Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘдістемелік нұсқау: МЕЙІРІМ ШАШҚАН ЖҮРЕГІ

Әдістемелік нұсқау: МЕЙІРІМ ШАШҚАН ЖҮРЕГІ

Скачать материал

                                   Сыныптан тыс іс-шара

 

Тақырыбы:  Мейірім шашқан жүрегі!            

Архыматаева Нұрила Жақсылыққызы

 

Сыныбы: 1

Мақсаты: Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы мен қоғамдық қызметі, адамның өзін тану әлімінің бастамашысы ретіндегі рөлін таныту. Адамдарды бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Сара Алпысқызы Назарбаеваның портреті, өнеге сөздері, оқушылардың салған суреттері,  презентация.

Жабдықталуы: Музыкалық сүйемелдеу, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, интерактивті тақта, шарлар, жүрекшелер, гүлдер, кітаптар, суреттер. 

Іс-шараның формасы: Өнеге сағаты

Іс-шара жоспары:

1.Кіріспе сөз (2мин)

2. Ән шашу « Ана »  (2 мин)

2.Өмірбаяны мен қоғамдық қызметі (2мин)

3.Би «          »(5мин)

4. Еңбегіңіз үшін» (Сара Алпысқызының марапаттары ) (3мин)

5..Бейнематериал « Сара Алпысқызы туралы»     (3мин)

7. « Менің өзін-өзі тану» пәнінен оқып білгенім»  (2мин)

8. Сахналау « Жақсылыққа жақсылық» (2мин)

9. Жыр шашу « Сара Алпысқызының туған күніне орай оқушылардың арнаулары) 3 мин

10.Сурет көрмесі  « Жақсылық жасау » (2мин)

11.Қорытындылау(2мин)

12.Марапаттау(2мин)

 

Жүру барысы:

1.Алғы сөз:

Гүлбақыт:

Армысыздар қымбатты 1-ші сынып оқушылары!  Бүгін біз сіздерді «Өзін-өзі тану» идеясының негізін салушы, қазақастанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне  арналған «Жүрекке жол тапқан, мейірімді Сара Алпысқызы!» атты өнеге сағатына бірге қатысуға шақырамыз.!

Арай қалай ойлайсың, 1-сынып оқушылары Сара Алпысқызы туралы білер ме екен?

Арай: - Әрине білер. Бүгін өнегелі өмір жайлы айтатын болғандықтан Сара Алпысқызының өнегелі істерімен таныстырсақ.

 

2.Өмірбаяны:

Гүлнұр: - Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген, яғни ертең туған күні. Ендеше бәріміз Сара апамызды ертеңгі туған күнімен құттықтап, қолымызды соғайық.

 

Айым: - Сара Алпысқызы   Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы.

 

Назым: - Сара Алпысқызы  1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы.

 

Бақдәулет: Сара Алпысқызының бастамасымен  елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде еліміздің барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылды.

 

Айым: - 1994 жылдан «СОС — Қазақстанның балалар деревнясы»   қорының президенті. Назым:. - «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру идеясының авторы.

Гүлбақыт:-  Ия, осындай игі істерімен Сара Алпысқызы елге танымал тұлға. Оқушыларымыз Сара Алпысқызының құрметіне әдемі би арнасақ дейді. 1 ... сынып оқушысы.............   әсем биімен ортаға шақырайық.

3.Би:

 

 4.Марапаттары:

Гүлбақыт: - Міне, балалар, Сара Алпысқызы еліміздегі осындай жақсы, игі істердің бастамашысы екендігін білдік. Ендеше бұндай еңбек еш кетпейтіні де түсінікті. Сара Алпысқызының марапаттарымен 1  .......... сынып оқушылары таныстырып өтпек.

/ортаға балалар шығады/  жүргізуші сахна сыртында алған атақтары туралы айтып тұрады

 

 - Сара Алпысқызы қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен марапатталған.

- Оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І  дәрежелі алтын медаль иегері.

 - «Юнити» халықаралық сыйлығының иегері

 -  СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалімен марапатталған.

 - Біріккен Ұлттар Ұйымы – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі иегері.

 - Ихсан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының халықаралық сыйлығымен марапатталған

 -Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған.

Гүлбақыт: Балалар, елге адал қызмет етсеңдер болашақта сендер де осындай елдің құрметіне бөленіп, жоғары марапаттарға ие болатындарыңа сенімдіміз.

 

Гүлбақыт: - Балалар, сендер өздерің  Сара Алпысқызын қандай мараптқа лайықты деп санайсыңдар? Міне, осы сұрақтың жауабын 1  ............сынып оқушылары айтсақ дейді.

/ортаға оқушылар шығады/

1-оқушы: Сара апа  «Мейірімділік» медаліне лайықты. Себебі ол кісі мейірімді, қамқоршы жан

 

Гүлбақыт: - Рахмет, балалар, адамды уақытында, дер кезінде бағалай білу керектігін түсінген екенсіңдер. Ниеттеріңе разымыз.

 

Гүлбақыт: - Біздің балаларымыздың жүректері кең, алғыр екен. Ал жүрек кең, айбарлы да жылы болуы үшін оның кілтін жақсы істеріміз арқылы аша білуіміз қажет. Келесі орындалатын тапсырмада адамның алқызыл жүрегіне жол табу үшін адам қандай жақсы істер істеуі тиіс деп санайсыңдар, оның жауабын 1  .............сынып оқушылары берсек дейді.

 

Ойын-жаттығу /Гүлнұр/ «Жылы жүрек кілті»

/ортаға жүрек ұстаған машықкер шығады, қолында кілт, оны келесі тұрған оқушыға беру арқылы жүрек кілтін ашу үшін қажетті іс әрекет түрін айтады, мысалы: қайырымдылық, мейірімділік, т.б./

Гүлнұр- тамаша, балалар, өз жүректеріңе осы қасиеттерді ұялата біліңдер.

 

Арай: - Сара Алпысқызының қызметі жайлы бейнематериалға назар аударсақ, балалар.

 

+6.  Бейнематериал -3 мин.

 

 Гүлбақыт: - Балалар, Сара Алпысқызы бастамасымен бүгінде біздер оқып жүрген «Өзін-өзі тану» пәнімен биылғы жылдан бастап таныссыңдар. Бұл пәнмен танысу арқылы өз бойыларыңа қандай қасиеттерді қалыптастыру үстіндесіңдер? өз ойларымызбен бөліссек қайтеді.

/ортаға 1«в» сынып оқушылары шығады/

1 оқушы:-  Отанды құрметтеуді, туған жерді қадірлеуді үйрендік

2 оқушы: -  табиғатты аялауды үйрендік

3 оқушы: -  ата-ананы сыйлауды үйрендік.

 

4-оқушы: - Үлкенге құрмет көрсетуге үйрендік

5-оқушы: Кішіге ізет жасап, қамқор болуды үйрендік.

6-оқушы: Досқа адал болуды үйрендік

 

Гүлбақыт: - Сара  Алпысқызы  «Жүректерден шыққан сөз жүректерге жетсе қандай бақыт!», —  деп  айтқандай, өз өмірлеріңді махаббатпен, мейірімділікпен құруға бағыттаған  «Өзін-өзі тану» пәніне жасаған қадамдарың құтты болсын! 

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен,

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен

 

Гүлбақыт: - 1 «г» сынып оқушылары Сара Алпысқызының туған күніне арналған жыр шашуын арнаймыз дейді, ендеше ортаға шақырайық.

1-оқушы:

Өзің дара тұлғасың,

Мен үшін өзің данасың!

Мейірімді көзбен қарайсың,

Айналайын Сара ана!

Ұқсайды дархан көңілің,

Ұлан байтақ далаға.

2-оқушы:

Өзіңді тану-ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді-өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

3-оқушы:

Бір өзіңсің бүкіл елдің анасы,

Барлық бала,барлық жанның панасы.

Құшағына қалай ғана сыйады екен,

Бүкіл елдің «Қазақ» атты баласы.

Алақаның аяулы,құшағы кең,

Сендей адам табылмас жер жүзінен.

 

4-оқушы:

Жүрегі кең ақ пейілді,дара анам,

Шәкірттерің биік өрге самғаған.

Шуақ шашып жер жүзіне мейірімің,

Ел,анасы атандың сен,Сара апа!

 

5-оқушы:

Сізді көрсем бақытта көрінеді,

Сіз арқылы бақытым өріледі.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы,

Ажыратам ақ-қараны өмірдегі

 10.Сурет көрмесі:    

Гүлбақыт - Балалар, адамның жақсы, игі істерін көріп, түсіне білу- өнер. Ендеше бүгін 1 «д» сынып оқушылары игі тілектерін сурет арқылы ұсынады. Тақырыбы: «Жақсылық жасау»

/ сурет көрмесі/

1 оқушы: Мен суретім арқылы адамдарды жақсылық жасауға шақырмын 

2 оқушы:  Мен суретім арқылы ата-аналарымызды сыйлауға шақырмын 

3 оқушы:  Мен суретім арқылы табиғатты аялай білуге шақырамын

4 оқушы:  Мен суретім арқылы достықты бағалай білуге шақырамын

5 оқушы

Гүлбақыт: -  Адамға тек сөзбен ғана емес, сурет арқылы да жеткізу өнер екенін тануға болады. Осы өнерлеріңді шыңдап, талаптарыңды шыңдай беріңдер демекпін.

 

11.Қорытындылау:

 

Гүлбақыт: Балалар, бүгін біз сіздермен Сара Алпысқызының өнегелі өмірі мен қызметі жайлы ой бөлістік. Өзін-өзі тану әлемінде тек жақсылық пен қайырымдылыққа, махаббат пен бақытқа, достық пен сыйластыққа ғана жол бар екендігін ұғындық деп санаймын. Елдің тізгінін ұстар ел ертеңі де сендерсіңдер. Ендеше, ізгілікпен өз өмірлеріңді құра біліңдер, жас достар!

 

Марапаттау:

Гүлбақыт: - Бүгінгі шарамызға белсене қатысып, өзіндік пікір, шығармашылықтарымен танылған барлық сынып оқушыларына алғысымызды білдірсек, / әр сыныпқа номинациялар тапсыру/

1.      « Мейрімді жүрек» номинациясы(1 «а» )

2.      «Қайырымды жүрек» номинациясы(1 «ә» )

3.      « Жылы жүрек»номинациясы(1 «в»)

4.      «Сезімтал жүрек» номинациясы(1 «г» )

5.      « Ізгі жүрек» номинациясы(1 «д»)

 

    Бүгінгі  Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы! атты шарамызға белсене қатысқаны үшін 1-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне,  барлық көрермендерге рахмет айтамыз. Кешіміздің соңын әсем әуенмен аяқтасақ. Сара Алпысқызының сүйікті әні: «Айналайын» әні.

Ән. «Айналайын»

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік нұсқау: МЕЙІРІМ ШАШҚАН ЖҮРЕГІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2017 795
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем АРХЫМАТАЕВА НУРИЛА ЖАКСЫЛЫККЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68985
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой