Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Аттандық бала шақтан болашаққа" сынып сағаты

"Аттандық бала шақтан болашаққа" сынып сағаты

Скачать материал

 

Ключев орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Аттандық бала
  шақтан бола 
 шаққа"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Өткізген: Ажкаева А.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы «  Аттандық бала шақтан болашаққа  »

Мақсаты: 1.Білімнің сары жолы мектептен басталатынын, білімнің кең 

                    дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын

                    арттыру.Оқуға білімді болуға шақыру.

                  2.Бастуыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен

                    қоштастыра отырып,,сәт-сапар тілеу.

                  3.Білім ордасы – мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін 

                     бағалай білу, тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл-

                     қызы болуға жетелеу.

Көрнекілігі: «Бастауышың – бастамаң,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам», «Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер,слайд

1-жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
2-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1-жүргізуші: Иә бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той.
2-жүргізуші: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер сырын ұғындырған алғашқы ұстазбен қоштаспақпыз.

1-жүргізуші 
Би биленіп ән айтылар аспандап,
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ.
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе,
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.
2 - жүргізуші: 
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
(Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз.)

Би: 1-сынып гүлдер биі

1-жүргізуші: Төрт жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
(Экранға назар аударыңыздар) 
 

2-жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне, 
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, 
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, 
Сіздерге арнап айтатын тілегін де –деп алғашқы ұстазымыз
Айтжанова Бақтыгүл Женісқызына  береміз. 
1-жүргізуші: Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда-дей отырып  мектеп директоры Муралин Мұхтар Күнтуарұлына беріледі.

2- жүргізуші: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.

Ән: «Ұстазым менің» хормен

1-оқушы:Келгенімде алдыңа

 Қызыл арай гүл алып

 Жақын тарттың жаныңа

  Шәкіртім деп қуанып

   Сипадың да басымнан

   Әліппені ұсындың,

 Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.

2-оқушы: Өмірге жол бір өзіңмен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз ана естен кетпес  мәңгілік

Мейіріммен жауырыңнан қаққаның.

3-оқушы: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,
Жалындатып жанарымды нұр еткен.
Мейіріммен бізге жайған құшағың,
Қуат берді, көкке самғап ұшамын.
Өнегеңді өмірімде үлгі етіп,
Арманымды бір өзіңмен құшамын.

4-оқушы: Ұстазым, алтын ұстазым,
Естідім, сізден құс сазын.
Көзімен көру бақыт қой,
Қыранның түлеп ұшқанын.

орыс тілінде: Дмитрий, Е.Дильназ,, Асқар

ағылшын тілінде: Денис,Гибрат

Би: 1- сынып өзбек биі

Ән: «Мектебім»

5-оқушы:Шуағы мол жаз күніндей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,
Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.
Ұлағатты ұстазымсың, данамсың,
Адалдыққа баулыған сен анамсың.
Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскен
Тұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.
Сол үшін де аяулысың адамға,
Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.
Еңбегіңді қастерлейді бар адам,
Ұстаз атың ардақталып әманда.

6-оқушы: Еңбек жолын бастауыштан бастаған
Бізге сурет салуды да үйреткен
Бақтыгүл апай оқу ісін басқарған.
Оңай емес бұл шаруа
Жауапты да күрделі
Ісіңіз жүрсін ілгері.

7-оқушы: Бастауышпен қоштасып
Төрт белестен асамыз
Орта буынға барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бастауышқа келіп тұрамыз.

ағылшын тілінде: О.Дильнас, Дәрина

орыс тілінде: Айдана Арслан

1-жүргізуші:Ұқсайтын болашақтың кемесіне

Байқаңдар балардың өнерлерін

Жарасқан әзіл-сықақ әрқашанда

Көрініске кезек бердім көрерменім

Көрініс: :________________________

8-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке
Жанымның отын жандырдың.

9-оқушы:Өнеге ошақ тәрбиең
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз әлі талай біз.

10-оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

орыс тілінде: Эльмира ,Денис

ағылшын тілінде: Мансур, Айдана, Асқар

1-жүргізуші:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

2-жүргізуші: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Ән: «Алтын ұям - мектебім»

Би: 3- сынып

11-оқушы: Тілді білсең ағылшын
Мол болады табысың.
Компьютер де қолында
Нарық деген жолында.
Жақындайды алысың
Сіздей жақсы жан үшін
Беруге лайық қол ұшын,
Ағылшынша үйреткен
Бахтыгүл апайға мың алғыс.

12-оқушы: Гүлзира апай

Сізге көп – көп рахмет

Ұйымдастырған сайыстарыңыз керемет.

Балаларды сергітіп,

Көңілдерін көтеріп.

Мектебімізді көркейтіп,

Бізге бәрін үйретіп

Біз  үшін бәрін жасадыңыз,

Осы біздің рахметіміз.

13-оқушы: Білім ап сайраңдап,
Өткердік 4 жылды
Қызықтап ән - жырды
Қалайша қиямыз
Ұшырса ұямыз
Біздерді тосады
Ұстаздар құшағы.

14-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт басын саған иеді.

орыс тілінде.Денис, О.Дильнас, Нұрзат

ағылшын тілінде: Аружан, Эльмира, Танат

Ән: «Ұстазым»

Көрініс:________________________

Ағылшын тілінде  

1.Е.Дильназ

2.Арслан

3.Дмитрий

орыс тілінде

4. У нас - выпускной,
Бал выпускной, мы уходим из школы начальной…
Знать поступили в среднюю мы не случайно,
Знаний огромный багаж мы уносим с собой.

5. Весенний праздник, иль осенний,

Иль возле елки хоровод –

Вот так и крепла наша дружба,

Мужал наш творческий народ.

6. Потому что к нам весной

Пришел праздник выпускной!

Обещаем, что не будем мы реветь,

Ну, давайте, начинаем песню петь!

Ән: «Достарым»

Көрініс: _______________________

Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»

1жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата – аналарға беріледі

2жүргізуші: Бастауышпен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы біліммен аяқтаған оқушыларыма да осы сапалық құрамын сақтап үнемі жақсы оқуларыңмен болашақ тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер.

1жүргізуші:- Аяқтап кешті, мектепті
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап жазда қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аттандық бала шақтан болашаққа" сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 976 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 905
    • DOCX 546 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ажкаева Айгирим Баранбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ажкаева Айгирим Баранбаевна
    Ажкаева Айгирим Баранбаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6622
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой