Инфоурок Другое Научные работыБастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Шымкент  қаласы
		Қазақстанның  зият...

    1 слайд












    Шымкент қаласы
    Қазақстанның зияткерлік “Бәйтерек” мектебі
     
     






    Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А.Е.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы
    танымдық қабілеттерін дамыту

  •  
 
 


Ойынның негізгі мақсаты - баланы  қызықтыра отырып білімді берік меңг...

    2 слайд

     
     
     


    Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту, ойын ойната отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, қисынсыз ойлауға дағдыландыру.
     
     

     

    Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау;
    бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, әдістемелік жинақ дайындау;
    дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру
     
    Мақсаты:
    Міндеті:

  •  
 


1. Кіріспе 
 
2. Негізгі бөлім 
а) Дидактикалық ойындардағы  іс-әреке...

    3 слайд



     
     


    1. Кіріспе
     
    2. Негізгі бөлім
    а) Дидактикалық ойындардағы іс-әрекет
    ә) Ойынды өткізу түрлері
    б)Ойын арқылы іске асатын дағдылар
    в)Ойынға қойылатын талаптар
    г) Сабақтардағы ойындарды пайдаланудың тиімділігі.
     
    3. Қорытынды
     
     
     
     
     
     
    Жоспары:

  •  
Кіріспе        
     Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемле...

    4 слайд

     
    Кіріспе
    Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында саналы да сапалы біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман дайындау делінген.
    Ұлы жазушы М.Әуезов: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім», -деген екен. Олай болса, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты бағыттарының бірі-білім.
    Кеше ғана көк туын желбіретіп, шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында –мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы –Ұстаз тұрады.
    Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез бейімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет.

  • Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының  нарықтық  эко...

    5 слайд


    Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты
    өзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез биімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет. .
    Мұндай жағдай іс жүзінде асу үшін мектеп бітіргендерге арналған әр түрлі түсіндірме ( радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша осы мақсатта мектепке келген күннен бастап, жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.
    Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі мектепке дамыта оқыту мәселесін алып келді деп ойлаймыз.
    Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.Оқушының ойлауы дамуының маңызы шарты-оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп-салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстырусияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
    Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.
    Ал оқушылардың өз бетінше жұмыстарына стандартты емес тапсырмаларды қосып отыру ұсынылады.


  • Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық,...

    6 слайд

    Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.
    Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т.б.) олармен жеке- дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
    Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, танымды ізденімпаздығы қалыптасады.
    Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады
    Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді.






  • Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пән...

    7 слайд

    Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
    Мұның бәрі дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттігін дәлелдейді.

    Іс-әрекет
    Коммунткативті
    Таным
    Оқу
    Шығармашылық
    Ойын

  • Ойын  технологиялары - оқу-тәрбие  мiндеттерiн  шешуге  бағытталған  әр түрлi...

    8 слайд

    Ойын технологиялары - оқу-тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған әр түрлi
    ойындарды қолдануды көздейтiн дидактикалық жүйелер. Бала сөздiгiне жаңа сөздер
    енгiзуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтерi
    де ерекше дамитындығын байқадым.Әсiресе, қазақша сөздердiң құрылымдарын
    байқататын
    лексикалық жаттығулары бар дидактикалық ойындар барысында балалардың ойлау,еске сақтау қабiлеттерi жетiле түстi.
    Ойынды өткізу түрлері
    Жалпы
    Топтық
    Жекелей
    Ұжымдық
    Жұптық

  • Бұл  ойындардың  негізін  заттар  мен әрекеттер, сөздік  тапсырмалар құ...

    9 слайд

    Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.Ойындардың iшiнде берiлiп отыратын сәттiк ойын-тапсырмаларды әр түрлi вариантта оңтайлы ұйымдастыру балалардың сөздiк мөлшерiн бекiтiп отырады, әрi оларды сөйлегенде еркiн қолдануына бағыт бере түседi. Сөздiң құрылымдық жағын аударуға үйрететiн жаттығулар қолдану да тиiмдi екенiн көрсеттi. Мысалы: “Сөздi қысқартып айт”(үйшiк-үй,балақай-бала, құлыншақ-құлын…) “Екi сөзден бiр сөз құра” (су құй - суқұйғыш, шаң сор- шаңсорғыш…) “Сөзге не қосылған” (қала-қалашық, бота-ботақан, ән-әншi, дәрi-дәрiгер….) , “Сөз сыңарын
    Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес төмендегідей түрлерін қолданып отырдым.
    Ойын-тапсырмалар
    «Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам – тiгiншi…..).
    Ойын–жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

  • .
Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды  бейнелейді, бірақ  олар...

    10 слайд

    .
    Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету.
    Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?.....», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді.
    Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
    Ойын-өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз жиі кездесетін ұсақ өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты орындалады. Мысалы, «Қаламақ» ойнаушының қалауын тақпақтата білдіретін ойын-өлеңдер қатарына жатады. «Алма кетті домалап, өзен бойын жағалап........
    Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.

  • 11 слайд

  • Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды қарастырады. Әртүрлі...

    12 слайд


    Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды қарастырады. Әртүрлі іс-әрекетімен ашық бейнелермен қызықтырады. Ойындар арнайы дайындықты қажет етпейді. Ойын-саяхат табиғат мезгілдері, табиғат құбылыстары «ауыл», «қала», «көлік» сияқты ұғымдар туралы белгілерін бекітіп, ертегілер мен мультфильмдерге қызығушылықтарын дамытады.
    Бұл этюдтерде балалар тәтті жемісті, нанды, ғажайып ағашты кезіктіреді. Педагог балалардың қабылдауын қалыптастырып сөздерін іс-қимылмен байланыстыра білуге үйретеді. Балалар шыршаны әшекейлеп, торт пісіреді. Бұл тұрмыстағы этюдтерді әртүрлі сабақтарда пайдаланамыз.
    Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.

    Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
    1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
    2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

  • 2.	Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе...

    13 слайд

    2.Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар.
    Мысалы: Ти десем тимейді,
    Тиме десем тиеді. (ерін)
    (Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса)

    «Сөзтізбе» ойыны.
    Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
    Мысалы: Көйлек – кеме – ерін – наурыз – заман - ................
    (бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) 20 сөз жазып шықса, сол жеңімпаз болып саналады).
    Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын-есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
    .
    3. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
    4. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

  • 14 слайд

  • 1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
  Мысалы: Алматы, Астана...

    15 слайд

    1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
    Мысалы: Алматы, Астана, Ақтау, ... (Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау).
    2. Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
    Мысалы: (а) Шағала, Тамара, Тамаша, ...
    (ы) Ыдыс, Ыдырыс, Ыстық, ...
    (і) Ілгіш, Ірімшік, Тіршілік, ...
    (е) Береке, Текемет, Ертең, ...
    3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.
    Мысалы: қазақ, нан, керек
    «Кім жылдам?» ойыны

  • .


     Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жазыңдар.

      1.  Р, о, б...

    16 слайд


    .


    Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жазыңдар.

    1. Р, о, б 4. а, ш, а, ғ
    2. т, р, е, м, е 5. қ, ы, а, з,қ
    3. а, л, а, д 6. і, м, б, л, і

    Тақтаға заттардың, жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал- мәтелдерді кім біледі?
    (Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).
    .



    Ішінде антоним сөздер бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.
    1 . Үйдің .............- .............қыс түскенде білерсің .
    Кімнің ..........- .............іс түскенде білерсің.
    2. Ашу- .........., ақыл- .............
    (Оқушыларға антоним сөздердің мақал – мәтелдердегі орны туралы айттырамын).


    «Адасқан әріптер» ойыны
    «Жалғасын тап» ойыны
    «Кім білгір?» ойыны

  • 7. Сиырдың сүті қай жерінде?
         8. Қандай бала сүймелі?...

    17 слайд

    7. Сиырдың сүті қай жерінде?
    8. Қандай бала сүймелі?
    9. Қандай кілт аспанда болады?
    10.Тауық түс көреме екен?
    «Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны.
    Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі, ойынға қатысушылар оларды қатыстырып әр қайсысына бір сөйлемнен жазу керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайлаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.
    «Кім жылдам?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
    1......... ......... шығады,
    ........ ......... шығады.
    2. ........ ......... ортақ,
    ........ ......... ортақ
    3. ........ ......... –бал,
    ........ .........- бал.

    1. Қар жана ма?
    2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзіқандай?
    3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
    4. Бір қазанға симайтын қандай бастар?
    5. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді? Сонда қалай?
    6. Адамның қай жерінен нан піседі?
    «Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны
    «Кім жылдам?» ойыны

  • Қорыта келе, сабақта ойын элементтерін қолдануда, мынадай нәтижелерге қо...

    18 слайд




    Қорыта келе, сабақта ойын элементтерін қолдануда, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:


    1.Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады
    2.Жеке тұлға қалыптасады
    3.Баланың шығарма
    шылық қабілеті дамиды
    4.Өз ойынан жаңа ойын құрастырып шығарады

    5.Ойын кезінде бала өз ойын еркін айта алады.

  • Қорытынды

       Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын элементтер...

    19 слайд

    Қорытынды

    Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:
    Ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылар тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды. Мен оларға тек бағыт беріп отырдым. Мұндай тапсырмаларды жүйелі, мақсатты түрде оқушыларға ұсыну арқылы олардың ой белсенділігін, өз бетінше ойлауын, оқу тапсырмаларына деген шығармашылық қарым-қатынасын арттырдым.
    Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойындардың алатын орны мен мазмұнына талдау жасап, оның оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білімдерінің тереңдеуіне негіз болатындығын анықтадым, сабақтарда қолданылатын ойын түрлерінің құрылымын ұсындым.
    Дәстүрлі сабақтарға қарағанда ойын технологиясын қолдану арқылы жүргізілген сабақтар арқылы оқушылар сапалы және терең білімге жететінін анықтадым. Яғни ойынды ойната отырып, берілген тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырдым, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырдым, сөздік қорларын молайттым.
    Сабақта дидактикалық ойынды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырдым, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал еттім.
    Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиеледі. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапымнан жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуына себін тигізді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастық мәні неде екенін түсіне бастады. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келді.

  • Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайд...

    20 слайд

    Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылды.

    Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін – осы ойын».


    Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастады. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартты. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер етті. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықтарын қалыптастырды.

  • Пайдаланған әдебиеттер

1.Г.Нұрмаханова «Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәти...

    21 слайд

    Пайдаланған әдебиеттер

    1.Г.Нұрмаханова «Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі»
    «Бастауыш мектеп» журналы №10, 2004 жыл
    2.Г. Бекова «Шығармашылық ізденістер» «Бастауыш мектеп» №2, 1998жыл
    3.Е. Тұрсынбаева «Танымдық қабілетті дамыту және шығармашылық
    жұмыстарды ұйымдастыру» «Мектеп директорының орынбасары» журналы №4, 2004жыл
    4. Г.Каримова « Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш білім №2,2008 ж.
    5.Г.Алпысбаева, А. Әбуова «Тіл сабақтарында ойынды пайдалану әдістері» (1-4 сыныптар), Алматы – 2008 ж.

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.03.2017 7503
    • PPTX 517.1 кбайт
    • 218 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айгерим Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айгерим Ермековна
    Ахметова Айгерим Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20460
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой