Инфоурок Другое ВидеоурокиАшық тәрбие сағаты: "Әлия мен Мәншүк рухы! Ұлы жеңіс күні!."

Ашық тәрбие сағаты: "Әлия мен Мәншүк рухы! Ұлы жеңіс күні!."

Скачать материал

Әлия мен Мәншүк  рухы!  Ұлы жеңіс күні!.

Мақсаты: оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Отанын, елін, жерін қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу, оқушы бойына ұялату.

Көрнекілігі:Әлия мен Мәншүктің суреттері.

Барысы:

Хор: «Майданға».

Қара түнек серпілді,

Ұйқысынан ер тұрды.

Атқа мін, қазақ, атқа мін!

Майданға, майданға!

Жүргізуші:Соғыс! Зұлмат соғыс! Сұм Соғыс! 1941 жыл. 1942 жыл. 1943 жыл. 3жыл соғыс басталғалы 3 қыс, 3 көктем, 3 жаз өтті. Фашист! Халыққа өлім тілеген фашист.

Көрініс:

  Әлия мен Мәншүк соғысқа аттануда. Апасы, туған-туыстары шығарып салуда.

Апасы: Қош, қарағым, қош!

Мәншүк:Апа, әлі-ақ жауды жеңіп ораламыз.

Апасы:Аллам, жар бола гөр!

Жүргізуші:Міне, соғыс осылайша өз дегенін істеуде. Майданға Әлия мен Мәншүктей өрімдей қыздар, жас бозбаллар аттанып жатты.

Әлия:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана, отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

 

Мәншүк:Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

 

1-оқушы:Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

 

Ән: «Әлия».

 

Мұғалім:Мәншүк соғысқа өзі сұранған болатын. Сол соғысқа сұранған арызы қандай еді? Кім біледі?

 

2-оқушы: «Пулеметші болып соғысқа шықсам екен... «Максиммен» жауды топырлата құлатсам екен. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен...»

 

Мұғалім:Осылайша, Мәншүк өзі сұранып майданға атттанды. Ал, кәнеки, Мәншүк қай жерде  соғысқа қатысқан? Қай қалада? Қай жылы?

 

3-оқушы:1943 жыл. Күз айы. Лейтенат Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келді. Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылды. Олардың ішінде Мәншүк Маметова бар еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді.

 

Мұғалім:Мәншүк жау әскерлеріне қандай батырлық көрсетті?

 

4-оқушы:Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз «Максим» пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады, оларды шөпше жапырды. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалады.

 

5-оқушы:Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгерлей бастады. Мұны көріп Мәншүк ызалана түсті. самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай майдандас серігі «Максимге»қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алады. Тағы да жауды жалын 70 солдаты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты.

 

Мұғалім:Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Мәншүк жараланса да, ауру жанына батып бара жатса да ол жауды жайрата білді. Ол өлімнен қорықпады. Ал, енді оқығанымызды еске түсірейікші. Мәншүк қай қалада туылды? Мәншүктің анасы кім? Соғыста кімге хатты көбірек жазды?

 

Мәншүк:1943 жыл, 20-мамыр.Қымбатты анам! Сізден көптен күткен хаттты алдым. Барлықтарыңыздың амандықтарыңызды біліп өте қуанып қалдым. Ана, мен сізді қатты сағындым, менде суретіңіз жоқ, тек хатыңызды қайта-қайта оқи беремін. Мен сізден хат алған кезде күшіме күш қосылып, бір жасап қаламын, қалай дегенмен де мен жауынгерлер арасында жалғызбын.

      Суретіңізді күтем... енді хатты ұрыстан кейін күтіңіз. Қош, қатты қысып сүйем. Өзіңнің Мәншүгің.

 

Мұғалім:Иә, кейін бізге Мәншүктің анасы Әмина апай көп естеліктер қалдырды. Мәншүк қандай қыз болып өскенін кездесулерде айттық. Енді Әмина апайдың естеліктерін тыңдайық.

 

6-оқушы:Мәншүк жастайынан өнершіл болатын. Сыңғырлаған әсем даусы бар еді. Кесте тігуді, спортты сондай  сүйетін. Чапаев туралы тақпақта жиі айтушы еді.

 

7-оқушы:Майданнан жазған бір хатында: «Мен ештеңеден қорықпаймын, жаудың оғы маған түк емес. Мен жаумен Отан үшін, әкем үшін, сендер үшін шайқасамын» деген еді. Сондықтан ол менің бақытым, халқымның батыры.

 

8-оқушы:Мәншүк апай – батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

 

Хормен:Ұқсап Мәншүк апайға

өсіп келе жатырмыз.

 

Мұғалім:Құрметті оқушылар, біз Мәншүктің ерлігін тыңдап, оқып-біліп жатырмыз. Енді Әлия туралы тыңдайық, айтайық. Негізгі соғыс қашан басталды? Қай мезгілде? Соғыс басталғанда Әлия қай қалада болды?

      «Құдайым-ау, соғыс деген тажалды кім ойлап тапқан?»- деп ойға беріледі.

 

9-оқушы:Дәл соғыс басталған күні 1941 жылы 21-маусым күні Әлиялар Свиреск стансасының жанындағы саяжайда болды. Балалар үйінің саяжайына оқушылардың көпшілігі қаланың тымырсық ауасынан демалу үшін барған, 22-маусымда ұшқыштар аэродромға шақырған. Күн кәдәмгідей ашық және ыстық болды. Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар бұларға да жетті.

 

10-оқушы:Армандай болған, балалықтың бұл шақтарын өткізген Ленинград та көзден бұл-бұл ұшатын кез жақындады.

 

Әлия:Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей армакн гүлін тақпадық.

 

Мәншүк:Біз көрмедік бал бақыттың ақ таңын,

Естімедік махаббаттың тәтті әнін.

Бізге жылы хат жазатын жігіттер

Қаныменен қарға жазды хаттарын.

 

11-оқушы:Жер мен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт,

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт.

 

12-оқушы:Ол жеңісті көрген жоқ,

Келді кейін азат күн.

Бірақ қызы қазақтың!

 

Мұғалім:Әлияның Сапураға жазған хатын тыңдайық.

 

Әлия:Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда винтовка. Солдаттар таң қалады. Фрицтерді аямаймын. Таңертең командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш  күннің ішінде 14 фашист өлтірді». Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше Жеңіспенқауышайық. Сүйдім. Әлия. 1943ж.13-желтоқсан.

 

Жүргізуші:1944 жыл. Ресейдің қылшылдаған қысы. Ұрыс жүріп жатыр. Зеңбірек зіркілі, пулемет үні, зуылдаған оқ орыс даласында тек өлім сеуіп тұр. Траншеяға бірінші кірген Әлия тар жерде кептеліп те қалды. Немістің офицері қапсыра ұстап, оны оп-оңай құртқысы келіп еді. Оған Әлия мұрша бермеді, офицерді бірінші атып өлтірді.

 

Әлия:Отан үшін алға!

 

Мәншүк:Халқым үшін алға!

 

Жүргізуші:Кішкентайынан елім деп еңіреген қазақ қызы ауыр жарақаттанады. Есіл ер қаза тапты. Домбыраның екі егіз шегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда Әлия еске түседі...Батыр Әлия...Қобда мен Неваға ғашық Әлия...Жерін сүйген Әлия... Халқына жыр болған Әлия... розадай сіңілісіне ән болған Әлия... артындағы ұрпағына ұран болған Әлия...Әлия ғұмыр...

 

Мәншүк:Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз.

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан ел егіз.

 

Әлия:Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

 

13-оқушы:Өніп тұр бір қызыл гүл таспа тірі

өніп тұрған бір қызыл гүл таста тірі,

ол - Әлия,

қазақтың хас батыры.

«Қайран ел,

Қайран ғұмыр деп»,-деп арудың,

Жанары кетті ме екен, жасқа тұнып?!

Ойынан сұрапыл күн айықпаған,

Қшағын жатыр дала, жайын саған.

Қалқиды көк жүзінде-

Көк тырналар,

Рухы ма,

Батыр қыздың қалықтаған?!

Сыр шертсе, ару жайлы,

Дала – дастан,

Атыңды жаттап өстік бала жастан.

өзіңді мен өмірге үлгі тұттым,

босаңсып кейбір сәтте бара жатсам.

Сені айтпай, бұл өмірде шақырма үміт,

Кеудеңе, Батыр бабам, салтын құйып-

Қалғанша қасық қаның шайқасыпсың,

Көтеріп,

Отанымның даңқын биік!

Ерекше жаларған соң, асып өрең,

өжет болып ер жеттің,

тасып ерен!

Мен тұрмын тебіреніп,

Батыр Әлия,

Басына ескерткіштің оқып өлең!

Толықсып, толған шақта текше гүлге,

Қиылды қыршын жаның,

Көктемінде...

Қауыштым, ел-жұртыңмен, асыл ару,

Арман-ай,

Жетпей кеткен Сексеніңде!

                                                М.Айтқожа.

 

Хормен:Әлия – батыр қызы сен халқымның,

Әлия – ару қызы сен халқымның.

Әлия – дара қызы сен халқымның.

 

 Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

 

14-оқушы: Шығыстың қос шынары

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы

Қазақстан аспанында азат күн.

Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы

Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі

 

Балабақша, мектепті жүр аралап.

Әлия, Мәншүк гүлдей нәзік бірақ та,

Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта.

О, тәңірім, соғыс отын жандыртпа,

 

О, тәңірім, балаларды жылатпа!

Мектебіне, бақшасына бүлдіршін

Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін.

Бейбітшілік күні жанса төбеде,

Әлия, Мәншүк біреу емес, мың гүлсің!

                                                   Ж.Ақылбайұлы.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Әлия мен Мәншүк рухы! Ұлы жеңіс күні!.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 342 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2017 2087
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кобегенова Сандугаш Касымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31172
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой