Инфоурок Русский язык КонспектыҚазақ тілі мен әдебиет.Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Қазақ тілі мен әдебиет.Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы  «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.   

Оқыту нәтижесі

Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыланды-

ру. Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Түсіндіру (ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану),  жұптық жұмыс, топпен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау),  бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)      

Құрал – жабдықтар

Тірек сызба, оқулық, көрнекі құралдар,  стиктер.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Қызығушылықты ояту

Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К!
1.Сыйластық, сенімділік. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілдік, т.б.

1.Кластер бойынша жұмыс.

       Ислам дәуіріндегі әдебиет

2. Сонымен балалар, біз өткен сабақта  Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасынан бойымызға не алдық?

Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин

 

Мағынаны тану 22мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)

1. «Ой қозғау» стратегиясы.

   -Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер?   

2.  Махамбет өлеңін тыңдату.

Міне, балалар, ақын өлеңін тыңдап отырып, қандай әсер алдық? Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестеді? Қане, кім қалай суреттеп берер екен?

  Блум таксаномиясы бойынша  оқушыларға тапсырмалар беру.

Білу, түсіну

І топқа: Махамбет Өтемісұлы кім?

Ақын, мерген, добырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы                                                        

ІІ топқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы – Исатай.
ІІІ топқа: Махамбет Өтемісұлының жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдерін атау
1. Тайманның ұлы Исатай
2. Исатай деген ағам бар
3. Тарланым
4. Мінкен ер
5. Мұнар күн
6. Ұлы арман
7. Біртіндеп садақ асынбай
8. Ереуіл атқа ер салмай, т.б.

Түртіп алу  стратегиясы 

Қолдану.

   5 – 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту.               

Талдау

1.«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

2. Ақын  тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған  төзімді ат.

Тебінгі  - тоқым қысқа  болғанда, аяқкиім  мен  шалбар балағын қорғайтын,  ер тұрман құрамына  қатысатын  әбзелдің  бірі

Терлік – тоқымның  астына  салатын киіздің бір  түрі .

Малта – сүзбеден  сығып,  домалатып дайындаған  уақ  құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

“Түйінді сөздер” стратегиясы

 

Өлеңнің шумақтарын  мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың  айшылық алыстығының әрі  ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану  күшейткіш  мәнге  ие  болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі  керек. Егер  де  оның  игерілу  міндет болмаса,  ол өлеңге осыншалық  аса  мән беріліп айтылмас  та еді.  Осы  игеруге ұмытылдырып  тұрған қажеттілік – азаттық  үшін  күрес.

Тебінгі терге  шірімей,

Терлігі  майдай  ірімей

 

Тебінгінің  әбден  тер  сіңіп,  шіріп  тозатындай, ал  терлігінің майдай  іріп,  яғни,  үгітіліп таусылатындай шаққа  жету  үшін қанша жаз  бен  қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің  тоз-тозы  шыққанын көрсету арқылы  ақын  ұзақ  уақыттың  суретін қашап шықты. 

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат  болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші  Баланың өзі  шал  болуы азаттық үшін  күрестің  ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда  сенің  оған шыдауың керек екенін баса  айтады. Бұл- бостандыққа  кететін  уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар  болса, көретін азабын шынайы  жыр арқылы айқын анық жырлап  тұр.

І топ. Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар.

Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.

3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
4. Махамбеттің көздеген мақсаты не?

ІІ топ.  Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар.

Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу – терлігі майдай ерімей

Аллитерация - Тебінгі терге шірімей,

                         Тебінгі теріс тағынбай,

                         Темір қазық жастанбай

Ассонанс -    Ереуіл атқа ер салмай,

                      Егеулі найза қолға алмай,

                      Еңку, еңку жер шалмай,...

Эпитет – қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза.                                                                         

Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу. (Көрде тыныш жату, жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып белді буған, толған айдай балқып туған, ойында оты барлар, надандықты тебу)

ІІІ топ. Өлең құрылысына қарай талдау       

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

Жинақтау.

Өлеңнің тәрбиелік мәні аса жоғары. Ел үшін ерлік істеуге шақырады. Исатайдай ер болуға, елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді. Отаншылдық сезімді оятып, патриотизмге баулиды.

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс Не білдік?

 Видеоролик тамашалату, ақын арманы жайлы сұхбат жүргізу, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып қорытынды жасату.

Синквейн

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Бақылаушылар формативтік баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

«Ереуіл атқа ер салмай»  өлеңін жатқа айту

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу

Рефлексия 3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиет.Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жалпы мақсаты;Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.   

 Оқыту нәтижесі;Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыландыру. Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.

Оқыту формасы;Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 708 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2015 3120
    • DOCX 25.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамшиева Айжан Кажыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамшиева Айжан Кажыгалиевна
    Шамшиева Айжан Кажыгалиевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24257
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 34 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика преподавания родного (русского) языка и родной литературы

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 48 регионов

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов