндей қарызыңыз бар..

Нанға барам (50 теңге), қоқыс төктім (100 теңге), компьютер ойнамадым (50 теңге), құлайын деп тұрған  ыдысты ұстап қалдым (50 теңге), киімдерді реттедім (100 теңге).

Барлығы: 500 теңге қарызыңыз бар. Уақтысында төлемесеңіз үстеме қосатынымды айтып қояйын!

 Сонда анасы Арманға мынадай жауап жазады.

Саған ана сүтін бердім (0 теңге), түнде әлсін –әлсін оянғанында қасында болдым (0 теңге), түсінбеген сабағынды түсіндірдім (0 теңге), сен қуансан бірге қуандым (0 теңге), сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым (0 теңге), сені еркелеттім (0 теңге), ұнататын заттарынды алып бердім (0 теңге).

Арман өзі жазған хат үшін қатты ұялды. Бұдан былай  анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бекінеді.

Мұғалім: құрметті балалар, сіздердің де ата-аналарыңызды ренжіткен кездеріңіз және сол үшін ұялған уақытарыңыз болды ма?

 

Мұғалім:Ортамызда «Жас тілші» үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз бар. Осы оқушылардың шығарған өлеңдерін қабыл алыңыздар.

 

Мұғалім: Рахмет. Біздің де шарамыз аяқталуға жақын. Қазір соңғы бөлім «Автор үстелі» деп аталады. Кез келген оқушы орнынан тұрып  анасына деген сезімін жеткізуге болады, немесе мерекесімен құттықтауға болады, тіпті кешірім де сұрауға болады, егер ренжіткен болсаңдар. Ал, кез

1 - жүргізуші :

8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға...
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы!
Бақыт берсін әр көктемнің айлары

Мұғалім:Рахмет. Әлемді тербетеді ана алақаны, ана мейірімі жер бетін жылытады, ана махаббаты барлығымызды аялайды. Ендеше, аналарыңды құрметтеңдер, аялаңдар, ренжітпеңдер демекпін. Қазір аналарыңды мерекесімен құттықтап өз қолымен дайындаған сыйлықтарыңды табыс етіңіздер.

 

Мұғалім:

- Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік   алып келсін.  Хош сау болыңыздар.
Сөз ата - аналарға беріледі.

·          

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты «Ана - өмір шуағы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 850 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2017 1939
    • DOCX 31.7 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртазинова Алемгуль Капезовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44786
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой