Инфоурок Физическая культура КонспектыДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Скачать материал

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ  САБАҒЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

 

Жилжаксынов Қайрат Каримович

Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсәметов  атындағы орта мектебі» КММ

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі -   дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар: командадағы жұмыс дағдылары; көшбасшылық қасиет; бастамашылық; IT-құзыреттілік және т.б.

Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.

Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. [1; 4]

 Оқу процесінде қолданатын қазіргі заманғы тәсілдердің бірі  - құндылықтарға бағытталған тәсіл. Осы тәсіл дене тәрбиесі пәнінің негізгі тәсілі деп айтсақ, қателеспейміз. Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Олар:  қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет;  ынтымақтастық және т.б. Спортқа үйір оқушылар әр жеңісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның естіп өседі. Оның бойында патриотизм және азаматтық жауапкершілік өмір бақи қалады деуге болады. Құрмет құндылығы да сол кішкене болса жеңістері арқылы келетінін түсінеді. Жарыстардан кішігірім жеңіспен оралса да мектепте оларды таңертеңгілік лездемеде құрметтеп аттарын атап, құттықтайтынын білген балалар ешқашан құрметтен қашпайды. Ол өзін өте бақытты сезінеді. Ынтымақтастық құндылығы да осындай жарыстарға бірігіп барып, бірге жаттығу арқылы келеді. Жалғыз бала жарыстарға барғысы келмей тұрады. Спортшылар командамен жүргенді құптайды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары әрбір жас спортшының бойында осылай қалыптасады.

Қолданыстағы екінші бір тәсіл - тұлғаға бағдарланған тәсіл. Ол тәсілдің мақсатына байланысты оқу процесін дараландыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады. Үшінші атап өтер тәсіл - құзыреттілік тәсілі. Оның мақсаты - дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады. Ал басты міндеті білім алушылардың бастамашылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады. Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Осыған орай бір мысал келтіріп кетейік. Кез келген бір сабақта дене тәрбиесі ойындары болсын, қарапайым бой жазу жаттығуларын орындау болсын, оны жетік меңгерген оқушы табылады. Сол оқушы осы сабақтың кез келген бөлімінде өз құзыреттілігін көрсете алады. Сол оқушы өзінің , мысалы, волейбол сабағында доп беру техникасын жетік меңгерген болса, неге оған осы техниканы өзінің сыныптастарына үйретуге рұқсат бермеске. Ең бірінші оқушылар мұндай жағдайларда өзінің сыныптасындай болғысы келіп, оған еліктейді. Ол оқушыларға сіз «Жарайсың!», «Дұрыс!», «Өте жақсы!», «Жігітсің!», «Алтынсың!», «Суперсің!», «Мақтанышым менің!», «Ақылдым менің!», «Ғажайыпсың!» - деп тұрсаңыз, шапалақ ұрып, өзіңіздің эмоцияңызды білдіріп, шексіз бақытты екеніңізді көрген бала   жаман нәтиже бермейді. Бұл қазір жаңа бағалау жүйесі деп аталып жүр ғой, бірақ пән мұғалімдері мұны бұрыннан қолданып келеді. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сабақ барысында жақсы психологиялық ахуал орнату  кезеңін оқушылар өте жақсы көреді. Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Оқушылардың  өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, т.б. кіреді. Сабақтың  нәтижесі оқушылардың дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс барлық жағдайда қолайсыз ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.

 Сабақ барысында жақсы психологиялық ахуал орнату  кезеңін    әртүрлі әдістермен жүргізіп келеміз. Мысалы, «Егер сен...» - Егер сенің досың бар болса, көршіңнің басын сипа. Егер сенің үйіңде мысық бар болса, өз басыңды сипа.
Егер сен, иттерді жақсы көрсең көршіңді құшақта. Егер сен құстарды жақсы көрсең, қолыңды соз. Егер сен өз мектебіңді жақсы көрсең, аяғыңды топырлат.
Егер сен Отанымызды жақсы көрсең, алақандарыңды соғыңдар!

 «Менің есімімдегі жақсы сөз...» - әркім өз есімінінің бас әрпінен басталатын бір жақсы сөз айтады. «Менің бүгінгі тілегім» - әр оқушы қысқа тілек айтады. «Сәлемдесу» - оқушыларымның ең жақсы көретін әдісі. Әр сабақта сәлемдесудің түр-түрін ойластырып   жүреді. Мысалы, қолмен амандасу, аяқпен амандасу, арқамен амандасу, мұрынмен амандасу, көзбен амандасу, «винегрет амандасу». «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем»  деп, бір тренинг ретінде өткізген сәлемдесулер оқушылардың есінен көпке дейін кетпейді. Ол үшін  жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар керек.Түстері сәйкес келген балалар бір - бірімен амандасады. Көк түстілер «Сәлем!» -  деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады. Сары түстілер «Нai»- деп оң қолдарын көтеріп амандасады. Қызыл түстілер қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді. Ақ түстілер бір – бірімен қол алысып амандасады. «Тілектер  жаңбыры» әдісін күз кезінде түрлі-түсті жапырақтар, ал көктем уақытында гүлдер, қыс кезінде қар бейнеленген қағазға қысқаша тілек жазу арқылы өткізсеңіз, сабағыңызда тамаша көңіл-күй орналасады. «Сөйлемді аяқтау» психологиялық жағдайды орнату тәсілі төмендегідей жүргізіледі.

Менің есептеуімше, мен ..... адаммын.

Менің өмірімде ең маңыздысы бұл -  ....

Мен өзімді жаман сезінемін, егер .....

Мен өзімді жақсы сезінемін, егер .....

Маған ересектердің .... ұнайды.

Маған ересектердің .... ұнамайды.

Мен бос уақытымда  .....

Менің өмірімде ең қуанышты сәт – ......

Менің өмірімдегі ең басты қателік .....

Бұл тәсіл оқушылар туралы біраз мәлімет алуға да көмектеседі. «Атыңа балама тап» әдісі былай өткізіледі: «Менің атым Қайрат. Мен  қаталмын. Менің атым Асқар. Мен ардақтымын», т.с.с.

Психологиялық жағдайды орнатудың көптеген басқа да түрлері бар. Ең қарапайым түрі - жай ғана шеңберге тұрып, қол ұстасып, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

Командадағы жұмыс дағдылар - дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрінің бірі ретінде атап көрсетті. Дене тәрбие сабағында пәннің спецификасында үнемі топқа бөлу болады. Топқа бөлу түрлеріне тоқталып өтейік. «Шашу»  тәсілі – қазақ халқының дәстүрімен ұщтасып жатыр және балаларды қызықтыратын тәсілдің бірі. Бұл тәсілді түсіндірудің қажеті деп ойлаймын. Әр тақырыптағы нақыл сөздер, отан туралы мақалдар, өлең жолдары арқылы, фигуралар арқылы, түрлі суреттер арқылы, спорттағы белгілі адамдардың суреттері арқылы, спорттың түрлері көрсетілген суреттер, смайликтер арқылы және т.б. сан алуан түрі бар. Қазір топқа бөліну тәсілдерімен мұғалімдерді таң қалдыру оңай емес. Оқушылар өздері де неше түрлі әдіс-тәсілдерді ойластырып та келеді. Дене тәрбиесі сабағындағы топқа дәстүрлі түрде бөліну – 1-ші, 2-шіге   саналу.  

Сонымен қатар дене тәрбие сабағында рефлексия жүргізу – жаңалық емес. Рефлексияның бірен-саран түрлеріне тоқталып өтуге болады. «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»

стратегиясын қолданатын болсаңыз, оқушыларға «Бүгінгі сабақта қай екі оқушыны атап өткің келеді, ал қай бір оқушыға тілек айтасың», - деп өткізсеңіз болады.  «Бес саусақ» тәсілі. Дене тәрбиесі сабағында өткізу методикасын былай жасадым. Бас бармақты көрсетіп: «Бас бармақ – басты мәселе. Ең құнды мәселе қандай болды?» дегенде, оқушылардың бір-екеуін сөйлеттіруге болады. Келесі саусақты көрсетіп: «Балалы үйрек – бірлесу. Кімге көмек бердім? Кімді қуанттым?» дегенде келесі екі оқушыны сөйлеттіресіз. Үшінші ретте: «Ортан терек – ойлану. Қандай білім, тәжірибе алдым?». Төртінші ретте: «Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады/ұнамады. Неліктен?».  Бесінші ретте: «Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?» - деп рефлексияны аяқтайсыз, сонда кемінде 10 оқушымен кері байланыс жасайсыз.

 

Қолданылған ресурс: 1. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшіліктері туралы.

Әдістемелік нұсқау хат. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2018 796
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жилжаксынов Кайрат Каримович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жилжаксынов Кайрат Каримович
    Жилжаксынов Кайрат Каримович
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 48856
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Тренировочный процесс и организация соревнований для лиц с ограниченными возможностями

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Курс повышения квалификации

Основы стрелкового спорта

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы коррекционно-оздоровительной работы с детьми в деятельности инструктора физической культуры

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе