Инфоурок Иностранные языки КонспектыҚазақ тілі пәнінен "Аяулы менің анашым" 4-сынып

Қазақ тілі пәнінен "Аяулы менің анашым" 4-сынып

Скачать материал

Қазақ тілін оқытудың ұтымды жолдарын іздеп, жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру негізінде өткізілген

«Аяулы менің анашым»

атты әдістемелік шебер-класс жоспарын ұсынамын.

(Тәрбиелік- мерекелік ашық сабақ)

Автор: Тажина Маржан Қалмұханқызы, Рудный қалалық әкімдігінің «№ 21 Гимназиясы» КММ , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

    Бүгінгі таңда білім беру жүйесі  жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттілігіне көтеріліп, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, білім сапасын арттыру көзделген. Осыған орай әр мұғалім озық технологияларды пайдалана отырып, өзіне ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Білім беру саласында жаңа технологияларды дұрыс меңгермейінше, жан- жақты маман болу мүмкін емес.

    Біздің алдымызға қойылған басты міндет-шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Алайда тіл байлығы төмен, ойлау қабілеті дамымаған оқушылардан шығармашыл тұлғаны қалай қалыптастырамыз? Осы мақсатта біз, ең бастысы әрбір сабағымызды шығармашылық негізде құрып, тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек. Сонда ғана оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне ,үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдануға жағдай жасай аламыз.

  Мен өзімнің  сабақтарымда  оқушыларға шығармашылық жұмыстарды көбірек беремін және сол арқылы сабаққа деген қызығушылық ,ынталарын арттырамын. Мысалы: өлең құрастыру, шағын шығарма жазу, сурет бойынша әңгіме құру, мәтін бойынша сұрақтар  мен тест сауалдарын құру, презентациялар жасау, сөзжұмбақ құрастыру т.б. Үздіксіз, тиянақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отырғанда ғана мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

·        Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

·        Оқушы тілдің әр саласы бойынша қажетті білімді жан-жақты меңгереді.

·        Ауызша және жазба жұмыстарын сауатты орындап,өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.

 

 

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:оқушыларға «ана» тұлғасының ұлылығын кеңінен түсіндіру, ана жайлы тамаша сөздер, әндер, тақпақтар айтқызу арқылы аналарды құттықтауға үйрету.

Б) Дамытушылық: Оқушыларға білім бере отырып, ата-анаға деген құрмет сиын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету, оқушылардың сенімдері мен ой- өрістерін дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, аналарға құрметпен қарауға, сыйлауларына тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша нақты түсінік беру ;

Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету;

Берілген тапсырмаларды түсініп, өз беттерінше орындауға бағыт беру;

Шығармашылыққа баулу;.

Сабақтың өткізілу мақсаты:8- наурыз мерекесі қарсаңында әже, аналарды құттықтап, оқушылар аналардың құрметіне өз білімдерін көрсету.

 Тәрбиелік- мерекелік ашық сабақтың ұйымдастырылуы:

1.Сабақ 45 минут болуы ;

2. Оқушылардың саны- 12 және олар  топқа бөлініп отыруы;

3.Сыныптың іші жарық, таза, санитарлық нормаға сай болуы керек.

Сабақтың жабдықтарының материалдық жағдайы: компьютер, ашық хаттар, газет, интерактивті тақта, домбыра, баян, шарлар, гүлдер.

Сабаққа қатысушылар: оқушылар, әжелер, аналар, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі.

 

 

 

 

Сабақты өткізу жоспары:

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин.

2.

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин.

3.

Қанатты сөз

1 мин.

4.

Дыбыстар сөйлейді

2 мин.

5.

Мұғалімнің сөзі

1 мин.

6

Оқушылар тақпақтарын айтады

3 мин.

7

Мұғалімнің сөзі

1мин.

8

Жаңа сөздер

3 мин.

9

Мәтінмен жұмыс.

4 мин.

10

Дәптермен жұмыс

5 мин.

11

Сергіту сәті

2мин.

12

Қызықты грамматика

4 мин.

13

Шығармашылық жұмыс

5 мин.

14

Бекіту (кері байланыс)

2 мин.

15

Қорытынды

2 мин.

16

Ән

Бағалау

Үйге тапсырма

4мин.

 

 

 

 

Сабақтың жоспары:

1.

Сабақтың кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

А) Амандасу

Сәлем саған, жарық күн!

Сәлем саған, мектебім!

Амансыз ба ұстазым!

Сәлем саған достарым! (әндетіп)

Б) Тіл дамыту сұрақтары:

- Балалар, қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл?

-Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?

-Бұл мезгіл несімен ұнайды?

- Көктемде қандай мерекелер болады?

-Ең алғашқы көктем мерекесі қандай?

(Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз 8- наурыз аналар мерекесі туралы болмақ)

Сабағымызды бастамақ бұрын үй тапсырмасын бекітіп алайық.

Сабақта қолданылған технологиялар және нәтижелер:

1)Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ынтасын бірден сабаққа аудару үшін және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін 4 жол өлең әдісі арқылы әндете амандасты.

 

2)Оқушылардың қазақша тілдерін дамыту үшін қарапайым сұрақтар қойылады, оқушылар ойланады, дұрыс жауап берді.

3) Қарапайым сұрақтардың соңғысы сабақтың мақсатын айқындады.

 

Нәтижесінде оқушылардың сұраққа қызыға  әрі жарысы жауап бергенін байқадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Үй тапсырмасын тексеру

Графикалық диктант.

1.Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр.

2.Күн жылынады, құстар ұшып келеді көктемде.

3.Көктемнің алғашқы айы наурыз.

4.Қыста бәйшешек гүлдейді.

5. Көктемде қар жауады.

6. 8- наурыз- ең алғашқы көктем мерекесі.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын  белгілейді. Бұл кезеңнің нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінде сөйлемдердің түсіне алу сауаттылығы анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанатты сөз

«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді.»(Оқыту, аудару)

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында алынған қанатты сөз, оқушылар бұл сөздің мән- мағынасын ашып, түсінуі керек.Нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады.

(Сыни тұрғысынан ойлау тех)

3.

Дыбыстар сөйлейді

Ә-әжеміз бар

Ң- әңгіме айтар

Ұ- ұйытқымыз-әкеміз

Ө-өте керемет

Ү- үлкені мен

Ғ-ағам да бар арайлы

Қ- қарындасым сайрайды

І-інімді менің көрсеңіз

Һ- қаһарман боп өсеміз

Ы-Отбасында тату біз

Бәрі: біз тән дыбыс, біз онбыз, қазақ тілінде бармыз.

Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуы мақсатында өлең сөздері арқылы  төл дыбыстардың қайталануы көзделді.

Дыбыстарды қайталай отырып, оқушылардың сауаттылығы артты.

(дамыта оқыту технологиясы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сөзі

 Иә, отбасы демекші, ол да-шағын мемлекет. Ынтымағы жарасқан әрбір шаңырақтың құт берекесі –ана. Ешдеше кім ана туралы өлеңдер біледі?

Отбасы туралы қысқаша мәлімет бере отырып, мұғалім сабақтың келесі кезеңіне өту.

 

Оқушылар

Жаттап келген тақпақтарын айтады

Оқушылар қазақ тілінде тақпақтарды жатқа айту арқылы тілдері дамиды және есте сақтау қабілеттері артады.

 

Мұғалімнің сөзі

Жарайсыңдар, балалар! Адам баласы үшін ең аялы, ең керемет, ең қастерлі, қадірлі сөз –ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзді,ыстық құшағы мейірім толы махаббатын бере алатын аналар үшін адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгіледі. Ол- 8- наурыз. 1910 жылы Данияда ,Капенгаген қаласында халықаралық конференциясында белгіледі.  

Мұғалім 8 наурыз мерекесі қалай белгіленгені туралы айтып өтті. Бұл кезеңде ақпараттық технологияны қолдандым.

4.

Жаңа сөздер

Алақаны аялы- нежные руки

Сыйлау-уважать

Жылулық-теплота

Мейірім- добрата(әндетіп қайталайды, сөз тіркесін айтады)

 

Әр сөзге ерекше тоқталып, ол сөздердің мағынасы түсіндірілді және әндетіп қайталады.

 

 

 

5.

Мәтінмен жұмыс

Ең қымбат адам-ана.

Ананың алақаны қашанда аялы.

Анаға қарап қыз өсер.

Ананы сыйлау керек.

Бар жылулық, мейірім анада.

Анадан көп нәрсе үйренеміз.

Мен анаммен бақыттымын

(Оқушылыр сөйлемдерді ретімен қойып шығып, оқыды, аударды,сұрақтарға жауап берді.)

(Ұжымдық оқыту технологиясы)

6.

Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, анықтайды.

Оқушылардың грамматикалық сауттылығы тексерілді.Нәтижесінде  септік жалғауларын жақсы меңгергені көрінді.

 

Сергіту сәті

«Айгөлек»

«Айгөлек» өлеңін айта отырып,  биледі.

8.

Қызықты грамматика

Буындардан кім көп сөз құрайды? Одан шығатын сөздер мынадай: бақыт, ұзақ өмір, денсаулық, құрметті, құттықтаймын, тілеймін.

Бұл кезеңде оқушылардың шапшаңдығы байқалды.

9.

Шығармашылық жұмыс

Ашық хат жасап, тілектер жазу(Оқушыларға гүл қиындылары таратылады, олар қалауларынша жабыстырады. 1-2 бала оқып шығады)

Оқушылар ашық хат қағаздан жасайды және қазақ тілінде өздерінің аналарына деген тілектерін жазып, оқиды.Бұл жұмыс оқушылардың өнерін байқатты, шығармашылығын анықтады.

10.

Бекіту

Балалар аналарыңа қандай жылы сөздер айтар едіңдер?

Осы сөздер шын жүректен шығады, ендеше мына сөздерді анамыздың суретіне жабыстырайық.

Менің анам ақылды, менің анам асыл, менің анам қамқоршы, менің анам сұлу, менің анам бұлақ, менің анам алтын, менің анам ұлы, менің анам мейірімді, менің анам әдемі,Менің анам гүл, Менің анам нұр, менің анам күн. (Сөздер қағаздан жасалған жүректің ішінен шығады)

Әр оқушы жүрекшенің ішінен шыққан сөздерді аналарының фотосуреттеріне жабыстырады.

(кері байланыс)

Балалар аналарына  мейірімдерін төгеді, сый құрмет көрсетті.

11.

Қорытынды

Міне,балалар, ана туралы қаншама жылы сөздер айтуға болады екен.

Ананың сүті- бал,

Ананың тілі- бал.

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз,

Бізді, ана, құрметтеп,

Ұзақ өмір сүріңіз!

 

Балалар аналарына жылы лебізді өлең жолдарымен жеткізді. (хормен)

 

 

 

 

 

 

 

 

12.

Ән

Бағалау

 

Үйге тапсырма

Қуанышым, сен.

 

 

Мәтін бойынша диалог құру.

 

 

 

Сау болыңыздар!

Шарлар ұшырылды.

 

 

Оқушылар бір- біріне сұрақ қойып, тілдерін дамыту үшін диалог құру тапсырмасы берілді.

 

 

 

 

Бұл тәрбиелік ,мерекелік ашық сабақты 4-5 сыныптарды өткізуге болады.

Осы сабақтың нәтижижесінде:

Ø Мұғалімнің айтқанына түсінетін;

Ø Қабілетті;

Белсенді шығармашыл;

Ø Зейінді;

Ø Өзіндік ойлау ерекшелігі бар,тұлға көруге болады.

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға...»(Абай)

 

 

 

 

Тәрбиелік ,мерекелік ашық сабақ бойынша әдістемелік нұсқаулар.

1.Ұйымдастыру кезеңін тақырыпқа байланысты тренинг арқылы өткізуге болады.

2. Тіл дамыту жұмысын оқушылар бір- бірімен сөйлесу арқылы диалог құра алады.

3. Үй тапсырмасын суреттер беру арқылы әңгіме  құрғыза аласыздар.

4. Тән дыбыстармен « Кім көп сөз біледі?» деп жарыс түрінде жүргізуге болады.

5. Мәтінмен жұмысты оқушылардың өздеріне сөйлемдер құрғызып, бір-бірімен алмастырып оқуға болады.

6.Шығармашылық жұмыста қағаздан ашық хат жасамай, сурет салуға болады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен "Аяулы менің анашым" 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 941
    • DOCX 30.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажина Маржан Калмухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажина Маржан Калмухановна
    Тажина Маржан Калмухановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7128
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания английского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 352 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 232 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов