Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Бастауышым балбұлағым" 4 сыныппен қоштасу

"Бастауышым балбұлағым" 4 сыныппен қоштасу

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5545a809.gifҚош бол, БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:           Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші:            Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші: Ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 А сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.

(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Вальс!!!

Ән:

1-жүргізуші:         Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші:         Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

1-оқушы:                 Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

2-оқушы:                Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді конақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

3-оқушы:                Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

4-оқушы:                Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

5-оқушы:                Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

6-оқушы:                Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

7-оқушы:                Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал.

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе де күймейді,

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді

1-жүргізуші:         Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші:      Шықсын енді ортаға биші қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би:

1-жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

2-жүргізуші:  Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
Көрініс:____________________________________________________

8-оқушы:                   Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан - мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

9-оқушы:                 Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,

Алғысым көп менің!

10-оқушы:                Анамдай сүйем мен,

                Шеберін ғылымның.

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің,

Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым!

11-оқушы:                Сүйікті мұғалім,

                Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын,

Сүйікті мұғалім!

Ән:

Оқушы:                Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Оқушы:                Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

Әр жыл сайын қаруланып білімнен,

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,

Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!

Оқушы:                Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Оқушы:                 Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Оқушы:                Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

1-жүргізуші : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би:

1-жүргізуші:            Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

2-жүргізуші :


Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқаны,

Төлебидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен

1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

2-жүргізуші: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. 

1-жүргізуші:         Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда.

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Оқушы:                Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Балхия апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

Оқушы:                Білімнің байыбына барып терең,

Зауре апай бастап еді әліппеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.

Оқушы:                Сөз сөйлесе жарқын - ақ,

                Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Куланда Батырбекқызына

Алғыс айтады түлегі.


Ән:

2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.  

1-жүргізуші:   Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................

..............................................................................................................беріледі.

(ата-аналардың ыстық лебіздері)

Би:

Ұстаздар оқушыларға грамоталар ұсынады

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой старостаға

__________мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.

________әншіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

_____________ақ тілекті ақтарамыз.

__________адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр ісіне жауапты ___________

Арманың болашақта орындалар.

Сахнада ойнаса талдырады,

Өлең оқыса жүректі жандырады.

Қалалық олимпиада жүлдегері, атағы бар.

__________артқа өз ізін қалдырады.

Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

_________ - сен еліміздің ертеңісің

Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

______________ сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Үлкені боп келеді жанұяда,

Сөз айтайын ендеше __________

Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас,

Жақсының жақсысын жарияла.

Болашақ біздің жазушы,

Сөз құдыретін танушы.      

________________біз бағалаймыз,

Әдебиеттен бес алушы.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

___________сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.

____________мінекей кезек келді,

Қызыл тілім жыр айтып безектеді.

Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім,

Қаншама бұзық оны десек те енді

___________көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

__________ болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

____________сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Кімге болса да ол ардақты

_______________спортты сүйеді

Мектеп үшін намысты бермей күйеді

Бірақ оның қай жерде жүретінін

Тек бір өзі ғана біледі.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.

Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер

Зымырап өтер-кетер бала күндер.

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.

Бастауышым - балбұлағым,

Лаулап жансың шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен.

Самғап ұшты тау қыраның.

        Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Қош бол, қош бол,

Сүйікті бастауышым!

Ән:

1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектерді шығарып салады)



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Қош бол, БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

 

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров242
Номер материала 531613
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх