Инфоурок Литература Другие методич. материалыБалалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы пәнінен "Бердібек Соқпақбаев" тақырыбы бойынша лекция

Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы пәнінен "Бердібек Соқпақбаев" тақырыбы бойынша лекция

Скачать материал

Бердібек Соқпақбаев.

 

І.  Өмірі мен қызметі.

ІІ. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бектас образы.

ІІІ. «Жекпе-жек» повесі.

IV. «Менің атым-Қожа»  повесі.

V. Б.Соқпақбаев- балалар әдебиетінің бәйтерегі.

 

1. Балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы  Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы  Кеген ауданы Қостөбе ауылында туған. Ата –анасынан ерте айырылып, алғашқы кезде кісілердің қолында жүрген. Балалаық шағында басынан өткен қиыншылықтары мен жоқшылығын «Балалық шаққа саяхат» деген  кітабында бейнелеген.

Ұлы отан соғысында  ФЗО мектебінде оқыған, Совет армиясы қатарында қызмет етті, кейін ауылда мұғалім болды. Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірді.

1950 жылы тұңғыш «Бұлақ» деген жинағы шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Қазақстан пионері» редакциясында істеді. 1955-57 жылдары Москвадағы жоғары   әдеби курста оқыды. Балаларға арнап бірнеше кітап жазды. Олардың ішінде «Менің атым-Қожа», (1960 жылы) «Балалық щаққа саяхат» (1962), «Аяжан» (1963), «Гауһар» (1961), «Жекпе-жек» (1961), «Кездесу»,  «Бостөбе» поэмаларын жазған.

«Менің атым- Қожа» повесі  бойынша  «Қазфильм» студиясында  фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында болған жетінші халықаралық кино фистивальда  арнайы сыйлық берілді.

1952 жылдан «Қазақстан жазушылар одағының» мүшесі.

2. Бердібек Соқпабаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінің балалық шақта басынан кешкендерін сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы суретейді. Ес білмес, есер шақ, балалық мінез Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарынан шындық қалпында толық көрінеді.

Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көріп өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы өжет бала.

Қу тілділеу, пысық, қағілез сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту  жағынанда өзінен ересектерге де есесін жібермейді.

Ленин біздің атамыз

Саясында жатамыз.

Қарсы келген дұшпанды,

Қақ жүректен атамыз- деп өлең айтады.  Өз елінің, отанының  кішкентай патриоты екнін сезінеді.

Жаңа құрылысқа алақөз тап жаулары мен бандиттердің бүлдірушілік әрекетеріне алданған Бектастың ата- анасы Қытайға өтпек болады. Бектас іштей наразы. Ол бір сұмдықтың боларын сезіп, шекаралық заставаға хабарлайды. Үй ішін Қытайға өткізбей аман алып қалады, саналылық, байыптылық көрсетеді. Әділдік үшін күресте бала алған бағытынан ешқашанда қайтпайды.

Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлық та бар, бірақ оқуға зерек. Өзінен үлкен Жанбосынның айта алмай тұрған көбейту кестесін ол зуылдатып  айтып береді. «Жарайсың, Бектас»- деп, мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды “сен өгіздей болып ап мыңқ-мыңқ  етіп тұрасың ұялмайсың ба?”

Жанбосын Бектасты білгіштігі үшін жек көрсе, Бектас Жанбосынды  үстіндегі бүтін киімі, қалтасындағы ақ наны, аяғындағы бұжыр табан әдемі бәтеңкесіне бола жек көреді. Балалар арасында  болатын осындай тартыс- жанжалдарды, бала психологиясын жазушы әдемі суреттеген.

Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты шынықтырып өсіргендіктен ол екінші класта жүргенде-ақ  колхоз жұмысына қолқабыс береді: масақ терді, астық бастырды. Ауыр азаптан арыла алмай жүргенде шешесі қайтыс болып, Бектас жетім қалады. Ал «Жетім» деген жалғыз сөздің күйініші қанша десеңіші .

“...Қымбатты, жас достарым, тағдырдың мейірімсіздігінен әкесі немесе шешесі қайтыс болып  жетім қалған балалар, мүмкін  сендердің араларында бар да шығар. Қанша араздасып жаулассаңдарда , жетім деген тажалдай суық сөзді айтпаңдаршы соларға!... Оның адамшылық менмендігіне бұл сойқан сөздің қаншалық әсер етіп, жойып жіберетінін түсіндіріңдер! Аяңдар!”

Кісі есігінде жүріп оқыса да, Бектас екінші, төртінші класта мақтау қағазымен бітіреді. Бойындағы қайрат жігері болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болмасын төзімділікпен өміршеңдікпен қарайды. Бектасты болашаққа сүйрейтін- осындай оптимистік үміт- арманы.

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып қойған інісі Тұрдыбектің тағдырын көбірек ойлайды. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас інісіне жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты күйінеді. Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен сал- мешел болып қалған.

Бектас ауыртпалықтарды бастан кеше отырып, жетінші класты мақтау қағазымен бітірді.

Повесттің тілі жеңіл, оқиғасы тартымды. Әсіресе балалардың бірін-бірі ұнатулары сондай қызық, әсерлі суреттеледі. Мені Майраға қосақтап, арқандап қойған, көзге көрінбейтін ғажайып қойған бір жіп бар. “Майра-күн, мен-күнбағыспын, оны көрмесем тұра алмаймын. Майра-гүл, мен-көбелек, қашанда Майраның төңірегінде болғым келеді”. Майра мен Бектастың арасындағы татулық осындай айқын теңеулер мен әдемі суреттелген.

3. Бердібек Соқпақбаевтың 1964 жылы шыққан «Біз де бала болғанбыз» атты таңдамалы шығармаларына енгізілген екінші повесті «Жекпе-жек» деп аталған. Мұнда ауыл баласы, спортшы Мұрат Батырбаевтың спорттық өсу жолы, оның дарынды ұстазы Украин жігіті Николай Профиловичтің қажымай- қалмай жүргізген жемісті еңбегі көрсетіледі.

Бұл повестің басты кейіпкері селолық мектепте оқитын Мұрат болғандықтан, ондағы оқиға тартысы, сюжеттік желінің бәрі де соның іс-әрекетіне, табысына байланысты дамыды.

Мұрат 5 класс оқушысы болғанымен өзі қатарлы балалардың бәрінен де нәзік, күнде ауырып қала береді. Ұлжан шешей оны серпіліске, балалармен ойнауға жібермейді. Дене шынықтыру- спортпен иайналысуға рұқсат етпейді. Оның үстіне бокс үйретуге құштарлық білідірген Мұратты Николай Профилович қабылдамай тастайды. «Сен жақсы жеңіс әкелесің!» Тамаша жүгіресің, саған лайығы- осы жеңіл атлетика- деп оның жүгіруден басқа қабілеті жетпейтінін айтады. Н.Профиловичтің сөздерін естіп қалған Садық-«Сен секілді итшабақтарды бокс босағасынан да қаратпайды. Осы тойғаныңмен бар енді»- деп, Мұратты одан бетер қорлай түседі. Мұрат бұған намыстанады. Ол бокспен өз бетінше дайындала бастайды. Күннен-күнге жаттығып, күннен- күнге шымырлана береді. Бір кезде денелі Садықпен қойғыласып, өзінің осал еместігін сезінеді. Содан әрі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, бокстан бірінші орынды жеңіп алды. Бұған Н.Профилович өте қатты сүйсінеді. Мұратты боксшылық өнерге жетілдіруде Н.Профилович көп еңбек етеді. Ол өз ісінің маманы, жас спортшылардың жанкүйер үлкен ұстазы ретінде бой көрсетеді.

Мұратты Парижде өтетін халықаралық біріншілікке апарған да Н.Профилович еді. Американ боксшысы Питер Сандересті жеңгенін әсерлі суреттейді.

Мұратты әдіс, айла, шеберлігі де осы кезде  көзге ерекше айқын түсті .

Үшіңші раунд қалды 3 минут уақыт. «Енді шабуылда!» -деген бір ауыз ұстаз еді. Отан атынан айтылған. Бұйрықтай әсер етті. Мұраттың тұла бойын патриоттық сезім билеп, орнынан ұшып тұүрады.

Алдымен өз намысын, одан соң ел намысын, отан намысын қорғай білген Мұрат образы повесте өте нанымды, щебер суреттелген. Мектеп директоры Тоқмолда сауатсыздығына қарамай,   талай адамдардың көзін жойып жіберген. Тамыр-таныстықтың жерлестіктің сүйелделдеушіліктің арқасында  өмір сүріп отырған оның еркіне салса, спорт сабақтары атымен жойылатын еді. Ауыл мектебін, ауыл мұғалімдерін жақсы суреттеген Б.Соқпақбаевтің «Жекпе-жек» повесі .

4. Б.Соқпақбаевтің бүкіл елге әйгілі, көп тілге аударылып көп тараған шығармасы – «Менің атым -Қожа» повесі.

Повестегі барлық оқиға Қожаның өз атынан сөйленеді. Қожа өзінің бастан кешкендерін өз достарына баян етеді.

Повес бастан –аяқ  юморлық стильде жазған. Сондықтан ол әрі өтіп, әрі жеңіл оқылады. Қысқа жазылған, әр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, алға қарай баулай береді. Повес оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған. Қожа мен Сұлтан басындағы аңғалдық  істер олардың сезім  құбылывстары, үйірімді тілмен тартымды баяндалған. Жазушы әр кейіпкеріне, соның ішінде Қожа психикасын, бала басында бола беретін, табиғи мінездерін нанымды көрсеткен.

Қожа- қанша қиқар болғанымен жаны таза, арманшыл бала 4-5 те жүргенде ақ ақын болуды, ақынға жақын болуды, жазушы болуды арман ете бастайды. Оның бұл үміті елін, жерін,  өлке табиғатын жақсы көретін патриоттық  ұшқыр сезімдерімен тоғысып жатады. «О, атамекенім, қазақ жер!»...

Мынау асқар тау, жасыл жазық, мөлдір өзен... бәрін, егер құшағым жетсе ең қымбат , аяулы анамдай аймалап құшар едім, сүйер едім.

Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да  менің  сүйгенім қанбайды. Қайта оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін  тындағанда өзімді-өзім ұмытып кетемін”.

Қожа оныншы сыныпты бітірген соң армияға шақырылам, отан үшін адал қызмет етіп, батыр атанамын, сый- құрметке, үлкен даңққа  бөленемін қиялдайды. Патриоттық сезімдер бала жанына жас кезінен ұялап, оның өршіл, үмітшіл талабын осылай көрсетеді.

Қожа мінезінде, оның істерінде, балалық қылығында ешқандай жасандылық жоқ. Қожа жайлаудан келе жатқан сапарында «Жаңа өмір» колхозының шөп шабыс науқанына қатысқан кластас достарына кездеседі. Үлгілі еңбек еткен оқушылармен бұлда суретке түседі. Мақсаты не ? әйтеуір Республиканың  жұртына көппен біңрге танылуы.

«Есер баладан, ерке бала жаман». Қожада есерлік те, еркелік те жоқ. Ақыл- ой, білім-парасат, мінез-құлық жағынан қатардағы жолдастарынан биік. Қожаның асығатыны да, аңсайтыны да ертеңгі болашағы. Ол сол үшін өмір сүреді, ол сол үшін қимыл- әрекетте, қозғалыста жүреді.

Қожаның жан сүйер жақсы досы Сұлтан. Сұлтанның жағымсыз істері аз емес, ең үлкен айыбы оқуды тастап кеткені, жаман әдеттерге жуықтап, өтірік айтуға бой ұрған. Жеңіл-желпі ұрлық жасауға да дағдыланған. Қожаны баули бастаған да  Сұлтан.

Жақсы  қасиеттері де жоқ емес. Ол өзі деген адамға, жолдасына көмек беруден тартынбайтын, соған батылдығы жететін жомарт бала. Мал шаруашылығына бейімделінген.  Асауға құрық салып, шалманы дәл тастайды. Ол неше саққа жүгіртіп әнші  құстарша ысқыра біледі. Тәрбие жоқтығы әсер етеді.

Повесте мектеп пен ата-аналар байланысы суреттелген. Коллективтің күші, ықпалының балаға әсері көрсетілген. Коллектив талқысынан соң, Қожа өзіне үлкен міндеттеме алады да, іс жүзінде асыруға шұғыл бетбұрыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы.                                        

Оқытушы: Жұматаева З.Ж.

Күні:    

Топ:    

Сабақ типі: Аралас сабақ                                                                    

Әдістері: сұрақ- жауап, баяндау,  ойландыру, эссе, топтастыру   т.б.

 

Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев.                                                                          

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет беру,  балаларға арнаған әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Ойын дәл, нақты тұжырымдап айтуға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

Әңгімелерін талдау арқылы балаларды достыққа, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Әдебиеттер:  Ахметов Ш. “Қазақ балалар әдебиеті”. А, 1980 ж.

                    Ахметов Ш. “Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы”. А, 1980

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.                       

І.  Өмірі мен қызметі.

ІІ. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бектас образы.

ІІІ. «Жекпе-жек» повесі.

IV. «Менің атым-Қожа»  повесі.

V. Б.Соқпақбаев- балалар әдебиетінің бәйтерегі.

1. «Менің атым Қожа» повесі бойынша сұрақтар
 Қожаның анасының аты (Милат)
 Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира)
 «Менің атым Қожа » повесі аударылған тіл? (Француз тілі)
 «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? («Өзім туралы повесть»)

«Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша сұрақтар
 «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бердібектің інісі (Тұрдыбек)
 Осы повестің «Менің кербез жеңгем» бөліміндегі Бердібектің өнерлі жеңгесі? (Әлиман)
 Повестегі Бердібектің нағашысының өзімен жасты баласының аты? (Рамазан)
 Бердібек туған аудан орталығы (Нарынқол)

«Жекпе-жек» повесі бойынша сұрақтар:
 Бас кейіпкер бала (Мұрат)
 Мұраттың ауылы (Қызылшекара)
 Мұраттың жаттықтырушысы әрі ұстазы (Николай Трофимович)
 «Қызылшекара» мектебінің директоры (Тоқмолда)

2. Қожаның сұрақтары (Менің атым Қожа повесі желісімен):

1) - Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?

(Қожаның  жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші-төртінші сыныпта оқып жүргенде-ақ мектептен асып, ауылға жайылып, «ақын бала» атана бастаған. )

2) Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?

(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойларынан табанда бас тартуға тура келеді.Бұл екеуінің қарақшылық өмірілерінің бірінші және ең соңғы күні болды.)

3. Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің  мәселесін қарадым?

(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды.)

4. Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қолаң шашына қарап, толқып отырып, ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, «қазір ұтамын» деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті... )

5. Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға  салған  педсовет жиналысы болған.)  

 

3. Топтастыру 

                                      

 

 

 

 

 

 

 


«Бұл кім?»: мінездемелік сауалнамамды ұсынамын:    (кейіпкердің атын және шығарманы атаулары керек)

· Ол - кластағы ең таза оқушы, сондықтан тазалықшы. Қызметіне адал, қатал тазалықшы. Ол-қолымыздың, құлақ, мойынымыздың тазалығын қарайды. Мін тапса, кіргізбейді. «Бар жуынып, таза боп кел. Тырнағыңды сояудай етпей, алып кел»- деп үнемі ескерту айтады.  («Балалық шаққа саяхат», Майра)

· Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді... (Миллат, «Менің атым Қожа»)

«Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы:

· …Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?.. (Сұлтан, «Менің атым Қожа»)

· ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма...   (Қожаның әжесі, «Менің атым Қожа»)

· ...О,жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып амалсыз бара жатырмын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей тығып алам... (Бердібек, «Балалық шаққа саяхат»)

· ...Шеше, сіздің балаңыз жайында ойымдағымды мен де айтайын. Балаңыз адам болатын бала. Жақсы бала. Әттең, бұдан гөрі басқадай ортада тәрбие көрсе, алысқа ұзап баратын жастың тап өзі... (Николай Трофимович, «Жекпе-жек»)

· ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс! (Қожа, Менің атым Қожа)

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.     Өмірі мен шығармашылығы.

2.     С.Сарғасқаевтың шығармаларындағы пионер ұйымының суреттелуі.

3.     «Сұлутөрде достар көп» повесі, мәні.

(слайд арқылы түсіндіру)

 

IV.  Бекіту.  

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 


V. Қорытынды: 

С.Сарғасқаевтың балаларға арналған шығармаларында табиғат суреттері, бітім-болмысы әрқилы образ-характерлер, түрлі кескін-келбеттер, көптеген кейіпкерлердің тек өздеріне ғана тән мінез-қылықтары, өзіндік тіршілігі мен соған сәйкес тұрмысы, тағдыр жолдары – бәрі де балалар ұғымына ауырлық келтірмейтіндей жеңіл, кестелі, нанымды.

VII. Үйге тапсырма: Әңгімелерін оқу.                                                

 VIIІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

«Менің атым Қожа» повесі бойынша сұрақтар
 Қожаның анасының аты (Милат)
Ø
 Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира)
Ø
 «Менің атым Қожа » повесі аударылған тіл? (Француз тілі)
Ø
 «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? («Өзім туралы повесть»)
Ø

«Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша сұрақтар
 «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бердібектің інісі (Тұрдыбек)
Ø
 Осы повестің «Менің кербез жеңгем» бөліміндегі Бердібектің өнерлі жеңгесі? (Әлиман)
Ø
 Повестегі Бердібектің нағашысының өзімен жасты баласының аты? (Рамазан)
Ø
 Бердібек туған аудан орталығы (Нарынқол)
Ø

«Жекпе-жек» повесі бойынша сұрақтар:
 Бас кейіпкер бала (Мұрат)
Ø
 Мұраттың ауылы (Қызылшекара)
Ø
 Мұраттың жаттықтырушысы әрі ұстазы (Николай Трофимович)
Ø
 «Қызылшекара» мектебінің директоры (Тоқмолда)
Ø

Қожаның сұрақтары (Менің атым Қожа повесі желісімен):

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?

(Қожаның  жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші-төртінші сыныпта оқып жүргенде-ақ мектептен асып, ауылға жайылып, «ақын бала» атана бастаған. )

Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?

(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойларынан табанда бас тартуға тура келеді.Бұл екеуінің қарақшылық өмірілерінің бірінші және ең соңғы күні болды.)

Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің  мәселесін қарадым?

(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды.)

Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қолаң шашына қарап, толқып отырып, ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, «қазір ұтамын» деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті... )

Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға  салған  педсовет жиналысы болған.)  

 

туралы   «Бұл кім?»: мінездемелік сауалнамамды ұсынамын:    (Оқырмандар кейіпкердің атын және шығарманы атаулары керек)

 

·       Ол - кластағы ең таза оқушы, сондықтан тазалықшы. Қызметіне адал, қатал тазалықшы. Ол-қолымыздың, құлақ, мойынымыздың тазалығын қарайды. Мін тапса, кіргізбейді. «Бар жуынып, таза боп кел. Тырнағыңды сояудай етпей, алып кел»- деп үнемі ескерту айтады.  («Балалық шаққа саяхат», Майра)

·       ...Ол кей-кейде үлкейгенде мамасына ұқсап дәрі беруші болуды арман етеді. Ал кейде одан айнып, Наталья Петровна тәрізді мұғалім болсам дейді. Тағы бірде аспандағы самолетті көріп, ұшқыш болғысы келеді. … (Аяжан  «Аяжан повесі»)

·       ...Қайран, жеңгем! Үй ішін дәл сендей ретті, таза ұстайтын адам бар ма екен? Осындағы кез – келген заттан, төсектің, жүктің жиналуынан мен сенің өнерлі, бипаз қолыңды ап-анық танимвн... (Әлиман, «Балалық шақа саяхат»)

·       ...Қыз кезінде көрікті болыпты. Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл шырайлының әдемісі болғанға ұқсайды. Ал мен ес білгелі ол науқасшаң. Ауру мен жоқшылық қоса қабаттасып құр сүлдері қалған. Отырса, тұрса, аузынан ойбайы түспейді. Соған қарамастан күні кешке қыбыр-қыбыр қимылдаумен болады. Жоқты бар етіп түтін түтетеді (Әсбет, Балалық шаққа саяхат)

·       ...Үйдегі әйелге тән жұмыстың бәрін де, Зәуре жоқта сол тындырады. Ертеден қара кешке тыным  алғанды білмейді. Табиғат оны жасаған кезде мәз болып, күліп отырса керек. Ол-жомарт табиғаттың аузынан жаз күніндей жайраңдап түсе қалған. Салдырлаған ақ көңіл ашық адам. Көрген-білгенін айтып сап, қарап отырады. (Бөпке әже, «Балалық шаққа саяхат»)

·       Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді... (Миллат, «Менің атым Қожа»)

 

«Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы:

 

 

…Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?.. (Сұлтан, «Менің атым Қожа»)

·       ...Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды...  (Қожа, «Менің атым Қожа»)

·       ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма...   (Қожаның әжесі, «Менің атым Қожа»)

·       ...Текес, сен мені балығыңмен асыраған, шынықтырған анам болсаң және бір мені осы жарық дүниеге алып келген анам үйде хал үстінде. Ол-дағы өзің секілді аяулым, қимасым еді. Сол асыл анам бұл дүниенің тізімінен сызылуға жақын жатқан секілді. Осы бір мен үшін тіл жетпес ауыр кезеңді мен оның шырағы жалп етіп сөнген шағын көзбен көріп, шыдай алар емеспін.... (Бердібек, «Балалық шаққа саяхат»)

·       ...Құдай жолыңды түсіріп, келіп қалған екенсің. Тай мінгізіп жіберер ек, шама жоқ. Тым құрса, жейде киіп кет. Ана жылы Сарыбастауда оқып жүргеніңде ашумен үстіңнен қара шапанды сыпырып алған едім. Қайтейін, қу жоқшылық адамға не істетпейді? ....Құдай қосса, әлі-ақ адам боласың. Адам болды деген міне, осы... (Әлиман, «Балалық шаққа саяхат»)

·       ...О,жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып амалсыз бара жатырмын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей тығып алам... (Бердібек, «Балалық шаққа саяхат»)

·       ...Өліп едім, тірілдім. Өшіп едім, қайтадан жандым! Құдай айдап әкелген мына ақжолтайымның арқасында құлағым ашылып, тағы да адам қатарына қосылдым... (Ораздың шешесі Күлиша «Аяжан»)

·       ...Ыдырыс, тағы да сен бе? Тұншықтырып өлтірдің ғой сығыр құдай. Қақтамай, қоя тұршы. Жатар кезде жайсаң да кебеді ғой. Тым болмаса, пешке тақамай, әрірек жай...  (Әсбет, «Балалық шаққа саяхат») 

·       ...Шеше, сіздің балаңыз жайында ойымдағымды мен де айтайын. Балаңыз адам болатын бала. Жақсы бала. Әттең, бұдан гөрі басқадай ортада тәрбие көрсе, алысқа ұзап баратын жастың тап өзі... (Николай Трофимович, «Жекпе-жек»)

·       ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс! (Қожа, Менің атым Қожа)

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы пәнінен "Бердібек Соқпақбаев" тақырыбы бойынша лекция"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2018 6756
    • DOCX 87 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуматаева Зибагуль Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46210
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Блокчейн и биткоин: технологии для начинающих

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Контроль качества и обеспечение экологической и биологической безопасности в области обращения с отходами

Инженер по охране окружающей среды

300 ч.

6500 руб. 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Слесарь-ремонтник

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек