Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама: "ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ- БІЛІМ БАСҚАРУ МОДЕЛІ"

Баяндама: "ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ- БІЛІМ БАСҚАРУ МОДЕЛІ"

Скачать материал

ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ-  БІЛІМ БАСҚАРУ МОДЕЛІ.

 

      «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген даналық сөз бар. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – қазақстандықтардың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс, сонымен қатар біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруге тиіс деген міндет қойып отырмыз..

Бұл дегеніміз тілдерді оқыту орталықтарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді білдіреді. Ал орталықтардың негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез- келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

            Олай болса, мақсат айқын, ал біз осы мақсатқа қалай жетеміз деген ой туады?! Менің ойымша, басқару сапасының құрылымын анықтап алғанымыз жөн.

Ендеше, қызметіміздің қай бағыттарын басқарамыз?

Біздер негізгі 4 бағытты айқындадық, олар:

Қызмет мақсаттарының сапасы 

Жасалған жағдай сапасы

Білім беру үрдісінің сапасы

Түпкілікті нәтиже сапасы

Ал, енді осы 4 бағыттың әрқайсын жеке қарастырайық:

Қызмет мақсаттарының сапасы:

 

Қысқа мерзімді перспектива аясында, тактикалық мақсаттардың сапасы;

Жалпы тіл саясаты негізінде , орталықтың стратегиялық мақсаттарының сапасы;

Тікелей мақсаттар-нақты өткізілетін акция, іс- шара мақсаттарының сапасы;

Жеке әрекеттер мақсаттар- жағдаяттық мақсаттарының сапасы.

 

Жасалған жағдай сапасы:

Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру сапасы;

Әдістемелік жұмыстың, өз бетінше білім алу сапасы;

Оқыту үдерісіне қатысушыларды психолого- педагогикалық қолдау сапасы;

Оқыту үдерісінің сапасы;

Дидактикалық, оқу- әдістемелік, материалдық- техникалық базасының сапасы;

Басқару мониторингінің сапасы.

Оқыту үдерісінің сапасы:

Оқыту мазмұнының сапасы;

Оқыту технологияларын жүзеге асыру сапасы;

Жеделдете оқыту бағдарламаларының сапасы;

Сабақты өткізу барысында оқыту үдерісін басқару сапасы;

ББД бағалау жүйесінің сапасы; 

Тыңдаушылардың жеке қабілеттеріне оқыту үдерісін бағыттау сапасы;

Педагогикалық мониторинг;

Оқыту үдерісін ақпараттандыру;

Оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру сапасы

Өндірісті ақпараттандыруды кеңейту арқылы, біз тыңдаушылардың білім сапасын арттырамыз, дағдысын қалыптастырамыз, сабаққа қатысуға қызығушылығын оятамыз, соның нәтижесінде кез- келген жеке тұлғаның өсуі қамтамасыз етіледі.

 Әр тыңдаушының жеке дара өсуі түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Ал түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің көрінісі білім сапасымен сипатталады. Білім сапасы білім жүйесі, алған білімін іс жүзінде қолдана алу, алған білімін ұтқыр қолдана білуімен ерекшеленеді.

Білім жүйесі: өзара әрекет жасау, саналы қабылдау, толық меңгеру,  жүйелеу, тереңдетіп нақты қорыту болып табылады.

Алған білімін іс жүзінде қолдана алу: оқуда практикалық тапсырмаларды орындау кезінде,            өмірлік сипаттағы мәселелрді шешуде пайдалану деген сөз. Бұл жан- жақты толық білім алуға жетелейді. Ал енді, біз 2014-2017 жылдар арасында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ІІ кезеңін жүзеге асыратын боламыз, 3 жылдың ішінде біздер қазақ тілін меңгерген қазақстандықтардың санын 70 % қалай жеткіземіз деген ой туындайды.

Бұл сауалға- жауап, жеделдете оқыту,    «Тіл үйренуші ересектерге қазақ тілін оқытудың мақсаты – тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңіген, ана тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, қазақ тілінің сан-салалы қызметін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу»

Тіл үйретудегі түпкі мақсат біреу – тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету, бірақ оған таза формальды жолмен емес, сол форманың ішкі мағынасын түсініп, орынды қолдана білу арқылы сөйлеуге үйрету.   Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз.Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстанған әдіскерлер Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костомаров, А.Н.Щукин, М.Н.Вятютнев, Г.В.Рогова, Г.А.Китайгородская, И.Зимняя, В.А.Скалкин, Б.А.Лапидус, Н.И.Гез, Э.П.Шубин, И.Л.Бим т.б. бұл әдістің тілді жеделдете үйретуде ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеді. Сол себепті де қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытуда дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалаған. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
   Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
 Семинардың  бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар ересек тіл үйренушілерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
(ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)

  

. Ғалым А.Алдашеваның айтуынша: “Жеке тұлғаға бағытталған оқыту – топтағы әрбір жеке адамның білігі, қабілеті ескеріле отырып, тілді меңгеруіне, лингвоелтанымдық өрісінің кеңеюіне қолайлы, оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін әдістердің, ұйымдастыру формаларының, технологиялардың жиынтығын оқытуда пайдалану дегенді білдіреді, яғни топта қанша адам болса да, олардың әрқайсысының тұлғалық ерекшелігіне қарай сабақтың барысын, әдістемелік тәсілдерді бейімдеу керек болады” Сабақ үстінде тіл үйренушіге қатысы жоқ, олар өмірде қолданбайтын ақпараттардан гөрі олардың әрқайсысының жеке өмірі және қызметімен тығыз байланысты мәселелерді талқыласа, ол тіл үйренушілердің қызығушылықтарын арттырады, қажеттілік тудырады. Тілді меңгеру үшін, тілді оқып-үйрену емес, оны қолдана білуге дағдылана білу керек.

Оқытушы ең басынан бастап тұлғалық қарым-қатынастың моделін тудырып, үйренушілерді сол қарым-қатынас деңгейіне көтеруге тырысуы керек. Оқытушы үшін бұл қатынас оқу қатынасы болып есептеледі, өйткені ол сөйлесім әрекетінің барлық түрлерінің дағдылары мен біліктерін бекіту, қалыптастыру мақсатында оны жоспарлайды, ұйымдастырады, өңдейді және басқарады. Оқытушы жеке тұлғалар арасындағы ерекше қарым-қатынастың үлгісі болуы қажет. Оқудың ең алғашқы күндерінен бастап тіл үйренуші мен оқытушы арасында бір-біріне ашық сенім білдіру, тірек болу, қайырымдылық, көмек көрсету, басқа адамның пікіріне сыйластық пен шыдамдылық таныту берік орын алуы тиіс. Тұлғалық қарым-қатынастың алғашқы сатысында-ақ оған қатысушы барлық жеке тұлғалар арасында тең дәрежелі байланыс қалыптасып, олар бір-бірін тұлға ретінде қабылдауға, өзімен тең санауға тырысулары қажет.

Қатысымдық бағыттағы оқытуға басты қатысушылар – оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші – қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі. Тұлғасыз сөйлеу жүзеге аспайды, сөйлеу әрқашан жеке тұлғалық болады. Кез келген адам басқа адамдардан өзінің табиғи қасиеттерімен ерекшелінеді (өмірлік тәжірбиесі, құндылық бағдары, эмоциясы, қызығушылығы т.б.). Қатысымдық бағдарлы оқыту тіл үйренушінің осындай жеке бас сипаттамаларын ескеруді ұсынады, өйткені тек қана осындай жолмен қарым-қатынас жағдайы жасалуы мүмкін. Дәстүрлі оқытудың ұстанымдарынан алшақтап, әр жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, қатысымдық негізде жүргізілген дәріс нәтижелі болмақ.

 «Тілді білу арқылы оқушының адамдармен қатысымдық байланысы күшейеді. Сөйтіп, өзіне деген ризашылық, мақтаныш сезімі оянады, қоғамның белсенді мүшесі болуға талпындырар алғышарт пайда болады

Басқаша айтқанда, оқушы үшiн тiлдi үйренудiң қажеттiлiгiн түсiну аз, оның тiлдi үйренуiне сенiм туғызу керек. Ол сенiм қазақ тiлiн оқу кезiнде күн сайын өсiп, дамып, нығайып отыруы керек. Тiл үйренушiде ондай сенiм туу, беку үшiн ол тiлдi үйренген нәтижесiн көрiп отыруы қажет. Күн өткен сайын сөздiк қоры молайып, оларды еркiн қолданып, сонымен бiрге оқытушының таза қазақ тiлiнде сөйлеген сөздерiн бiршама толық түсiнген сайын, үйренушiнiң қызығушылығы да арта түседi. Тiлдi оқудың әр сатысында белгiлi нәтижелерге жеткенiн көрiп, бiлiп отырса, үйренушi барған сайын тiлдi оқуға, үйренуге ынталана түседi де, қазақ тiлiн меңгере аламын деген сенiм туады.

 

 

 

 

 

 

Тіл үйренушінің өзін-өзі дамытуы арқылы қол жеткізетін мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.  Хасанов Б. Қостілділік – заманымыздың өскелең әлеуметтік қажеттілігі // Қазақстан мектебі. – 1988 ж.-№7.

2.  Шонанов Т. Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы. – Қызыл-Орда: Қазмембас, 1926 ж.

3. Шаханова Р.Ә. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-теориялық негіздері: пед.ғыл.докт. ...дисс. – Алматы, 2001 ж.

4. Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері (ЖОО 1 курс шетел тілі мамандығы үшін): пед.ғыл.докт. ...автореф. – Алматы, 2007. 47 Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқыту Тұжырымдамасы. – Астана, 2007 ж.

5.  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы // Ана тілі. – 2006 ж. – №23 (808). – 1-7 маусым.

6.  Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқыту Стандарты. – Астана, 2007 ж. 7.  Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқытудың типтік бағдарламасы.– Астана, 2007. – 32 б 53 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері: пед.ғыл.докт. ...дисс. – Алматы 56

8. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова С.Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А.: Print – S, 2005 ж.

9. Алдашева А. “Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу курсы”: тілдік-стильдік ерекшеліктері, әдістемесі. Жинақта: Мемлекеттік тілді үйрету жолдары: теориясы мен тәжірибесі (Ғылыми-әдістемелік семинар материалдары). – Астана: 2004 ж.

10. Оразбаева Ф.Ш. Педагог мамандарды дайындауда мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері // «Мемлекеттік тілді жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары (22-23 сәуір 2004 ж). – Абай ат.ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – №4(10).

11. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005.

12. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – «Ан Арыс» баспасы. – Алматы, 2007 ж.

13. Оразбаева Ф. Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007 ж. – №1.  

14. Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2007 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ- БІЛІМ БАСҚАРУ МОДЕЛІ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2016 1069
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кафизова Актолкын Уразовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кафизова Актолкын Уразовна
    Кафизова Актолкын Уразовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14849
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции