Инфоурок Другое СтатьиБаяндама “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”

Баяндама “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”

Скачать материал

 

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

Тақырыбы: “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”

 

 

                                                             ҚӘБ отырысы

Дайындаған: Есебаева С.Қ.

Нұрлыбаева Г.С

                                                                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

                                                                                                                          

                                                         2020 жыл

 

Тақырыбы: “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”
Мақсаты: 1. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің ойлана білу, шығармашылық қабілеттері артады.
2. Оқушылардың білім сапасын жақсарту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.

Әдісі:
диалогтық сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО технологиясы, интерактивті әдіс.
Күтілетін нәтиже:
1. Шығармашылық қабілеті артады.
2. Өсіп келе жатқан жеке тұлға жан – жақты дамиды.
3. Білім сапасының артуына ықпал етеді.
Көрнекі құралдар: презентация

Инновация – жаңалыққа талпыну – бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық - өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі.

Қазір әдістеме ғылымында оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.

Мұғалім сабақ беруде өз шеберліктерін шыңдап, дамыту үшін жаңа оқу технологиясының алуан түрлерін меңгеріп, оны өзінің күнделікті сабағында қолданып отыруы керек.

 Оқушыларды оқыту бұл бүгінгі күннің талабына ғана емес, ертеңгі күннің талабына да  сай болуы керек. Бұл үшін оқу процесіне жаңа формалар мен оқыту әдістемелері, жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде. Жаңа технологияларды пайдалана білу,  әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу, технологиялық жаңалықтарды пән қасиеттілігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатының бірден-бір жолы. Кез-келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің, оқыту процесінің белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

Оқу процесіндегі негізгі  инновациялық технологиялар :

1.Кейс –технология

2. WEB технология

3. Коммуникациялық технология

4. Ақпараттық технология

5. Интерактивтік әдіс технологиясы

6. Мультимедия технологиясы

7. Телекоммуникация  немесе электронды оқыту технологиясы.

Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады.

Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі.

Технологияның тиімділігі, оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Мұғалім көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.

Оқыту технологиялары оқу процесіне, сабақ түріне байланысты жан-жақты: проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылы оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану, мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады. Орфографиялық, лексикалық дағдыларын қалыптастырады. Компьютер әсіресе, тіл үйренушілердің әр түрлі тілдік жаттығу жұмыстарын орындау кезінде одан көп көмегін тигізеді. Негізінен мына әдіс-тәсілдер қолданылады:

1) Сұрақ-жауап диалогы, тапсырманың мәні компьютердің сұрағына тура жауап беру; сұрақ құрастыру үшін негізгі тілдік мәтін пайдаланылады.

2) Таңдап алынған жауаптар диалогы. Жауап беруші ұсынылған жауаптар тізбегінен өз жауабын таңдайды.

3) Бос орынды толтыруға арналған жаттығулар.

4) Сөздікті қаншалықты меңгергендігін бақылауға арналған жаттығулар: компьютер аударуды керек ететін сөздер тізімін ұсынады; орысша-қазақша жазылған сөздер ұсынылады. Олардың ішінен дұрыс эквиваленттерін тауып, жұп құрау қажет.

Компьютер интерактивті оқытудың жоғарғы сатысын қамтамасыз етеді. Бұл жаттығу жасау барысында оқушының іс-әрекеті компьютердің үнемі әрі тез реакциясы арқылы жүзеге асады. Оқушылар жұмыс қарқының өздері белгілейтін болғандықтан, компьютерлік оқу өз бетімен оқудың принциптеріне толық жауап береді. Мұғалім өзіне қолайлысын, оқушыға тиімдісін ала отырып, оны өз сабақтарында қолдану үстінде кәсіби шеберліктерін арттырып отыруы тиіс.

Оқу – тәрбие процесінде жаңа технологияның кейбір аспектілерін даралап көрсетуге болады:

1.     Оқушылардың оқу үрдісіне қызығушылығын тудыру.

2.     Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оны жетілдіру.

3.     Кең көлемде дамытып, білімді терең игеруіне жағдай туғызу.

4.     Білім сапасын көтеру.

   Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады.

Өйткені, компьютерді басқа құралдармен салыстырғанда оның басымдылығы жоғары:

-         әр түрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде орындай алуы;

-         бейнелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;

-         дидактикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейлігі.

     Тіл меңгертуде компьютерді  қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:

-         тіл үйренушінің өз бетімен жұмыс істей алуы;

-         компьютердегі сілтемелерге сүйене отырып, өз іс-әрекетін өзінің басқара алуы;

-         өз қатесін өзі тексеріп, өзі түзете алуы;

-         тапсырмаларға қайта орала алуы;

Компьютерге үйретуші техника ретінде қарау, оны қазақ тілін үйрету үшін пайдалану мүмкіндігі оқыту үдерісін өзгертті және оқыту әдістемесіне түбегейлі түрде әсер етті. Психологтардың пайымдауынша, сабақта әр түрлі компьютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырады және өз қабілетіне сенімділігін тудырады.

Ғалым Қ.Қадашева былай дейді: “ Жаңаша жаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамыту және деңгейлік оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту оқытудың техникалық және электронды құралдарын жан - жақты пайдаланғанда ғана толық орындалады [1.148]. Бірақ оқытудың жаңа техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

 Бүгінгі күні мультимедиаға ұсынылған жаңа аудиовизуалдық техникалық құралдар әдістемеші қазақ тілі мұғалімдерінің тілді оқытуға жаңаша қарауын және өз әдістерінің жетілдірілуін талап етеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын “оқытудың техникалық құралдары”, “лаборатория” ұғымы – үнтаспа, оқу теледидарын пайдаланумен, лингафон кабинетіндегі сабақтармен немесе техникалық және нақты ғылымдар саласындағы зерттеулермен ғана байланысты болып келді, бірақ тілді оқытуда компьютерді, сондай-ақ интернет желісі ресурстарын пайдалануға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір қазақ тілін  мұғалімдердің қарамағында компьютерлік техниканы қолдануға негізделген ОТҚ-ның (оқытудың техникалық құралдары) бірнеше түрі бар. Ал мұндай күрделі техникалық жүйені меңгеру арнайы дайындықты қажет етеді.

Мұғалім  қазақ тілі сабағында компьютерлік презентацияларды, дыбыс және бейне материалдарды, слайдтарды,қарапайым және күрделі анимациялы графикалық объектілерді пайдалана алады.

Желілік технологиялар мен мультимедиялық үйретуші бағдарламаларды пайдалану тіл үйретудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан компьютердің көмегімен тіл үйренушінің қызығушылығын, ынтасын арттыруға  және әрбір жұмыс барысында қысылмай, өз білімін еркін қолдануына мүмкіндік болады. Мультимедиялық үйретуші бағдарлама тіл үйретуде өте тиімді. Тіл үйренушінің психологиялық, тілдік кедергісін жоюға көмектеседі.Оқыту жүйесіне енгізілген жаңа технология оқытудың тұлғасына, мазмұнына және әдістемесіне әсерін тигізеді. Ол оқытудағы уәждемені және оқыту үдерісіндегі дидактиканы күшейтеді.

Мультимедия –бұл мәтінді, дыбысты, бейнені т.б. біріктіріп пайдалану. Мультимедия – бұл ақпараттық –технологиялық гипертексті құрылым.

Қазіргі заман талабына сай әр түрлі техникалық құралдармен жабдықталған  кабинеттерде тіл үйретуді талап етеді.

Қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз.

Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды ескере отырып, оқушының оқу материалын игеруіне жағдай жасау қажет. Қазақ тілі пәнін оқыту кезеңінде әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық – сабақ барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, қазақша сөз мағынасын ашып айта алмау, өз ойын жаза алмау сияқты кедергілер бар. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ішінде қазақ тілі сабағында «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде мына тақырыпта жұмыс істеп келеміз. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсатымыз:
* Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
*Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
*Пәнге деген қызғушылығын ояту.
* Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.
* Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
Ұстаздың шығармашылық жұмысы сабаққа даярлықтан басталады: сабақтың жоспарын құру, әдістерін ойластыру, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Бұның нәтижесінде оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады, ал бұл шығармашылық.

Біздің  сабақ беретін сыныптарымыз  3-7-8-9 сынып оқушылары болды. Сондықтан зерттеу обьектісі де сол оқушылардың жасына қарап анықталды. Әр сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай өзгеше болады.
Сабақты меңгерту үшін оқушылармен жұптық, топтық жұмыст
арын ұйымдастырамыз. Оқушылар ойланады, ізденеді, біріне-бірі түсіндіруіне болады. Белгілі өзінше бір қорытындыға келеді, сөзжұмбақ, тест сауалдарын құрастырып, эссе жазады. Осы тәсіл арқылы көп нәтижеге қол жетуізуге болады. Мысалы, 8-сыныпта «Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік» тақырыбын өткен кезде, төмендегіше түсіндіруге болады.
1-кезең. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі

2-кезең. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде жаңа тақырыпты алдыңғы өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақ мақсатын ашу үшін Абай атамыздың “Қырық бесінші сөзінен”алынған“ Әділет, сезім махаббат кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ақыл” деген сөздерің сабақ эпиграфы етіп алып, мұндағы грамматикалық негіздерді тапқыздым, құрылымын, құрмалас сөйлемнің түрін анықтап, жаңа сабақтың атауын шығарамыз, мақсатын ашамыз.

3-кезең.“Мағынаны тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы тақырыпты берілген алгоритммен өздігінен топта меңгереді.

*Суреттеңіз: Сабақтас құрмалас сөйлем дегеіміз не?

*Зерттеңіз: Берілген сұрақтар арқылы құрмалас сөйлемдер туралы айтып беру.Сызбамен танысып, түсіндіру (оқулық бойынша).

*Салыстырыңыз: Сабақтас пен салаласты салыстырыңыз“Венн” диаграммасын қолдану арқылы. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты жүзеге асыруға болады.

*Қолданыңыз: Сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.

Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс эссе «Құрбыма хат»: Өздерің сияқты құрбыларыңа осы сабақ эпиграфында айтылған даналық сөздердің мәні туралы айтып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, құрбыларыңа хат жазып көріңдер.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “5 минуттық эссе” жазғыздым. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Рефлексия. Шағын тест сауалдарымен жұмыс жүргізіледі.

Қорытынды. “Не білдім? Нені білгім келеді?” кестесін толтырады.

Бағалау парағы арқылы білімдерін топ басшылары бағалайды.

Аты-жөні

Үй тапсырма

“Дөңгелек үстел”

“Кубизм”

120-ж.

121-ж.

Эссе

Тест

Қорытынды



Сабақтың қай құрылымында болмасын мұғалім  осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын сабақтарымызда қолдану арқылы кәсібімізднің қыр сырына тереңдей түстік. Бұрын маған тимеңіз деп партаның ең соңында отыратын оқушылар , өз пікірін айтуға, егер мұғалім оны қолдап жатса, сыныптастарының алдында мақтаныш пайда болып, сабаққа қызу араласатын болды.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды еңгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең өскен кезде де біздің түлектер ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса екен дейміз.

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқан. Сабақ беру - өнер.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 827 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2021 2257
    • DOCX 34.3 кбайт
    • 78 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есебаева Сауле Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есебаева Сауле Куанышбаевна
    Есебаева Сауле Куанышбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44393
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе