Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Қазақ тілі, 5 сынып. Тақырыбы: "Аққу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Қазақ тілі, 5 сынып. Тақырыбы: "Аққу"

библиотека
материалов

Жексембекова Гулбаршын Жаксыбаевна

Т.Исабаев атындағы мектепке дейін

шағын орталығы бар орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Көксу ауданы



hello_html_718a8264.png


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

5-сынып

Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы

Аққу

Сілтеме

Күнтізбелік жосар, оқулық, 5-сынып, интерактивті тақта, электронды оқулық, кесте, аққулар,

Жалпы мақсаттар

Жыл құсының қандай қасиеті барын білу. Сөздік қорларын арттыру.

Күтілетін нәтижелер

Жыл құсының қандай қасиеті барын біледі. Сөздік қорлары артады.

Түйінді идеялар

«Аққуды атпаңдар, махаббатты сатпаңдар»

Орындалатын іс-әрекет

Мұғалімнің орындайтын

іс-әрекеті

Оқушының орындайтын

іс-әрекеті



Оқыту әдістері



Уақыты

Сынып оқушыларымен амандасып, түгендеу жүргізу. Топтастыру жүргізу (нөмірленген аққулар арқылы)

Оқушылар орындарынан тұрып амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтып береді. (себепті, себепсізі анықталынады), нөмірлері сәйкес оқушылар бір топқа жиналады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтастыру)

1 мин

Сабақ кезеңдерінің «Жеті маймыл» әдісі бойынша қарастырылатынын түсіндіру.

Жеңілден-күрделіге қарай тапсырмалар беріледі

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  1. мин

1-маймыл. Оқушыларға тақырып бойынша оқу үшін қызықты материал беру керек.

Оқушы берген тақырыпты өзі толық түсінгенше оқып шығады.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

5 мин

2-маймыл. Берілген қызықты материалды оқып болған соң, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алуына тапсырма беріледі, сол сөздің нақты мағынасын білу үшін жұмыс жасауы керек.

Берілген қызықты материалды оқып болған соң, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алады, сол сөздің нақты мағынасын білу үшін жұмыс жасайды.

СТО

3 мин

3-маймыл. сурет салып шығармашылықпен айналысатын кез келді! Берілген қызықты материалды оқып болған соң, суретін салуды тапсыру керек.

Берілген қызықты материалды оқып болған соң, суретін салуды тапсырылады

СТО (бірлескен жұмыс, идеялар жинау)



10 мин

4-маймыл. Кім құбылысты салса, оны түсіндіру, талдау керек. Жұмыс барысын түсіндіріп, талдау кезінде оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға, өздерінде қосымша қызықты деректер болса, толықтыруға болады. Сонда өзара ақпарат алмасу жүреді.

Кім құбылысты салса, оны түсіндіру, талдайды. Жұмыс барысын түсіндіріп, талдау кезінде оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, өздерінде қосымша қызықты деректер болса, толықтырады.

5-маймыл. Тақырыпқа байланысты оқушылардың мүмкіндігінше басқа оқушыларға қызықты тапсырма құрастыруын сұрау керек. Егер ондай тапсырма жасау қиындық туғызса, мұғалім қызықты фактілер мен видеороликтер көрсету арқылы білімдерін тереңдетуге де болады. Видеороликтерден кейін оқушылардың талдауын тыңдау керек.

Тақырыпқа байланысты оқушылардың мүмкіндігінше басқа оқушыларға қызықты тапсырма құрастырады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (бірлескен жұмыс/ жоба)









10 мин

6-маймыл. Тақырып бойынша белгілі мәселе туғызған сұрақтың шешімін таба алатын жауапты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып жазады. Жауап қысқа, бірақ маңызды болу керектігін ескерту қажет. Мысалы: Аққуды қазақтар неге киелі құс деп санайды?

Тақырып бойынша белгілі мәселе туғызған сұрақтың шешімін таба алатын жауапты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып жазады.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтастыру)

7 мин

7-маймыл. Сонымен оқушылар барлық этаптан өтті, бірін-бірі тыңдады, толықтырды, сурет, салды, сұрақ қойды, күрделі мәселелерді шешті. Енді ақырғы кезең – бағалау (өздерін бағалау). Мұғалім оқушылардың өзара бағалауын тыңдайды және бақылайды.

  • өзара түсіну

  • жеке пікірлері

  • пайдалы қосымшалар.


Соңынан мұғалім таратқан бағалау парағына өз бағаларын қояды

(жетті / талпынады)

Оқыту үшін бағалау

2 мин

Үйге тапсырма беруді ұйымдастыру.

Жалпы тапсырма: 139 бет

Жаңа сөздермен сөйлем құрап жазу

Оқушылар 139 беттегі тапсырмамен танысу

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2 мин

Кері байланысты ұйымдастыру

Рефлексия


1 мин



Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабаққа сипаттама.

Алға қойылған бағыттардың іске асырылуында білім берудің маңызды шарты- оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыдан ұйымдастыру және тиімді, керекті жерлерін дұрыс пайдалана білуі керек.

Жоғарыда аталған білім берудің басым бағыттары мен маңызды шарттарын тұрақты ұстана отырып, оқыту барысында әр сабағымды сапалы, нәтижелі өткізуде үшінші деңгей бағдарламасының негізгі мазмұнына сәйкес жеті модульді біліктілікпен педагогикалық тәжірибеде іске асырып, қазақ тілі курсы бойынша тізбектелген сабақтарды жүргізуде күнделікті қолданысқа енгіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған "Аққу" тақырыбындағы 3-ші сабақтың сабақ жоспарын жазуда 7 маймыл әдісіне негізделдім: оқу- маңыздылықты ажырату- қолдану- талдау- терең білім- сұрақ- жауап- бағалау.

Оқу мақсаттарының деңгейлері

Оқушылар бұл деңгей жүзеге асуы үшін не істеуі керек?


Cабақта не істелді?

  1. Оқу:

Оқушылар тақырып бойынша мәтінді түсінгенше оқып шығады.

Мәтінді түсінгенше оқып шықты.

Аққу тақырыбындағы сабақта оқушыларға бірінші кезеңде тақырып бойынша мәтін таратылып берілді.

2. Маңыздылықты ажырату: Берілген материалды оқып болған соң, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алуына тапсырма беріледі

Мәтіннің негізгі идеясын мәтіннен тауып, белгілейді.

Берілген қызықты материалды оқып болған соң, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алады, оның нақты мағынасын білу үшін жұмыс жасайды.

3. Қолдану:

Шығармашылықпен

айналысу

Оқыған, түсінгенін практика кезінде қолданады.

Берілген материалды оқып болған соң, суретін салу тапсырылады (постерге мазмұндау).

Талдау:

Топ мүшелері өз жұмыстарына талдау жүргізеді, өзге топ оқушыларының жұмысына қажет болған жағдайда толықтыру енгізеді.

Жұмысты жан-жақты талқылайды.


Оқушылар жұмыстарына талдау жүргізеді, өзге топ оқушыларының жұмысына қажет болған жағдайда толықтыру енгізеді. Талқылау кезіндегі кеткен қателіктерін көреді.

5. Терең білім:

Қызықты фактілер мен видеороликтер көрсету арқылы білімдерін тереңдету

Мультфильм көреді

Көрсетілімнен кейін оқушылардың талдауын тыңдау, пікір алмасу.

6. Сұрақ- жауап: Берілген тақырып бойынша белгілі мәселе туғызған сұрақтың шешімін табу.

Мәселе туғызған сұрақтың шешімін таба алатын жауапты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып жазады.

Тақырып бойынша белгілі мәселе туғызған сұрақтың шешімін таба алатын жауапты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып жазады.Жауап қысқа, бірақ маңызды болу керектігін ескерту қажет. Мысалы: Аққуды неге киелі құс деп санайды?

7. Бағалау:

Бұл категорияда оқушылар критерийлер бойынша топ мүшелерін жетті/ талпыды деп бағалайды

Берілген материалдың орындалуын бағалауы тиіс.

Бағалау кезеңінде әр оқушы критерий арқылы өзгелерді бағалап, "7 маймыл" әдісі бойынша сабақ туралы ой-пікірлерін стикерлерге салып, ағашқа жапсырды.

Сабақтың мақсаты:

- Жыл құсының қандай қасиеті барын білу. Сөздік қорларын арттыру;

- Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі арқылы оқушыларды еркін ойларын айтуға дағдыландыру;

-7 маймыл әдісі бойынша «Аққу» мәтінін оқып - білу, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақта күтілетін нәтижеміз:

-«Аққу» тақырыбының мазмұнын талдау, сипаттау және әлеуметтік даму сатыларын ажыратуда сыни тұрғыдан ойлай білулерінің артуы;

-Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа бейімделу.

-«Бастама – жауап - кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақтың тиімділігін арттыруы;

- Мұғалімнің бағыт - бағдар беруі арқылы оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптасуы;

-Оқушылардың АКТ (электроқулық арқылы берілген тақырып мазмұнына сай мәтін, тапсырма, интерактивті тақта арқылы тақырып мазмұнына сәйкес мультфильм көрсетілімдері) арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолдануы және есте сақтау, суреттермен жұмыс істеу қабілеттерінің дамуы, бағалау критерийлерін талдау бойынша өзін - өзі бағалауда сенімді болуы.

Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылармен сәлемдесу, кезекшілер арқылы оқушыларды түгендеу және сабақ барысында қажет болатын материалдарды (сұрақ -тапсырмалар жазылған карточкалар және постер қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, стикерлер) тарату, сабақ барысындағы оқушының оқу жетістігіне бағалау (критерийалды бағалау) қалай жүргізілетіні туралы түсінік беру іс- шаралары жүргізілді . Сабақ тақырыбы таныстырылды.

Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау және қығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" модулін пайдалана отырып, "Қазақтар аққуды неге киелі құс деп санайды?" деген ой қозғау сұрағы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыттым (1- сурет). Оқушылар бірнеше сөздер айтып, өз ойларын жеткізіп жатты. Берілген сұрақ төңірегінде айтылған «аққу әдімі болғандықтан адамдар оны киелі құс деп есептейді» деген сияқты шашыраңқы ой пікірлерді сұрақ қоюдың үлгісі: "бастама - жауап - кейінгі әрекет" нысанын пайдаланып, жинақтау мақсатында қайта бағыттау сұрақ ұйымдастырылды: Аққу қандай құс? (2, 3- суреттер). hello_html_m1c7a08c8.png hello_html_34ff9306.png hello_html_59a92d75.jpg

1-сурет 2- сурет 3- сурет

Ой қозғау сұрағын қою Бағыттау сұрағының ұйымдастырылу сәті

сәтінен көрініс


Нәтижесінде оқушылар бұл сұрақтың жауабын "сұрақ-жауап-кейінгі әрекет" нысанына белсенді қатыса отырып, өткізілетін сабақтың тақырыбы осы ұғымдарды қарастыру арқылы жүргізілетінін айтты. Ол: аққу аппақ, сұлу, жұпсыз өмір сүрмейтін құс екенін, оның қауырсынын кішкентай балалардың бесігіне байлап қоятынын айтты.

Сабақтың тақырыбы хабарланып, интерактивті тақтада жазылған сабақ мақсатын бір оқушыға оқытып және қандай мақсатта оқып-үйренуіміз керек екенін түсіндіріп өттім.

Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көп болуы мұғалімге оны пайдалануға кең мүмкіндік береді. Тек қана әр тәсілді сауатты, тиянақты, парасатты түрде қолдана білуі тиіс.

Психологиялық ахуал орнату мақсатында Мерсер (2005ж.) құрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткендей ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің нұсқауларын басшылыққа ала отырып, асықтарды таңдау арқылы топтастыруды ұйымдастырып жүргіздім. Топтастыру барысында кедергіге тап болдым. Сенімді А өзі қалаған оқушылармен бір топқа түспегеніне наразылық білдіріп, жұмыс істеуге құлық таныта қоймады. Оның бұл әрекетінің дұрыс еместігіне, әрбір оқушының тең дәрежелі тұлға екеніне көзін жеткізе отырып, асық нөмірі сәйкес келген топпен жұмыс істеуге ынталандырдым.

Сонымен қатар, бұл кезеңде "Оқытудағы басқару мен көшбасшылық" модулінің негізіне ережеге бағынуды үйренеді, бір-біріне сыйластықпен қарайды, себебі олардың әрқайсысының пікірі құнды, оқушы өз пікірімен шектелмей, өзгелермен кеңесе отырып өз білімдерін тереңдете алады. Шәкірттер бір-бірінің пікіріне сындарлы көзқараспен қарайды. Топ мүшелерінің міндеттері үнемі ауысып отырады. Сондықтан оқушы өзін жан- жақты танытуға және дамытуға мүмкіндік алады. Тапсырма бергенде тек жақсы оқитындар ғана оқу үрдісіне қатыспайды, орта оқитын балалар да қатысады. Тақырыпқа арналған тапсырма бергенде, топ мүшелері өз кемшіліктерін жоюға және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік алатындай етіп ойластырған орынды және жазба жұмысының сапалы жүргізілуіне талап қойылады. Бұл әдістің маңызды кезеңдерінің бірі- оқушының өзін-өзі реттеуі.

Кембридж тәсілі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012ж, 49бет)

Мұғалім алдымен өз іс-әрекетіне өзі сын көзбен қарайды. Сабақ жоспарын құру кезінде мағлұмат жинағанда, оны өткізу стратегияларын қарастырғанда да сындарлылық басым болса, мұғалімнің өзі дайындап жатқан материялын өзгертіп, сапасын жақсартуға күш жұмсайды, оның балаға бағыт беретін білім қоры сапалы болады, себебі ол оны сынады, кемшіліктерін өңдеді.

Бұл ретте мұғалім оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелілігін оқушылардың есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағиданы ұстана сабақ құрылымын ойластырудағы тапсырмаларын оқушылардың оқу процесіндегі белсенді әрекеттеріне бағыттайды .

Себебі, оқу мен оқыту - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену/ үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағана ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен:"Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең- есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң -үйренемін!". Адам үшін ең қызықты нәрсе- өз қолымен жасағыны. А. Әлімов, (2013)." Интерактивті әдістемені ЖОО- да қолдану мәселелері". Алматы: "Кантана пресс" ЖШС).

7 маймыл әдісінің оқу, білу, түсіну, қолдану, талдау, таным деңгейлері көрсеткіштерінің негізінде жоғарыда аталған ұстанымдарға сүйене интерактивті тақта арқылы тақырып мазмұнына сәйкес ғаламтор желісінен алынған материалдарды («Гадкий утенок» мультипликациялық фильмін) көрсету, тақырыпқа сай мәтінмен танысу іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып, тақырып мағынасын/ мазмұнын ажыратуды оқушылардың белсенді іс- әрекеттеріне бағытадым. Мәтін мағынасын ашуда бірнеше оқушылардың ( ұяң С, еріншек Н, сенімді А) мәтінді жеткілісіз түсінуі салдарынан қиыншылықтар кездесті. Ол кедергілерді сынып оқушыларының көмегімен мәтінді орыс тіліне аудару арқылы шештік.

Әр топқа берілген мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан ойлана отырып, постерге сипаттау тапсырмасы берілді, берілген уақыт 10 минут (4- сурет).


hello_html_c7a3ef8.jpg

4- сурет

Топ мүшелерінің мәтіннің мазмұнын постерге мазмұндау сәті


Берілген тапсырма бойынша әр топ сын тұрғысынан ойлау модулін басшылыққа алып әр түрлі нұсқалар арқылы жауап берді. Топтық талқылау кезінде оқушыларым тапсырма бойынша ойларын нақты жеткізді. Мысалы олардың жауабы: Аққу жыл құсы. Олар күзде жылы жаққа ұшып кетеді де, көктемде туған жеріне қайта ұшып келеді. Аққулар өте сұлу құстар. Олар ешқашан жалғыз өмір сүрмейді. Олар жұптасып өмір сүреді. Адамдар аққуды махаббаттың символы деп санайды. Және олар өзге оқушылармен жауаптарын салыстырып, түсінбеген жерлерін түсінулеріне көмектесіп өз тобын алға шығарғанының куәсі болдым. Әрі осы тапсырмалардың арқасында сыныпта кейбір оқушылардың суретшілік қабілетінің бар екенін анықтадым (5-сурет).

hello_html_12eb176c.jpg

5- сурет


Оқушылар тапсырмаларды талдау кезінде өз идеясына ғана сүйеніп қоймай, өзгелердің пікірлерін де құнды көріп, идеясына сын айтып, сараптап, құнды идеяларды жадында жинақтап және оны постермен жұмыс кезінде жиынтық сурет ретінде бейнелеп, топпен бірлесе отырып дәлелдеп, білім қорын жадына бекітіп отырды. Сұрақтар қойылып, қарсы дау айтылғанда, әр шәкірт өз сөзінің мағынасына терең үңіле, мағынаны сарапқа сала отырып, дұрыс шешімге келуге мүмкіндік алынды.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрыдан ойлау үдерісі:

- релеванттық ақпараттар жинауды;

- дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

- кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

- ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды .

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

- бақылау;

- талдау;

- қорытынды;

- интерпретация. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012ж., 49-бет).

Дәстүрлі сабақ кезінде мұғалім - баяндамашы, оқушы - тыңдаушы ретінде ұстаздың барлық айтқанымен сынсыз келісе беруі немесе құлағына ілмей, көңілсіз отырып алу әрекеттерінің жиынтығынан тұратын оқу үдерісінің қателігіне менің көзім жетті. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады, «Білім беру бағалау тәрізді» деген ұғым мен формативті бағалау қағидаты, білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы білім алу дегенді білдіреді. Бұл идеялар оқушыларды білім алу мен білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай.

Сабақта оқушылар топ мүшелерінің іс - әрекетін критерийалды бағалау үлгісімен бір - біріне формативті бағалау жүргізді. Олар топ мүшелерінің жауаптарын критерийлер бойынша жетті / талпынды деп бағалады. Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақтың өткізілуі туралы кері байланыстарын жазып, мәуелі ағашқа іліп қойды.


C:\Users\Admin\Desktop\моя папка\сабақ жоспары\суреттер\20140403_104627.jpgC:\Users\Admin\Desktop\моя папка\сабақ жоспары\урок 2\20140312_121150.jpgC:\Users\Admin\Desktop\моя папка\сабақ жоспары\суреттер\20140403_104649.jpg

6- сурет

Рефлексия

Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір- біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Балаларды жиырма бірінші ғасырларда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек.

Кембридж Университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп жасалған курс бағдарламасы «оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарасты жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды» деп көрсетілген (Мұғалімге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012ж., 6 бет). Дәлірек айтсақ, бұл бағдарламаны игеру, оны нәтижелі пайдалану қоғамымызда дербес ойлайтын, айқын тұлға қалыптасуына, дамуына ықпалы зор.

Егер осы уақытқа дейін біз кеңес заманынан қалыптасқан авторитарлық жүйемен оқытуды ұйымдастырсақ, енді үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша «оқушылардың ойлануын дамыту олардың бұрыңғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарыңнан алған білімдерін астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді». (Мұғалімге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012ж., 6 бет). Маманның сапасы - мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. "Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстаға лайықтап нақты кезеңде қолдануы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады"деп пайымдалған (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012ж, 6-бет).

Кембридж тәсілі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Бұл тәсіл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді. Оқыту жүйемізде қолданыста болған элементтерді үшінші деңгей бағдарламасы топтастырып, бір жүйеге келтірді. Оны біз жеті модуль негізінде оқып, таныстық.





Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров239
Номер материала ДВ-555365
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх