Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБаланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)

Баланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)

Скачать материал

Ата-аналар жиналысы: «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Көрнекілік: «Менің отбасым»(буклет),бәйтерек суреті,нақыл сөздер,слайд,карточкалар.

Жиналыс жоспары.

1.    Ұйымдастыру

2.    Кіріспе сөз.

3.    Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)

4.    Әңгімелесу-Миға шабуыл.

5.    Слайд: «Таңғажайып ертегі»

6.    Балалық шағымызға ораламыз.

7.    Жағдаятар

8.    Бақытты отбасының бәйтерегі.

9.    Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

 

Жиналыс барысы:

1)Ұйымдастыру.

2)Кіріспе сөз.Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.

3)Негізгі бөлім: Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» тест. Олар балалармен қарым-қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.

-Мен саған қанша рет айтамын? -Маған кеңес бере ғойшы,айналайын! -Мен сенсіз не істер едім?! -Бұл не тағы? -Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? -Кімге тартқан бәлесің өзің? -Мен сендей кезімде.. -Сен менің тірегімсің,қолқанатымсың! -Сенің жаныңдағы қандай достар осы? -Сен не ойлап отырсың ? -Ұлым (қызым),сен қалай ойлайсың,жұрттың баласы бала сияқты,ал сен болсаң… -Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауптары: 7-8 балл-Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да,ол сізді құрметтейді.Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

9-10балл-Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді.Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11-12балл –Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді,бірақ ол,ата-ананың аялы алақанына,жылы сөздеріне зәру. 13-14балл-Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстаңған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз.Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар-оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз,оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата-ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

4)Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)

Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарыныпа сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз,қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

5) Қазір «Таңғажайып ертегі» слайдын ықыласпен көріңіздер. Осы аңыздың мәні неде? Ол бізді не нәрсеге үйретеді? Слайд: Мұғалім: Бір бала,жарық дүниеге келер алдында құдайдан сұрайды Слайд көру. Мұғалім:Сонымен құрметті ата-аналар,жарық дүниеге келген мына бала сіздердің ықпалдарыңызда және қамқорлықтарыңызда болады. Сіздер оның 1-ші әрбиешілері боласыздар.

 

Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды.Қандай болмасын ,бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер,өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты-бақыт деп санайды,басқасы құрмет пен даңқ,үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады. 6) «Балалық шағымызға ораламыз» Мұғалім: а)«Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» (ата-аналар естеліктеріе айтады) ә) Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз? 7) Жағдаяттар шешу. 1)Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты киноға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында конфликт туындады.(ата-ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс) 2) Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.(Бала еркелеткенді,мақтағанды ұнатады.Оны жиі мақтап,аялап,еркелетіп тұру керек.) 3)Ата-ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды.Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты.Оған жүйектерді арам шөптен тазарту,бұлақтан су әкелу ұсынылды.Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді.Айқайлап ,жұрттың жұмысына кедергі келтірді. (Бала өз отбасындағы барлық жұмыстарға қатысуға тиіс) 8) Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа бекітеді. 9) Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер (оқылады) таратылады. Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.

Жауап байланыс парағы:

1.    Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

2.    Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

3.    Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Баланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)

 

Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.

5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест. Олар балалармен қарым - қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
- Мен саған қанша рет айтамын? - Маған кеңес бере қойшы, айналайын! - Мен сенсіз не істер едім?! - Бұл не тағы? - Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? - Кімге тартқан бәлесің өзің? - Мен сендей кезімде.. - Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! - Сенің жаныңдағы қандай достар осы? - Сен не ойлап отырсың? - Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… - Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 - 12балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 058 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2015 4277
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Старовойтова Александра Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56873
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 857 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психосоматика детей и взрослых: психологические аспекты различных заболеваний

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек