Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыАвторская работа на тему Абай Кунанбаев по казахскому языку и литературе(5-8 классы)

Авторская работа на тему Абай Кунанбаев по казахскому языку и литературе(5-8 классы)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Дидактикалық

                материал

      (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған)

                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған:  

Өскемен қаласы  «№26 орта мектебі»                                                                                                                                                            КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:                                                         Ахметова Маншук Даулетжаровна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз............................................................................   2

Абайдың өмірбаяны........................................................    3

Абайдың табиғат лирикасы............................................... 4

Абай  - аудармашы..... ........................................................5-6

Абайдың қарасөздері ...................................................... ...7-8

Тестік сауалдар ................................................................... 9-19

 

 

 

                                                       

                                                     Алғы сөз

 

      Бұл дидактикалық материал жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналып жасалған.  Дидактикалық материалды қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен  мектеп оқушылары  пайдалана  алады. Оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Дидактикалық материалдағы жұмыстар оқушылардың терең білім алуына, білімін жетілдіруге негіз болады.

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   1–  тақырып.  Абайдың өмірбаяны.

 

1-тапсырма. Мәтінді оқы.

         Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын ,ойшыл, аудармашы, сазгер. Ол 1845 жылы Семей облысы Шыңғыстауда туған. Оның шын аты- Ибраһим. Әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен. Әжесінің аты – Зере. Анасының аты- Ұлжан.

        Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді.

        Осында жүріп, Абай орыс халқының ұлы ақындары А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың шығармаларымен танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

         Абай  жыл мезгілдеріне арнап көп өлеңдер жазды. Олар: «Қыс»,  «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толады.

 

 

2-тапсырма. Дара  диаграмма толтыр  (мәтіннің мазмұны бойынша тірек сөздерді толтыр)  

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

3-тапсырма.Синквейн құрастыр.
1. Тақырыпқа қатысты бір зат есім (кім?):
2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім (қандай?).
3, бірінші зат есімге қатысты үш етістік (не істеді/iстейді?),
4. бірінші зат есіммен төрт сөзден тұратын сөйлем.
5. Ол - кім?

 

2–  тақырып. Абайдың табиғат лирикасы

Сөздік

 денелі  -  крупный, рослый                   

 ақ сақалды – белобородый

 соқыр-мылқау  - слепой-немой        

 үсті- басы  - внешность

 қырау  - иней                                          

 түсі суық – грозный вид

 басын сіліксе – когда мотает головой

 үй шайқалды  - дом закачался

 боздау  - верблюжий рев                         

 қой қоздау – окот овец

 сай  -  овраг                                            

 сыбдыр  - шорох, шелест

 

1 – тапсырма. Өлеңдерді мәнерлеп оқып, жылдың қай мезгілі суреттелгенін өлең сөзімен дәлелдеңдер.

                        Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

                        Соқыр – мылқау танымас тірі жанды.

                        Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

                        Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

                        Бұлттай қасы жауып екі көзін,

                        Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

                        Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

                        Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

                        Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу,

                        Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

                        Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

                        Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

 

Изображение 003Изображение 002

 

 

2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға)
2. Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3. Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)
4. Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)
6. Соқыр мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)
7. Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
8. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).

3-тапсырма. «Қандай?» деген сұраққа жауап  беретін сөздерді дәптерге жазыңдар.

 

 

                                 

      3–  тақырып.   Абай - аудармашы.

«Қараңғы түнде тау қалғып» аудармасы (Гете, Лермонтов, Абай   үндестігі )

 Über allen Gipfeln

Ist Ruh,

In allen Wipfeln

Spürest du

Kaum einen Hauch;

Die Vögelein schweigen im Walde.

Warte nur, balde

Ruhest du auch.  (Гете, 1749-1832)

 

Горные вершины

Спят во тьме ночной;

Тихие долины

Полны свежей мглой;

Не пылит дорога,

Не дрожат листы...

Подожди немного,

Отдохнешь и ты. (Лермонтов, 1814-1841)

 

 

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

 

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ. (Абай, 1845-1904)

 

1-тапсырма.

 1.Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәнерлеп оқып орысша, немісше нұсқаларымен танысыңдар.
 2.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін оқи отырып, қандай көңіл-күйді аңғарамыз?
 3.Венн диаграммасын толтырыңдар. Гете- Лермонтов- Абай.



Шегіртке мен құмырсқа

                                                  Сөздік

 


шырылдауық – щебечущий         ыршу - прыгать

көгал – луг                                    гөлайттау - гулять

сауықшыл –весельчак                  сорлы – несчастный, бедняжка

бүкшиді – сгорбился                    қайғы - печаль

асыра – содержи                           шаруашыл - хозяйственный

илеу – муровейник                       селкілдеу- дрожать, трястись


  


 1-тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқыңдар.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсініп алыңдар.


 

 


Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың

Бірінде-тамақ, бірінде-үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған, қарны ашқан,

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Сабанда жатп дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

- Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

- Мұның, жаным, сөз емес.

Жаз өтерін білмеп пе ең ?

Жанын үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең ?

- Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме ?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме ?

- Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер



 

кумырска

 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

 

1. Мысалдағы кейіпкерлерді ата.

2. Жылдың қай мезгілдерін суреттеп отыр?

3. Қыс мезгіліндегі шегірткенің халі қандай еді?

4. Шегіртке кімнен көмек сұрайды?

5. Оған құмырсқа не деп жауап береді?

 

 3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.

 

4-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді дауыстап оқыңдар. Қай кейіпкерге қатысты екенін айтыңдар?

 

 5-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді екі топқа бөліңдер.

  А) жаз мезгіліндегі шегіртке

  ә) қыс мезгіліндегі шегіртке

 

7-тапсырма. Мысалға сүйене отырып құмырсқа мен шегірткені салыcтыра сипаттаңдар.

куган

€€  8-тапсырма. Мысалды рөлге бөліп оқыңдар.

 

                4 – тақырып.  Абайдың  қарасөздері

       Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

       Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.

1.     Қара сөз деген не?

______________________________________________________________________

2.     Абайдың қара сөздері неше тараудан тұрады?

______________________________________________________________________

3.     «Отыз сегізінші сөз» мәтінінен адамның жақсы мен жаман қасиеттерін жаз:

 

Жақсы қасиет

Жаман қасиет

Дос көбейту...

Өзін артық көрсеткен, мақтаншақ...

 

 

 

        

                   5 –тақырып. Тестік сауалдар

 

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар

 

                                             1-нұсқа

 

1. Абайдың шын аты кім?

А) Мұхамедканафия  ә) Сәдуақас  б) Ибрагим  в) Ақжігіт

2. Абай неше ағайынды болған?  А) 6   ә) 7   б) 8   в) 9

3. Абай Ахмет – Риза медресесінде қай жылдары оқиды?

А) 1855- 1860 ә) 1855 1859 б) 1855-1858 в) 1855-1857

4. Абай өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы нешінші жылдан басталады?

А) 1881    ә) 1882    б) 1883     в) 1884

5. Абай Е.П. Михаэлиспен нешінші жылы кездесті? 

А) 1867   ә) 1868   б) 1869   в) 1870

6. Ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі нешінші жылы жазылған?

А) 1883 ә) 1984  б) 1885 в) 1886

7. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді?

А) махаббат мәселесі ә) әлеуметтік теңсіздік  б) адамгершілік мәселесі в) достық мәселесі

8.  ... Ақындары ақылсыз, надан келіп, көр – жерді өлең қыпты, жоқтан қармап, - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

А) «Қалың елім қазағым ...» ә) «Өлең сөздің патшасы»

б) «Сегіз аяқ»в) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

9. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері қай жылдары жазылған?

А) 1886-1890  ә) 1886-1889  б) 1886-1888  в) 1886-1891

10. Абай Пушкин шығармаларын көбірек шұғылданған жылы қайсы?

А) 1888  ә) 1889  б) 1890  в) 1891

11. Ақын «Евгений Онегин « үзінділер күйінде неше өлең шығарды? 

А) 5   ә) 6    б) 7  в) 8

12. Ақын М.Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған? 

А) 25 ә) 24  б) 26  в) 27

13.  ... Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

А) «Көзімнің қарасы» ә) «Бойы бұлғаң» б) «Құлақтан кіріп бойды алар» в) Сегіз аяқ»

14. Абай Крыловтың мысалдарын аударумен қай кезде шұғылданған?

А) 80 – жылдардың аяғы ә) 90 – жылдардың аяғы б) 70- жылдардың аяғы

в) хх ғасырдың басы

15. Абайдан неше поэма қалған?  

А) 5    ә) 2     б) 3      в)4

16. «Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан?

А) М.Дулатов ә) А. Байтұрсынов б) М. Жұмабаев в) Ж. Аймауытов

17. Абайдың қара сөздерінің саны қанша? 

А) 44 ә) 43 б) 42 в) 45

18. Абайдың немере інісі кім?  

А) Оспан ә) Тәңірберді б) Шәкәрім в) Абылай

19. Абай қай жылы дүниеден өтті?    

А) 1903  ә) 1904 б) 1905  в) 1906

20. 2020 жылы Абайдың туғанына қанша жыл болады? 

А) 175  ә) 170  б) 150  в) 165

 

                                         2-нұсқа

 

1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында;
В) 8жасында;
С) 9жасында;
Д) 10жасында;*
Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;*
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста;
В) 11жаста;
С) 13жаста;*
Д) 15жаста;
Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.;*
В) 1871ж.;
С) 1873ж.;
Д) 1875ж.;
Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».*
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;
В) Барлас;
С) Көкпай;*
Д) Балта;
Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;*
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;*
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
В) «Жаз»;*
С) «Қыс»;
Д) «Күз»;
Е) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»;
В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
Д) «Жазғытұры»;*
Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы;
В) шалыс ұйқас;*
С) аралас ұйқас;
Д) шұбыртпалы ұйқас;
Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;*
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;*
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17;
В) 21;
С) 23;
Д) 25;
Е) 27.*
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;*
С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2;
В) 3;*
С) 4;
Д) 5;
Е) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»;
В) «Масғұт»;
С) «Әзім әңгімесі»;*
Д) «Еңлік - Кебек»;
Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»;*
В) «Масғұт»;
С) «Әзім әңгімесі»;
Д) «Еңлік - Кебек»;
Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде;
В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде;*
Д) Жиырма бесінші сөзінде;
Е) Он тоғызыншы сөзінде.
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов;
В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;*
Е) З. Ахметов.
22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші;*
В) Он сегізінші;
С) Он тоғызыншы;
Д) Отыз бірінші;
Е) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс;
В) Аллитерация;*
С) Шендестіру;
Д) Қайталау;
Е) Кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс;
В) Аллитерация;
С) Теңеу;
Д) Кейіптеу;*
Е) Риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;*
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».

                                              3 - нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы;
В) А. Байтұрсынұлы;*
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;
Е) М. Жұмабаев.
2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға;
В) Ақылбайға;
С) Әбдірахманға;*
Д) Мағауияға;
Е) Мекайлға.
3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта оқып жүр»;*
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»;
В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»;
Д) «Жалау»;*
Е) «Бақа мен өгіз».
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»;
В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Көлеңке басын ұзартып»;
Е) «Болыс болдым, мінеки».*
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; *
В) 25 шақты;
С) 30 шақты;
Д) 35 шақты;
Е) 40 шақты.
7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А) 1880;
В) 1883;
С) 1885;
Д) 1886;
Е) 1889.*
8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;*
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».
9. Абайдың руы кім?
А) Найман;
В) Керей;
С) Тобықты;*
Д) Уақ;
Е) Дулат.
10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.;*
В) 1886ж.;
С) 1887ж.;
Д) 1888ж.;
Е) 1889ж.
11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге;
В) 105тілге;
С) 110 тілге;
Д) 116 тілге;*
Е) 120 тілге.
12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім;
В) Ахмет;
С) Мұхтар;*
Д) Көкбай;
Е) Қиясбай.
13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;*
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.
14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876;
В) 1876 - 1878;*
С) 1877 - 1879;
Д) 1878 - 1880;
Е) 1879 - 1881.
15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.;
В) 1881 ж.;
С) 1885 ж.;*
Д) 1887 ж.;
Е) 1888 ж.
16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан
В) 10 жастан*
С) 11 жастан
Д) 13 жастан
Е) 15 жастан
17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас;
В) Байкөкше;
С) Көкпай;*
Д) Шөже;
Е) Балта.
18. Қай өлеңнен? 
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;*
Е) «Малға достың мұңы жоқ».
19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші;
В) Төртінші;
С) Он алтыншы;
Д) Он жетінші;
Е) Жиырма тоғызыншы.*
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.;
В) 1893ж.;
С) 1895ж.;*
Д) 1897ж.;
Е) 1898ж.
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия;
В) Метафора;*
С) Эпитет;
Д) Теңеу;
Е) Ассонанс.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан;
В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан;
Д) 1908ж. Петербург;
Е) 1909ж. Петербург.*
23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1;
  В) 2;  С) 3;* Д) 4; Е) 5.
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;*
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».
25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;*
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».

 

 

                                                   Бала Абай

 

          Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек , бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Онан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған.

Сонда әжесі ойланып отырып: – Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...– деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда, әжесінің тізесінен ақырын қағып: –Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... – деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы» ,«Құламерген» бәрі де айтылып еді. Әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да айтқыза беретін болды.

Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды: бірі– қартаң, бірі –жас қонақ. Жасын Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып «Қозы Көрпеш –Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы еді. Ал қасындағы қартаңдау кісіні Абай білмегенімен, шешесі жақсы таниды екен. Қонақтарымен жай сұрасып, амандасып болған соң, Ұлжан Абайға қарап, жымиып:

–Ал, балам, әжең мен екеуімізді қажай беруші едің, әңгіме, жырдың дүкені, міне, жаңа келді.Мына кісі Барлас деген ақын,– деді. Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі – Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге үлкендердей емес, Барлас іле сөйлеп кететін ақ жарқын, ашық. Осы үйге ылғи да келіп жүрген ауыл адамы сияқты.

Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта, Абай: – Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?–деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді. Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін.

           Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді. Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.

 

«Бала Абай» мәтіні бойынша тест тапсырмалары

 

1.     Абайдың бойына әдебиетке деген махаббатын оятуға кімдер әсер етті?

а) әке – шешесі

в) ата – әжесі

с) Зере әжесі мен Ұлжан анасы

д) аға – әпкесі

е) Барлас ақын мен, Байкөкше ақын

2.     Абайдың жас акынның аузынан ең алғаш естіген жыры?

а) Қозы Көрпеш – Баян сұлу

в) Қыз Жібек

с) Еділ – Жайық

д) Қобыланды батыр

е) Көкшетау

3.     Барлас ақын Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқады? 

а) жақсы

в) жаман

с) мәдениеттілік

д) дарындылық

е) адамгершілік

4.     Мәтінде Абай қалай суреттеледі?

а) әдемі, бойы қысқа

б) бойы ұзын, толықтау

с) бойы өскен, қол – аяғы қзарған

д) денелі, қара торы

е) аққұба, орта бойлы

5.     Барлас ақынның қандай қасиеті Абайға ұнады?

а) ақылды, тұйық

в) ақ жарқын, ашық

с) сөзшещ, сараң

д) ақылды, ойшыл

е) шешен, ұстамды

 

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Авторская работа на тему Абай Кунанбаев по казахскому языку и литературе(5-8 классы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2021 614
    • DOCX 429.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Маншук Даулетжаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Маншук Даулетжаровна
    Ахметова Маншук Даулетжаровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11897
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 821 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 233 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 459 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек