Инфоурок Другое Другие методич. материалыАта Заң – асыл мұраттар бастауы

Ата Заң – асыл мұраттар бастауы

Скачать материал

      Тақырыбы:  «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы»

Мақсаты: Жалпы заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, оқушылардың өз құқықтарын жете біліп, заң біліміне деген қызығушылығын туғызу. Тәуелсіз Қазақ елінің Ата Заңын қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құықтық тәрбие беру. Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер мен музыкалық шығармалар:

  1. Қазақстан Республкасының Мемлекеттік Гимні.
  2. Мемлекеттік рәміздер. (Ту, Елтаңба).

 

Барысы:

 Еліміз демократиялы құқықтық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бетбұрыс жасағалы адамдардың заңға деген көзқарастары өзгеріп, заң біліміне ынтасы арта түсті.

 Қылмыс істеген күнәлі адамға шариғат заңының көрсетуі бойынша шара қолдану, яки тәртіпке шақыру - әділет жолымен мемлекеттік құрылысты сақтаудың бірден  - бір жолы. Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күйрейді. Қоғамның барлық ісін өркендету үшін шынайы әділеттік болуы керек. Бұл қоғамды берік сақтаудың жолы. Қағазда жазылғанмен, іс жүзінде еркіндік болмаса, ол тура жолға салынбаса, онда мемлекет күйрейді деген сөз» - деп жалпы адамзат баласы үшін өсиет қалдырған.

Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді, - демекші «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Жүргізуші 1:  

Халқымыз ғасырлар бойы аса зарыға күтіп, құдайдан жалбарына тілеп, ақсарбас атап жүрген арманына да ақыры жетті.

  Жүргізуші 2:

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991жылы желтоқсанның 16 – сы күні қазақ мемлекетінің  тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады.

Жүргізуші 1: 

Қазақ ұлты да енді өз билігі өзінде болатын қабырғалы елге, дербес мемлекетке айналды.

Жүргізуші 2:

Бұл күн – біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн!

І. Өзгелермен теңелді де терезем,

Артта қалды қиын қыспақ - өр, кезең.

Бір – ақ күнде мәре – сәре боп қалдық,

Өкпе өшіп, кеуіп жүрсе кенезем.

ІІ. Танып жатыр қазағымды ғаламым,

Ері екен деп құлан жортқан даланың.

Осы шығар тәуелсіздік – Жерұйық,

Осы шығар аманаты – бабамның.

ІІІ. Қиындыққа көндікпесек бола ма,

Сыр білдірсек орта көңіл тола ма?

Ең бастысы – еркіндікке қол жетті,

Жүздеген жыл болып келсек қол бала.

ІV. Мойнымыздан кіріптарлық қамытын,

Сыпырдық та талқан еттік тақытын.

Енді бізбен санасады бар әлем,

Осы екен ғой, қайда десем, бақытым.

 V. Жаса, жаса, тәуелсіздік елдігім,

Атам қазақ армандаған келді күн!

Қуаныштар бола берсін баянды,

Тиді өзіңе, халқым міне, төр бүгін!

  Жүргізуші 1:

Тәуелсізідік – қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сол елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді.

1 оқушы:

Бәрі болған Қазақ сынды көне ел

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге?

Ертеден келе жатқан ұғымдар арасында дүниенің төрт бұрышын төрт түрлі бояу арқылы беру дәстүрі бар. Солтүстікті – қара, оңтүстікті – ақ, шығысты – зеңгір, батысты – сары немесе қызыл бояу арқылы берген. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі – нағыз өмір нышаны.

Бүркіт – еркіндік бейнесі, биік армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі «қошқар мүйіз» деп аталатын ұлттық өрнекті жолақ..Ою - өрнек – халықтық сана – сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі.

Халқымыздың талантты ұлдарының бірі – Шәкен Ондасынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай!

  2 оқушы:

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты алға

Қалай оның Елтаңбасы болмайды.

Түлігіне дейін салса  ен – таңба?!

Елтаңбамыздың сырт пішіні толық шеңберге сыйып тұр. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ .  Шынайы шеберлікпен шендестірілген түңлігі күн бейнесін елсететсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей.

Елтаңбадағы екінші бөлек – ай мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ бейнесі. Киелі көк пырақ адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Мүйіз – айбын – айбат, ақжолтайлық белгісі.

Ендігі назар аударатын белгілер – маңдайдағы бесжұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа да ашық , әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып, ілесеміз деген мағынаны білдіреді.

Авторлары – танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот Аман Уәлиханов. Елтаңбамыздың тұғыры биік болғай!

3 оқушы:  

 Батылдыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

Әнұран – халық жүрегінің лүпілін, тыныс – тіршілігін білдіреді. Ол бүкіл бір қауымның өмір салтына, іс – қимылына көбірек қатысты. Ертеде ол да байрақ тулар тәрізді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, топтасып, тастүйін қимылдауға меңзейтін айғақ – нышан ретінде қалыптасқан. Әнұранымыздың сөзінің авторлары: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.» (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады).

Жүргізуші 2:

1995 жылы  30 – тамызда Ата заңымыз қабылданды. АТА ЗАҢ БІЗГЕ: - Адамдық қадір – қасиетімізге қол сұғылмауына; - Тіліміз бен дініміздің дамуына; - Ар – ождан бостандығы құқығын қорғауға; - Адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға КЕПІЛДІК БЕРЕДІ.

4 оқушы:

Ал бүгін, міне жарқырап,

Нұрын шашты Алтын Заң.

Заң болғанда қандай заң,

Көрмеген бұрын ешбір жан!

«Еңбек ет те міндет ет,

Дем ал!» деген осы заң...

«Сансыз халық достасып,

Өсе бер!» деген осы заң!

Егемен еліміздің қастерлі де қасиетті Негізгі заңы – Конституция.

5 оқушы:

Негізгі заңды АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты ірі мемлекеттердің заңгер мамандары мұқият зерттеп, бір ауыздан «ең демократияшыл, адам құқығы мен бостандығы үшін мол кепілдік беретін әділетті құжат» деген баға берді. Халықтар арасындағы татулық дәріптеліп, адам құқы бірінші кезекте қорғалатын Алтын Заңымыздың кейбір баптары жайлы ойымызды ортаға салайық:

6 оқушы: 7 – бапта:

Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жазылған. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі – жалпымыздың қуанышымыз. Өйткені тіл тағдыры – ел тағдыры.

      7 оқушы:

Атыраудан Алтайға дейін, Орталық Азия тауларынан Тайга ормандарына дейін көсілген ұлан – байтақ  қазақ жерін жүздеген жылдар бойы халқымыздың Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек сынды аяулы ұлдары ерлікпен қорғаған еді. Енді территориясы Аргентинамен бірдей қазақ жерін қорғау – жастарымыздың қастерлі борышы. Бұл жайлы 36 – бапта: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп жазылған. Халқымыздың талантты ақындарының бірі Несіпбек Айтұлы «Отан» деген өлеңінде:

«Біздер үшін Отан біреу, Ту жалғыз,

Қорғамасақ, несіне ұл боп туғанбыз?!

Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз» - деп тебірене жырлады.

8 оқушы: 14 – бапта:

 «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.» 29 – бапта: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.» 30 –бапта: «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті» деп жазылған.

Жүргізуші 2:

Ата Заңым – бабалардың лебізі,

Ата Заңым – барлық заңның негізі

Арқа сүйер Ата Заңда адамды

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

Жүргізуші 1:

Еркін елдің Ата Заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам құқы, бостандығы, теңдігі –

Барлығын да қарастырған жан – жақты.

Жүргізуші 2:

Ата Заңмен арайланған айналам,

Басшы орынға сайлаймын да сайланам.

Білім алам, еңбек етем, демалам,

Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.

Жүргізуші 1:

Ата Заңым – мемлекет айбыны,

Ата Заңым – ақыл – ойдың айдыны.

Туған жердің – Қазақстан елінің,

Ата Заңмен қорғалады байлығы.

(Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады)

Жүргізуші 2:

Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқын ардақтауы сонау ерте заманнан – ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет – ғұрпын, салт – санасына, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат мәдениетті сөйлеу қарым – қатынасына айрықша баға берген.

 Жүргізуші 1:

Ел басқару ісіне де жіті мән беріп тіпті ауылдардағы ақ сақалды қариялардың ақылға толы ауызекі сөздерінің өзі де ескерусіз қалмаған.

Айтылған қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Конституция баптарындай бағыт беріп отырған.

9 оқушы:

Атақты ханымыз Қасым Жәнібекұлы (1448 - 1523) «Әдет» заңын жүйелеп, жинақтауға және жетілдіруге тырысқан тұста мұсылман заңының зиянды жақтарын айыра біліп, өткізбеуге көп күш салған екен. Сонымен, ХІІ ғасырда «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын 5 – бөлімнен құралатын заң жобасы  келді.

1.       Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).

2.       Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық мәселелері).

3.       Әскери заң (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан мәселелері).

4.       Елшілік жоралары (майталмандық , шешендік, сыпайылық , әдептілік).

5.       Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, шүлен тарату, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл мәселелері).

10 оқушы:

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілдірілуі қажеттігіне әкеліп тіреді. Осындай міндетте тарихымызда елеулі із қалдырған Есім хан (1598 - 1645) болды. Ол «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, жаңадан дүниеге келтірді:

І. Хан болсын – ханға лайық заң болсын;

ІІ. Батыр болсын – жорық жолы мақұл болсын;

ІІІ. Абыз болсын – абыз сыйлау парыз болсын;

IV. Би болсын – би түсетін үй болсын.

 

 

 

 

11 оқушы:

Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1628 – 1718) болды. Әз – Тәуке хан сол кездегі биік тұлғалар – Төле, Қазыбек, Әйтеке және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып, «Жеті Жарғы» атты белгілі заңдар топтамасын – қазақтың шын мәніндегі бірінші Конституциясын жасап шығарды.

1         -  жарғы:

Көтеріліс жасап, бүлік шығараған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды.)

12 оқушы: 2 - жарғы:

Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырлсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

13 оқушы: 3 – жарғы:

Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық.)

14 оқушы: 4 – жарғы:

Өзге біреудің әйелімен зианқорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық.)

15 оқушы: 5 – жарғы:

Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты  ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырлысын. (Ол кездегі «ер қанаты - ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде бағаланады.)

16 оқушы: 6 – жарғы:

Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді.

ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

17 оқушы: 7 – жарғы:

Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Міне, ХVІІ ғасырда өмірге келген «Әз Тәукенің Жеті жарғысының» негізгі баптары осындай.

Бұл заңдық құжаттар ел арасынан ынтымақтық пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды ибадатпен әдептілікке яғни біреудің ала жібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң шара қолданған.

Елі мен жерін сатқан екіжүзділерді, жауыздықпен күн көрген қаныпезерлерді, Ата Заңды аттаған азғындарды «етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.

Халқымыз ел басқарушыларын ақыл парасатына, турашыл да әділеттігіне қарай құрметтеген. Елге жайсыз болған басшы билік басында ұзақ отырмаған. Оларға: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Көп қорқытады, терең батырады» дегенді айтып, әр уақытта тура жолдан тайғандарды жөнге салған да халықтың  қамын ойлап, ел қорғауға үнемі халықпен бірге болып, ел бірлігін сақтауға тырысқан.

(Көрініс: «Сартайдың әділ билігі»)

Ата – бабамыздың үлгісін, жол – жоралғысын еске ала отырып, тарихта өткен хандардың жарлықтары, билердің шешімдерін жастар меңгеру керек. Қазақстан халқы өз алдына жоғарғы мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол – құқықтық мемлекет құру. Мұндай мемлекетте заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Сондықтан да азаматтар заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтаулары қажет.

Қазір жасөспірімдер арасында құық бұзушылықтың ішімдік ішу, нашақорлық т.б. түрлері көп ұшырасады, ол неліктен? Жасөспірімдер еліктегіш жарнамалауға құрылған бейнефильмдерге жүйесіз, жүгенсіз бой алдырған. Оқушылар өздеріне тиісті құқықтары мен міндеттерін түсініп, өзін - өзі қорғай білу керек.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. Оқушының қандай құқықтары бар?
  2. Оқушының қандай міндеттері бар?
  3. Оқушылар неге жауапты?

Қорытынды:

Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз да жасқаншақ , екіжүзді, қорқақ болады. Сол үшін өздерінің құқтарың  мен міндеттеріңді біліп алып, соны бұзбайтын өздеріңе - өздерің есеп беретін толық заңгер болыңдар.

Ата Заң  бізге қызмет етеді. Ал біз елге қызмет етуге тиіспіз. Өйткені мемлекет дегеніміз – біз боламыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата Заң – асыл мұраттар бастауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 462 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.06.2017 1305
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдыгалиева Сандугаш Шагийдулиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4952
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой