Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты. «Табиғат байлығын қорғау, үнемдеу –баршаның міндеті» (8-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Ашық тәрбие сағаты. «Табиғат байлығын қорғау, үнемдеу –баршаның міндеті» (8-сынып)

библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағатының жоспары


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат байлығын қорғау,

үнемдеу –баршаның міндеті»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға,

үнемдеуге тәрбиелеу,

экологиялық мәдениетін дамыту.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Интерактивті тақта. Бейнетаспа.

Жер-Ана, қызғалдақ, балық,

бозторғай, қоян,Ана,Мұғалім

бейнелері

Тәрбие сағатының барысы: 1 Жоспары:


Тәрбие сағатымыз 4 бөлімнен тұрады.

І бөлім – Қасиетті Жер-Ана!

ІІ бөлім - Табиғат -Аманат

ІІІбөлім- Табиғат байлығын қорғау,үнемдеу- баршаның борышы

ІҮбөлім – Экология- қоршаған орта.


1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Табиғат байлығын қорғау, үнемдеу –баршаның міндеті» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші

Тәрбие сағатымыз 4 бөлімнен тұрады.

І бөлім – Қасиетті Жер-Ана!

ІІ бөлім - Табиғат -Аманат

ІІІбөлім- Табиғат байлығын қорғау,үнемдеу- баршаның борышы

ІҮбөлім – Экология- қоршаған орта.

1-жүргізуші:

Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-біріне мағыналас,мазмұны бай сөздер.Адам-сол табиғат пен Жер-Ананың перзенті.Оны білу,оны аялау-адамның азаматтық борышы.

2-жүргізуші

2009 жылы БҰҰ –ның Бас Ассамблеясы 22-сәуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялады. Жер күні жер шарын мекендеген адамзатты қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және оның мәселелерін шешуге назар аудару мақсатында туған.Сондықтан да тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімін «Қасиетті Жер-Анаға» арнадық.

1-жүргізуші

Адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер-жаһан аялап тұр алақанында.

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап,

Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап.

Дүниеге жер-қара шаңырақ.

2-жүргізуші

Олай болса, барлық тіршілік атаулыны аялы алақанына салып асырап жатқан қасетті Жер-Ананы ортаға шақырайық!

Жер-Ана:

1- жүргізуші

Жер-Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

Анам туды Жер-Ана жетілдірді,

Осыны өзім өмірге негіз етем.


Көрініс «Аналар мұңы»


Ана немересімен шығады.Жай басып Жер анаға жақындайды.


Ана:Амансың ба,Жер ана? Көрмегелі көп болды,күнкөріс күйкілжіңі мойын бұрғызбады.Әдейі арнап немеремді алып,амандасып жүз көріскелі келдім.


Жер ана: Амансың ба,Ана? Немереңнің өмірі ұзақ болсын.Келгенің дұрыс болды. Өзіңді асыға күтуде едім. Қаладағылар аман ба? Өзіңнің өңің сынық қой,шаршағансың ба әлде?


Ана: Иә,дұрыс айтасыз, Жер ана! Қалаға барғалы күннің көзін де дұрыстап көре алмадым. Бір түрлі тұманданып, қошқылданып, тіпті кейде түнеріп тұрады. Көшеге шығып көкірегіңді керіп демалсаң, көкірегің көк түтінге толады.


Жер ана: Дұрыс айтасың. Мен бәрін сезіп , көріп жүрмін,бірақ қолдан келер дәрменім жоқ. Бұрыш-бұрыштан айқалаған музыка сендер тұрмақ менің де тыныштығымды бұзады.


Ана: Осының бәрін адамдардың өзі ғой жасап жатқан. Зауыт мұржалары мен машина түтініне қақалудамыз.Айтып жатса да, адамдардың санасына жетер емес.


Жер ана: иә, Өзің көрген аңдар мен жануарлар да өкпелі ме,білмеймін әйтеуір кете бастады.Оның қалған бір-екі талын «Қызыл кітап» дей ме,соған жазып қоя салады. Осылай ете берсе, мен жетім қалармын


Немересі: Жоқ,әжетай! Олай болуы мүмкін емес! Мына біздер ағалар қатесін түзерміз! Омырауыңды гүлге орап,баурайына бақ орнатамыз.


Ана: О,Жер ана,кешір бізді,күндеме тентегіңді,

Көрдік рас,көбісін еркеліктің,

Әркім бірақ не ексе,соны орады,

Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.

«Жер зардабы енді қайтіп келмесін» деп,

«Жауыздықты Жер ана жерлесін» деп

Сөйлеймін мен төтенше елшіндей бір

Ұлдарымды мақтан ғып «Гүл ексін» деп.


Немересі: Рухы мықты азаматтар дүниеге келсін десең


Ана: Халқымыз бақытты да мәнді-сәнді өмір сүрсін десең


Жер ана : Ауамыз ластанбай, көліміз тартылмай, суымыз ластанбасын десең, табиғатты қорғайық!


Ана: «Сәкеңді туған, Абайды туған, құрметте,достым, қазақтың жерін» деп ақын ағаларымыз айтқандай, Жер ананы құрметтейік!


Немересі: Барша байлықтың анасы-Жер.

Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре білу- өз қолымызда


2-жүргізуші

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табыныпбір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Ән: «Саржайлау» орындайтын Асылзада


1-оқушы Анаргүл


Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ертеден ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Сендерге белгілі ішетін тағам, киетін киіміміз, оқитын кітабымыз, қағаз, дәрі-дәрмек, тыныс алар ауа, ішер су бәрін-бәрін жомарт табиғат сыйға берген. Сол табиғат байлығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру- сендердің еншілеріне тиеді. Бүгінгі таңда мемлекетімізде Елбасымыздың 2030 жылға арналған жолдауында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепсиясында т.б. табиғатты қорғауға, сақтауға міндеттейді. Сондықтан сендер де сол табиғаттың бір бөлшегі болғндықтан, табиғатты қорғауға міндеттісіңдер


2- оқушы Зульфия

Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от.

Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.

3- оқушы Салидат

Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды.

Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады.Жердің қасиетін сақтау, жер жомарттығын жойып алмау-адамдардың өз қолында.Жер қадірі туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер, балалар!



1-жүргізуші

Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз


2-жүргізуші:

Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Табиғат қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

«Қазына қара жерде» дейді халық,

Күн көрген осы жерден бәрін алып,

Жер-анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер не бір дана, не бір ғаріп.

1-жүргізуші:

ІІ бөлім -Табиғат –Аманат деп аталады.


1-оқушы Аймира

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып, тұрған болмыс , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейіріммен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана.

Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал –

байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес.


2-оқушы Алмат

Қазақ халқы - табиғатты аялаған халық. Ата - бабаларымыз арттарына табиғатты қорғау туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен. Айта кетсек:

"Көкті жұлса" көктей соласың" деп жамандыққа жориды", "Суға түкірме, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді", "Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады" деген көптеген өсиет сөздер мәңгі мұра болып қалды.


2-жүргізуші

Көрініс «Табиғат- аманат»


1-жүргізуші

Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз


2-жүргізуші

ІІІбөлім- Табиғат байлығын қорғау,үнемдеу- баршаның борышы деп аталады.


1-оқушы Зульфия

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі табиғатты қорғау және табиғат байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан республикамызда қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.


2-оқушы Индира

Табиғатты аялау, көркейту жұмыстарында ата-бабаларымыздың ежелгі экологиялық қағидаларына арқа сүйгеніміз жөн.

Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғат сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да жаны да таза болады.

"Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұлағатты мол ұғымдарды ұмытпайық.

Жасыл бақтың бағалап қасиетін,

Наурыз келсе оң ағаш өсіретін,

Бабалардың жыл сайын жалғастырып

Ұмытпайық өнеге - өсиетін


3-оқушы Эльанора

Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама "т. б. Су туралы қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?


1-жүргізуші

Көрініс «Жапырақтың пайдасы»


Оқушы: Ой,балалар,балалар!

Неткен әсем хош иістер аңқиды,

Тынысыңды ашып дене балқиды.

Ағзадағы микробты өлтіретін фитонцид,

Бәрі-бәрі жапырақтың құрамына енеді.


(Бәрі таңданып жиналып тұрғанда,сахнаның шетінде жапырақты жинап өртеп жатқан оқушыны көріп,бәрі сонда жүгіріп.)


Оқушы: Әй,әй,әй бала бұның не?


Жер-Ана:

Әй,Әй,Адам!

Саған Алла сана берген жоқ па еді,

Неге өртейсің жапырақты,керегі жоқ па еді?

Жо-жоқ! Табиғаттың өз бергенін өзіне бер,

Жылатпағың мына тұрған ағашты.


Қарт ана: Балалар! Әй Балалар! Мына жапырақты өртегелі жатырсыңдар ма? Обал болады. Бұны керекке жарату керек. Біз ертеде осы жапырақты малға қорек етіп, үйге қыста, жазда отын еттік қой.


Оқушы:Ой біз оны білмейді екенбіз? Күзде жапырақтан көп нәрсе жоқ қой. Аяқ алып жүре алмаймыз. Апа, апа қалай отын болады?


Қарт ана: Малдың қиына жапырақты, қураған шөп қалдығын қосып шаптап кептіріп, одан соң жинақтап қоямыз. Жақсаң жылуы қандай? Көмірдің жылуындай. Нан пісірсең қандай тамаша!


Оқушы: Нан,нан пісірсек… Ой,Алла! Апа ,қазір де пісіруге бола ма?


Қарт ана: Болған да қандай! Дәмі қандай шіркін!


Қарт ана: Иә, балалар! Осы қазір табиғат байлығының алай-түлейі шығып кетті ғой. Өздерің қамқор болыңдар. Бұдан да қиын,жоқшылықта…

Қазағым үйін тігіп ауыл болған,

Бастарын біріктіріп қауым болған.

Егін егіп,ысырапсыз жинап алып,

Ұрпаққа қалдыруды тағы ойлаған.

Міне,қарақтарым,ертеден жиналған байлық қой.Жер жомарт,қадіріне жетіңдер!


1-Оқушы:

Әй,бәрін қоя тұрып мына ағаш тамырына қамқорлық жасайық.

Қара мына тамыр жатыр ырсиып,

Суық ауа кірер оған тырсиып.

Күні ертең көктер кезі келгенде,

Өліп-өшіп тіршілігін жояр қушиып.


2-Оқушы:

Жапырағын жинап алып тамырына тастайық,

Суықтан қорғап,ылғалды жерде сақтайық.

Бұл жапырақ топырақтың құнарына айналсын,

Өстіп,достар,табиғатты қорғайық!


2-жүргізуші

Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның бір саласы.

1-жүргізуші


Табиғатты тарылтпайық.

Мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат!

Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар!

Қалай ғана қатыгездік жасайсың.

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.


2-жүргізуші

ІҮбөлім – Экология және қоршаған орта деп аталады.

1-оқушы Әли

Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті.

2-оқушы Ерасыл

Соның бірі судың ластануы

Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда.соның салдарынан өзен,көлдегі, тіпті теңіздердегі балықтар қырылып жатыр. Оған мысал ретінде өзіміздің Каспии теңізіндегі итбалықтардың өлуі айтуға болады.


3-оқушы Айшат

Соның бірі топырақтың ластануы

Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді. Топырақтың бүлінуінің салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер мен онымен қоректенетін жануарлар арқылы тарайды.


4-оқушы Асылбек

Соның бірі ауаның көп ластануы.

Ауаны ең көп ластайтын — өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері — ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу элктр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары.


5-оқушы Айзада


Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.

Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Олар: далаға ажар берген ақбөкен, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, су аруы немесе махаббат рәмізі - аққу.


6-оқушы Асылзада

Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.



1-жүргізуші

«Экология және Қазақстан» атты бейнетаспаға назар аударайық.

2-жүргізуші

Тәрбие сағатымызды «Атамекен» әнімен аяқтаймыз.



























31 жалпы орта білім беретін мектеп












hello_html_m4f9635a7.gif


Тақырыбы: : «Табиғат байлығын қорғау,

үнемдеу –баршаның міндеті»


Сыныбы: 6 а


Сынып жетекшісі: Мұқатова Мизамгүл















Атырау -2012























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров393
Номер материала ДВ-482385
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх