Инфоурок Другое СтатьиҚазақстан Республикасының «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін орындау мақсатында оқушылардың құқықтарын қорғау мәселесінің орындалуы. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімнің № 24 мектеп- гимназиясы » ММ

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін орындау мақсатында оқушылардың құқықтарын қорғау мәселесінің орындалуы. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімнің № 24 мектеп- гимназиясы » ММ

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексін орындау мақсатында оқушылардың құқықтарын қорғау мәселесінің орындалуы.

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімнің

№ 24  мектеп- гимназиясы » ММ

Орындаушы: әлеуметтік педагог Елеусизова М.Н.

 

 

Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек» деп айтады. Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, олардың құқығын қорғауға міндетті.

Ата-ана адамгершілік, әделетілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен қашқандыққа жатады. Мұндай жағдайда ата-аналар өздерінін құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруына бөгет жасау, сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу, қайыр сұрауға мәжбүр ету, баланы баска да теріс қылықтарға ұрындыру) болып табылады. Осындай жағдайлардың арты ата-ана құқығынан айыруға дейін ұласуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіннің негізінде мектепте берілген заңның орындалуы бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Жасалатын жұмыс  заңның негізгі қағидаларын орындау мен жүзеге асыруды қамтиды.

10 – тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

60 – бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.

Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар. 

   2016-2017 оқу жылы ІІІ тоқсан  бойынша  мектепте 501 оқушы оқиды. Оның ішінде 455 оқушы толық отбасынан, 46 оқушы толық емес отбасынан  тұрады. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардың саны- 8 жанұя саны- 7.Көп балалы жанұя саны- 18, балалар саны-25; науқас ата – аналар саны-2.

 

Мектептің әлеуметтік төлқұжаты

ІІІ тоқсан 2016-2017 оқу жылы.

 

Сыныптар

Бала саны

Толық емес отбасы

Аз қамтылған

Көп балалы

Қамқорлық

Ата-анасы мүгедек анықтамасы бар

1

1 «А»

30

1

 

1

 

 

2

1 «Ә»

29

2

 

1

 

 

3

1 «Б»

31

1

 

1

 

 

4

1 «В»

29

1

 

1

 

 

5

2 «А»

30

3

 

2

 

 

6

2 «Ә»

31

2

 

3

 

 

7

2 «Б»

31

2

 

 

 

 

8

2 «В»

31

6

 

2

1

1

9

3 «А»

31

 

 

1

 

 

10

3 «Ә»

31

1

1

1

 

 

11

3 «Б»

33

3

1

1

 

 

     12

3 «В»

32

 

 

2

 

 

13

4 «А»

26

1

2

2

 

 

14

4 «Ә»

27

3

 

1

 

 

15

4 «Б»

25

5

1

4

 

 

16

4 «В»

27

7

1

 

 

1

17

4 «Г»

27

6

2

2

 

 

Барлығы

501

46

8

25

1

2

 

Берілген бағыт бойынша жұмысты мектептің мүмкіндіктерін және өкілеттігін ескере отырып орындау керек екендігін атап кеткен жөн, себебі мектеп баланы тәрбиелеудегі маңызды бөліктердің бірі болып табылады.

Атап айтқанда:

·                    Отбасы – негізгі бөлігі болса,

·                    Мектепқоғамдық ұйымдармен, құқық қорғау және қадағалаушы органдармен байланыстырушы бөлігі.

Әр апта сайын әлеуметтік – психологиялық қызметымен оқушылар  мен ата – аналарға арналған оқушылар арасындағы және оқушылар  мен олардың ата – аналары арасындағы кикілжің жағдайларды шешу мақсатында жеке әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

2015-2016 оқу жылы аралығында мектеп инспекторы және сынып жетекшілерімен бірге оқушылардың тұрмыс жағдайлары тексеріліп тұрады.

Тексеру мәліметтері оқушылар әр түрлі әлеуметтік және тұрмыс жағдайларында өмір сүретінін көрсетті. Сыртқы саулық баланың ішкі жан дүниесінің көрсеткіші бола алмайды, кейбір кезде баланың қылығы үйде, мектеп ұжымында, жалпы қоғамда бір-біріне қарама – қайшы болуы мүмкін және бұл балаға тән мінезіне тәуелді. Отбасы берілген жағдайда баланың тәрбиесінде өте маңызды рөл ойнайды.

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері.

1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.

2. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

3. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.

Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

 

Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.

Жалпы адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-әрекеттері мен мінез-құлық нормалалары меңгеруі отбасынан басталады. Осыған байланысты бала отбасында өзің не істесе де ерікті сезінеді. Және сондай балалар сол оймен мектеп табалдырығын аттайды. Сонда мектеппен, мұғаліммен, сыныптастарымен арада қиындықтар туындайды. Біздің мектепте те ондай балалар кездеседі. Ата-аналардың сөздеріне сүйенсек үйде ол бала барлық жағынан да лидер болғысы келетіндіктің, сонымен қатар ата-анасының тоқтам қоймағандығының арқасында туындауда. Ондай балалар қолынан бір нәрсе дұрыс келмей қалса мұғалімге, сыныптастарына теріс мінезін көрсетеді. Сондықтан да  жақсы тәрбие мен отбасындағы  жаңдайдың бала тәрбиесінде алатын орны ерекеше.

 

66-бап. Баланың мүліктік құқықтары

1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.

Мектепте 1 оқушы қамқорлыққа алынған, 19.06.2015 күнінен №1624 қаулысы – Касымова Аяна 2 «В» сынып оқушысы. Анасы қайтыс болған, Аяна үкіметтен жәрдемақы алады. Әкесі денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамсыз. Аянаның қамқоршысы  (әкесінің туған апасы) Касимова Ақбілек Кабиевна өз қолынан арыз жазып, алимент алудан бас тарты, себебі інісіне өзі көмек беруіне тура келді. Осы тұста мектебіміздегі жетім және қамқорлықсыз қалған балалардың жағдайын айтып кетейік. Жоғарыда аталып кеткен оқушымыз жаппай оқыту қорынан күнделікті бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жазғы демалыс күндерінде бұл бала мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде 1 кезең тегін демалады. Биылғы оқу жылында жаппай оқыту қорынан әдеттегідей бәріне бірдей керекті кеңсе тауарлары, оқу құралдары, қысқы  аяқ киім мен спорт аяқ киімі (кроссовки) берілді, сонымен қатар мектеп кітапханасынан тегін  кітаптармен қамтамасыз етілді.

Мектебімізде жетім және қамқорсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыру мақсатында әр түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Қамқорсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында  біз ата- аналармен тығыз қарым-қатынастамыз,  баланың  бос уақытын ұйымдастырып, үй тапсырмасын орындауына көмек көрсетіп, отбасында туындайтын мәселелерді шешу мүмкіндіктеріне бейімдеу жасаудамыз.

Ата - анасының аялы алақанынан ерте айрылған балалардың болашақтағы өмірін дұрыс қалыптастыру мақсатында оларға әлі де көптеген педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету қажет екені бүгінгі күні бәрімізге де мәлім.

Қамқорсыз қалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған бақылау жасау әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі. Балалық шақтың бал дәмінен ерте айырылған осындай балалармен жұмыс қиын да күрделі, жауапты іс болмақ. Сонымен қатар сынып жетекшімен бірге қамқорлықтағы оқушының үйіне барып, қамқоршыларымен кеңесіп алдымыздағы оқу жылына балаларға қажетті жағдайларын анықтап, тұрмыс жағдайына керекті көмек түрлерін анықтадық.

Мектеп бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы және жүргізілген жұмыстардың қорытындысы.

Балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың жан – жақты дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым- қатынасын құру, оқушылардың тұрмыстық жағдайын 1 жылда 2 рет тексеріп акт жасау және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарына сынып жетекшілерімен бірге  жыл бойы көп көңіл аударамыз.

Оқушылардың жанұядағы әлеуметтік жағдайы анықталып, әлеуметтік қорғауға алынатын балаларға келесі тиісті құжаттар жиналады.

Аз қамтылған отбасының тапсыратын құжаттары:

1.     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан аз қамтылған отбасы жайында анықтама. 

2.     Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі .

3.     Ата-анасының төлқұжаттарының, РНН,СИК көшірмесі.

4.     Тіркеу туралы анықтама. 

5.     Ажырасқан болса, некені бұзу туралы куәлік, ауру болса, мүгедектік туралы анықтама.

6.     Жалақысы туралы анықтама.

7.     Өтініш.

8.     Отбасы кұрамы туралы мәліметтер;

9.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;

10.  Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

Әлеуметтік қорғауды қажет ететін оқушылар тізімі тамыз айының ортасынан анықтала басталды. Бүл жұмыс барысында сынып жетекшілер өткен оқу жылындағы аз  қамтылған оқушылардың кеткен-келгенін анықтап, жағдайларын анықтау мақсатында үй аралап, зерттеу актілерін толтырды. Байқалған жағдайларына байланысты ата-аналарының өтініштерін жинаймыз,  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен тамақтануға  және кеңсе тауарларға сұраныс жасалады. Бұл жұмыс барысында сынып жетекшілер оқушының жағдайын зерттеуге қажетті құжаттар тізімін толтырады, ол отбасының толық немесе толық болмауы, жанұядағы адам санына бөлінетін ата-анасының алатын еңбек көлемі, ата-ананың жұмыс істеу не болмаса жұмыссыз болуы, отбасының берекелі не болмаса берекесіз болуы, тұратын баспана жағдайы, баланың жеке өз басының денсаулық ерекшелігі, егер ол мүгедек бала болса, соған байланысты қаражаттың жұмсалуы. Осы айтып кеткен жұмыс көлемінің бәрі бүгінгі күні біз атқарып отырған жұмыстар болып отыр. Жаппай оқыту айлығының барысында жыл сайынғы «Қайырымдылық» акциясы қаңтар айында да жүргізілді, жалпы мектеп бойынша  қаржылай көмек 161 500 теңгені құрады.

Мектеп бойынша тегін ыстық тамақ ішіп отырған 9 окушымыз бар. Оның ішінде 1 қамқорлыққа алынған бала,1 бала - отбасында әлеуметтік коды бар, басқалары жағдайлары төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Сонымен катар  бүгінгі күні мектеп бойынша ақылы ыстық тамақпен 100% окушы камтылып отыр. Тегін ыстық және ақылы тамақтың  орташа бағасы 185 тенге, орташа буфет тағамының ақысы 85 тенге.

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануын директордың ТЖО, сынып жетекшісі және  әлеуметтік педагог қадағалайды.  Қалалық білім бөліміне  тамақтану жөнінде айлық есеп беріліп тұрады.

1.                 Қыркүйек айында және қаңтар айында мектептің әлеуметтік жағдайы бойынша көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, қамқорлыққа алынған балалардың  үйлеріне  барып  акт жазылды.

2.                 Аз қамтылған отбасы ата-аналарына Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөліміне керек құжаттарды тапсыруға көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1  бала 4 «Г» сынып оқушысы  Аймишев Мадидің отбасына әлеуметтік код берілді.

3.                 Мектепте тегін тамақтану ұйымдастырылды, 8 бала  аз қамтылған отбасынан, 1 бала  қамқорлыққа алынған - тегін  тамакпен қамтамасыз еттілді.

4.                 Ай сайын мектепте сыныптардың тамақтану мониторингі жасалады және оқушыларға тәлім сәтте дұрыс тамақтану, пайдалы тағамдар туралы айтылады.

5.                 Қамқорлыққа алынған балалардың сабаққа қатысуын қадағалау, үйлерінде қамқоршымен қарым-қатынасын бақылау мақсатында  жылына 2 рет үйлеріне бару (желтоқсан,мамыр айлары) ұйымдастырылады.

6.                 «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциялары бойынша қыркүйек, қаңтар айларында аз қамтылған отбасылар балаларына  аяқ киім, кеңсе тауарлар мен оқулық құралдары берілді.

7.                 Мектепте оқушылармен үнемі жеке жұмыс жүргізіледі: әңгіме, сауалнама, үйлеріне бару, ата-аналармен кездесу, пікірлесу, кеңестер беру.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін орындау мақсатында оқушылардың құқықтарын қорғау мәселесінің орындалуы. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімнің № 24 мектеп- гимназиясы » ММ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 685 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1369
    • DOCX 84 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеусизова Маржан Насибуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеусизова Маржан Насибуловна
    Елеусизова Маржан Насибуловна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16077
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой