Инфоурок Другое ТестыСабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге(Дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге(Дәстүрлі емес сабақ)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • отбасы құндылығы, отбасы бақыты туралы білім беру;
  • өз туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
  • өз туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, көрініс

Дамытушылығы: Отбасына деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы болуға

үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дәйек сөздер, жүрек қималары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ. Тамырын жайып тереңге

Шаттық шеңбері

Оқушылармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, барлығы бір-біріне тілек айтқызу.

 

Әңгімелесу

1.     Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?

2.     Отбасыңдағылармен пікірлерің, көзқарастарың сәйкес келеді ме?

3.     Сәйкес келмесе ше? Не істейсіңдер?

4.     Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

 

Жаңа ақпарат

Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш, түсіністік орнайды.

 

Мәтінмен жұмыс

П.Джонның «Боз орамал» шығармасын оқып, талдату.Ата-ананың махаббаты, кешірімділігі, олардың өз баласынан еш нәрсені аямайтындығын, оқушылар ата-ана махаббатын сезініп, бағалай білу қажеттігін сезіндіріп, ұғындыру.

1. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай ойлайсыңдар?

2. Оның сағынышының сыры неде?

Дәйексөз

1. Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.

М.Әуезов

2. Отан - отбасынан басталады.

 

1. «Дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

2. «Әдеп» пен «Сый» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3. Үлкендер алдында қандай әдеп пен сый жасай аласыңдар?

 

Тыныштық сәті

- Балалар, қазір біз бір сәтке өзімізді әртүрлі жемістерге, гүлдерге толы бау-бақшада тамаша әуен тыңдап, демалып отырғанымызды елестетейікші! Ол бақтың ішінде әні сырнай тәрізді әнші құстар, әдемі көз тартар гүлдер, ыстық күнде айналасын көлеңкемен көмкеріп тұрған үлкен ағаштар бар. Ауасы қандай тамаша десеңші! Желпіп тұрған самал жел. Көлеңкенің астында отырып, самсап тұрған жеміс ағаштарынан тәтті жемістерді үзіп алып жеуге болады. Мөлдір таза бұлақтың суын ішіп, шөлімізді қандырамыз. Осы тамаша сиқырлы бау-бақшаға келген адамдардың бәрі мейірімді, қамқоршыл болып келеді. Бұл сиқырлы бақша. Өйткені, мұнда данышпан қария өмір сүріп келеді. Ол қария сендер сияқты жақсы, ізетті балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып: «Ассалаумағалейкум ата!» деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарыңнан сипап батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық! Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең демалыңдар, міне тамаша!

- Балалар тыныштық сәтінде сендердің көз алдарыңа не елестеді? (балалар жауабы)

- Сендер қандай жерде болдыңдар деп ойлайсыңдар? (балалар жауабы)

 

Сахналау

 

1.     Бізді бағып-қағу үшін анам мектепте еден жуушы боп жұмыс істейтін. Бұл жағдай мені қатты ұялтатын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді. Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой», - дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама: «Мені осылай ұялтқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы болар еді», - дедім.

2.     Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас дайындап отбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр. Телефонның дауысы естілгенде, анасы мен әкесі тұтқаға қатар жүгірді. Баласы:

Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз, онда сіз жасаған тамақтардан да керекмет, сіз жасаған тәттілерден де дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр,- деді. Анасы:

Жарайды, балам, абайлап жүр, - деді.

 

 

Жаттығу

«Құндылық» жаттығуын ойнату.

Мақсаты: Оқушылардың өміріндегі құнды нәрсені анықтау

Барысы: Өміріндегі маңызды 5 құнды нәрсені жазу.

 

 

ІІІ. Үйге тапсырма

Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып, қысқаша шығарма жазып келіңдер.

1.     Отбасыңа қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындас, қандай әпкесің, қандай сіңлісің?

2.     Аға, әпкелікке тұрарлықтай қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

3.     Лайықты іні, сіңлі, қарындас болып жүрсің бе?

Жүректен жүрекке

Оқу сабағын аяқтау мақсатында оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Қ.Жұмағалиевтің сөзіне жазылған «Анашым» әнін айту

 

Анашым

Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі

Әні: М.Омаровтікі

1.Шет жүрсем – сағынарым,

Жабықсам – шағынарым.

Анашым, бір өзіңсің –

Табынарым!

 

Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

 

2. Ұшырған сұңқарыңмын,

Қияға шырқарыңмын,

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын.

Қайырмасы:

3. Қорғаным өзің деймін,

Жан дауа - сөзің деймін.

Анашым, сені ойласам,

Көз ілмеймін....

Қайырмасы:

 

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:  Сабетқан Н.С.

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге(Дәстүрлі емес сабақ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 948 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2017 1369
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабетқан Назерке Серікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабетқан Назерке Серікқызы
    Сабетқан Назерке Серікқызы
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8487
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой