Инфоурок Другое Другие методич. материалыДеңгейлік оқу кезіндегі есеп

Деңгейлік оқу кезіндегі есеп

Скачать материал

Өзгеріс не үшін қажет?

 

                                                                 «Халық пен халықты ,

                                                                            ел мен елді теңестіретін–білім»

                                                                                                         М. Әуезов.

 

Мен өзімнің өзгеріс алуым қажет екенін, өйткені әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінің өзгеріп, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы – бүгінгі ұстаздан бәсекелестікке қабілеті мол, өмір ағымындағы кез келген жұмыстың көзін білетін іскер тұлғаны тәрбиелеуді талап ететіндігінен байқадым.

«XXI ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап, қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды» (Мұғалімге арналған нұсқаулық 6 бет)

Біз дәстүрлі оқытудың барысында да қаншама жетістіктерге қол жеткіздік. Өз арамыздан қаншама жаңашыл ғалым, қоғам қайраткерлері шықты. Соған қарамастан, біз, мұғалімдер қауымы өткенді былай саралаймыз: біз баланың дамуын шектеп, дайын білім беріппіз. Сабақ барысында олардың сыни тұрғыдан ойлануына ықпал жасамаппыз. Білімді жай ғана иеленіп қоймай, орынды жерде сол білімдерін қолдана білуіне назар аудармаппыз. Міне, соның салдарынан бірнеше дипломды жастар өз саласы бойынша жұмыс істемей, басқа арнада жүр деп ойлаймын.

Ал қазақтың ақыны, педагогиканы жақсы меңгерген Мағжан Жұмабаев былай деген болатын: «Бала ешуақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді.»

Қазіргі заман талабына сай Кембридж тәсілдерінің мұғалімдерге оқытылуы – ертеңгі күннің жемісі. Өйткені Кембридж оқуының модульдері  оқушыға жай ғана білім беріп қоймай, оны дамыта оқытып, игерген білімін өмірде қолдануға бағыт – бағдар береді.

Қазақ педагогикасының негізін салушылардың бірі, жазушы- Ж.Аймауытовтың «Ел түзетуді бала оқыту ісінен бастау керек. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдер. Ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтижесін беруі керек» деп тұжырымдап жеткізуі бекер емес.

Курс материалдары мен ақпарат көздерін зерделей келе, өзгерісті қалай бастасам екен деп көп ойландым. Ізденісім мен жетістігімді бағалайтын бұрынғы сабақтарымды жүйелеп, болашақта өз мектебімдегі білім сапасын көтеру жолында қандай қадамдар жасасам екен деген сұрақтар санамда тұрып алды. Өзім гуманитарлық пәннің мұғалімі болған соң, алдымда отырған әрбір оқушымның бойындағы мүмкіндігін шектемей, шығармашылық тұлғаға айналдыру мақсатында өзге дамыған елдердің білім беру жүйесін салыстырдым.

Барлығынан байқағаным, осы Кембридж Бағдармаласындағы әдіс-тәсілдердің жүйелі пайдаланылуы екен

Шындығында да, дәстүрлі оқытуда жеті модульдің жүйелі бір қалыпқа  түспегенін енді ғана аңғарғандаймын.

Менің де мектебімде деңгейлік оқуды(I,II,III) бітіріп, топтық жұмысты бастап, жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдаланып жатқан мұғалімдер бар. Олардың сабақтарына қызығушылық танытып қатысқанымда, оқушылардың өзара білім алмасуы, мұғалім мен оқушы арасындағы негізгі құрал-диалогтың тиімді қолданылғаны байқалды.

Дәстүрлі сабақ кезінде тек мұғалім сөйлесе, мұнда оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндігі бар тапсырмалардың басым екендігі сезілді. Сонымен бірге мұғалімдердің өзінде де бұрынғы бірсарындылықтан жалығып, сабағын жандандырып, бала қызығушылығын арттыратын неше түрлі стратегияларды орынды пайдалануы – дәстүрлі сабақтың өзін жан-жақты түрлендіріп өткізіп, жүрген маған біраз ой салды.

Сабақтағы тәжірибеден байқағанымдай, әдеттегі бірсарынды сабақта үндемейтін оқушылардың сыныптастары арасында белсенділік танытқаны жаңаша әдіс-тәсілдердің баланың ой - өрісін дамытуда өзіндік орны бар екенін сипаттайды.

Халықаралық сарапшылардың зерттеуі бойынша, 48 елдің білім жүйесіне көңіл бөлініпті. Сараптама барысында олардың негізге алғаны: әр елдің білім саласына салған инвестициясы, мамандарды сапалы дайындауы, оқу орындарының әріптестік қоғамдастығы болды. Осы елдердің ішінен 26 елдің озық шыққаны 20-ға жуық критерийлердің талапқа сай жүзеге асырылуының нәтижесіне байланысты екен.

Мысалы, Сингапур еліндегі білім беру үдерісі оқушылардың қабілетін дамытуға және білім жүйесін басқарудағы табысты жүйелердің бірі болуына негізделіпті. Сондықтанда оқушы өзінің жеке қабілеттілігінің арқасында  білім сатысына еркін көтеріле алады.

Оқушылардың оқудағы қиындақтарды жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл аудартады. Оқу материалдарында басты назар нақты мақсаттар мен оқу тапсырмаларына бөлінеді. Мақсатқа жетуі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы қадағаланады. Қалыптастырушы бағалау материалды оқу кезінде қай бөлімінде қандай оқушының оқуда проблемалары бар екенін ажырата алуға көмектеседі.

Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды түзету арқылы іске асырылады. Мұғалім мақсатына сай сабағын жоспарлап,әр мақсаттың маңызын түсініп, оқушының оқуы үшін іс-әрекетін алға жылжуын бақылай алады. Сондай-ақ оқу үрдісіне әр баланың ерекшелігін ескере отырып,түзетіп, ынталандыра отырып, кері байланыс жасай алады. Бұдан оқушының өзіне, өз күшіне сену қабілеттеріне және оқуға деген ынтасының пайда болатынына көзіміз жетеді.

Сингапур елінің білім беру жүйесінде маған қатты әсер қалдырғаны: үлгерімі төмен оқушыларға арнайы бағдарлама жасалып, үздіксіз, бірақ нәтижелі жұмыс жүргізілгені. Оқыту үдерісінде жоспарлы зерттеу мен түзету жұмыстарының маңыздылығын сезінуі. Сонымен қатар әрбір мақсатқа қойылған тәжірибенің, үлгілі сабақтардың мұқият зерттеліп, басқа мектептерге де таратылуына рұқсат етілуі желілік қоғамдастықтың нышаны екені белгілі. Осындай іс-әрекет зерттеулерін өз мектебімде неге қолданбасқа? Меніңше, арнайы бағдарламаны дарынды және талантты балаларға да түзіп, белсенді жұмыс жүргізген болашақта өз мектебіме де оң нәтижесін береді деген сенімдемін. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты Сингапурда интернетке барлық қоғамдық орындарында тегін қолданылады.

Финляндияның білім беру жүйесі - білімнің табысты болуына құрылған реформа. Мұнда сыныптар біркелкі. Дифференцалды сыныптар жоқ. Бастауыш сыныптарда баға қойылмайтыны әрі үйге тапсырма берілмейтіні мені таң қалдырды. Бастауыш сыныптың негізі жақсы қалануы үшін магистр мұғалімдер ғана сабақ береді екен.

Сыныптағы балалар санының аздығына қарай мұғалімдердің жүктемесі де аз, бірақ жалақысы мен дәрежесі жоғары деңгейде. Сондай-ақ оқушылар негізгі мектепті бітірсе де емтихан тапсырмайды. Мектепті бітірген оқушы болашақ мамандықты таңдайды. Балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары  бір-бірімен тығыз байланыс орнатады және әлеуметтік шығындарды үкімет төлейді. Біздің елімізде де осындай мүмкіндіктер болса, көп балалы ата-ана ларға біраз жеңілдіктер болатын еді. Қазақтың демографиясын жоғары көрсеткішке көтеріп отырған ата-анаға мемлекет тарапынан  қолдау көрсетілгені өскелең ұрпақтың әлеуметтік деңгейін қарастырғаны деп ойлаймын.

Финляндияда «оқушыға сенім, мұғалімге сенім, мектепке сенім» деген принцип жақсы қызмет атқарады. Өйткені ол елде әрбір мұғалім қоғаммен қалай бағаланатынын біледі.

Фин халқының білім беру жүйесінде оқытуды түзету арқылы оқудағы қиындықтың алдын алу және оқушыны өз күшіне, қабілетіне сендіріп оқытуы ұтымды және сыни тұрғыдан ойлау модулі басым. Өйткені оларда «Сын тұрғысынан ойлайтын мұғалім – сын тұрғысынан ойлайтын оқушы» деген тіркестер жиі кездеседі. «Сабақ беру – үйреншікті нәрсе емес,ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе»,- деп Ж.Аймауытов пайдалы жаңалықтың бала бойында тез дамитынын ескертеді. Демек, мұның өзі олардың даму сатысын көрсетететіндей..

Ал менің байқауымша, өз мектебімдегі өткізілетін әртүрлі тақырыптағы дебат, пікірталас, дөңгелек үстелдегі кездесулер – біздің оқып, талдап жатқан сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге жетелейтін сияқты. Өйткені бақылау, тыңдау арқылы дәлелдеу, қарсы пікір айту, саналы түрде қорытынды жасау – оқушылардың өзіндік сыни көзқарасын тудырады деген ойдамын.

Финляндиялық әріптестердің түсінігінде білім сапасын тест қорытындылары мен тексерулер емес, мұғалімдердің сапасы мен оның саналы түрде сабаққа жоғары деңгейде дайындығы - сын тұрғысынан ойлау қабілетінің дамығаны деп есептейді.

Ал біздің оқушыларыларымыз керісінше, бірнеше жыл бойы сабақтарына жауапкершілікпен дайындалмайды да, 5-6 ай ішінде  еріксіз тақырыптарды  түсінбей, жаттайды. Біріншіден, ол оқушы құр жаттандылыққа бой алдырады; екіншіден, үнемі уайымда жүргендіктен оның денсаулығына да әсер етеді, үшіншіден, уақыт үнемдеуден ұтылады, төртіншіден, ата-ананың өз мүддесі үшін балаға қадағалауды жоғарылатқанын байқайды. Бұл олардың ішкі уәжіне қарсы келгендік емес пе? Осы орайда тест жүйелеудің жолдарын қарастырып, оқушының білімін өмір сатысында тиімді қолдануға бейімдеу керектігін ескеру қажет. Өйткені ондағы кейбір пәндердің оның алдағы  өміріне қажеті болмай жатады.

Бұл елдің білім беру жүйесіндегі негізгі ұстаным: 1.білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру; 2.оқушыларды оқыта отырып, дамыту, қолдау; 3.мұғалімдердің жоғары білімі, оларға да қолдау көрсету болып табылады. Мұғалім мамандығы қайтадан жоғары дәрежеге көтеріліп, осы елдердегідей үкімет тарапынан  қолдау табатынына көзім жетеді.

Жапон мемлекетінің білім беру жүйесінде өз халқының ұлттық құндылықтарына көп көңіл бөлген. Негізінде бұл дамыған елдің білім жүйесі американдық жүйеге негізделгені белгілі. Солай бола тұра халқының рухани байлығы, менталитеті алғашқы орынға қойылғаны – халқына деген құрметі деп білдім. Өзімнің орыстанып кеткен қаламның(Приозёрск) атын өзгертсе, бұл да бала бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыратын ба еді?.

       Жапон елінде бастауыш мектебі 6-сыныпқа дейін оқытылады. Бірақ жапондық мектептерде екі ауысымда оқу деген болмайды. Керісінше, бір қаладағы оқушылар 12 жыл бірге оқуы өте сирек екен. Өйткені олар орта мектепті бөлек, жоғары мектепті бөлек оқиды. Олай бөлініп, басқа мектепте оқуы ағылшын тілін үйренуден гөрі шетел балаларымен комуникативті қарым-қатынас орнатуды көздейді .

Бұл баланың басқа елдің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысу барысында олардың  өзіндік көзқарасы қалыптасып,танымдық қабілетінің артуына көмектеседі. Мұнда сындарлы оқытудың элементі басым сияқты. Біздің мектеп қаладағы үш мектептің ішіндегі қазақ тілді мектебі. Оқушыларымыз Қарағанды қаласындағы дарынды (№2,7)мектептерде өздері тест арқылы өтіп, білім алуда. Оқушыларымыздың коммуникативтілігі, білімге құштарлығы қуантады. Әрине, сапалы білім беріп, әрі қарай оны дамыту тағы да мұғалімнің еншісінде. «Сабақ беру – үйреншікті нәрсе емес,ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе»,- деп Ж.Аймауытов дұрыс айтқан.

Бұл өркениеті дамыған елдегі өзгешелік: мектепте бала білімді игеріп қана қоймай, оны өмірде қолдана білуге машықталады. Сондықтанда бала мектеп қабырғасынан бастап, белгілі бір кәсіпке бейімделіп, болашақ мамандығына бастау алады. Сондай-ақ Жапон мектептерінде екі ауысымда оқу деген болмайды. Оқушылардың спорттағы не басқа жарыстардағы жеке жетістіктері есепке алынбай, тек командалық жеңістердің орны бөлек болып есептеледі. Осы топтық жұмыстың арқасында олардың оқушылары интеллектуальды олимпиадалардан жүлделі орындарды көптеп иеленеді.

Меніңше, 2010 жылы Хоу мен Мерсердің зерттеуіндегі бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттырады дегенді жапондықтар дәлелдей түскендей.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 24бет)

Менің мектебімде де оқушылар халықаралық, республикалық  деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға, облыстық, республикалық олимпиадаларда, сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қатысып, жақсы көрсеткіштерге ие болды. Бірақ мұндай жетістіктер тек жеке басқа құрылған. Болашақта командалық жеңіске де жетсек, қаншама балалардың қызығушылығы артып, өзіне деген сенімі нық, әрі кез келген ортада өз жұмысының шебері болатын ба еді деген ойымды да жасыра алмаймын.

Білім беру жүйесіндегі жапондықтардың бір ерекшелігі мектепке келген әрбір оқушы ақпараттық коммуникациялық технологияны терең меңгереді. Ол үшін ұлттық бағдарлама қабылданып, барлық қоғамдық орындарды интернет рессурстарымен  тегін қамтамасыз еткен. Бұл – ақпараттану бойынша әлемдегі бірінші орындағы өте дамыған мемлекет болып есептеледі.

Оқушылары дәптерлерге жазбайды, оның орнына электрондық планшеттерді пайдаланады. Электрондық оқытудың тиімді жолдары өте пайдалы. Жеті модульдің бірі болып есептелетін АКТ-ны тиімді пайдалану қазіргі күнде Қазақстанның қаладан шалғай ауылдарында болмаса, көптеген аймақтарында жақсы жолға қойылған.

Мысалы, мен сабақ беретін  мектепте мұғалімдер мен оқушылар қашықтықтан оқыту (Active studio), онлайн сабақтарына қатысады..Сонымен қатар биылғы оқу жылында пәндік интернет олимпиадаға қатысып (КИО,т.б.), көптеген мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз мақтау қағаздарын иеленді. Сол жеңімпаздардың арасында мен де өз пәнім бойынша III дәрежелі дипломмен мараптталдым. Информатик мұғалімдер оқушыларды екі топқа бөліп оқытады. Оның үстіне үйде де, мектепте де де компьютер, ноутбуктар, планшеттермен қамтамасыз етілген.

 Келесі оқу жылынан бастап, әлемдік өзгерістің бір нышаны ретінде электрондық оқыту (e-learning) жүйесіне көшу мектептің дамыту жоспарына енгізіліп отыр.Мұғалімдер екі жылдан бері «Білім ал» бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі ақпараттану заманында электрондық оқытудың тиімді жолдары өте пайдалы, бірақ үнемі қосалқы құралдарға үңіліп отыру бала денсаулығына зиян келтірмей ме екен деген үрейдің де бары рас.

Жапония елiнде мектептегi бiлiм берудi ұйымдастыру триместрлерге бөлiну арқылы жүзеге асады. Оқу жылының басталуы, 1-шi қыркүйекте емес, сакура гүлдеуi, көктем мерекесi қарсаңында 1-сәуiрде басталады. Бiрiншi триместр 1-сәуiрде басталып 20-шiлдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екiншi триместр 1- қыркүйектен желтоқсан айының (26 желтоқсан) соңына дейiн, сосын қысқы каникулға шығады. Ал үшiншi 7-шi қаңтар мен 25-шi наурыз айлары аралығында болады. Оқу жылының басталуы мен аяқталуында айырмашылық бар. Ұқсастық: Жапония елiнде оқу триместерлерге бөлiнсе, бiзде төрт тоқсанға бөлiнген. Ал, жапон елiнде бiр сыныптан келесi сыныпқа өту бiр апталық көктемгi демалыста болады, ал бiзде бiр сыныптан екiншi сыныпқа көшу жазғы демалыстан соң болады.

Басты ерекшелiк Жапонияда оқушылардың бiлiм алуына ата-аналар толық жауапты, ал бiздiң елде күнделікті сабақтан соң да оқушылардың тәртiбi мен бiлiмі мектепке жүктелеген. Сондықтан ата-ананың да жауапкершілігін арттырса, мұғалім мен ата-ана арасындағы түсініспеушілік те болмас еді.

      Жапонияда мектеп мұғалiмi - ер адамның мамандығы болып саналады. Бiзде ер мұғалiмдер бар, олардың пайыздық саны өте аз. Мектепте ер мұғалiмнiң болуы ер балалар тәрбиесiнде айтарлықтай жетiстiктерге жеткізеді. Олардың жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәнерінен балалар сәл де болса именеді. Ер балаларда өздеріне тән ержүректілік, сабырлылық пайда болады деп ойлаймын..

Мектеп қaбырғaсындa әрбiр оқушығa нaқты бiр пәннен тек теориялық бiлiмдi ғaнa берiп қоймaй, жaлпы осы пән бойыншa дүниетaнымының кең болуынa бaғыттaу, aлғaн бiлiмiн iс-әрекетте қолдaнa бiлуiне бaулып оқытуды даму жоспарына енгiзiп, мәселеге көңiл аудару көшбасшының мiндетi деп сaнaймын. Ал көшбасшылыққа бірінші қадам – бұл балаларға деген сүйіспеншілік, өз мамандығыңның шебері болу. Мамандық шеберлігі тек қана өз пәніңді жетік білуде емес, оқушылардың әрі қарай сол пәнді өздері үйренуіне жол салу болып табылады.

Кембридж тәсілдеріндегі Синектің конустық метафорасына сүйеніп, «Неге?» «Қалай?», «Не?» сұрақтарын ретімен қойғанда ғана белгілі бір өзгерістер енгізуге болатындығына көзім жетті.

Мен мұғаліммін, бала жүрегінің бағбанымын. Көшбасшымын, дербеспін.

«Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.  Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүру керек », - деп белгілі қоғам қайраткері, Алаш елінің арқалы ақыны Мұхтар Шаханов айтқандай, осы курстан алған білімімді  басшылыққа ала отырып, оқушыларды дамыту үшін , ең алдымен, олардың жүрегінің кілтін табуым керек .Мектепті дамыту үшін, үйренген iс–тәжiрибелерiмдi өзiм қызмет aтқaрып отырғaн мектептегi әрiптестерiммен бөлiсіп, жоспар құрамын деп ойлаймын.

Бұл курстың мен үшін берері мен үйретері көп болды деп ойлаймын. Алған теориялық білімімді жұмыс барысында жүзеге асырармын деген үлкен үміт бар.

 

 

      Пайданылған әдебиеттер:

 

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. I деңгей,екінші басылым.

2.http: //kk.wikipedia.org/wiki.

3.Үлестірме кітаптар.1апта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Деңгейлік оқу кезіндегі есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

I деңгей (ілгерінді) оқу кезіндегі "Өзгеріс не үшін қажет?" есебімді пайдаға жарар деген оймен ұсынуды жөн көрдім. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай психологиялық және методикалық тұрғыдан да өзгеріске дайын болуы қажет. Ол үшін дамыған елдердің оқу үдерісін зерттей отырып,өз тәжірибесіндегі іс-әрекеттермен салыстыра отырып, жетістіке жол ашады деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 1353
    • DOCX 22.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хизирова Маржанкул Хожабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19943
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе