Инфоурок Другое ВидеоурокиАшық тәрбие сағаты: "Ғарышкерлер күні"

Ашық тәрбие сағаты: "Ғарышкерлер күні"

Скачать материал

«Ер есімі – ел есінде»

Мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; Білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш сваласы туралы білмдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.

Көрнекілігі:Ғарышкерлердің суреттері, зымыранның қолдан жасалған макеті.

Барысы:

Мұғалім:

      Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін, яғни 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз. Осы мерекеге дайындаған ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

      ХХ ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, Қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдап, «Мың өліп, мың тіріліпә жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы еді.

      Адамзаттың ғасырлар бойы көрсеткен асыл арманы орындалып, бұдан 46 жыл бұрын, яғни 1961 жылы 12 сәуірде аспанға алғаш рет «Восток» ғарыш кемесімен Юрий Гагарин әлемде тұңғыш рет космосқа ұшты.

      Бұл ерлікті артынша көп ұзамай тәуелсіздіктің туын енді ғана тіккен жас мемлекет Қазақ елінің азаматтары қайталаған болатын. Енді егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Қазақстан Республикасының екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев жайында сөз етсек.

 

 

1-оқушы:

Тоқтар  Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақтан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш. Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

      1962-65 жылдары  еңбек жолын Теміртау құйма-механика зауытында токарь болып бастаған. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірді. 1969-75 жылдары Кеңес Одағының әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірді. Ол іс жүзінде мүмкін емес деген әрекеттерге барып, тоғыз балдық мұхит толқынындағы кемеге ұшақ қондырды. 19991 жылы ғарышкерлер құрамасына алынып, 19991 жылы сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ұшу дайындығына кірісті. 1991 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров Халықаралық экипаждың құрамында «Союз ТМ-13» кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшты. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды. Ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнолгия, металллургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

      1992-93 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, 1993-94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерінде болды. 1994-95 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. 2004 жылдан бастап Парламент депутаты.

2-оқушы:КСРО-да тұңғыш рет 1988 жылы Т.Әубәкіров «МИГ-31» ұшағымен солтүстікке барып, қайтарда ұшағына жанармайды ауада құйғызып оралды. Осы үшін оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. «МИГ-29К» ұшағында 1989 жылы әлемді алғаш  рет «Тбилиси» авианосеңімен трамплиннен ұшты. Осы үшін оған «Еңбегі сіңген сынаушы-ұшқыш» атағы берілді. Ұшу жұмыстары кезінде ұшақтың 50 түрін меңгеріп, 4720 рет ұшу жатттығуын орындады, ұшу мерзімі 3325 сағат. Т.Әубәкіровтың ғарышқа екінші сапары 19991 жылдың 2-10 қазаны аралығында өтті. Ұшу кезінде Т.Әубәкіров Қазақстандық ғылыми ғарыш бағдарламасы бойынша бірнеше тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.

      Ғарышқа ұшқаны үшін «КСРО-ның ұшқыш  ғарышкері» атағына ие болды. Оған «Халық қаһарманы» және «ҚР-ның ұшқыш космонавы» құрметті атақтары берілді.

 

3-оқушы:Т.Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келді. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы бірлестігіне радио саласының инженері болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша «КСРО спорт шебері» атағын алап, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу-жаттығу жасағында оқып, азаматттық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол «АН-2», «ТУ-134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады.

 

4-оқушы: ҚР-ның ұшқыш ғарышкері, Ресейдің 79-ғарышкері, әлемнің 309-ғарышкері Т.Мұсабаев 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» техникаалық ғарыш кемесінде ғарышкер зерттеуші Т.Әубәкіровтың дублері болды. Т.Мұсабаевтың ғарышқа алғашқы сапары 1994 жылдың 1 шілдесінде ЭО-15-тің құрамындағы «Союз ТМ-19» техникалық ғарыш кемесінде жүзеге асты және оған 126 тәулікте сәтті ұшу сапары үшін «Халық қаһарманы», «Ресей Федерациясының Батыры» және екі елдің «Ұшқыш ғарышкері» құрметті атақтары, «2класты ғарышкер» дәрежесі берілді.

 

5-оқушы:Сайра бұлбұл көкейден үн төгілсіңн,

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер,

Көтереді қазағымның мәртебесін.

 

6-оқушы:Ал, халайық, тұрмайық,

Ортамызды ашайық, думандатып би билеп,

Інжу маржан шашайық.

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Ғарыш әлемі жайында

Кешімізді бастаймыз.

Айналады ел бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың,

Ұлдарына бір сәлем!

 

7-оқушы:Уа, жараңдар, жараңдар!

Тұнық аспанға қараңдар.

Ең жарық жұлдыз боп әлемде,

Шарлап жүр біздің

Ғарышкер қазақтар!

 

8-оқушы:Қопарып бұлттың шөккенін,

Сырларын ұғып жасырсын.

Ал Герман «Восток-2» мен

Паш етті космос ғасырын.

 

9-оқушы:Нұрлы біздің заманда халық істер,

Жер бетінде жасадың алып істер.

Арман болған аспанға, айға енді,

Ғарышкерлер күшіменен.

Көк туымызды тігеміз сіздерменен,

Арта берсін, қазағымның нұр таңы.

 

10-оқушы:Қазақстанда тұңғыш бір ұл,

Сүйінші!-деп әлемге жар салайық,

Ғарышқа ұшты халайық.

Бүкіл елдің арманы үшін,

Көк жүзінде самғау үшін,

Мақсаттарға жету үшін,

Өту үшін белдерден,

Әлі көп-көп танысармыз,

Табысармыз ерлермен.

 

11-оқушы:Ағаларым бар менің,

Ғарышқа ұшып самғаған.

Мен де сондай болсам деп,

Армандаймын әрқашан.

 

12-оқушы:Аспанға ол самғайды,

Айды айналып шарлайды.

Жұлдыздарды көп зерттеп,

Жеке-жеке  талдайды.

 

13-оқушы:Дүрілде толтырып жау қыратымды,

Таптым мен аңсаған мұратымды.

Ғасырлар шөліркеген дала арманы,

Ғарышқа ракета болып тік атылды.

 

«Марстан келген қонақ» атты көрініс   

 

14-оқушы:Баипайтын ол жыр тағы,

Жүрегімізді жылытады.

Тоқтар батыр кәдімгі,

Алпамыстың ұрпағы.

Қабанбайдың ұланы,

Бөгенбайдың қыраны.

Айтылатын мәңгілік,

Қазағымның жыр-әні.

Ерлікпенен жыр егіз,

Оны жастан білеміз.

Біз Тоқтардың есімін

Ту ғып ұстап жүреміз.

 

15-оқушы:Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік, ғарыш керек,

Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!

Қос ғарышкер,

Қос батыр,

Қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым деп,

Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.

 

16-оқушы:Миллионнның жүрегінен нұр алған,

Миллионның тілегінен жаралған.

Тәуелсіздік теңдік алған ұлымыз,

Қазақстанның ұшып жүрген нұрымыз!

 

Ән: «Ғарышкерлер жылы».

 

17-оқушы:Алыс көктен,

Айға жеткен,

Айдан өткен кемеміз.

Марстан да,

Алыс жайға,

Ғарышқа да келеміз.

Жарқыл атқан,

Жарқылдатқан,

Жалындатқан ұл-қыздар.

Жас болаттар, қос қанаттар,

Космонавтар,жұлдыздар.

 

18-оқушы:Ғарышкерлер мекені-

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

 

Тоқтар, Талғат ағалардай,

Болу үшін ғарышкер.

Жұрт қызыға қарағандай,

Болу керек намысты ер.

 

19-оқушы:Келмейтіні жоқ,-дейді атам,

Намысты ердің қолынан.

Қиялға мен мейлі батам,

Намыс керек соны ұғам.

 

Қарсы тұрар қасіретке ер,

Қандай қиын болмасын.

Менің де осы қасиетттер,

Болса деймін жолдасым.

 

Мұғалім:Бүгін 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күніне арналған әдеби-сазды кешіміз осымен аяқталды. Көріскенше күн жақсы борлсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Ғарышкерлер күні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 305 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2017 12531
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 426 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кобегенова Сандугаш Касымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31171
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой