Инфоурок Другое СтатьиБаяндама тақырыбы "Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазақ тілін оқытудың негізі"

Баяндама тақырыбы "Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазақ тілін оқытудың негізі"

Скачать материал

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазақ тілін

оқытудың негізі

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.   Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.

   Қазақстан Республикасында білімін беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру процессінің барлық қатысушыларның үздік білім беру ресурстары мен технологияларны тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

  Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс екендігі бізді әртүрлі сұрақтарға жан-жақты дайын болуымызды талап етеді.

  Мектепте оқылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды.

  Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір Қазақстандық үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіру қажет етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру мектеп мұғалімдерін жан-жақты дамыған, жаңашыл, жасампаз болуын талап етеді.

  Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасына жаңартудың орындылығы туралы ақпаратпен таныстыру мақсатында қазақ тілі пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған. Сондай курстардың бірі Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдеріне арналған курс. Курс мерзімі  18 шілдеден 12 тамызға дейін Жаңа тұрмыс ауылы Қазақстан орта мектебінде өткізілді. Курсқа жан-жақтан келген 35 мұғалім жиналды. Сабақтарымыз аптасына 5 күн, сағат 9.00ден 16.30ға дейін өтеді. Оқуымыздың алғашқы күні оқу бөлімінің әдіскері Гульжан Мухаметжанқызы мұғалімдерді құттықтай отырып, курстың мақсаты және сабақ беретін тренеріміз Меруерт Кенжегуловна Бисенбаевамен таныстырды. Курс барысында біз, және ұстаздар қауымы өзіміздің күрделі және қызықты жұмысымызда қандай жұмыстардың жүктелгенін тағы бір рет сезіндік.

   Біліктілікті арттыру курсы барысында біз мұғалім қолданатын негізгі оқу құралдары: курстың білім беру  бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық және мұғалімдерге арналған критериалды бағалау басшылығындағы негізгі құндылықтарды оқып үйрендік. Мұғалімнің біліктілігін арттыру бағдарламасында біз Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың орындылығы туралы ақпаратпен таныссақ, ал нұсқаулықта орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер мен бағалау моделі туралы теориялық материалдармен қатар теорияны мұғалім өз тәжірибесінде қалай қолдана алатындығы туралы тәжірибелік кеңестермен таныстық.

  Курстың алғашқы күні мұғалімдер арасында кезекші кестесі құрылып, кезекшілердің атқаратын жұмыстары таныстырылды. Күндегі сабақтарымыз топпен жұмыс түрінде өтті. Меруерт Кенжеғұлқызы өткенді қайталап пысықтау мақсатында «Ыстық орындық»,  «Мина», «Бес саусақ» әдістерін пайдаланды. Әртүрлі психологиялық тренингтерді өткізіп отырды. Мұғалімдер топтарға бөлініп, берілген тақырып бойынша постер қоғадық. Мысалы: «9 ромб» әдісі арқылы оқиғаның маңызды немесе маңызды емес жерлерін оқушыларға түсіндіру жолдарын анықтадық. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі проблема, аргумент, факт, туындайтын сұрақ және ол сұраққа жауап және қалай қорытынды шығару керектігін үйрету жолдарын үйрендік.

  Сабақта «Үштік одақ», «Хикая картасы», «Ара әдісі», «Эмоция кестесі», «Прожектор әдісі» «Қарым-қатынас аймағы», «Оқиға тауы» әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларға білім беру жолдарын үйрендік.

   Критериалды бағалау кезінде оқушының оқу үлгерімі алдын-ала белгіленген китерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенетіндігі, онда дескрипторлардың алатын орнының ерекше екендігі туралы білім алдық. Курс барысында адам бойындағы рухани құндылықтар, дағдылар, оқушыларды бағамдаудың әдіс-тәсілдерімен таныстық.

  Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытуда 4 тілдік дағдының орны, оқушыларда орын алатын уәждің, коммуникативтік әдіс-тәсілдердің маңыздылығын оқып үйрендік. Курс барысында мазмұнын жаңарту шеңберіндегі жоспарлау үлгілері (ҚМЖ, ҰМЖ, ОМЖ) танысып, оларды құрастыруға жаттықтық. 3 аптадан бастап тест сұрақтарына жауап беріп үйрендік.

   Қорыта айтқанда, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі қазақ тілі пәнін оқыту бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының бізге берген құндылықтары мол. Осы үйренген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осыны қолдана білген ұстаз оқушы белсенділігін арттырады, саналы шешім қабылдауға, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйретеді. Үйрету мен үйренудің бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан туатын бұл әдіс-тәсілдер оқушыны білім теңізіне жетелеумен бірге мұғалімнің де тынымсыз ізденісін қажет етеді.

   Осындай  шәкірт пен ұстаздың жетіліп шығуына тренеріміз Меруерт Кенжеғұлқызы зор үлесін қосты.Жастығына қарамастан тілі басқа болса да ділі бір, мақсаты бір ұстаздардың жүрегінен орын тапты. Осындай курстар жалғасын тапса қазіргі қоғамға қажетті, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын, іскер өмірге бейім, бәсекеге қабілетті, алған білімін іс жүзінде қолдана білетін шәкірт дайындау ұстаздардың қолында.

 

Меруерт Кенжеғұлқызы

Өмірлік мақсат-мұраттарыңыз орындалатын ғұмыр парақтарыңыз көп болсын. Сізге отбасылық бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, шығармашылық жаңа жетістіктер тілеймін!

 

 

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы

 Нурхаликова Нарджангуль Абдувайтовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

М.Мақатаев атындағы орта мектеп

 

 

 

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазақ тілін

оқытудың негізі

 

 

 

Орындаған Нурхаликова Наржангуль Абдувайтовна

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы "Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазақ тілін оқытудың негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 423 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2017 3602
    • DOCX 38 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурхалыкова Нарджангуль Абдуваитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12098
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе