Инфоурок Другое СтатьиБілім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің тиімділігі

Білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің тиімділігі

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің тиімділігі.

 

 

«Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия және биология пәні мұғалімі Каратаев Адхам Ташланбекович

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,  халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңдағы мұғалім қандай болу керек? Ол шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін мұғалім деп, мынадай сызбамен беріп отырмын:

Оқыту         тәрбиелеу          дамыту          қалыптастыру қызметтері арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді. Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады. Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.

Білімнің сапасы, ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде. Білім беру жүйесіндегі шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.

Қазіргі заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар мектеп тәжірибесіне де енгізілген.

Педагогикалық технология бойынша оқушының білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр түрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек.

Біз өз іс- тәжірибемізде көп жағдайда баланың нені білуі немесе нені білетіндігі туралы көп ойлана бермейміз, тек қырық бес минуттағы сабағымызды өзімізше жоспарлағанды толықтай өткізсем, онда мақсатқа жеттік деп ойлайтынмыз, ал шын мәнінде кімге және қалай болды деп ойлана бермейтінміз. Ал осы жаңа тәсілдерді тиімді енгізу барысында, көп нәрседе қателесетінімді түсіндім. Сондықтан мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болатындығын /МАН, 29бет/ білдім.

Сабақ қызықты әрі тартымды өтуі үшін тиімді әдіс-тәсілдің бірі-деңгейлеп оқыту. Бұл технология әдісі оқушылар үшін қандай нәтиже береді?

Деңгейлеп оқыту әдісі сабақтың мақсатына қарай әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың ықтималдығы туралы маңызды ақпaраты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. /МАН,71 бет/  

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушының мынадай іс-әрекеттері жүзеге асады :

– тапсырманы орындауда ұтымды жолдарды қарастыру әрекеті.

– жұмысын жоспарлай білу әрекеті.

– өткен тақырып пен жаңа тақырыпты салыстыру әрекеті.

– тексеру әрекеті.

– қатені түзетуі.

– өзіндік тұжырым жасап, қорытынды жасау әрекеті.

Аталған әрекеттердің жүзеге асуынан оқушылар не алады? Олар төменгі деңгей тапсырмасымен өз бетімен жұмыс істеуге бейімделеді, ойын қорытындылайды

– ортаңғы деңгейлік тапсырма бойынша теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асырады,

– жоғары деңгейлік тапсырмада ойлау, іздену, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті дами түседі, сөздік қоры молаяды, тіл заңдылықтарын қолдануға қабілеттенеді.

Оқыту технологияларын сабақта тиімді қолданған күнде ғана білім

сапасы артады және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағынасына, ерекшеліктеріне қарай таңдап, қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Әрбір оқытушы – жаңалық жаршысы. Ол барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар, оларды халықтың ұлттық дәстүрі үрдісінде адамгершілікке баулу, білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетуіне күш салуды өзінің басты міндеті екенін естен шығармау керек. Сонда оның оқытуы нәтижеге бағытталып, жеке тұлға тәрбиеленеді.

Жаңа технологиялардың тиімділігінен мынадай оң нәтижелерге қол жетеді

-                оқушылар өз бетімен ізденуге үйренеді,

-                оқуға деген қызығушылығы артады,

-                іскерлік дағдысын дамытады,

-                ақпаратты саралауға, жүйелеуге дағдыланады,

-                сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады,

-                мақсатқа өз бетімен ұмтылады,

-                ойлау белсенділігі, тапқырлығы артып, негізгі түйінді табуға машықтанады,

-                шығармашылық белсенділіктері артады.

Сабақ оқушының ой өрісін дамытып, терең білім алуына жағдай жасайды және оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқадан өзі көмек алады. Ақын М. Мақатаев айтқандай «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығады»

Өз іс-тәжірибемде нені пайдаланып жүрмін және қалай? деген сұрақ келер болсақ, білім беру барысында өзім төмендегілерді:

-Диалогтік әңгімеде мұғалім оқушыларды тыңдай білуге және оларға жауап бере білуі тиіс екеніне;

-Алғашқыда қойылатын сұрақтар ғана емес, оқушы жауабынан кейінгі туындайтын сұрақтардың да маңызы зор екеніне;

-Мұғалім оқушылардың жауабын, олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық білдіруге дамытуға, кеңейтуге мүмкіндік беру керек екенін білдім.

- Тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауына жағдай жасау.

Алдағы уақытта оқушыларға топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы өз қатесін өзі таба алатындай етіп, яғни өз бетінше жұмыс жасауына, ізденіспен жұмыс істей алу қабілетін ашуға тырысамын. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі арқылы білім игерудегі бастау нүктесін табу.

 

Сөзімнің соңын Абай атамыздың мына  бір ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді: «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.ҚР Білім туралы Заңы 2007.

2. «Қазақстан мектебі» журналы 2009.

3. «Білімдегі жаңалықтар» журналы №2,3. 2008.

4. Абайдың қара сөздері А. Өнер. 2006.

5. Мұғaлімдерге  aрнaлғaн  нұcқaулық;

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 337 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2016 4472
    • DOCX 46 кбайт
    • 70 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каратаев Адхамбек Ташланбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 79826
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой