Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан құзіреттілік тақырыбында баяндама

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан құзіреттілік тақырыбында баяндама

Скачать материал

КІРІСПЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер, бүгінгі мектеп оқушыларын, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне  де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалуы, мектептерді жаппай компьтерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» менталитетін және белгілі бір құзыреттілікті қалыптастыру негізгі субъект болмақ.

 

 

 

Әдебиет сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулу.

ХХІ ғасыр – өркениетті елдермен қарым-қатынастың, экономиканың, білім-ғылымның дамыған ғасыры. Егеменді еліміз санаулы жылдар ішінде біршама табыстарға қол жеткізіп, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарынан ізденіп, әлемдік кеңістікке еркін қанат қағуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тәуелсіз еліміз қарқынды дамып келеді.

«Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы»,- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа Жолдауында айтылғандай [1, 6б.], ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына болу үшін, бәсекеге қабілетті ел болу үшін сауатты да саналы, рухани жан-дүниесі бай ұрпақ қажет. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,-деп Халқына Жолдауында айтылғандай [1, 37 б.], «көзі ашық, көкірегі ояу» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаттарының бірегейі.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі әлемдік бәсекеге қабілетті білім жүйесін даярлауды, ондағы өзгерістер мен тың жаңалықтар сапалы білім беруді ғана емес, жан-жақты шығармашылық ізденістегі, құзырлы тұлға қалыптастыруды көздеп отыр.

       ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының басты мақсаттарының бірінде: «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу»,- деп көрсетілгендей, қоғамға сай жан-жақты дамыған білімді, шығармашылық ізденістегі, сауатты құзырлы тұлғаны даярлауды мақсат етуде. Сондай-ақ, тұжырымдамада: «Құзыреттілік – әрекеттің әмбебаб тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі»,-деп айтылған [2, 12 б.].            .

        Ресей ғалымы Н.Кузмина: «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы»,-дейді. 

 Бұл жайлы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында оқушы бойынан табылуға тиісті құзырлылықтарды нақты айқын көрсеткен. Мұнда:

-Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық қабілетті болу)

-Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті)

-Оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу)

-Коммуникативті құзіреттілік (адамдармен өзара қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болу)

-Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті)

-Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті). [2, 17 б.].            

«Заманына қарай адамы»,-деп халық даналығында айтылғандай, бәсекеге қабілетті ел болуды көздесек, жоғарыда көрсетілген құзырлылықтарға сай тұлғаны тәрбиелеу - бүгінгі күнгі талаптардың бірі.  Ал осындай дарынды, шығармашылық ізденістегі құзырлы тұлғаны тәрбиелеу мұғалімдер қауымынан да аса жауапкершілікті қажет етеді.

«Адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен, шығармашылық ойлауға байланысты»,-деп А.Н.Лук айтқандай [3, 234б.],  оқушыларды шығармашылық ойлау мен шығармашылық жұмыстарға жетелеу тың ізденістердің нәтижесі болмақ. Сондай-ақ, «Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек... Ешнәрсеге ебі, ыңғайы жоқ қабілетсіз адам болмайды»,-деген  Б.М. Теплов пікіріне сүйене отырып [4, 78 б.],  халқымыздың «бұлақ көрсең көзін аш» деген нақыл сөзін әр ұстаз ұстаным етсе, халық сөзінің қалт айтылмағандығының куәсі болары сөзсіз.

       Оқушылардың шығармашылық қабілетіне түрткі болар, рухани жан-дүниесінің қазынасына айналған  – әдебиет сабағы.

«Сабақ беру – үйреншікті ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Ж.Аймауытов айтқандай [5, 86б.], әдебиет сабағы – өнер сабағы, рухани байлықтың көзі, шығармашылық ізденістің қайнар бұлағы. Ұлттық құндылықтарымыз тұнып тұрған, даналықтың, ізгіліктің, сұлулықтың, адамдықтың тұнып тұрған сабағы.  Сондықтан да халқымыздың сарқылмас қазынасын, ұлыларымыздың даналығын  бүгінгі ұрпақ санасына сіңіртіп, олардың шығармашылық қабілет көзін ашуда мұғалімге тың ізденіс қажет.

«Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл, ең алдымен, елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай [1, 47 б.], ұлттық құндылықтарымызды жандандыра отырып, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуде әдебиет пәнінің маңызы зор.

Өз іс-тәжірибемізде әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмалар жүйесін тиімді пайдаланып келеміз. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлауына, өзіндік ізденісіне жол ашуда. Білімдерін оқушылық деңгейден көтеріп, шығармашылық әрекетке жетелейді, зерттеушілік құзіреттіліктеріне жол ашады. Төменде 6-сыныпқа арналған әдебиет сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулудағы өз іс-тәжірибемізді ортаға салып отырмыз.  

Қазақ әдебиеті. 6-сынып. Сабақтың тақырыбы:  «Күлтегін»жыры.

Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар:

1.     Талдау жұмыс. Жырдағы көтерілген негізгі мәселе.

Тақырыбы

 Көтерілген мәселе

 

 

 

2.     «Күлтегін кім? ». Микро-мінездеме.

Микро-мінездеме

Дәлелдеме

 

 

 

 

 

 

Овал: АлпамысОвал: Күлтегін3. Іздендіру, зерттеу бағытындағы тапсырма. Салыстыру жұмысы.

 

 

 

Овал: Қобыланды
 

 

 

 

 

 


4.     Іздендіру, зерттеу бағытындағы шығармашылық тапсырма.

Тұлпарларын салыстыру.

Бурыл

Шұбар ат

Шалшы боз ат

Үндестіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

5. «Күлтегін жолы қандай жол?» Өз жолыңмен салыстырыңдар.

 

 

 

 

 

 


Шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды сабақта тиімді пайдалана отырып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:

-оқушылардың өз беттерімен ізденістеріне;

-шығармашылық ойлауларына;

-іздендіру-зерттеу жұмыстарына төселулеріне;

-салыстыру, мәтінмен жұмысқа дағдылануға;

-алған білімдерін шығармашылыққа ұштастыру;

-пәнге деген қызығушылықтарының артуына түрткі болды. 

Қолданылған әдебиеттер.

1.     ҚР Президенті- Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты       2013ж.

2.     12 жылдық оқыту мәселелері. ҚР  жалпы орта білім беру жүйсін дамытудың негізгі бағыттары. Астана, 2006.

3.     А.Н.Лук. Мышлениеии творчество. М: Педагогика, 1976.

4.     Жарықбаев Қ. Жантану. А: Шұғыла, 2008, 635б

5.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. А, 1998, 448б.

6.     Ісләмжанұлы К, Тілешова С, Әрінова Б, Баттал Р. Қазақ әдебиеті.А: Атамұра, 2006ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру үшін, өміріне жолдама алуына барлық  жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп жатқаны белгілі.

Мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық  және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, ойы жүйрік, шығармашылығы дамыған, өзгерістерге  бейім  жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім-мектепке жан кіргізеді»,-деген.

Жаңаша білім беру тұжырымдамасында негізгі қол жеткізетін нәтиже ретінде мектеп түлегінің міндетті құзырлығы мыналар:

1. Бағдарлы құзыреттілік- жаңа қоғам өміріндегі өз ролін таба білу біліктілігі азаматтық белсенділік, саяси жүйені  түсіну, ең бастысы-өз Отанының патриоты болу.

2. Мәдениет танымдылық құзыреттілік –рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу, өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігін түсіну, бағалау;

3. Оқу – танымдық  құзыреттілік - әлемнің ғылыми бағытын тануға іздену зерттеу әрекеті;

4. Коммуникативті  құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет, адамгершілік қарым-қатынас;

5. Ақпараттық  технологиялық  құзыреттілік – өз бетінше оқу, білу, талдау, өзгерте білу;

6. Әлеуметтік  еңбек құзыреттілігі – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық  қатынастар саласындағы белсенділік, нақты шешім қабылдай білу;

7. Тұлғалық өзін-өзі  дамыту құзыреттілігі – өз өміріне, өз ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін жоспарлай білу.

Осындай мектеп түлегін дайындау үшін мектеп педагогы мына құзыреттілікті игеруге міндетті:

Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде  айналысатын және одан әрі дамытатын қабілеті бар маман – ұстаз болу. Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану. Білім беру құзыреттілігі – кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылығы және білім беру қызметіндегі қабілет пен ынталық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігін меңгеру.

Айрықша маңызды мәселе – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі. Ақпараттық технологияны игеру – әр маманнан талап етіледі. Ақпарат көзін алу үшін қашықтықтан оқыту, мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру қажеттігі заманға сай туындап отыр. Әрбір ұстаз, әсіресе, өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға ұмтылуы тиіс. Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысындағы туындаған құзырлылық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми педагогикалық ортада талқылануда. Оқытудағы құзырлылық тәсіл – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.

Мемлекеттік  жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге бағдарланып жасалған. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген.

Коммуникативтік құзыреттілік:

- Нақты өмірлік жағдаяттарда қазақ немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік  құралдарды қолдану;

- Коммуникативтік міндеттерді шешуге стиль және жанрды таңдай білу, қолдана білу;

- Өзінің козқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізу;

- Өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанып өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалды ахуалды шешуді жүзеге асыру;

- Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру;

Коммуникативтік құзыреттіліктің мәні: құзыреттіліктердің бірнеше тобын коммуникативтік түрге біріктіруге болады. Олар: ұйымдастырушылық қабілеттер, топта жұмыс жасау, келіссөз жүргізе білу іскерлігі.

Оқушыларды қазақ тілін меңгерту, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін сабақтарда мынандай жұыстарды ұйымдастыру тиімді:

Қазақ тілі пәні мұғалімінің бойында коммуникативті- құзырлы қасиеттердің болуы– оқушы құзырлылығын қалыптастырып, дамытудың алғы шарттарының бірі.

Ең бастысы:

-         мұғалім қазақ тілінде терең ойлап, таза сөйлей алатын деңгейде болғаны абзал;

-         қазақ тілінің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын жетік меңгерген маман болғаны дұрыс;

-         оқушының табиғи қалыптасып, даму мүмкіндіктеріне назар аудара білгені абзал;

-         оқушылардың қабілет-қарымын зерттей пайдалана білгені жақсы;

-         оқушылардың қызығушылықтарын оята білу мақсатындағы әдіскерлік мүмкіндіктерін шебер пайдаланғаны дұрыс;

 

Оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру үшін:

-         оқушының қазақ тілін білу мүмкіндігін тексеру;

-         қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы қай шамада екеніне назар аудару;

-         қазақ тілін оқушының отбасы мүшелерінің білетін-білмейтіндігін анықтау;

-         оқушыларды қазақ тілін білу арқылы өз жетістіктерін молайтатынына сендіру;

-   мемлекеттік тіл алдындағы жауапкершілікті мойындату шараларын жүзеге асырған дұрыс.

 

Бұл шараларды оңай ғана жүзеге асыруға болады деу – асығыстық. Өйткені алдымыздан тағы біраз кедергілер кездесетіні белгілі. Ең үлкен кедергі -  қазақ тілін аса зор қажеттілік деп есептемеу. Біз пән мұғалімі ретінде, қазақ тілін білу – мемлекеттік маңызды мәселе, білім стандарты шеңберіндегі талап, Заңмен бекітілген міндет екенін түсіндіруіміз керек. Осы түсінік орнағаннан кейін нәтиже береді-ау деген әрекеттерге көшкеніміз дұрыс.

Алғашқы әрекет - әдістемелік тақырыбыңды, оның мақсаттарын белгілеу. Тақырыпта айтылған ойыңды жүзеге асыратын міндеттерді айқындау. Міндеттерді іске асыратын әдіс-тәсілдерді жүйелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары ауызша, жазбаша жұмыстарды қажет етеді.

Біз оқушыларды қазақ тілінде сөйлете білуіміз, қазақ тілінің грамматикалық тапсырмаларын орындата білуіміз, оған қоса отансүйгіштік сезімдерін байыта түсуіміз керек. Берілген тақырыптар оқушы логикасын қозғай алатындай, қазақ тіліне және еліне деген мақтаныш сезімін оята алатындай эмоцияға бай, күрделі тапсырмалар болу керек. Енді оны шебер қолдану және оқушыларға жеткізу мұғалімнің құзырындағы жұмыс.

Ол үшін іс-әрекетімізді шығармашылықпен жоспарлап, оқушыларымызды қатаң талап деңгейінде емес, қызығушылықтарын ояту арқылы коммуникативтік құзырлылықты қалыптастырғанымыз жөн.

Коммуникативті құзырлылық  осындай жан-жақты жоспарланған, деңгейленген тапсырмалар арқылы дамып, жетіліп отырады. Мұндай сабақтардың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиеттерін көрсетуіне мүмкіндік беру, баланы сабақтағы басты кейіпкерге айналдыру, өзіңнің импровизацияңды пайдалану.

Яғни, коммуникативтік құзыреттілік:

- Нақты өмірлік жағдаяттарда қазақ немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік  құралдарды қолдану;

- Коммуникативтік міндеттерді шешуге стиль және жанрды таңдай білу, қолдана білу;

- Өзінің козқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізу;

- Өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанып өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалды ахуалды шешуді жүзеге асыру;

- Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру;

            Қазақ тілін әр деңгейде қабылдап, өзінше үйреніп жүрген оқушыларды өздерінің даму мүмкіндіктері сатыларымен өсіріп отыру – біздің бұлжытпай орындауға тиісті міндетіміз. Әрбір әрекетіміздің басы (кіріспесі), ортасы (негізгі бөлімі), аяғы (қорытындысы), ең соңында нәтижесі болуға тиісті.

Сабақтағы әрбір минут, секундымызды тиімді пайдалану, бойкүйездік пен немқұрайдылыққа жол бермеу.

         Жауапкершілігіміз жоғары пән мұғалімдері ретінде, ізденуді тоқтатпау, әр күнгі жаңалықтардан, педагогикаға еніп жатқан өзгерістерден хабардар болу, оларды ғылыми тұрғыдан түсіну – біздің басты мақсатымыз болуы тиіс.

Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті,өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге,өз қалаулары қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық  және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,ойы жүйрік, шығармашылығы дамыған,өзгерістерге  бейім  жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.

Білім беру жағдайында оқушы тек білім алушы ғана емес оқушы -ізденуші, зерттеуші, басқарушы, кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға.

Жауапкершілігіміз жоғары пән мұғалімдері ретінде, ізденуді тоқтатпау, әр күнгі жаңалықтардан, педагогикаға еніп жатқан өзгерістерден хабардар болу,  оларды ғылыми тұрғыдан түсіну – біздің басты мақсатымыз болуы тиіс.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.      «Қазақ тілі» М.Ә.Қараев ( Алматы «Ана тілі» баспасы 1993ж.)

2.     «Құзырлылық-нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің сапалық көрсеткіші» К.С.Құдайбергенова (Алматы РИПКСО 2005ж.)

3.     «Құзырлылық табиғаты– тұлғаның өздік дамуында» К.С.Құдайбергенова  (Алматы РИПКСО 2006ж.)

4.     «Қазақ мектебі –қазақ  ұлтының бесігі» Ш.К.Беркімбаева ( Алматы ҚМҚызПИ 2006ж.)

5.     «Қазақ тілі» оқулығы К.Ы.Сариева ( Алматы «Мектеп» 2005ж.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан құзіреттілік тақырыбында баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 2197
    • DOCX 33.8 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садуакасова Назигуль Мухамедсагиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14132
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе