Инфоурок Другое Другие методич. материалыДиктант на тему "Шынайы достық "

Диктант на тему "Шынайы достық "

Скачать материал

                                Бақылау жұмысына арналған диктант мәтіндері

 

 

 

                                               Шынайы достық

 

 

      Досымбек екеуміз астанадағы педтехникумда оқитынбыз. Білімге құштарлана ұмтылған сайын болашаққа деген үмітіміз жақындай түсетін- ді.

     Жалғаным емес, расым достар! Шәкірттік кезімде көктегі айға төбем жеткендей мардымситынмын. Ғылымға жан-тәніммен берілгенім шығар, жолымдағы қиыншылық атаулыға өзімді әзір тұрғандай сезінетінмін. Жастық шақтың бірінен-бірі өткінші аяулы күндері шыңнан аққан тас бұлақтың суындай жылысып, ғасыр дариясының арнасына құйылып жатты.

     Досымбек екеуіміз мейірімді ананың егізіндей жұптасып, ылғи да бірге жүреміз, үзім нанды бөліп жейтінбіз.

   «Дос болса, осылардай болсын!» -десетін жұрт.Досымбек кенеттен қатты сырқаттанып ауруханаға түсті.Ішкенім ас болмай, ұйқыдан айырылып, есеңгіредім де қалдым. Күннен-күнге досымның халі төмендеп, ажалдың аузына түсетіндей көрінеді.

     -Дауасы бар ма ауруының?-деп сұрадым емдеуші дәрігерден.

     -Бір ғана дауа-таза қан құю,-деді ол.

Дереу қанымды сарапқа салдым. Түн қараңғылығы қоюланған кезде қаным зерттеліп те бітті. «Әттең, қаным іске жарап, Досымбектің жаны қалса!»-деп жалбарына берем тәңірден. Бір жақсылықты сезгендей жүрегім лүпілдеп, қуаныштың хабарын күткендеймін...

       Міне, тілегім орындалып, досыма деген жәрдемім қабыл болыпты. Досымбек науқасынан әбден айығып, ауруханадан шықты.(154 сөз)

 

 

 

                                     

 

Мұхиттың  аулы

 

           Қою шынар ағашы өскен биіктің өнерлі жанның қолынан шыққан тақияға ұқсас төбесіне біреу жортып шыға келді. Алыстан қараған адамға шынар қалпағы жалғыз аттының қолына ұстаған қалқаны тәрізді.Күн еңкейіп қойнау-қойнауда көлеңке ұзарыпты.Бұл Мұхит еді де,ауылдан жолаушыларға азық-түлік арттырып тастап,ол Қақпантас биігіне көтерілген болатын.Биіктен төмендегі өлкенің қабағы мен табанына шейін түгел көрінетін-ді.Таудың көлеңкелі жағында ирелеңдеп әріден ағатын Көкдолы өзені қарауытады.Күншығыс жақтан етектегі шұп-шұңқыр тұйықтыққа қарай Сеңгір бұлағы айнадай жарқырайды.Мұхиттың қарсы алдындағы жайылған текеметке ұқсайтын алқап бітік орманмен көмкерілген.Мұхиттың былтырғы көргеніндей емес,жалаулар желбіреп,елді мекенге айналып өзгеріпті.Өлкенің оңтүстік-батыс жағындағы қиялау беткей-құмырсқадай қыбырлаған малға толы.Ойдағы жалаулардың ара-арасынан ақбоз үйлер жұмыртқадай көз тартады.Өлкенің құбыла жақ қабағы-бас-аяғы күндік жердегі қошқыл,бітік орман.

        Мұхит ойдағы көзін тайдырып,  өзі тұрған айналасын,оңын,солын шолғанда,жүрегі лүпіл қағып,кеудесіне шаттық сезімі ұялағандай болды.

(145 сөз)

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диктант на тему "Шынайы достық ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 312 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 3722
    • DOCX 12.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Насретхан Лаура Насретханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Насретхан Лаура Насретханқызы
    Насретхан Лаура Насретханқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39320
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Религиозно-философские традиции Китая

Перейти к трансляции