Инфоурок Другое Другие методич. материалыДәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі. Доғаны қоздырып үйрету

Дәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі. Доғаны қоздырып үйрету

Скачать материал

                                                                                                             БЕКІТЕМІН

 «Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері   

      ______________Тукеева Ж.С.

                                                                     

Сабақ жоспары  № 10

 

Күні-айы: 30.12.2015   Топ: ЭД-03    Курс:  I

Мамандығы: 1114000 – дәнекерлеу ісі 

Бөлімнің тақырыбы: Дәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі

Сабақтың тақырыбы: Доғаны қоздырып үйрету

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге дәнекерлеу доғасын іске қосуға дайындауға және электродты толық ұстап тұруға үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Студенттерді еңбексүйгіштікке, ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға тәрбиелеу, қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.            

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету                                

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек  әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік  жұмыстарды орындау)                                                    

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: дәнекерлеу аппараттары, электродұстағыш, электрод түрлері, металл дайындама,арнайы киім, қолғап, плакаттар, инструктивті технологиялық карта.                                                                                            Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған  және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Электрмен дәнекерлеуді қоректендіретін құрал-жабдықтарды ата?

2. Электрмен дәнекерлеу аппараттарын қолдану кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған  жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Доғаны қоздырып үйрену

Доғаны қоздыру үшін пісіруші электродтың  ұшын металға жанастырады да, содан соң оны 2-4мм-ге жылдам бұрып әкетеді.Осы сәтте доға түзіледі, оның тұрақты ұзындығын біртіндеп түсіру жолымен пісіру уақытында үзбей отырады. Доғаның түзілу сәтіне дейін пісіруші бетін қалқаншамен немесе шлеммен жабуы тиіс.

         Екінші әдіс келесідей орындалады:

Пісіруші электродтың ұшын  пісірілетін металдың беті бойымен жүргізеді де, содан кейін доғаны қоздыра отырып, оны үлкен емес қашықтыққа жылдам бұрып әкетеді. Доғаны мүмкіндігінше  біршама қысқа түрде үзбеу қажет.   

Ұзын доға негізгі металдың толық пісірілуінің жеткілікті тереңдігін қамтамасыз етпейді, ал электродты металл балқу кезінде қатты шашырайды, нәтижесінде көп мөлшерлі тотықтар қосындылары бар біркелкі емес жік алынады. Қысқа доға жағдайында жіктердің айналасына тек металдың ұсақ тамшыларының аздаған мөлшері ғана түзіледі, электрод ұшқындардың біркелкі шоғырын бере отырып, баяу балқиды, пісірілетін металдың толық балқу тереңдігіүлкен болады. Доғаның ұзындығын оның жану кезінде шығаратын дыбысы бойынша болжауға болады. Қалыпты ұзындықтағы доға бір тонды дыбыс шығарады. Өте ұзын доға күрт үзілетін және қатты дыбыс береді.

Үзілу жағдайында доғаны әлі пісірілмеген металда, үзілген жерінен сәл жоғары қайта қыздырады, осыдан кейін доға үзілген жерге қайта оралады, шұңқырды мұқият балқытып, пісіруді жалғастыру керек.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Доғаның пайда болуын түсіндір?

2. Доғаны қоздыру әдістері қандай?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Техника қауіпсіздігі ережелерін орындау

2. Жұмыс орнын ұйымдастыру

3. Дәнекерлеу доғасын іске қосуға дайындау және электродты толық балқытып жанғанға дейін ұстап тұру

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

     -  жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

     -  еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

     -  технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

     -  жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Тақырыпты толық түсініп келу, электродты толық жанғанға дейін ұстап үйрену

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері:       _______________     Бердимуратова А.О.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі. Доғаны қоздырып үйрету"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 1449
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердимуратова Асия Осербаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бердимуратова Асия Осербаевна
    Бердимуратова Асия Осербаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34486
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек