Инфоурок Другое Статьи«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ЖӘНЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ ТІЛІН ДАМЫТУ»

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ЖӘНЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ ТІЛІН ДАМЫТУ»

Скачать материал

                  «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК

 ЖӘНЕ ОЙЫН  ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНА  ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ

                                               АУЫЗЕКІ ТІЛІН ДАМЫТУ»

 

КАЗИЕВА ШОЛПАН ДАЛЕЛКАНОВНА

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

            Риддер қаласы «Д.Қонаев атындағы

 №3 орта мектебі»КММ

 

Қазіргі кезеңде оқытуда жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасын көтеру, оқыту процесінде әрбір сабақ жаңалық болуы шарт. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты – тіл үйрету, яғни оқушыларға қазақша дұрыс сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формалар сөйлем құрылысын меңгерту. Оқушылардың білім деңгейі мен икем-дағдыларын жетілдіруде, оқу мен тәрбиені ұштастыруда, білімге жетелеуде, тіл дамытуда көмектесетін құрал – ойын технологиясы. Білім берудегі мақсат жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой – талғамы бар,  адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сондықтан мына мүмкіншіліктерді туғызу қажет:

А) әрбір оқушыны белсенді танымдық үрдіске тарту, алған білімдерін қайда, қандай жағдайда, қандай мақсатта қолдану керектігін нақты түсіне отырып, іс – тәжірибе жүзінде қолдану;

Ә) ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту;

Б) баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру;

В) әртүрлі мәселелерді шешуде, қажет жағдайда сөйлеу дағдыларын қолдана білуде бірлесе жұмыс істеу, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауын қадағалау.

Осы мүмкіндіктерді, мектеп оқушылар құрамының ерекшелігін және сыныптағы оқушылардың мүмкіндіктері мен даму деңгейінің әртүрлілігін ескере отырып, мен  мына өзекті мәселені таңдап алдым.  Мен орыс мектебінде қазақ тілі пәні бойынша жұмыс атқарып жатқаныма  8 жыл болды. Білім берудегі тың міндеттердің бірі- жасөспірімдердің оқуға қызығушылықтарын арттыру. Жаңа материалды игеруде, жаңа білімді қабылдауда, бекіту сабақтарында маған ойын технологиясының элементтерін қолдану, көрнекілікті орнымен қолдану үлкен көмек болды. Менің осы өзекті тақырыпты таңдап алуым да сол себепті.

Әрине жұмыс барысында басты нормативтік құжаттарды басшылыққа алдым. Өзекті тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып шықтым. Ұлы педагогтар мен зерттеуші ғалымдар, белгілі әдіскерлердің еңбектерімен танысып, оқыдым. Сол әдебиеттерден тақырыпқа байланысты ұлы педагогтардың айтқан сөздерінен мысал келтіріп кеткім келеді:

      С.Н.Лысенкова: ”Адамға тіл,құлақ,қол қандай керек болса,  мектепте ойын,көрнекілік сондай қажет.”[61,62].Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский:

”Егер де балаға сөз үйретуге қиналатын болсаңыз,сыныпқа кірерде мазмұны жағынан балаларды сөйлеуге  ынталатындыратындай сурет ала кіріңіз.Олар сіздің суретіңізді  көрісімен,өздері де сөйлеп қоя береді,сонда сіз өзіңіздің үйрететін сөздеріңізді  қалай үйренгенін білмей қаласыз.” – деп көрнекілік жайлы айтқан.[171]. Педагог В.Г.Белинский: ”Тәрбиелеу - ұлы  іс.Онымен адам тағдыры   шешіледі.Ойын арқылы оқушыны жақсы жақтарға тәрбиелей аламыз.”[120]. К.Д.Ушинский: ”Баланың тәрбиешісі көп,солардың ішіндегі ең жақсы тәрбиешісі – ойын.” – деген.[23,24]. С.А.Макаренко: ”Ойынның оқушыларға берері мол,көңіл – күйлері шат болып, бір –бірімен қарым – қатынастары жақсарады” – дейді.[380,384]

Тақырыпты таңдап алудағы зерттеу  нысаны - тілдік және ауызекі сөйлеу дағдысы негізінде жеке бас қасиеттерін дамытуды жүзеге.Зерттеу пәні - бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз ету , яғни оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын оқып – үйрену,  жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану. Зерттеу әдісі – өзекті тақырып бойынша жарияланған баспаларды – оқып-үйрену, бақылау, өзін – өзі бағалау, тәжірибе жүргізу.

Өзекті тақырып бойынша жұмыс міндеттері:1) Көрнекілік және ойын технологиясы арқылы оқушылардың танымдық  қызметі мен ой – өрісін кеңейте отырып, ауызекі тіл дағдыларын дамыту; 2) Оқушының ойын арқылы өзіне деген сенімін арттыру, оқуға деген қызығушылығын , белсенділігін дамыта отырып, тіл дамыту.

Тақырыппен жұмыс жасау кезеңдерімен таныстырып өтейін. Жұмыс барысын үш кезеңге бөлдім.

Іздену кезеңі: 2012 – 2013 оқу жылы.

МІНДЕТТЕРІ:

1.Жұмыс жоспарын құру;

2. Өзекті тақырып бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің іс – тәжірибесімен танысып, оқып – үйрену;

3. Педагогикалық технологияларды оқып үйрену.

Тәжірибелік кезең: 2013 – 2014; 2014-2015 оқу жылы

МІНДЕТТЕРІ:

1.Оқушылардың білім, білік, дағдыларының даму деңгейін оқып – үйрену.

2. Оқу үрдісіне оқытудың технология элементтерін енгізу.

Қорытынды кезең: 2015 – 2016; 2016 -2017 оқу жылы

МІНДЕТТЕРІ:

1.Мұғалімдермен іс – тәжірибемен бөлісу;

2.  Баяндама жасау;

3. Бақылау және тест жұмыстарын жүргізу;

4. Баспа беттеріне іс – тәжірибе жұмыстарын жариялау;

5. Жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасау.

Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім сабақтың түріне қарай әртүрлі әдістерді орынды қолдана алуы керек. Әрине жүргізілетін жұмыстардың түрлері әр алуан. Соның бірі – ойын.Интелектуалдық, грамматикалық, дидактикалық ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойлау арқылы ол қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Жаңа сөздерді қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әртүрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын ғана арттырып қоймай, сөзді жандандыра түседі.

Қазақ тілін оқытуда жетістіктерге жетуіме, алдыма қойған мақсаттарыма жетуге, сол мақсаттарды орындай алуыма көмек болған да осы әдіс түрлері. Сабақта ойынды немесе көрнекілікті тек қызық үшін, сергіту үшін ғана қолдануға болады. Рас, ойын өте қызық болып, баланы еліктіріп, баурап әкетуі мүмкін. Әйтсе де ұстаз сабақта өтілетін тақырыпты танудағы орнын , яғни ең алдымен өтіліп отырған тақырыпқа сай танымдық маңызын айқындап, саралап алуы қажет.  Нағыз ұстаз әрқашан ізденісте болуы қажет. Ойын арқылы баланың ең алдымен көңілін көтереміз, яғни сабаққа қызығушылығын арттырамыз. Оқушыларды зерттеп білеміз, сауықтыру амалдарын жасаймыз, олардың мінез-құлқына, білім- білік дағдыларына түзетулер енгіземіз, оларды әлеуметтендіріп, бір-бірімен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.

Оқушылардың тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі – көрнекілікәдіс. Оқушылардың материалды сапалы түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор. Естіп қана қоймай көру арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік сақталады. Көрнекілік оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Сурет бойынша тіл дамыту өте тиімді: кіріспе әңгімеде, сөздік жұмысында, ауызша жұмыс жасауда, сұрақ – жауап, мазмұндама жазуда қолдану керек деп ойлаймын. Ауызша сөйлеу негізінде жазбаша сөйлеу дамиды. Сөйлеген оқушы жазба жұмыстарында онша қиындық көрмейді. Сондықтан сыныпта неғұрлым ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуымыз керек.

Бірақ кейбір тақырыптарды меңгеруде тек суреттен көрсетіп үйретуге тура келеді. Мысалы: «Жануарлар», «Жеміс-жидектер», «Бөлме заттары» т.б. тақырыптарды өткенде муляж болса деп ойлаймын, суретке қарағанда әр оқушының алдына заттың өзін қойып суреттеп таныстыру әлдеқайда ұтымды болар еді. Бұл, өз іс – тәжірибемнен байқағаным. Әрине өзім мысалы: жануарларға, құстарға байланысты ойыншықтарды өзім сатып алуыма тура келді. Ал, егер кабинетімізде осындай муляждар болса сабақта оқушыларға тілді меңгеруде оңай, қызықты болар еді деп ойлаймын.

Интерактивті тақтадан видеоролик, мультфильм желісі арқылы да қызықты, әсерлі етіп сабақтар өткізуге де болады, бірақ ,өкінішке орай тек ашық сабақтарда ғана өткізуге тура келеді, өйткені кабинеттердің барлығы толық техникалық құралдармен жабдықталмаған.

Ойынға керекті көрнекіліктің бәрін өз қолыммен жасауға тура келеді. Сурет салып, бояп, көрнекілік жасау мен үшін қиындық етпейді бірақ, бірталай уақытты да алады, ал, сабағым қызықты өтіп, оқушыларға жақсы білім беру үшін көп еңбектенуге тура келеді. «Білім негізі – бастауышта» деп айтсақ, бастауыш сыныптан бастап оқушының қазақ тілді жақсы меңгеруін қолға алуымыз керек деп ойлаймын.

Ойын барысында оқушылар ұйымшылдыққа, үйренеді. Ойын – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі. Ойын – халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбие құралы. Сондықтан әрбір ойынның мәнін, мазмұнын түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен ойнау керек. [22,23]Ойын баланың есту, көру сезімдерін, дүниетанымын жетілдіреді. Түрлі- түсті бояуларды, әртүрлі дыбыстарды заттың пішінін, көлемін аңғаратын болады. Психикалық қабілеттері: есте ұстау, аңғарымпаздық т.т. қимыл ойындары арқылы қалыптасады. Бала өмірінің әрбір кезеңінде ойнай береді. Ойын бала үшін рахат, ермек. Ойында олардың жолдастық, ұжымдық сезім қабілеттері дамиды. Мінезін өзгертеді: тұйықтары ашықтыққа, жүрексіздерін қайсарлыққа, батылдылыққа, олақ-олқыларын ширақтыққа, пысықтыққа тәрбиелейді. Сонымен ойынның білім беру, эстетикалық тәрбие беруде де маңызы зор.

Өзекті тақырыпты жүзеге асыру барысында 4 ашық сабақ өткізіп, мектеп және қала мұғалімдері арасында іс – тәжірибеммен бөлістім. «Менің ойыншықтарым» 1 сынып (ақпан 2011ж.) «Сандар сөйлейді»  (05.12.2012 ж.), «Думан ойын – сауық орталығы» (26.02.2014 ж.), «Азық – түлік дүкеніде» (24.02.2015 ж.) Сабақ кезінде сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, жеке бас ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп отырамын. Жұмыста әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданамын. (топпен жұмыс, жекелей жұмыс, жұппен жұмыс түрлері т.б.) Көрнекілік әдісі, баяндау, әңгімелеу, жаттығу, суретпен жұмыс, сұрақ – жауап, жеңілден қиынға, шығармашылық, тіл дамыту әдістері нәтижелі қолданылады. Сондай –ақ, сыныптан тыс шаралар өткізілді.

Оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды қолданамын. Сабақты ойын технологиясы, сабақ презентация, модульдік технология, АҚТ, технология элементтерін кіріктіре отырып жүргіземін. Бұл жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

Жетістіктерге жету үшін атқарылатын әдістемелік жұмыстар :

а) оқушылармен жұмыс жасауда олардың әрқайсысына тұлға ретінде қарап, олардың әрқайсысының оқу үлгерімін анықтап,  әдіс – тәсілдерін  тиімді пайдалану  жолдарын іздеу; б) әрбір оқушының ішкі шығармашыл потенциалын ашуға көмектесу;

Іс – тәжірибемде қолданылып жүрген әдіс – тәсілдер нәтижесіз емес. Бұл – тоқсан бойынша сыныптардың білім сапасының өсуі, қалалық пән олимпиадаларындағы, интелектуалдық байқаулардағы, ғылыми оқулардағы оқушылардың алдыңғы орындардан көрінуі.

Сабақта көрнекілік, ойын технологиясын қолдануымның нәтижесі оқушылардың білім сапасына айрықша әсер етті. Қазақ тілі пәні бойынша сапа көрсеткіші 70 % - дан жоғары. Осы тақырып бойынша мақалаларымды, ашық сабақтарымды жүйелеп, ғаламтор сайдтарында жарияладым. Мектеп, қала, облыс көлемінде әріптестермен тәжірибе бөлісудемін. Өзекті тақырыпбойынша 2015 жылдың  мамыр айында Семей қаласында облыс бойынша өткен «Педагогикалық ой, пікірлер аукционы» байқауында ашық сабағымды,  «Көңілді балдырған» авторлық жобамды көрсетіп, облыс мұғалімдерімен тәжірибе алмастым.  Жүлделі орын иеленіп,  инновациялық білім беру технологиялары орталығы атынан «Білім берудегі креатив» дипломымен марапатталдым.

Аталған тақырып бойынша «Сабақта қолданылатын ойын түрлері», «Қазақ тілі сабағында  1-4 сыныптарға арналған сергіту жаттығулар жиынтығы», «Көңілді тақпақтар жиынтығы» кітапшалары, «Қазақ тілінен бастауыш сынып оқушыларына арналған қосымша тапсырмалар» кітапшаларын жасадым.

Мен өз таңдаған өзекті тақырыбым бойынша жоспарлаған жұмыстарымды уақытымен жүргізіп,  мақсатыма жеттім деп ойлаймын, оған дәлел, ең алдымен оқушылардың білім сапасының жақсаруы, олардың өзіме үйренісулері, сабақтың әр кезеңінің қызықты өтіп, оқушылардың қызығушылығының артуы және әріптестеріммен өз тәжірибеммен бөлісуім, қала, облыс көлемінде жеке жұмыстарымның дәлелденуі. Заман талабына сай кәсіби құндылықтарды бойыма сіңіріп, ізденіп, өз тәжірбиемді, шығармашылығымды шыңдап, келешек ұрпаққа саналы, жүйелі білім беру үшін талмай жұмыс атқару керектігін білемін, әлі де өз іс- тәжірбиемді арту үшін көп жұмыстар жоспарлаудамын.

Өз жұмысымды мына сөздермен аяқтасам деймін.

Жан қиналмай                   

Жұмыс бітпес,

Талап қылмай,

Мұратқа жетпес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзекті тақырып бойынша оқып – танысқан әдебиеттердің тізімі:

 

Н.Оралбаева, К.Жақсылықова.

Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,1996.

Ж.Нұржанова. Қазақ тілін тиімді  оқыту жолдары. Алматы, 2001.

Ж.Адамбаева. Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту.

Алматы, 2002.

Б.Құлмағанбетова. Қазақ тілін үйренушілерге көмекші құрал.

Алматы: Рауан, 1990.

Д.Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

Орыс сыныптарында қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.

Методикалық нұсқау. Алматы, 1990.

 К.М.Головина. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. А.Байтұрсынұлы тағылымы. Қарағанды, 2003.

 Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.

Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков.

Педагогикалық ізденіс. М: педагогика,1990.

Ә. Табылдиев «Тағылым» Ұстаздар мен ата-аналарға арналған оқу-тәрбие құралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

Қазіргі педагогикалық құндылықтардың бірегейі – көшбасшылық. Сонымен қатар, оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану, өзгенің тәжірбиесін қайталамай, өзінің жаңа тәжірбиесімен, жаңалықтарымен басқамен бөлісу. Әр мұғалім білім беруде ізденісте болады, өзінің алға қойған өзекті мәселесі бойынша ізденіп, мақсат қойып, жоспарлап, жұмыс істеп, нәтижесін айқындап, тәжірибесімен бөліседі. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Осындай қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беруде педагогке қойылатын талап та ерекше екені түсінікті.

 

Лидерство – один из современной педагогической ценности. И вместе с тем, учитель применяя различные формы и методы  обучения, делится своим новым опытом и новшествами . Каждый учитель по своей проблемной теме находится в постоянном поиске, планирует, ставит перед собой цели, определяет конечный результат. В современных условиях  объём деятельности педагога обширный и  разнообразный. В  образовании происходят глобальные изменения. ХХІ век – век развития науки и образования. В таких социально – экономических условиях  педагогу ставится особое требование в образовательном процессе.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ЖӘНЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ ТІЛІН ДАМЫТУ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 506 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2018 1422
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Шолпан Далелкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Шолпан Далелкановна
    Казиева Шолпан Далелкановна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20382
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 167 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов