Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті. Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» (6-сынып)

Қазақ әдебиеті. Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» (6-сынып)

Скачать материал

 

 

БАЛА ТҰРАР – ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ

 

(6-сынып)

 Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.

Дамытушылық: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын, сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділер арқылы жинақтауды дамыту. Оқушыларды мазмұны бойынша көрініс көрсетуге, ролмен оқу, оқу және тыңдау арқылы өз ойын жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік: романның арқауы – тарихи шындық екенін түсіндіру, кейіпкерлерге жағымды-жағымсыз әсерлері туралы ой айта қорыта алу Тұрардың атқарған қызметіне шолу жасай отыра Т.Рысқұловтың адамгершілік қасиеттері арқылы оқушыларды отанын, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, Венн диаграммасы, инсерт бойынша жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Мұртазаның, Т.Рысқұловтың портреті, мақал сөз, кестелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың барысы

I . Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.

 

II . Өткен сабақ материалдарын пысықтау үшін үйге берілген  кестелермен жұмыс жүргізу.

 

«Тұжырым» кестесі

р/с

Кейіпкелер

Іс-әрекеттері

Адами қасиеттері

1

Рысқұл

 

 

2

Тұрар, т.б.

 

 

 

Кесте

Бөлімдері

Тақырыбы

Оқиғалар

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар, біз сіздермен «Тұтқын бала» әңгімесін оқыдық, сол үзінді тарауы бойынша үйден өздерің тарауға бөліп, тақырып қойып кейіпкерлердің іс-әрекетін, адами қасиеттерін көрсететін тұжырым кестесін толтырып, сурет салып өз шығармашылық белсенділіктеріңді байқадыңдар, енді толтырған кестелерің мен суреттеріңді тапсырып, оқығанымызды толық еске түсіру мақсатында интерактивтік тақтадан тест жұмысын орындаймыз.

 

ТЕСТ

Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»

1. «Оян, Тұрар!» - деп Тұрарды камерада оятқан кім?

а) Надзиратель                               б) Әкесі Рысқұл

ә) Губернатор                                в) Приходько мырза

 

2. Приходько мырзаның ұлының аты кім?

а) Андрей                                       б) Иван

ә) Аркадий                                     в) Бронников

3. Аркаша сабақты қалай оқыды?

а) Жақсы                                         б) Жүрдім-бардым

ә) Өте жақсы                                   в) Жаман    

4. Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен тұтқын кім?

а) Рысқұл                                        б) Күзетші

ә) Белгісіз тұтқын                           в) Бронников

5. Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?

а) Ерте тұрды                                  б) Дауыстап қоштасты

ә) Есік алдына шықты                    в) Терезе торларын тоқпақтады

6. Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім?

а) Надзиратель                                 б) Рысқұл

ә) Айдауыл                                       в) Жіп өзі үзілді

7. Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?

а) Белгісіз үй                                     б) Қырғызбай

ә) Өз үйі                                             в) Приходько

8. Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?

а) Оқытқысы келмеді                       б) Рысқұлдың баласы екенін білдірмейін деп

ә) Түсінбеді                                       в) Жай, себепсіз

9. Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?

а) Қырғызбаев                                   б) Қызыл Жебе

ә) Рысқұлов                                       в) Тұрар

10. Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер:

а) Наташа                                           б) Ата

ә) Қызыл Жебе, көке                         в) Қырғызбай

11. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?

а) Аркадий                                         б) Атамырза

ә) Наташа                                           в) Барлық оқушы

12. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?

а) Жазуы нашар                                б) Шынтағы бешпеттен көрінгенге

ә) Бойы қысқа                                    в) Бор ұстағанына

13. «Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды».

 Кімнің сөзі?

а) Мұғалім                                        б) Ломоносов

ә) Иван Владимирович                    в) Профессор

14. Сұлу мұртты, бойы тіп-тік, әскери кісі кім?

а) Иван                                              б) Семашко мырза

ә) Директор                                      в) Белгісіз

15. Семашко мырза оқушы-шәкірттерді қалай таңдады?

а) Киіміне қарап                               б) Дәптердегі жазу сауатына қарап

ә) Бойына қарап                               в) Түріне қарап

16. Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады?

а) Күзетші                                         б) Қарауыл

ә) Тілмаш әрі писарь                       в) Арба айдаушы

17. Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?

а) Бланканы бүлдірді                       б) Фамилиясын өзгертті

ә) Бағасын түзеді                              в) Қате жазып жіберген

18. Директор сол кезде не істеді?

а) Тұрарды ұрды                              б) Жағынан тартып жіберді

ә) Ақырып жіберді                           в) Жүрегі сыздап, әлсіреп барып, креслоға отыра кетті

 

 

19. «Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды».

Кімнің сөзі?

а) Иван                                              б) Семашко

ә) Директор                                      в) Тұрар

20. «Сен жаралы арыстанның баласысың, бауырым, Қызыл Жебе!» деген сөзді кім айтты?

а) Тұрар                                            б) Семашко

ә) Иван Владимирович                   в) Қырғызбай

  

            Тест тапсырмасы орындалған соң, дұрыс жауап тақтадан көрсетіледі де бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

-          Балалар, біз сіздермен «Бала Тұрар» тарауы бойынша сабағымызды жалғастырамыз.

Сіздер  5-сыныпта әдебиет деген оқулықты қолдарыңа алып бірінші бетін ашқанда әдебиет дегеніміз сөз өнері жай емес көркем сөз дегенбіз, көркем сөз арқылы берілген шығарманы оқып отырғанда сол шығармада өзің қатынасып отырғандай бол деген жоқ па еді. Енді балалар, сол өнерлеріңді шыңдай отыра Тұрар өмірінен сахналық көрніс қойып көрелік те, қаншалықты сендерге әсер еткенін байқайық.

Оқушы: - Бізге Тұрардың ащы да қатал балалық өмірі әсер етті.

            Бірінші көрніс  тақырыбы: «Тұрардың түрмедегі міндеті»

Көрніске қатысатын кейіпкерлер: Бала Тұрар, надзиратель, тұтқын Бронников

            Екінші көрініс тақырыбы: «Бала мен әкенің қоштасу сәті»

Көрніске қатысатын кейіпкерлер: Автор, Рысқұл, Тұрар, Надзиратель.

-          Балалар, енді Тұрардың түрмеден кейінгі мектептегі өмірін ролге бөліп оқып берейік.

Қатысушылар: Автор, Тұрар, Иван Владимирович

-          Балалар, жоғарда айтып өткендей  образға ене отырып рольге бөліп ойнадық, оқыдық.

Осы көріністі қойа отырып, рольге бөле оқи отырып Тұрар өмірінің қандай болғанын толықтай түстік. Осы көріністе тірек болған қандай сөздер.

Оқушылар жауабы : Әке, бала, достық.

Дұрыс балалар, осы сөздерге мақал-мәтелдер айтқызу.

Әйтседе, тақырыпқа байланысты түсінбеген сұрақтарың бар шығар, соны білу мақсатында мына бір кестені белгілей қойыңдар.

ИНЦЕРТ стратегиясы

Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» тақырыбын қалай қабылдадың?

Аты-жөні

V -  өте жақсы

+ - ұғынықты

- - түсінбедім

? – сұрағым бар

 

 

 

 

 

Жақсы балалар сұрақтарың бар екен бәріңнің білгілерің келетіні Тұрардың одан арғы өмірі екен, ендеше үнтаспадағы мағлұматқа құлақ салайық.

Үнтаспа қосылып, тыңдалады.

Үнтаспадағы мағлұмат.

Әке арманының, ұстаз үмітінің ақталғандығына   Тұрардың мынадай  атқарған қызметі дәлел: 1910-1914 жылдары Бішкектегі баубақша  мектебінде оқиды. Ол мектепті бітіргеннен кейін, Самарадағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне емтихан тапсырады. Бірақ оған Тұрарды алмады. Ташкенттегі оқытушылар институтына (1915ж) түседі.

1916 жылы Меркеге келіп, патша өкіметінің ұлт жігіттерін майданға алу жарлығына қарсы қозғалысқа басшылық етеді. Тұрар Рысқұлов революциялық жұмысын одан әрі жүргізе береді. 1917 жылдың наурызында қазақ, қырғыз, өзбек жастарынан «Қазақ жастарының революциялық Одағын»  ұйымдастырады.

1917 жылы Әулиеатада уақытша үкімет құлап, Кеңес үкіметі орнады. Тұрар Әулиеата совдепінің мүшесі, кейінен төрағасы болды.

1920 жылы Түркістан Орталық атқару комитетінің Төрағасы болды. 1920-1922 жылдары Мәскеуге шақырылып, Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссарының орынбасары, 1923 -1924 ж Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істейді.

Тұрар азамат соғысы жылдарында күйзелген шаруашылықты қалпына ісіне басшылық етті. Кеңес өкіметін нығайтуга, еңбекшілердің сауатсыздығын жоюға, мәдениетін арттыруга күш салды. Түркістан-Сібір темір жолын салу мәселесін көтереді.

1924 жылы партия Т.Рысқұловты Моңғол Халық Республикасына жіберді. Республиканың Бірінші Конституциясын дайындауга, оның бірауыздан қабылдануына көмектеседі.1926 жылы партия Рысқұлыпты Мәскеуге қайта шақырды. РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитетіне мүше, халқының бақыты үшін күрескен республика басшыларының бірі Тұрар 1938 жылы сталиндік жазалаудың құрбандығына ұшырады.

Үнтаспадан алған білімдерін тексеру мақсатымен екі оқушыға «Тірек сызба» кестесі арқылы Тұрардың өсу жолдарын көрсеткіземін де, екі оқушы «Венн диаграммасы» арқылы Бала Тұрар мен Тұрар Рысқұловты салыстырады.

 

Тірек сызба:   

Тұрар Рысқұлов өмірінің өсу жолдары

  

Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                   

Осы тапсырманы орындау барысында өздеріңнің сұрақтарыңа жауап алдыңдар деп ойлаймын.

Әке арманы мен ұстаз үміті ақталды ма?

Жауап: мына үлгіде (орындалды, орындалған жоқ)

Сабақты мақал сөзбен аяқтаймын.

«Атадан асыл ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

 Тұрар Рысқұлов сынды ағаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жетті.

Үйге тапсырма:  «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында шығарма жазып келу.

Сабақты бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті. Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 477 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 3365
    • DOCX 61.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Айгуль Айткожиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Айгуль Айткожиновна
    Казиева Айгуль Айткожиновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16389
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе