Инфоурок Философия Научные работыДана Абай педагогикасының мәні,мұраты,ерекшелігі

Дана Абай педагогикасының мәні,мұраты,ерекшелігі

Скачать материал

                                

                                        Дана Абай педагогикасының мәні,мұраты,ерекшелігі             
            
Педагогика-философмямен тамырлас ғылым.Оны қысқаша пайымдасақ:ол-адамды дамыту жолын айқындаушы  философия. Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды.  Ал,дін дегеніміз адамзатты Жаратушының салған жолынан адастырмай алып жүрер, бағыт-бағдарын нұсқаушы шамшырақ. Діннің негізгі мақсаты—өзі ұсынған теориялық және практикалық ұстанымдардың қоғам өмірінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін көңілі таза адамдарды –КІСІНІ-қалыптастыру, тәрбиелеу. Абай атамызда осы үш ғылым дүниесі өзара ықпалдасып,жымдасып бүтін біртұтас әлемге айналған.Абай дананың  философиялық,   педагоги-калық,  діни-рухани  (дінтану) дүние танымын  «әжептәуір» зерттеп  зерделесек те,    өрнектей сара-лап, бүгінгі таңда, игеру,меңгеру жолын толық көрсете алмай келеміз.Оның басты себебі,  біздің ой шанағымыз,зерделеу қабылетіміз,танып білу шамамыз төмен   болуынан шығар,әрі Дананың  оңай шешілетіндей жұмбақ еместігі,әрі ойшылдың әлемдік денгейдегі биік өрелігі , асқаралы  шыңдардай биіктігінен ,теңіздей тереңдігінен болуы да ықтимал. Әдетте,дана жұмбағын даналар    шешкен.  Абай дананың шығармашылық әлемі өте аумақты,орасан зор көлемді.Дананы бағалаушылар былай тұжырымдайды: «Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық-аждаһаны өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды».  М.Әуезов.
«Абай» журналында Ж. Аймауытұлы «Журнал туралы» деген  мақаласында Абайдың филосо-фиялық дарынына алғашқылардың  бірі болып баға бере келіп, былай деп дәл атап көрсетті: «Ақыл,білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай қазақтан шыққан философ (данышпан)» [7]. «Бар қазақтың жүрегіне жол тапқан» жазушы әрі ғалым Сәбит Мұқановтың бір пікіріне жүгінсек: «Данышпандардың бәрі – ақын емес, ақындардың бәрі – данышпан емес, Абайда – солардың екеуі де болды».         
            Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл ұстазы,айтулы педагогикалық ілімнің төлиесі. Оның поэтикалық шығармалары мен “ғақлия” сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай атамыз тәрбиелеудің ілімдік жағынан көрі өнерлік жағына  көп мән берген ғұлама. Себебі жалпақ жұртқа ұрпағын толық адам болдыру үшін алдына қандай мұрат,мақсат қойып,нендей жол-жобалармен жүріп, қандай амал-тәсілдерді қолданып  жүзеге асыруға болатындығын түсінікті әрі көркем сөзбен айшықтап жеткізген.    Абай заманында жұрттың барлығының көкірек көзі бүгінгідей  саңылаулы болған жоқ, Осыны дұрыс аңғармаған бірер педогог ғалымдарымыз Абай атамыз арнаулы педагогикалық іспен айналыспаған,іргелі педагогикалық-психологиялық еңбек жазбаған деуге дейін барды.  Иманипедагогиканы жаратпай-тын одан жиренетін советтік дәуірде,атамыздың педагогикалық-дидактикалық көзқарастарын таптық,материалистік сүзгіден өткізіп талдап, жұлмалап керектендік. Абайды зертеуші ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ақынның шығармашылық қызметі - халықтың рухани қазынасы. Ұстаздық, ойшыл ақынның пікірінше, жастарды ізгілікке, адамшылыққа үйрету-шілік.  ХІХ ғасырдың соңғы он жылы– Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі айтқандай, қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен де, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне, дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң.   Абай педагогикасын  рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе жүректің салтанаты деп қабылдайтын болсақ, оның негізгі бағыты кемел адам тәрбиелеу. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан дүниесі ағарып, рухани артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен жаратылыс негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Абай халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне тәрбиелеуші үлкендерден ұстаздық шеберлікке лайық қабілет болуын талап етті.  
           Педагогика қазақ халқының түсінігіндегі баламасы – тағылым, тәлім, білім, тәртіп, тәрбие ретінде қабылданады. Педагогика ғылымы – тәрбие беру, білім беру, үйрету,баулу, жетілдіру.  Қазақтың ұлттық тәлім –тәрбие ілімінің негізін салушы М. Жұмабаев    бұл жөнінде былай деген: «...Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін, әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек...».
Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлділ жарап шығып, өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де, хакім  Абайдың жұлдызы биік тұратындығы неліктен?  Ол ең алдымен Абай шыығармашылығың әмбебаптылығы, энциклопедиялығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы атануына арқау болды. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы айтқанымызда, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Оның жастарды тәрбие-леудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл ұлы педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр.        
         Абайдың педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы – ақын-ның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті.Өскенбей шаңырағына бекем орнаған «Қарашаңырақ  мектебі»,  Асыл әжелердің басшылығында жұмыс жасаған «Дана Аналар» мектебі,  Білікті аталар арқылы бұл әулетте жүмыстаған «Дана Аталар» мектебі ауыл балаларымен бірге жас Абайды үкілеп өсірді, айтулы адам болдырды.Осы отбасы мектептерінің өзіндік педагогикасы  қашаннан бар болатын,  Абай дана педагогикасында бұл дәстүр ұнасымды орын тауып,сабақтастықпен жалғасқан. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты.
 Абай педагогикасы тәрбиелеу ілімінің әрі  тереңі,әрі тұнығы.Ол бес баулудан тұрады.  1.Елдікке,  ерлікке,Отаншылдыққа баулу.Бұл Арғы қазақтан келе жатқан ұласпалы дәстүр,текті де,тегуірінді қасиет.Мүны бар қазақ,еш адам, ешуақытта аттап кете алмайды,қанға сіңген қатал тәрбиелік ұстаным.Оны бойына сіңірген адам ғана,толық адам,нағыз қазақ бола алады. 2.Кісілігі мол кісі болдыру,адамшылыққа баулу.  3.Имандылыққа баулу.4. Өнер, білім-ғылымға баулу. 5. Өмірге дайындау,еңбекке баулу.Осы баулу мектептерінен өткен, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер,білім-ғылымға көргенділікке қол  жеткізген, қоғамда өз орнын таба білу (өміртану) ғылымын игеруші жанды атамыз, толық адам деген.Олай болса Дана Абай педагогикасы--заманауи толық адам қалыптастыру  ісінде тұғыр боларлық,Қазақстан білім жүйесінде,жастарға тәлім-тәрбие беруге ғылыми негіз боларлық ұлтанды ілім болып табылады. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы –бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ақын-ның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам – ақын көзқарасында, ақыл ойдың, адамшылықтың, еңбексүй-гіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», - деп жар салады [2, 86 б.]. Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қыр-сырын, бүге- шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т.Х. Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып, ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды.» «...Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де, қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен, тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік» [4, 44 б.].Сондықтан да,Абай педагогикасы да,таңқаларлық терең әлем!  Абай педагоги-касында   бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойла-рын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды Дана Абайдың  тәрбиелеу ілімін әділет-махаббат педагогикасы деп жүрміз.Бұлай атау біреудің білгірлікпен,даналықпен айтқан пайымы емес.Абай педагогикасының өз ішкі мәні мен мазмұнынан,мұрат мақсатынан туындаған ғылыми пайым,дәлелді кесім.Осыны тарқатып көрелік.Шындығында, адам рухын, жалпы болмысты басқарушы күш- Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абайдың көзі жетіп,толық иланған. Ақ ниетті адамзаттың ықылым заманнан бергі арманы өзі тұратын елде, тіпті жалпы жер бетінде әділет орнату. Жалпы адамның тума табиғатында әділетке деген сұраныс, ұмтылыс пен махаббат бар. Адамзат тарихындағы бүкіл көтеріліс, төңкеріс-тердің де түпкі себебі де, қол жеткізбекші мұраты да сол әділетті орнату. Ислами контексте Әділет дегеніміз әр нәрсенің өз орнында тұруы.«Шәксіз Алла турашыларды (әділдікпен амал еткендерді) сүйеді.» (Құран, 5:42)«Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік.» (Құран, 57:25)Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен ақылдың тапқан жолына түсер болса – «алдың – жалын, артың – мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет – тозақ жалыны, ал «артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз дән шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе керек-ті.Демек, адамға бақыт қонуының    басты шарты, ойшылдың білуінше,  әділет-шапқат иесі болу. Сөйтіп, адам рухын, жалпы болмысты басқарушы күш -Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абай шек келтірмейді. «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның жүрегіне қарайды», деп айтылған хадиске сүйенеді. Жүрек, яғни көкірек көзі заттың,құбылыстың  ішкі мәніне бойлай алады, тылсым дүниені түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанаттанып, шекара танымайды. Адам бойындағы бар ізгі қасиет жүректен табылады. Сондықтан қайрат пен ақылға бағынбайтын жүрек дене мүшелерінің әміршісі болып саналады.  Абай осы түбегейлі идеясын бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта береді. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде ақын «дүние мен малға дос» адамдарға:Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек.Еңбекті сат, ар сатып неге керек?!Үш-ақ нәрсе − адамның қасиеті.Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, −дейді.«Жылы жүрек» сөзін «махаббат», «мейірім» мағынасында қолданған ақын адамның басты қасиеті «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек», −деп ақылды да қайратты һәм мейірімді адамды, жүрегінде адамгершілік махаббаты жоқ «дүние−дос» адамға қарама-қарсы қойып, ақылды да қайратты, мейірімді адамды жан-жақты жетілген кемел адам деп, оны басты орынға шығарады. Абай ең жоғары, аса шарапатты адамгершілік қасиетті «махаббат» деп атаған. «Ей, жүрегімнің қуаты перзентлерім! ...Ықыласпен ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы , ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Махаббатсыз ғылым - қасірет, махаббатсыз мейірім – мүсіркеу. Махаббатсыз жасалған Мейірім мен Ғылым мәнсіз.  «Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил» дейді  Абай. Махаббат пен Әділет әрқашан тең және қатар жүруі керек.

 

 

Осымен, данышпан Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау, яғни бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді. Әділеттік, арлылық, махаббат пен – Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, –дей келе:Ғадәләт пен мархамат – көп азығы.Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, – («Көк тұман-алдыңдағы келер заман» 1897 жыл). Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты мұрасында «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни «ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру   идеясымен қабыса табысқанына көз жеткіземіз.  Бұл ерекшелікті ғұлама М.Әуезов бізге былайша білдіреді:«…Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».Адамды адам қылатын жан тәрбиесі ілімі Абай дананың әділет-махаббат педагогикасы деп аталады.Келер ұрпақтың қамын ойлаған ұлы Абай философиясында "Толық адам" ілімінің көп  сипаттаулары мен талдаулары  кездеседі.Абайдың ұлылығы-Толық адам тәрбиелеу үшін алдымен Толық қоғамның, ал Толық қоғам орнату үшін Толық ілім жасаудың қажеттігін білгендігінде. Сондықтан да ол - өзінің саналы өмірінде Толық адам ілімін   жасаумен айналысқан. Яғни, мұндағы Толық адам деп отырғанымыз - адамшылық, имандылық, ізгілік,әділет пен махаббатқа малшынған адам. Қазақтың:  « Шыншыл болсаң - қол жетпес шыңда өскен шынарсың, Әділ болсаң - аңқылдақ, ізгілікке құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың»-дейтіні осы ілімнің құнары. Абайдың "Толық адам" туралы ілімін әділдет-махаббат педагогикасы-деп  атаудың мәнісі осы.  Мұны танып біле алмаған
« педагогикасыз педагог» қауымы «өзін- өзі тану» атты «аударма» ілімді өмірге әкелді.Кәзір осы ілім Қазақстан Республикасының білім жүйесінде салтанат құрып тұр.Абай  дананың әділет-махаббат педагогикасы өз орнына келер уақыт та бар шығар.    
     Абайдың педагогика саласындағы ұлы даналығының тағы бір қыры балаға алдымен адамгершілік тәлімін – адалдық пен имандылық дағдыларын меңгертіп,сол негізде  ғылымды дамыту шәкірттің өзі үшін де пайда келтіретіндігін айта алуында еді. «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ»-дейді. Абай,ал ұяты жоқтың иманы жоқ. Өйткені, ұят-адалдықтың көрсеткіші,шындықтың болмыс-бітімі,адамшылық өлшемі.  “Ақыл – ардың сақтаушысы” деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,Бұларды керек қылмас ешкім қалап…Терең ой, терең ғылым іздемейді Өтірік пен өсекті жүндей сабап, – деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді.Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой.Бес асыл іс көнсеңіз, – деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:  “…Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек”, – деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. Заман – соққан желдей құбылмалы, ал ғұмыр – қамшының сабындай қысқа. Алла адамзатты не үшін жаратты? Оған не керек, не бітірмек? Бұл турасында Абай былай дейді: Адамзатқа не керек:  Сүймек, сезбек, кейімек,Қарекет қылмақ, жүгірмек,Ақылмен ойлап сөйлемек. Зейін қоя оқысақ, үш қасиетті (жүрек, қайрат, ақыл) көреміз: сүймек – жүрек ісі, қам-қарекет қылмақ – қайраттан шығады, ойлап сөйлемек – ақылдың ісі. Осы үш қасиет әр адамның өмірін сипаттай алады. Бірақ, толық адам болу шарты – үш қасиетті бірдей ұстау һәм ақыл мен қайратты жүрекке бас ұрғызу. Сонда ғана сана тұрмысты билейді, екінші түрде айтсақ, шындық (екінші аты – әділет) салтанат құрады. Қайрат – ізгілікке, ал ақыл – ғылымға қызметші болады. Бірақ өмірде есті кісі аз, заманға күйлеген жаман көп. Неге? Оған себеп мынау: Алла пендесіне ерік те берген. Ол таңдау еркі: өмір сүруінің бірі – жан тілеуі, екіншісі – тән тілеуі. Екеудің қайсын таңдауы, яғни заманамен қарым-қатынасы – әркімнің өзін-өзі тануы мен жетілу деңгейіне тәуелді. Абай діттеген, сірә да, осы ақиқат. Себебі, кемеңгер өлеңнің соңын: Әркімді заман сүйремек,Заманды қай жан билемек?   Заманға жаман күйлемек,Замана оны илемек, – деп тиянақтаған. Қоғамның негізі, болашағы оның (адамының) өзіндік санасына тәуелді. Санада бірегейлік, тереңдік, шынайылық болмаса қоғамның рухынан мән, болмысынан жарастық кете бастайды. Рухтың негізі тарихи сана, ақыл-парасат, білім болса, қоғамда дамуы үшін сөзді түсінетін орта қажет. Ортаны ұлттық мүддеге қызмет етуге біріктіріп отыратын ұлттық сана. Қоғам тығырыққа тірелген сәтте, рухты жоймай алып шығатын халықтың өзі. Сондықтанда халық тарихи санадан қол үзбеуі қажет. Абай ұғымында ұлттық сана дегеніміз ұлтты біріктіруші негіз, қоғамдық парасаттың негізі, негізгі тұтқасы. Тарихи сана халықтың әлеуметтік танымымымен (жадынан) өшпенуі тиіс. Қоғамдағы кез келген адамның өзіндік санасы тарихи санамен қалыптасуы қажет. Тарихи сана жойылмаса рух түбі оянады, оянып келіп  халықтың ұлттық санасын күшейтуге қызмет етеді. Абай осының барлығын зерделеп бірғана тоқтамға келген адам. Абайдың тоқтамы ұлттың мүддесіне қызмет ететін сөз қалдыру болды.Әр ұрпақ өз заманының есігін Абайдың идеяларымен ашатын болса елдің болашағы да айқын болмақ. Ел болашағының айқын болу себебі ойшыл айтқан ар мен мінезді, білім мен өнерді және осы құндылықтардың басын біріктіріп отыратын ақыл-парасатты иелену, қоғамда нығайту қажет.
Көкірегі ояу, саналы адам тәннің, яғни нәпсінің ырқына көнбей, керісінше, оны өзі билеп, басқармақ. Абай «толық адам», «кәміл мұсылман» дейтіні осы жан. Нәпсіні ауыздықтай алған, кәмәлат шыңына жеткен кімдер? Олар: пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң – хакімдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар. «Тасдиқ» трактатында Абай осыларды атап айтады, яғни заманды билеу осы төрт топ өкілдерінің еншісі екенін білдіреді. Абай елді кедейлік пен надандықтан, құлдық пен тарлық кебінен құтқаратын нәрсе өнер-білім және имандылық екенін жақсы түсінеді. Абай өнер-білімнің туған халқын қараңғылықтан алып шығар бірден-бір шам-шырақ екендігін, білімсіз, имансыз еш халықтың салихалы тіршілік құра алмайтындығын ел-жұртына ашына айтты.     Бұған қарағанда Абайдың адамшылық  мәні, оның этикалық һәм эстетикалық келбеті, өмірінің мәні мен  мағынасы, зерде мен сезім дүниесі ойшылды тебіренте толғантқаны байқалады. «Абайға келгенде ...адам мен адамгершілік, ұждан,мораль философиясына тікелей қатысы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы, терең ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық көзқарастың  көзі адамгершілік мәселесіне тіреледі» [2, 13–15 бб.], – деп жазды М.О. Әуезов. Абайша ой толғағанда, білімдінің міндетті түрде нұры, сыры болады. Нұры жарық шашады. Сыры тереңге бойлатады. Оны тек көкірегінде көзі бар, санасы сәулелі жан ғана аңғарады, түсінеді, түйсінеді, пайымдайды, байқайды. Білімді адам Абай айтпақшы, «надандай болмас ақ көзді».    Білімдінің көзі көкірегіне орнығады. Маңдайдағы көз – алдамшы, сиқырлы әрі бет перде. Көкіректегі көз – шынайы, нұрлы әрі сәулелі, мөлдір әрі тұнық. Оның не нәрсе болса да, анық та ашық көретіндігіне сенуге әбден болады. Көкірек көзі – ішкі түйсіктің бірі. Ал ішкі түйсік көп жағдайда алдамайды. Дұрыс бағдар сілтейді. Данышпан Абай біліммен қатар ғылымның пайдасын ерте сезінген. Өзі сүйген еліне оны емірене жеткізген де.Бір ғылымнан басқаның,Кеселі көп асқанға, –деп, мақтанға салыну, босқа желігіп шабу, шенді шекпен жапқанға мәз болу секілді шынайы ғылымға жат мінездерін атап  көрсетеді.Білімдіден шыққан  сөз,Талаптыға болсын кез.Нұрын, сырын көруге,Көкірегенде болсын көз. Абай осылай дейді. Білімдінің талаптыға кез болуы шарт. Абай  «Жиырма бесінші сөзінде»:  «Орысша оқу керек, хикмет те мал да, өнер де, ғылым да – бәрі  орыста зор.» дейді  де ойын әрі қарай сабақтайды. «Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады.» дейді тағы да. Рас қазірде әлемдік өркениеттің ғылым мен білім, экономика мен саясат, әдебиет пен мәдениет саласындағы қажетті мағлұматтарды алуда орыс тілді ақпараттарды көбірек оқимыз. Қазақ тілінде әлі де аздау. Бірақ ұлы Абай сол  үшін «Орысша оқу керек» десе де, ұлттық тілінен безінген бүгінгі кейбір ұрпақтың  пайда болатынын  мүлдем сезбеген болар. Өйткені, ол өз ойын ашық айтқан осы сөзінде. Тұшынып, түсініп оқылық, ендеше. «Әрбіреудің тілін,өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына  кіреді, аса арсыздана жалынбайды»  дейді. Абай  айтудай-ақ айтқан. «Жетелі жеті тілді біледі» дегенді көңіліне тұтқан. Өз тіліне  өгейлік танытпаған.Қайран да қайран төл тілімізде  ұрпақтар мәңгіге оқитын киелі де  қасиетті асыл сөздерінің ғажайып та, сырлы әлемін қалдырудың өзі – соның айғағы.         
    Абайдың толық адам туралы ілімі бұл исламның құндылықтық ұстанымын көрсетеді.Абай ұғымында Алланы сүю адамның жеке басындағы абзал қасиеттерді қастерлеу, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді-өзің тазалауың қажет екендігін, Жара-тушыны махаббатпен сүю, қайырымдылыққа бастайтын жол екендігін көрсетеді.Абай ислам ілімі мен ахлағын еліне насихаттаған, ойшыл ұстаз. Абай мұрасы мен дүниетанымыдық көзқарастыры халқымызыдың ислам құндылықтарын танып білуі үшін рухани негіз болды. Абай толық адам танымы ұғымында ислам құндылықтарының мән-мағынасы толық ашылады. Абайдағы жәуән-мәрттілік ілімі Аллаһ жолында адамзатты кемелділікке бастайтын құндылықтар жүйесін көрсетеді. Әрбір қазаққа Абай болу парыз емес, бірақ Абай сусындаған рухани бастаулар қазақтың ел болып қалыптасуы үшін негізгі алғышарт, оны Абай «Жиырма бесінші сөзінде» өсиет қылған. Бірінші - ұлттық бастау, мәдениеті, өнері, тарихы, Абайша айтқанда - «түркітанырлық», екінші - ислам, үшінші - батыстың ғылымы мен технологиясы. Бұл исламдағы дін мен ғылым егіз деген сөзбен және Құрандағы Алланың «...Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық»,-(49:13) деген аятын қуаттайды. «Біз Жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарап танимыз» - «Қырық бесінші сөздегі» бұл сөйлем дүние ғылымынсыз Алланы дұрыс тану мүмкін еместігін көрсетеді. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды»,-«Оныншы сөз». Бұл жолды іс жүзінде жүзеге асырып жатқан басқа елдер бар, мысалы, малайзиялықтар мен түріктер. Биылғы жылы халықаралық зерттеуші ұйым Science-Metrix Иран мен Түркия - ғылыми басылымдарының өсу қарқыны бойынша дүние жүзіндегі алғашқы орындарға шыққанын мәлімдеді.

--- Абай педагогикасының басты мұраты - гуманистік, адамгершілік  ақиқаттарды қазақ қауымы санасына шөктіру.Абайдың рухани әлемі, оның негізгі зерттеу объектісі – адам. Ол адамның мінез- құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Осы тұрғыдан келгенде Абай өзінің бүкіл шығарма-шылығын жастарға «адам бол», «қатарыңнан қалма» деген философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарасында адамгершілігі мол адам қоғамға ең пайдалы адам деп тұжырымдалған. 
--- Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады (Н.Назарбаев). Абай дананың әділет-махаббат педагогикасы осы ізгілік педагогикасының бір саласы,қазақтық   нұсқасы.Ол,осы  дәуірде иманипедагогиканың тұғырлы  тұжырымы  ретінде танылып отыр.  Абай дананың  педагогикалық ілімі  қазақ  отбасы  педагогикасынан  бастау  алғандықтан бауырмалдық педагогикамен етене  қабысып кеткен. Бұл туралы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Қазақ поэзиясында тұңғыш рет бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ана парызы, жастар тәрбиесі, қыз бала тәрбиесіне адамгершілік-моральдық тұрғыда қарап, ой-көзқарасын еркін таныта білген - Абай болды» деген. Іргесі берік мемлекет мықты отбасынан құралатындығын Абай дана дөп басып көрсеткен.
 --- Абай педагогикасының мұраты – ақиқат пен шындықтың,адамгершілік пен ақылдың, ғылымның, сенім мен ардың бірлігін  сақтаған  ерекше  жанды   қалыптастыру.  Ақыл мен сенім бір-біріне қарама-қайшы емес, ақиқат жеранадан, өз халқы – елден, ал адам оған ақылмен барады, ал шындық бір Алладан, ол оны сенім деп қабылдайды. Ол Отыз сегізінші сөзінде «Ғұмырдың өзі – хақиқат» деп адамға қажетті ақиқатты айтады. Адам өмірінің өзі ақиқат, ғұмыр жоқ жерде кемелдік те жоқ, айтылар терең ойлар жоқ. «Адамның ғұмырынсыз болмыс та мәнсіз. Себебі болмыстың бар-жоғы туралы айтатын жан болмаса, оның растығын кім дәлелдемекші?! Осы идеялар үшін оны хакім деп атайды» [3, 370 б.]. Сөйтіп, ойшыл Ақиқат заңының  нәзік сыры мен әртүрлі қырларын түсінуге тырысқан және адамды үнемі осы бағытта болмыстағы белсенді болуға шақырады.
Кімде кім нәпсісін жеңсе, сол кісі заманды да жеңеді. Өйткені, тән мен заман сипаты ортақ. Екеуінде де тұрақтап қалған, опалы дәнеңе жоқ.  Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, сондай-ақ, Абай, шәкірті Шәкәрім ғұламалар – заманға бағынбаған, керісінше, оны билеген жандар. Сондықтан адамзаттың рухани ұстаздары дейміз. Жүрегі «Бір Құдайым» деп соққан кім кімді де замана илемек түгілі, сүйреуге де дәрменсіз. Жүрегіне  иманигүл қонақтаған адам өлсе де тура жолдан таймақ емес. --- Абай  педагогикасы  бойынша: әлем өмірінің мақсаты — өзін Жаратушының ықпалымен өмір сүру.Адам өмірінің мақсаты Кемелдену, жетілу. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Хакім Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам. Өзіңді таны, өзіңді-өзің жетілдір! Адам жетілуінің нысанасы – Құдайды тану. Сол танымның ең биік мақсаты – Құдайға ғашықтық. Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.Абай сөзінде: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен  оздым ғой демектің бәрі -ақымақтық».Абайдың мұраты-адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақты ілгері дамыған елдер қатарына қосу еді. Оның қарасөздеріндегі қоғамдық, педагогикалық, психологиялық көзқарастары осыны көздейді. Абай атамыз «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің басын қос, бәрін жүрекке билет деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуі бір кісіде табылса, табанының топырағы қөзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым, құдайшылық сонда»-депті. Абай адам болмысын тануда тың   дүниетанымдық ойлар айтты. 43-сөзде Абай: «Адам ұғылы екі нәрсе бірлән: бірі – тән, бірі жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили,қайсысы кәсиби оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы –жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен,көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым– бұлар – кәсиби» [4, 416–417 бб.].Адамзатты Алла махаббатпен  жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын   адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы   деп әділеттілікті сүю.Осы үш сүюді Абай имани гүл деп атайды. Сонымен қатар  ойшыл діни сенімді ішкі және рухани сенім «иман» деңгейінде  қарастырды. Абайға сүйенсек, әрбір адам үшін ең басты нәрсе мынадай күмәнсіз екі шартты сақтау: сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу.  Сенушілік – жүрегінде құдайы бар, халықтың ұғымында «Құдайға қараған» адамға тән мінез я қасиет.Ал діншілдік - тағат немесе сыртқы ғибадаттан туады. Әдетте діншіл кісі сыртқы пішінге,  бес парызды қатаң орындауға табан тірейді. Бір Тәңіріге сенім, Абайдың білуінше, адамның адамдығының һәм күллі махаббат, әділет сезімнің қайнары. Бірақ адам баласының сенім күші - Жаратушыны тану, яғни Алланың хикметін сезу деңгейіне тәуелді. Ол үшін діннің негізгі мұраты осы 
 ---Абайға сүйенсек, адамгершілік әрекет тек сыртқы жағдайларға, нормаларға, дәстүрлерге ғана емес, саналы түрде   өз санаңа бағынған ішкі қалауыңа, ниетіңе,көңіліңе сәйкес болуға тиіс. Саналы іс-әрекет сондықтан да шынайы адами әрекет, имандылық,адамгершілік әрекет – саналы әрекет. Абай адамгершілік, адамшылық идеясын өмір бойы ту  қылып көтеріп өткен. Ол азаматты шыққан тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне,   өз   еліне, халқына көрсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді.  Қазақ жастарына  тәрбие беруде алдымен оларды  өз ішкі әлеміне үңілдіруді, сол арқылы адами қасиеттерді жетілдіру негізінде тәрбиелеудің маңызын көрсетеді.(Бүгінгі  дәуірде осы  заңдылық өрескел бұзылған,тіптен ескерілмейді.)  Абай толық адам болу үшін керекті адами сапаларды сараптап көрсетіп береді. Нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет. Абай адамның өз бойындағы ізгілікті сапаларды қастерлеп, ұштай білуді мақсат тұтады--- Абайдың ойшыл-дана ретінде негізгі ұсынар этикалық ұстанымы – «Адам бол» деген  сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, адамшылыққа,имандылықка жетелеу. Бұл – ақын шығармаларының басты өзегі.   Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды.Соған ерекше мән береді. «...Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та бар қалан!» – дейді [6, 208 б.].Поэзия падишасының пайымдауынша толық  адамның үш үлкен қасиеті болуы керек екен. Ол: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Осы үш қасиеттің   бірі кемшін түссе, пенде баласы кембағал күй кешеді. Жігерсіз адам қайратсыз, қайратсыз адам қабілетсіз.  Ақылы кемеліне келмеген кісі өмірге икемсіз, әлжуаз, рухани мүгедек. Жүрегінің жылуы жоқ адам әдетте тасбауыр, мейірімсіз. Сондықтан, Абай айтқан толық адам қайратты, ақылды, жүрегі мейірбан. Осындай   адам айналасына шуақ шашады, жақсылық дәнін себеді, үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайды. Әр ұстаз   толық адам дәрежесіне жеткенде ғана ұрпақ тәрбиесімен нақты айналыса алады..

Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды. Міржақып Дулатовтың сөзімен айтсақ, “Абай атамыз бізден қанша алыстаса да, оның мұрасы бізге сонша жақындай түспек”. Абай тағылымынан үйрену деген сөз – өмiрiңе және өзгелерге де Абайдың көзiмен әдiл баға берудi үйрену, барыңды да, жоғыңда Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшiлiктерге кеңшiлiк бермеу. Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары.  Абайдың жастарға үлгі етіп ұсынғаны адал еңбек,ар-ождан,ғылым,білім, қанағат,инабат,әділет,шапағат,шынайы достық,қай дәуірде болсын көнермейтін,адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын  тіршіліктің тұтқасы,өмірдің нұсқасы жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.  Ұлы ақылгөйдің  терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды Абай сөзі — адамның жанына азық,  Ақылдың таразысы, алтын қазық. Абайдың өсиетін түсінгендер,Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.

Әдебиет:

1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9   
2. Абай. Қара сөздері.                                                                                       Алматы 2006
3.Абай     Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. I -том.  2-том. Алматы, "Ғылым"-1977         
4.Қазақ ағартушыларының философиясы / Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 т. — 10-т. — Астана: Аударма, 2007.          
5.Әуезов. М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы, "Санат"-1997.    
6.Абай «Қалың елім, қазағым», Алматы «Атамұра», 2002   
7. Абай «Өлең – сөздің патшасы» Халықаралық Абай клубы, 2006

 

 

 

                                                 Қобдабай  Қабдыразақұлы       30.03.2020

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дана Абай педагогикасының мәні,мұраты,ерекшелігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2020 1382
    • DOCX 66.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмадиев Ковдабай Кабдиразах. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмадиев Ковдабай Кабдиразах
    Ахмадиев Ковдабай Кабдиразах
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19746
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные требования безопасности при работе с микроорганизмами III-IV групп патогенности в микробиологических лабораториях

72/144/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Основы дефектологии, методы и приемы работы с обучающимися с ОВЗ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 346 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 921 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе