Инфоурок Другое СтатьиРухани жаңғыру - жеке тұлғаға рухани тәрбие берудің негізі.

Бұл баяндамада Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында би өнерінің құндылығы туралы жазылған.

Скачать материал

Орал қаласының білім беру бөлімінің

 №37   жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама тақырыбы:

 

«Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани тәрбие берудің негізі»

 

 

(«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы тыңдаушыларына оқылған баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саржигитова А.М – хореограф - маман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2018

 

«Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани тәрбие берудің негізі»

«Би өнері - әлемнің рухани елшісі»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған.

Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыруда кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.

Оқыту,білім беру,тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі - тәрбие.

 Би өнерінің адамды тәрбиелеу  жұмысында маңызы зор. Қазіргі заманда  балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында  би ұжымдары ашылуда. Осы ұжымдардың шығармашылығының арқасында халық  билері жаңа белеске көтеріліп, жас  ұрпақтар эстетикалық тәрбие алып, рухани байлығы көтеріледі.

Қазақстандағы хореография  өнері  ХХ ғасырда пайда болып, халықтың рухани байлығына айналған жаңа көркемөнер түрі. Осы ғасырдың екінші жартысында қазақ биі өнері саласында небір өзгерістер  мен бетбұрыстар жасалды. Би тек қана әсемдік  үшін керек емес, сонымен қатар  бұлшық еттерінің, қаңқа сүйектерінің жетіліп дамуына көп әсерін тигізеді, денеге икемдік және сымбат береді.

Жалпы, би - адамның көңіл күйіне негізделген, музыкалық ырғаққа бағынышты, түрлі қимылдар тізбегімен бейнеленетін өнер. Биде адам баласына тән әсемдік пен әдемілік, өмірге деген көзқарасы мен көңіл күйі көрініс табады. Тек сол көңіл-күйді білдіретін қимыл-қозғалыстарды дұрыс тауып, нақтылы қолдана білу қажет. Ырғақ адамның жан дүниесінің көзге көрінбейтін тербелістерін айқын білдіреді. Ал, халық билерінің тууына әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, тұрмыс-салты, мәдениеті әсер етеді.

Мектеп табалдырығын аттайтын әр баланың өз ерекшеліктері мен қабілеттері болатыны белгілі. Оқушы бойындағы осы бір қабілетті тани біліп, оның әрі қарай дамуына ықпал ететін бірден бір тұлға мұғалім. Осыған сәйкес мен әр сабағымда оқушылардың денені дұрыс қоюдан бастап, сахналық мәдениетті меңгеруіне дейінгі ұстаным бойынша жаттығу жұмыстарын ұйымдастырамын.  Классикалық, халықтық сахналық билердің негізгі элементтерімен танысу оқушылардың бойында ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалдық ықыласын дамытады, олардың биді жетік, мінсіз орындауға тәрбиелейді, жалпы мәдениетті қалыптастырады.

Би – өмір сүру символы.Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді.Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Олардың бұлшықет-қозғағыш аппаратын, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Сонымен қатар, балалардан күш-қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбексүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады.

Классикалық би оқушылардың күш жігері мен зейінін қалыптастырып, еңбекқорлығын арттырады, еріктерін, мінездерін шыңдайды, жеке тұлға ретінде жан жақты дамуына ықпал етеді.           Классикалық биде би келбетінің қалыптасуына үнемі мән беріледі, әсіресе ол төменгі сыныптардағы оқушылар үшін, өйткені осы жаста қозғалыс тәжірибесінің негіздері қаланады.

Халықтық-сахналық би бөлімінде оқушылар түрлі халықтардың ұлттық билерімен танысады. Халықтық-сахналық биге үйрету сол халықтың биін үйрететін ұлтқа тән қолдардың, аяқтардың, бастың позициялары мен жағдайларынан негізгі жүрістер мен қозғалыстардан басталады.   Тиісті позициялар мен қозғалыстарда жеке жаттығатын қозғалыстарда, бастың, дененің айқындығы- халықтық-сахналық билермен одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті іргетасты қалайды.

Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының ізденімпаздық күшімен, қажырлы еңбегімен, талантты талпынысымен пайда болып қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық ерекшелігімен, қайталанбас бет бейнесімен көрермен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазіргі қазақ биі дүние жүзі халықтарының алдыңғы қатарлы билерімен бой теңестіріп, қатар тұра алатын дәрежеге жетті.

Қазақ биі дүниежүзі халықтарының барлық билері сияқты «халықтық сахналық билер» тобына жатады. Оқушыларға қазақ биін үйреткенде мен әрбір бидің тақырыбы туралы, ондағы образдардың қандай болу керектігін оқып үйрену барысында халқымыздың тарихы, тұрмыс тіршілігі, жалпы мәдениет дәрежесі қандай болғаны туралы әңгімелер айтып беріп отырамын.

Әр сабағымда оқушылардың шығармашылық келбетін қалыптастырып, өнерді құрметтеуге, сұлу да, сымбатты болудың сырын ұқтыруға  баса назар аударатындықтан   білім беру үрдісіндегі әдістемелік тақырыбым «Хореография пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау» деп аталады. Өзім сабақ беретін оқушыларымды   сабақтағы негізгі кейіпкерге айналдыра отырып, бидің сиқырлы сырын түсінуіне жағдай жасауға тырысамын.

Өзім жетекшілік ететін «Арухан» би тобында  56 оқушы бар. Оның 30-ы ы үлкен топта  және 26-ы  кіші топта.

Менің тәрбиеленушілерім мектеп өмірінде болып жатырған шаралардың барлығына асқан қызығушылықпен қатысады. Дәстүрлі «Мұғалімдер күніне» арналған салтанатты шарады «Шаттық», «Мереке», «Қыз қуу» билерін билесе, Тәуелсіздік күніне орай өткен шарада «Қара жорға», «Достық» билерін орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Үздіксіз жаттығулар мен жүйелі дайындықтың нәтижесінде аталмыш топтық жеткен жетістіктері де аз емес. Атап айтар болсақ,  қалалық,  облыстық, республикалық және халықаралық  байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. «Арухан» би тобы 2014 жылы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған «Нұрлы Жол» қалалық ашық фестивалінде I орын алса, сол жылы қалалық «Танцевальный калейдоскоп»  фестивалінде II орын иеленді. 2016 жылы қалалық «Танцевальный калейдоскоп» байқауында  II орын алса, қалалық «Өнерлі бүлдіршін-2016» байқауында  I орынға қол жеткізді. Облыстық «Дарын 2016» байқауында  «Арухан» би тобы  III орын, облыстық «Өнерлі бүлдіршін – 2016» байқауында  I орын алды.   2016 жылы IV Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль – байқауында  жүлделі  I орынды иеленді. 2017 жылы облыстық «Танцевальный калейдоскоп»  сайысында I орын иеленіп, сол жылы Халықаралық «Ақ көгершін» балалар фестивалінде  «Арухан» би тобы жүлделі I орынға қол жеткізді.

Өз тәжірибемде әр оқушыны рухани бай, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық  құндылықтармен қаруланған тұлға тәрбиелуге тырысып келемін. Алдағы уақыттарда да сахна мәдениетін түсінетін, өнерді құрметтейтін, сұлулыққа жаны құмар, салауатты өмір салтын өз өмірінің негізіне айналдырған, тән сұлулығына жан сұлулығы сай ұрпақ тәрбиелуді бар ынтаммен жалғасыта бермекпін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рухани жаңғыру - жеке тұлғаға рухани тәрбие берудің негізі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 658 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2018 694
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саржигитова Асемгул Мырзатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1540
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе