Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Аймақтық компонентті математика сабағында қолдану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Аймақтық компонентті математика сабағында қолдану

библиотека
материалов

7426 Ш-19

«Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ-нің

математика пәнінің мұғалімі

Шакенова Жанар Танирбергеновна


Аймақтық компонентті математика сабағында қолдану

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығы мен адамзат мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда, теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күйі - қараң, келешегі – тұман» деп М.Дулатов айтқанындай егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.

Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты жас ұрпағымызды біліммен сусындатып бағып күтпесек, көкірегін ашып тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді.

Ұстаз білімді болса ғана осы ұлы мақсатқа мойын бұрамыз.

Математика абстрактілі ғылым болып табылады. Сондықтан бұл пәнді оқыту кезінде жаңа теорияны түсіндіру, теореманы дәлелдеу, есепті шығару барысында, оқушыларға олардың басқа салаларда, практикада, өмірде қолдануын айтып кеткен жөн. осының нәтижесінде ғана олар пәннің мағынасын дұрыс түсініп, қорытынды жасай алады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда сабақтың алатын орны ерекше. Сондықтан мен өз сабақтарымда аймақтық компоненттерді кірістіріп отырамын.

"Математика – ғылымдардың патшасы" деп ұлы ойшылдар айтқандай, бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің шешуін тапқандығы, адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Біздің өркениеттік мақсатымыздың бірі - әлемнің ең озық елдерінің даму дәрежесімен терезе теңестіру, дуниежүзілік бәсекеде қатар жүру. 

Еліміздегі өзгерістер білім беру жүйесіне де көптеген мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, «біз» - деген ұғымды қалыптастыру және өзі туып өскен аймағын тереңірек білуі - негізгі субьект болмақ. Жұмыс барысында алдыма бірнеше сұрақ қойылды, олар: 

- Аймақтық компонент нені білдіреді ? 
- Мектеп бағдарламасына аймақтық компонент қажет пе ? 
- Аймақтың компонентті қолданғанда қандай қиыншылық байқалады ? 
- Аймақтық компонетті жаңа технологиялармен қалай байланыстырамын ?

Қазіргі қолданып жүрген технология - мұғалімнің сабақты жобалауда оқушының тіл меңгерудегі нәтижелі қарым қатынас жасауына мүмкіншілік туғызады. Мұғалім аз уақытта жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа инновациялық технологияны еңгізу - мұғалімге дәстүрлі формалар мен әдістерді оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Ал осы технологияны аймақтық компонентті дамыту кезінде қолдану - оқушының ақыл - ой мәдениетін, білімін, сана сезімін көтеруіне көп әсер етеді. Мультимедиялық технологияларды қолдану - компьютерді, интернетті қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақтарға аймақтың компонентті қолдану алдында жүйелі жоспар құрып алған жөк. Берілген күнтізбеліс – тақырыпттық жоспарға сәйкестендерліп аймақтық компоненті қосылған қосымша жоспар құрылады. 

Бұл жоспардың мақсаты – оқушының белсенділігін жоғарылату, өз бетімен жұмыс істеп, ақпарат іздеуге машықтандыру, қызығушылығын ояту.Оқушы алдымен «аймақтық компонент дегеннің не екенін біледі». «Аймақ» - Ожеговтың сөздігінде белгілі бір жердің құрамы – деп берілген.

 Келесі этап, аймақтық компонеттің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Тек осыдан кеиін оқушыға өз ізденісі болатын тақырыптар ұсынылады 3 тоқсанда ол ізденіс жұмыстары бойынша конференция өткізіледі. Көзге ілінер жұмыстар толықтырылып, оқушының ғылыми – ізденіс жұмысына айналады. Өз сабағымда аймақтық компонентке байланысты шығарған есептерден мысалдар келтіріп отырмын.


1. «Махамбет» шаруа қожалығы

Жерге себілген 270 қарбыз тұқымының 243-і өсіп шықты. Онда:

1) егер жерге 120 қарбыз тұқымы себілсе, оның нешеуі өсіп шығады?

2) егер жерге себілген қарбыз тұқымының 360 өсіп шықса, жерге неше қарбыз тұқымы себілген?


2. 2 га жерге қартоп егіліп одан 8 тонна өнім алынды

1) 7 га жерден неше тонна картоп алынады?

2) неше гектар жерден 16 тонна картоп алуға болады?


3. Шаруа қожалықтары өнімді жақсы алу үшін тыңайтқыш заттарды қолданады.

1 тонна астық алу үшін 180-200 кг азоттық тыңайтқыш қажет.

5 тонна астық алу үшін қанша тыңайтқыш керек?


4. Малақ ауылында 145 үй бар. Науалыда 752 үй бар. Әрбір үй көктемде жуық шамамен 3 тонна қалдық шығаратын болса, екі ауылда жылына қанша қалдық шығарылады?


5. Науалы округі бойынша пайдаланатын жер 59205 га, оның ішінде:

егістік - 8395 га

жайылым - 48367 га

шабындық - 2442 га

суармалы - 1449 га

тыңайған жер - 2100 га

Осыны кестеге толтырып, диаграммасын сыз. Қай жердің көлемі көп?


6. «Ербол» шаруақожалығы 15 га жерден 20 т бидай алады.

Сонда әр га-дан қанша тонна өнім алған?


7. Осы шаруашылықтағы 20 сиыр 15 күнде 3,6 т шөп жейді. 18 сиыр 25 күнде неше тонна шөп жейді? 20 сиырға 5 айға қанша тонна шөп жинау керек?


8. «Махамбет» шаруақожалығы. Жердің 3/5-і соя, ал 35%-не картоп егілді. Соя егілген жердің ауданы бақша өнімдерін еккен жердің ауданынан 17 га артық. Шаруашылық бірлестігінің барлық жерінің ауданы неше га?


9. Мектеп ауласындағы гүлзарға егілген 120 раушан гүлдерінің 92-сі гүлдеді. Гүлзарға егілген раушан гүлдері тұқымының шығымдылығы неше пайыз?


10. Шаруашылық бірлестігі жерінің 20%-ін мал жайылымына қалдырып, қалған жерге бидай және бақша өнімдерін екті. Бидай еккен жер ауданының бақша өнімдерін еккен жер ауданына қатынасы 5:3 қатынасындай. Бақша өнімдерін еккен жер ауданы бидай еккен жер ауданынан 14 га кем. Шаруашылық бірлестігі жерінің ауданы неше га?




11. Науалы ауылдық округі бойынша 2013 жылы егілген егістік көлемі.


Барлық егістік

Барлық дәнді дақылдар

Оның ішінде

Нолдік технология мен егілетін дәнді дақылдар

Күнбағыс

Соя

Картоп

Көкеніс

Бақша

2013 жылы бүркемесіз егілетін көп жылдық шөп

Былтырғы көп жылдық шөп

2013 жылы жыртылатын сүрі жер (пра)

2013 жылы жыртылатын сүдігер (зябь)

Күздік бидай

Жаздық бидай

Арпа

Жүгері



3745



1145


590


161


394

0


50


1160


10


92


108


67


337


826


500


100

Осы кесте бойынша дәнді-дақылдардың диаграммасын құр.


12. «Бораш» шаруақожалығы жаз айында күніне 150 л қымыз алады. Бір биеден 6 л қымыз сауылса, шаруашылықта қанша бие сауылады?


13. Бидай егілген егістік жердің бір гектарынан а центнер өнім алынады. 4 га жерден неше центнер өнім алынады. Мұндағы 13


14. «Ербол» шаруақожалығы. Трактор бірінші күні х га жер жыртса, екінші күні у га жер жыртты. Егер х>14, у<11 болса, трактор бірінші күні екінші күнге қарағанда неше гектар жерді артық жыртқанын бағалаңдар.


15. «Нұр» наубайханасында күніне 150 нан, 15 торт, 150 тоқаш, 60 самса, 70 кекс, 10 пирог, 10 кг печенье, 6 кг түшпара дайындайды.

өнімдердің графигін сыз

өнімнің медианасы қанша?

өнімнің өзгеріс ауқымы қанша?

өнімнің орта мәнін есепте.


16. 10 кг бидайдан 8 кг ұн алынады. 2 кг ұннан 3 кг нан алынады. 150 кг бидайдан неше кг нан алынады?


17. Кестеде Науалы ауылының 10-20 қаңтар аралығындағы күндізгі ауа – райының мәні берілген.

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

-5

-7

-6

-10

-12

-8

-20

-8

-20

-18

-6

Кесте бойынша өзгеріс ауқымын, модасын, орта мәнін есепте.


18. Кестеде күнбағыс сабағының 2 ай ішіндегі өсі ұзындығы келтірілген.

t (апта)

1

2

3

4

5

6

7

8

n (см)

10

20

42

70

110

138

176

190

Кесте бойынша сұрақтарға жауап бер.

  1. 4, 7 аптада күнбағыс сабағының ұзындығы неше см болған?

  2. Неше аптада күнбағыс сабағының ұзындығы 110, 190 см болады?


19. Мал шаруашылығы бойынша Науалы ауылдық округінің есебі:

Ауылдық округ

Барлық үй

Малдардың атауы

барлығы

Мал ұстайтындар

жылқы

сиыр

қой

ешкі

Науалы

752

452

369

1743

3976

525

Малақ

145

114

98

642

1059

91


897

566

467

2385

5035

616

Кесте бойынша бағанды диаграммасын сыз.


20. Төлеубеков орта мектебіндегі 2012-2013 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы

Тоқсан

Барлығы

Оқу озаттары

Оқу екпінділері

I

361

63

123

II

363

58

155

III

373

91

129

IV

377

90

128

Оқу озаттары қанша пайызға артқан?


21. Мектеп ауласындағы ағаштардың 75% жеміс ағаштары, оның 63 шие ағашы. Бақтағы ағаштардың неше пайызы шие ағашы?


22. «Махамбет» шаруақожалығы.

Комбайыншы егін жинау кезінде:

бірінші күні – 15,2 га

екінші күні – 16,2 га

үшінші күні – 18,6 га

төртінші күні – 16,2 га

бесінші күні – 17,3 га жерден егіс жинады. Комбайыншының бір күнгі егін жинайтын егіс алқабының орташа ауданын табыңдар. Оның өзгеріс ауқымын есепте. Модасы бар ма?




Краткое описание документа:

Математика абстрактілі ғылым болып табылады. Сондықтан бұл пәнді оқыту кезінде жаңа теорияны түсіндіру, теореманы дәлелдеу, есепті шығару барысында, оқушыларға олардың басқа салаларда, практикада, өмірде қолдануын айтып кеткен жөн. осының нәтижесінде ғана олар пәннің мағынасын дұрыс түсініп, қорытынды жасай алады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда сабақтың алатын орны ерекше. Сондықтан мен өз сабақтарымда аймақтық компоненттерді кірістіріп отырамын.

 

"Математика – ғылымдардың патшасы" деп ұлы ойшылдар айтқандай, бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің шешуін тапқандығы, адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров847
Номер материала 310163
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх