Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / «Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері (факультатив)» пәнінен 0104000 – «Кәсіптік оқыту» 01045013-5 – «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығы студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒД
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

«Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері (факультатив)» пәнінен 0104000 – «Кәсіптік оқыту» 01045013-5 – «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығы студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒД

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі


Гуманитарлық - педагогикалық колледжі




«БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері

_________ А.Қ. Мамбетова

« » 2015 ж.




«Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері (факультатив)» пәнінен 0104000 – «Кәсіптік оқыту» 01045013-5 – «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығы студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Оқу түрі: күндізгі

Курс: 4

Семестр: 7, 8



Жұмыс оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 9.06-2009 ж.-ғы № 2 хаттамасымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрылған.












Ақсукент - 2015 ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері (факультатив)» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес жасалған.


Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды. Хаттама №_____ «___» ___________2015ж.


«Математикалық және есептеу техникасын қамтамасыз ету» пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № _____ «____»_______________ 2015 ж.


Пән бірлестігінің төрағасы ____________ К.К.Убаев

Құрастырған оқытушы ___________ Джамалова Ш.А.




Алғы сөз.

«Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері» пәнінің осы жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖБС 4.05.076-2009) сәйкес 0104000 - Кәсіптік оқыту (салалары бойынша) мамандығының Өндірістік оқыту шебері, техник – программист біліктілігі 0104013-5 «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыруға» мамандандыру бойынша әзірленген.

«Дербес компьютердің құрылысы және автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасында: ЭЕМ-нің жалпы құрылысы мен ЭЕМ-нің әр түрлі класстарында қолданылатын сыртқы құрылғылардың негізгі түрлерін және кешендегі есептеу процесін ұйымдастыру қарастырылған. Бағдарламадағы негізгі бағытты тәжірибелік дайындықты қамту. Бүгінгі күнде есептеу техникалардың мінездемелік қасиеті ұдайы жетілдіріп, жаңартылып тұруы, сондықтан осы курсты жүргізу барысында ЕТ құрылғыларының өзгеруі маңызды мәселенің бірі.

Пәнді оқыту барысында білу, үйрену және тәжірибелік дағдылар біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес қалыптасқан болу керек.

Жұмыс оқу бағдарламасы білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктеріне және дағдыларына негізделеді:

- «Электротехниканың теориялық негіздері»;

- «Есептеу микропроцессорларының техникалық негіздері»;

- «Перифериялық құрылғылар»;

Жұмыс оқу бағдарламасын өндеуде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында, қалыпты оқыту жүйесіне дидактикалық және көрнекілік құралдары, плакаттар модельдер, оқу бейнефильмдер, электронды оқулықтар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, жаңа технологияны (модульдік, кредиттік және т.б.) қолдану ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

  • жұмыс оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемін 15-25% шамасында өзгертуге құқылы (ҚР МЖМБС 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. негізгі ережелер»);

  • бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

  • бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

  • жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.


  1. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер


Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған құзыреттер

Жұмыс оқу бағдарламасында оқытудың жоспарланған нәтижелері

Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет базалық:

КК 1. Ақпаратты жинақтауда, қайта өңдеуде және кәсіптік қызметтің басқа салаларында компьютерлік техниканы тиімді пайдалану;

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар біледі:

  • Автоматталған жүйенің топтастырылуын және тағайындалуын;

Меңгереді:

  • Кәсіптік дағдыны дамыту үшін ақпараттық технологияларды қолдануды;

Дағдысын қалыптастырады:

  • Компьютерлік техниканы жинау жұмысы және оның кәсіптік қызметтегі басқа аймақта;

Құзіретті:

  • Кәсіптік қызмет объектілері мен түрлерін;

КК 2. Қазіргі электрондық есептеу машиналарын және электрондық есептеу машиналарына техникалық қызмет көрсету бағдарламалық құралдарын меңгеру;

Біледі:

  • Баспалардың топтастырылуын және әр түрлі жағдайларда қолдану ролін;

  • Ақпаратты жинақтағыш түрлері, олардың жұмыс жасау принциптері және негізгі техникалық сипаттамалары;

  • Жөнделмейтін сыртқы құрылғыларды түзету, іздеу және орнату;

  • Автоматтандырылған жүйелердің тағайындалуын;

  • Автоматтандырылған жүйелерді басқарудың негізгі түрлерін;

Меңгереді:

  • Әр түрлі баспалармен жұмыс жасау барысында ақауларды түзету, операциялық жүйелерде және бағдарламаларда дыбыс карталарды дұрыс күйге келтіру;

  • Әр түрлі сканерлер модификацияларымен жұмыс жасау;

  • Бейне ақпараттарды өңдеуде тақташаларын дәлдеу;

  • Баспаны жұмысқа дайындау;

  • Ақпараттарды өңдеуге техникалық құрылғыларды қолдану;

Дағдысын қалыптастырады:

  • Қазіргі кездегі операциялық жүйелермен жұмыс жасауды;

  • Құзіретті:

  • Кәсіптік қызметке қажетті ЕТЖ-гі автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендеріндегі теориялық сұрақтарына;

КК 5. Электронды – есептеуіш техникасын, сыртқы құрылымдарын және бағдарламалау құралдарын пайдалануда қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғаудың негізгі ережелерін ақтау.

Біледі:

  • ЕТЖ-ң негізгі пайдаланылатын сипаттамаларын;

  • ЭЕМ жұмыс жасауда техника қауіпсіздік инструкциясын;

  • Негізгі қате түрлері және жөндеуге келмейтіндігін;

Меңгереді:

  • Зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауда еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

  • ЕТЖ-ң пайдалану сипаттамасы бойынша жұмысқа қабілеттідлігін бағалау;

Дағдысын қалыптастырады:

  • Перифериялық құрылғыларды жөндеу;

Құзіретті:

  • Өндірістің технологиялық сұрақтарына;

АК 1. Есептеу техникасын бағдарламалық қамтамасыз ету және автоматтандыру салаларында өндірістік – басқару, тәжірибелік – эксперименталдық операциялар жүргізу;

Біледі:

  • Мәтіндік және графикалық ақпараттарды санауда құрылғылардың жұмыс істеу принциптері;

  • Перифериялық құрылғылармен жұмыс жасауда ақауларды түзету;

  • Операциялық жүйемен және бағдарламамен жұмыс жасауда дыбыстық карталарды орнату;

  • Әртүрлі ақпараттарды жинақтағыштар олардың негізгі техникалық сипаттамалары және жұмыс жасау принциптері;

  • Ақпаратарды бейнелейтін құрылғылардың параметрлерін басқару;

  • Сандық камераны жұмысқа дайындау;

  • Сканер арқылы компьютерге графикалық және мәтіндік ақпараттарды енгізу;

  • Модем және факс модемдердің негізгі техникалық сипаттамалары және жұмыс жасау принциптері;

  • Компьютерге ішкі және сыртқы модемді қосу;

Меңгереді:

  • Ақпараттарды қабылдау - жіберу құрылғылармен жұмыс;

  • Модемдер және факс - модемдермен жұмыс жасау;

  • Ақпараттарды көшіру және көбейту құралдарындағы ақауларды түзету;

Дағдысын қалыптастырады:

  • Жұмыста барлық перифериялық құрылғылардың ақауларын түзету;

Құзіретті:

  • Есептеуіш техника және автоматизацияға қатысты барлық сұрақтарына;

АК 2. Инженерлік – техникалық, ұйымдастырушылық-басқарулық және білімді қызметтерін атқару;

Біледі:

  • Кәсіптік және оқу жұмыстардың орындалуындағы жауапкершілік әрекеттері;

Меңгереді:

  • Кәсіптік және оқу қызметтерінде өз бетінше тиімді шешімдер қабылдау;

  • Модемді кабелдер арқылы файлдарды көшіру мақсатымен компьютер арасындағы байланысты орнату;

Дағдысын қалыптастырады:

  • Жеке және ұжым арасында жұмыс;

Құзіретті:

  • Кәсіптік қызметке қатысты теориялық сұрақтарға;

АК 3. Бастапқы ақпараттар бағдарламасын компьютерде дайындау және құрастыру;

Біледі:

  • Бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін;

  • Тілдің негізгі программалық құрылымын;

  • Бағдарламаның қате түрлерін;

Меңгереді:

  • Бағдарламалау тілінде бағдарламалық мәтіндерді құруды;

  • Өз бағдарламасын кейінге қалдыру;

  • Бағдарламаларды тестілеу

Дағдыны меңгереді:

  • Бағдарламаны құруы бойынша;

  • Кәсіптік тапсырмаларды шешуде техникалық құжаттармен жұмыс жасау;

Құзіретті:

  • Кәсіптік талапқа қатысты өзінің жеке мүмкіндігіне.















  1. Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

    1. Пәннің тақырыптық жоспары

Р/с

Бөлімдер мен тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

Теориялық

лабораториялық практикалық сабақтар


1 – бөлім. Автоматтандырылған жүйелердің жалпы мінездемелері

8


8

1.1. тақырып. Автоматтандырылған жүйелердің топтасуы

2


2

1.2. тақырып. Ақпаратты қамтамасыздандыру

2


2

1.3. тақырып. Техникалық қамтамасыздандыру

2


2

1.4. тақырып. АЖБ-дағы қолданатын техникалық құралдар: құрамы

2


2


2 – бөлім. ДК-дың құрылғылары

28


28

2.1 тақырып. Жүйелік блоктың ішкі құрылысы

2


2

2.2 тақырып. Аналық тақта және оның түрлері

2


2

2.3 тақырып. Процессор және оның түрлері

2


2

2.4 тақырып. BIOS (Basic Input Output System)

2


2

2.5 тақырып. Оперативті жады және оның түрлері

2


2

2.6 тақырып. Компьютердің жедел жады. Виртуалды жад

2


2

2.7 тақырып. Дискжетектер

2


2

2.8 тақырып. CD, DVD - дискілердің жетектері

2


2

2.9 тақырып. Иілгіш дискілерді дискжетектері

2


2

2.10 тақырып. Тасымалданатын жинақтауыштар

2


2

2.11 тақырып. Бейнебейімдеуіш немесе видео карта. Дыбыстық тақта, желілік тақташа

2


2

2.12 тақырып. Бейне адаптерлер және дыбыстық тақшалар

2


2

2.13 тақырып. Порттар және оның түрлері

2


2

2.14 тақырып. Қоректендіру блогі

2


2


3 – бөлім. Автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдары

24


24

3.1. тақырып. Мониторлар және графикалық карталар

2


2

3.2. тақырып. Зертханалық - тәжірибелік жұмыс. Монитордың жұмыс жасау принципі

2


2

3.3. тақырып. Баспалар

2


2

3.4. тақырып. Лазерлік баспалар. Лазерлік баспалардың жұмыс жасау принципі

2


2

3.5. тақырып. Зертханалық - тәжірибелік жұмыс. Баспа құралын жұмысқа дайындау

2


2

3.6. тақырып. Сканерлер. Негізгі техникалық сипаттамалары

2


2

3.7. тақырып. Зертханалық - тәжірибелік жұмыс. Сканерді орнатудағы талаптар

2


2

3.8. тақырып. Сандық камералар

2


2

3.9. тақырып. Жинақтағыштар


2


2

3.10. тақырып. Мәліметтерді көшіру және көбейту құралдары

2


2

3.11. тақырып. Көшірме аппараттардың түрлері, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, мүмкіндіктері

2


2

3.12. тақырып. Зертханалық - тәжірибелік жұмыс. Көшіру аппараттармен жұмыс жасау

2


2


4 - бөлім. Мәліметтерді қабылдау – шығару құралдары

9


9

4.1. тақырып. Модемдер және факс - модемдер

2


2

4.2. тақырып. Зертханалық - тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы программаларды және факс - модемді орнату

2


2


Барлығы:

64


64



    1. Пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны


1 – ші бөлім. Автоматтандырылған жүйелердің жалпы мінездемелеріне

8 сағат.

    1. тақырып. Автоматтандырылған жүйелердің топтасуы – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Жүйе туралы түсінік. Автоматтандырылған жүйелердің топтастырылуы. Автоматтандырылған жүйелердің негізгі принциптері мен деңгейлері.

    1. тақырып. Автоматтандырылған жүйелердің топтасуы – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Ақпаратты қамтамасыздандыру. Ақпаратты қамтамасыздандыру туралы түсінік. Ақпаратты қамтамасыздандырудың құрылымы. Экономикалық мәліметтерді кодтау және олардың мінездемелері; оның топтастырылуы; ақпаратты қамтамасыздандыруды құрудың принциптері

    1. тақырып. Техникалық қамтамасыздандыру – 2 сағат тәжірибелік сабақ

АЖБ-дағы қолданатын техникалық құралдар: құрамы, топтастырылуы, қызметтері. Нақты есеп шығару барысында техникалық құралдарды таңдау.

    1. тақырып. АЖБ-дағы қолданатын техникалық құралдар: құрамы – 2 сағат тәжірибелік сабақ

АЖБ-дағы қолданатын техникалық құралдар: құрамы


2 – бөлім. ДК-дың құрылғылары 28 сағат.


  1. тақырып. ДК-дың құрылғылары. Жүйелік блоктың ішкі құрылысы – 2 сағат тәжірибелік сабақ


Жүйелік блоктың ішкі құрылысы. ДК-дың құрылғылары. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары. Жүйелік блоктың түрлері. MiniTover, MidiTover, Server Case

  1. тақырып. Аналық тақта және оның түрлері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Аналық тақтаның түрлері. Аналық тақтаның жұмыс жасау принциптері. Аналық тақтаның сызбасы. Аналық тақта – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақта.

  1. тақырып. Процессор және микропроцессор түрлері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Процессор және оның түрлері, маркасы, жұмыс жасау принциптері. Процессорды суыту жүйесі. Процессор және микропроцессорлардың құрылымы.

  1. тақырып. BIOS (Basic Input Output System) – 2 сағат тәжірибелік сабақ

BIOS (Basic Input Output System).

  1. тақырып. Оперативті жады және оның түрлері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Оперативті жады және оның түрлері.

  1. тақырып. Компьютердің жедел жады. Виртуальдық жад – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Компьютердің жедел жады. Виртуалды жад.

  1. тақырып. Дискжетектер – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Қатқыл дискілер.

  1. тақырып. CD, DVD-дискілердің жетектері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

CD, DVD-дискілердің жетектері.

  1. тақырып. Иілгіш дискілерді дискжетектері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Иілгіш дискілерді дискжетектері.

  1. тақырып. Тасымалданатын жинақтауыштар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Тасымалданатын жинақтауыштар.

  1. тақырып. Бейнебейімдеуіш немесе видеокарта. Дыбыстық тақта, желілік тақташа – 2 сағат тәжірибелік сабақ

  2. тақырып. Бейнеадаптерлер және дыбыстық тақшалар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Бейнеадаптерлер және дыбыстық тақшалардың түрлері. Бейнеадаптерлер және дыбыстық тақшаларды орнату драйверлері.

  1. тақырып. Порттар және оның түрлері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Порттар және оның түрлері.

  1. тақырып. Қоректендіру блогі – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Қоректендіру блогі


3-ші бөлім. Автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдарына 24 сағат.

  1. тақырып. Мониторлар және графикалық карталар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Техникалық құралдардың құрамы және жұмыс орындарын ұйымдастырудың жалпы сұрақтар. Техникалық құралдардың түрлері және компьютермен жұмыс жасау барысында оларды жұмыс орында орналастыру. Қолданатын коммутациялық құрылғылардың міндеті: ажыратып - қосқыш құрылғылары, автоматты ажыратып - қосқыш құрылғылары. Panasonik, Sony, Samsung, ViewSonic, Daewoo өндіруші фирмалардың қазіргі мониторлары негізгі параметрлері және мінездемелері: экранның көлемі, электронды - сәулелі трубаның технологиясы, максималдық нүктелер рұқсаты, кадрлардың жиілігі, нүктелердің ара қашықтары және т.б. Дисплей контроллері.

  1. тақырып. Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Монитордың жұмыс жасау принципі – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Монитордың жұмыс жасау принципі

  1. тақырып. Баспалар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Баспа құралының құрылысының үлгісі. Матрицалық баспалар. Матрицалық баспа инесінің жұмыс жасау принципі.

  1. тақырып. Лазерлік баспалар. Лазерлік баспалардың жұмыс жасау принципі – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Лазерлік баспалар. Лазерлік баспалардың жұмыс жасау принципі. Сия бүріккіш баспалар.

  1. тақырып. Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Баспа құралын жұмысқа дайындау – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Баспа құралын жұмысқа дайындау. Баспалармен жұмыс жасау және техникалық қызмет ету.

  1. тақырып. Сканерлер. Негізгі техникалық сипаттамалары – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Сканерлердің түрлері, сапалы суреттің сканер құрылғысының сапасынан және мүмкіндігіне байланысты, енгізілген сурет оригиналының түрі және нүктелер рұқсаты. Сканерлердің негізгі техникалық мінездемелері.

  1. тақырып. Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Сканерді орнатудағы талаптар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Сканерді орнатудағы талаптар. Сканермен жұмыс істеу принциптері.

  1. тақырып. Сандық камералар – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Сандық суреттерді қолданудағы баспа кешендерінің жұмыс жасау принципі.

  1. тақырып. Жинақтағыштар – 2 сағат тәжірибелік сабақ.

Қатты диск, магнитті-оптикалық жинақтағыштар, ZIP және JAZ түрлі құрылғылар, компакт-дискіге жазушы құрылғылар (CD Recorder). Мәліметтерді жазу принципі. Компьютерге жинақтағыштардың қосылу интерфейсі. Магнит жинақтағыштар. Иілгіш дискілер. Оптикалық жинақтағыштар. Алуан түрлері. Мобильдік жинақтағыштар.

  1. тақырып. Мәліметтерді көшіру және көбейту құралдары – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Максималдық құжаттың көшірмесін қабылдаудың әдістері.

  1. тақырып. Көшірме аппараттардың түрлері, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, мүмкіндіктері – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Көшірме аппараттардың түрлері, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, мүмкіндіктері.

  1. тақырып. Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Көшіру аппараттармен жұмыс жасау – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Көшіру аппараттармен жұмыс жасау.


4-ші бөлім. Мәліметтерді қабылдау - шығару құралдарына 9 сағат.

  1. тақырып. Модемдер және факс-модемдер – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Модемдер және факс - модемдер сипаттамалары. Жұмыс жасау әрекетін және жұмыс жасау режимін тағайындау.

  1. тақырып. Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы программаларды және факс-модемді орнату – 2 сағат тәжірибелік сабақ

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы программаларды және факс-модемді орнату. Жұмыс режимдері.



  1. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау


Берілген пән бойынша бақылауда аралық аттестациялардың негізгі формасы болып табылатын аралық бақылау, сынақ, тестілеу, емтихандардың өткізілуі қарастырылады.


Оқу мекемелері жұмыс оқу бағдарламасында практикалық жұмыстар мен тапсырмаларды текстік формада өңдеуі қажет.


Тест тапсырмалары бөлімдер мен тақырыптардан және олардың әр деңгейдегі мамандандырылған квалификацияға сай үш негізгі күрделі деңгейі (төмен, орташа және күрделі) болуы керек.

  1. Әдебиеттер және оқу құралдары


Негізгі:


  1. К. Айден, Х. Фибельман, М. Крамер. Аппаратные средства РС. М:

BAV – Санкт-Петербург, 1997.

  1. Питер Нортон и др. Персональный компьютер изнутри. М: Бином, 1995.

  2. О. Колесниченко, М. Шарашин, И. Шишкин. Лазерные принтеры. М:

BAV – Санкт-Петербург, 1997.

  1. С. Вильховченко. Модем 96. М: АВҒ-Москва, 1995.

  2. Буктин Л.В. и Безрукий Ю.Л. Дисковые подсистемы IBM РС-совместимых персональных компьютеров. М: Радио и связь, 1993.

  3. Раттон Т. Модемы для «чайников» - Киев, Диалектика, 1994.

  4. А. Жаров. Железо IBM98. М: МикроАрт», 1998-06-10.

  5. Джон Гудман. Секреты жесткого диска. Диалектика (Киев) и АО «Информейшн компьютер энтерпрайз». М: 1994.


Қосымша:


  1. Скотт Миллер. Модернизация и ремонт персональных компьютеро в. М: Бином- Москва, 1996.

  2. Фролов А. В., Трофимов Г. В. Локальные сети персональных компьютеров о Монтаж сети, установка программного обеспечения. Библиотека системного прогромиста, т.7. М: Диалог- МИФИ, 1993.

  3. Стандарты по локальным вчислительным сетям. Справочник под редакцей Самойленко С.И. – М: Радио и связь, 1990.

  4. Рош Л.У. Библия по модернизации персонального компьютера. Пер.с англ. – Мн.: ИПП «Тивали-Стиль, 1995

  5. А. Борзенко. IBM РС: устройство, ремонт, модернизация. М: ТОО фирма К «Компьютер Пресс», 1995



Оқытуға қосымша ұсынылатын материялдар:


  1. Оқу әдістемелік кешені

  2. Бағдарламалық қамтамасыздандыру

  3. «Автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері» пәні бойынша (бейнематериялдар, электронды оқулық)

  4. Зертханалық қабырға ілгіштер

  5. Тақырыптық плакаттар жинағы (кестелер, сызулар, схема, карталар және т.б.).


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров309
Номер материала ДВ-389852
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх