Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад Қазіргі жастар тілі

Доклад Қазіргі жастар тілі

Скачать материал

ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСТАР

http://45minut.kz/wp-content/uploads/userphoto/1755.jpg

      Қазақ халқының мәдени өмірінің көрінісі-фразеологиялық қордан ерекше байқалады.Өйткені қазақ фразеологизімдері-халық өмірінің айнасы.Бұл айнада ұлт менталитетінің көрінісі тұтастай қамтылады десек,асыра айтпағандық болар.Ұлт мәдениеті оның ғылымында,өмірінде,дінінде тіл арқылы қолданылады.Тіл білімінде қазақ ұлтының таным парасатын,жарық дүниені танудағы көркемдік көк жиегін,ой қиялын жаңа ғасыр табалдырығында тұрған жас буын,келер ұрпақ алдында ұлттық мәдени ерекшеліктерін өзі жасаған тілі арқылы зерделеу-ең маңызды нәрсе.Олай болса фразеологиялық материалдар ұлттық мәдени маңызы бар деректерден тұрады.

Тұрақты тіркестер бастапқыда еркін тіркестер түрінде болып,келе-келе әбден тұрақталып,фразеологизмдерге айналады.Яғни олардың мағына тұтастығы,қолдану тиянақтылығы, даяр қалпында қолданылу тұрақтылығы сияқты белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа жетіп сақталынуда.Әр фразеологизмдер мәдени ақпар беретін дағдылық қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады.Бұл деректердің түп төркіні,таралуы,шығу көзі фразеологизмдердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.Шындығында әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып қалыптасуы үшін оның көптеген ең алғышарттарымен салалары болу керек.Тұрақты тіркестер әр түрлі жағдайларға байланысты туындаған екен.Мысалы: салт-дәстүрге, дінге, наным-сенімдерге байланысты.Жастар тіліндегі қазіргі таңдағы қолданыстарға тоқтамас бұрын,тұрақты тіркестердің бірнеше салаларына шолу жасап өткім келіп отыр.Сонымен бірінші ұлттық рәсімдерге байланысты туындаған тұрақты тіркестер.Ұлттық рәсімдерге салт-дәстүр,әдет-ғұрып,қазақ халқының тұрмыс тіршілік мәдениеті жатады.Яғни қазақ халқының өмір салты туған тілінде әсіресе фразеологиялық қорынан көрініс тапқан.Мысалы: еншісі бөлек ені басқа  деген тіркестер- бұрынғы уақытта малға таңба салынып, ер жеткен азамат балаларына арнап тиісті мал үлесін бөлген.Осыдан ары қарай енші алу тіркесі-өзіне тиісті сыбағасын алу мақсатында айтылады.

Ендігісі қазақ дүниетанымындағы діннің рөлі, дінге қатысты ой толғаулар, оның адамгершілік, адамды сүю, құрметтеу, мораль, этика үлгілерін танытатын сөз тіркестері фразеологиялық материялдардың деректерін қамтиды.Қазақтар ислам дінін ұстанады.Оған дейінгі шаман дінінің негізінде қазақ мифологиясында ертеден келе жатқан нанымдардың белгілері сақталған. «Көк» түсті қазақтар ерекше пір тұтқан.Тіпті әулие, хан атақты адамдардың мазарлары мен күмбездерінің төбелерін көк түспен бояған.Ал «көк соққыр», «көк келсін» деген  қарғыс мәнді фразеологизмдерді- «Алланың қаһары тисін» деген мағынаны білдіреді. «Көк қасқа сою»- құрбандық шалу.Бұл тұрақты тіркестер арқылы тілді жасаушы халықтың бір кездегі ой санасының, жан дүниесінің сәулесі деп түсіну керек.

Қазақтың осынау тұрақты тіркестері қазіргі күнде де қолданыс аясынан шектеліп қалған жоқ, алайда «заманына қарай адамы» демекші заманның өзгеріп, қоғамның талабына сай кейбір тұрақты тіркестердің айтылуы өзгермеседе, жаңа мағынаға ие болуда.Мысалы: «кәмелетке жетті»- бұған дейін шындақ тапты, ақиқатқа көзі жетті десе, қазіргі уақытта кәмелетке жету,яғни он сегіз жасқа толу, заңды тұлға атану.

«көзі соқыр»- сауатсыз, ештеңені білмейтін адам десе, қазіргі уақытта көз жанарының зақымдануынан науқастанған адам, «Тусаң ту!»-артық болып, өзгеше, ешкімге ұқсамайтындай болып туу, ал қазіргі таңда бір затты тез арада табу, бұл тіркес көп жағдайда бұйрық беру, жекіру жағдайында айтылады.

Ең бірінші баяндамамды фразеологизмдерден және оның өзгеруінен бастауымның өзінде үлкен мән бар.Себебі ненің де болса өз бастауы бар.Енді осы орайда қазіргі таңдағы жастар тіліне тоқталып кетейін.Қоғамымыздағы өзгерістер әсіресе тілімізге де өз әсерін тигізген сыңайлы.Соның ішінде жастар тілін алар болсақ, ауызекі тілде қолданып жүрген тіркестер баршылық.Жастар тілінде бұл тіркестерді «сленгтер» деп атауға болады. «Сленг» сөзі ағылшын тілінен енген.Яғни белгілі бір ортада қолданылатын сөзер.Мен жастар арасындағы сленгтерді жинақтап оларды өз ішінде бөлектеп, мағынасына қарай топтаған болатынмын.Жастар сленгі өз ішінде көптеген мағынаға ие болады.Соларға мысал келтіре кетейін.

Жастардың  күнделікті қолданып жүрген слегтерінде орыс сөздерінің көптеген компоненттері кездеседі.Мысалы: «тормозы ұстап қалды»-бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды»деген тіркес бар,«базар жоқ»-сөз жоқ, яғни істеген ісін тындырымды әрі айқын істейтін адам. «Толпамен келу»-көпшілікпен келу, «типаж болу»- менменсу бұл тіркеске синоним «блатной болу». «Косякқа кіргізу»-қолайсыздыққа тап болу, «зелень алып келу»-ақша алып келу, бұл жерде «зелень» деген сөз АҚШ валютасы. «Құлаққа лапша ілу»-өтірік айту, «Капустаға қарау»-материялдық жағдайына қарау, «счетчик қою»-ақша талап ету, «Ала көзімен стрелять ету»- бір адамға қадала қарау, «Шпоры жасау»-емтиханға арналған жауап парағы. «Маяк тастау»- қоңырау шалу, бұл тіркестің синонимі «скидовать ету».Стрелять, лапша, косяк, капуста, толпа, базар тіркестерінде орыс сөздерінің компоненттері бар.

Ал жеке адамға, оның адами тұрғыдағы қадір қасиетіне байланысты күнделікті тұрмыс тіршілкте қолданылатын сленгтер жайлы да айта кетсек.Мысал ретінде:

«Жалауық»-қазғаншақтық, «ауру»-басқа адамдардың мазасын алу, «қуғынбай»- бос сөзді көп сөйлеу,бұл сөздің синонимі «сасымашы».Бұл сленгтер алғашында Батыс Қазақстан өңірінде соның ішінде Ақтөбе, Атырау қалаларына диалекті тіркестер ретінде қолданылса, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары қолданады.

Бұл сленгтердің тағы бір топтамасы ол оқушы, студент жастар арасындағы тіркестер.Оларға мысал келтіре кетсек: «Крышасы бар»-тірегі бар, «ботан болу»-сабақты көп оқу осы тіркестің синонимі «зубрить», «қырқу»-мәселені шешу, тығырықтан шыға білу, «миды шіріту»- бос сөзі көп айту.

Әдетте фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол.Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау аңғарылуы тиіс.Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе адамдардың  күнделікті күйбең тіршіліктегі көріп жүрген түрлі заттар, құбылыстар, көріністер ықпалы.Ал осы фразеологизмдердің о бастағы тура мағынада қолданып, бір кездері көріністің балама оймен ұштасуы арқылы ауыспалы мағынаға ие болуы, тұрақты тіркестің тілдік қолданыста қалыптасуына әсер етеді.Мысалы: «картопты жарып айтты»-барлығын аузына қаратты,керемет сөйледі, «танкасы бар»-тірегі, көмектесетін адамы бар, «сағызша шайналды»-көп созды, жауап таппай дал болды.

Осы орайда айта кететін жайт қолданыста жүрген тұрақты тіркестерге, олардың мағыналарына үңіле қарасақ, бұл сөздердің астарында еш мағына жоғына көзіміз жетеді.Ауызекі сөйлеу тіліміздің сәл болса да мағына жағынан құлдырағанын көреміз.Сөздердің көпшілігі дөрекі, тұрпайы болып келеді.Бұлай болуы жастар тіліне, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге тікелей байланысты.Қазіргі кезде мафья, мафиоздардың арасында «Косякқа тығу», «сындыру», «қораға кіргізу» сынды тұрақты тіркестер қолданылуда.Бұлар тек маржандай тіліміздің құнсыздануына ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де тигізер зияны аса зор.Мысалы «Счетчик қою» тіркесінің жоғарыда айтылған мысалдарға еліктеушіліктен туған.Мұның барлығы тек сөз жүзінде болып қоймай, жастарды жәбір көрсетушілікке, тонаушылыққа, қарақшылыққа үндеу емес пе?

Менің зерттеуім бойынша тілге әсер етуші факторлар мыналар:

1.   Қазақ тіліндегі бағдарламалар, Отандық кино аз;

2.   Өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас;

3.   Дәстүрлі емес ағымдар (ЭМО,ГОТ,МЕТАЛИК т.б.)

4.   Заманауи музыка (РЭП)

5.   Әлеуметтік желілер (Facebook,my nur,agent.@mail.ru)

6.   Қоғамдағы келеңсіз жағдайлар

Бұл айтылған факторлардың кейбіреулері, мысалы: әлеуметтік желілер, дамып, жаңа технологияларды игеріп, өркениеттілігімізді арттыруымызға көп үлесін қосса, керісінше қазақ тілінің аясын тарылтып оған көптеген дөрекі тұрақты тіркестердің енуіне әсерін тигізеді.

Осы орайда жастардың тілдік қолданысында еш бір өзгеріске ұшырамай айтылып жүрген тұрақты тіркестер де баршылық.Мысалы: «Қарны аш»- тамақ ішкісі келу, «Артындағы құйрығы»-жағымпаз, қорқақ адам, «Иттің етінен жек көреді»- ұнатпау, жек көру.

Менің ойымша қазіргі таңда қалыптасқан түрлі тіркестердің бізгі, біздің келешек ұрпағымызға берері аз, көрсетер үлгісі шамалы.Бірақ та тіл болғанан соң ол дөрекі, тұрпайы болсын ол тілдік фактор.Ол өз кезінде қолданылады.

«Тіл білімі басқа ғылымдардан өзгешелеу, оның табиғаты нәзік, танымдық мәні зор ,ұлт тағдырына тікелей байланысты.Оның ашқан жаңалығы мен қол жеткен табысын,техникалық ғылымдардай емес,дүниежүзілік стандартпен өлшеуге келмейді.Қазақ тілінің мәні, сәні де тек қазақ топырағында ғана… бағаланбақшы»-, дейді академик Ә.Қайдаров

«Тілде сөйлеуші де халық, жасаушы да халық»- демекші , ауған жүгімізді түзер, болашақ басымдылықтарымызды айқындаған шағымызда, әр ұлт өз жоғын өзі түгелдеп жатқанда, туған тілдің тағдырына бейжай қарамауы тиіс деп ойлаймын.

Тіл-қай ұлттың болса да мәдениетінің, тарихының, салт-дәстүрінің көрінісі, ұлт айнасы.Азамат тарихы шексіз өрлеу үстінде сияқты, көрінгенімен, әрдайым өзін-өзі қайталай бергендігі, ең алдымен, тіл арқылы ілім-білімінің, мәдениетін түгендей жүретіндігінен байқалады.Өркендеу заманы қаншалықты шарықтау шыңына шықса да, ұлт мәдениетін ұлт тілінен бөліп алуға болмайды.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек.Қазақ еліндегі дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең болып сақталуы тек тілге ғана қатысты.Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген.Ендеше тіл арқылы мәдениеттану-ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.

Бұрын мәдениет мұралары жеке адамның рухани азығы ретінде өз тілінде, өз бойында әр кез көрінер болса, мына өркениет заманында қайсыбір дүниетаным ерекшеліктерінің рухани қабаты жазба мәдениеттерде қапталып қалып жатыр.Сірә, адамзат мәдениетінің ұланғайыр тілдік қорындағы фразеологиялық материялдардың үлес салмағына толығу, жаңа процестерінде бөлек үрдіс қалыпьтасуы мүмкін.Келер ғасырда ұлттың менталитеті қандай болады, образбен ойлау шегі қандай материялдық көріністермен алмасып отырады.Оны алдағы уақыт көрсетері анық.

Уақыт өте келе қазіргі қолданыста жүрген жастардың тіліндегі жастар тіліндегі тіркестер жазушылардыңкөркем шығармаларында, баспасөз беттерінде кездесіп қалуы мүмкін.Сол уақытта көпшілік қауым түсінбеушілікке тап болуы мүмкін.Сол себепті, менің мақсатым, осы қоғамымызда қолданыста жүрген тіркестердің қырын және сырын ашып, оны екжей-тегжей зерттеп, олардың мағынасын көпшілікке түсіндіріп, ғылыми жұмыс ретінде келешекке жазып қалдыру еді. «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады.Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді.» деген Ғабит Мүсірепов.

Бұл тіркестердің тілімізде фразеологиялық түрде қалыптасып қалу, қалмауын әрине алдағы уақыт көрсетеді.Олардың тілімізде осы күйінде сақталып қалуы да мүмкін.

Жылдар, ғасырлар өтсе де, тарихымыз, тіліміз, салт-дәстүріміз, салт-санамыз өшпесін.Әділет пен әдепке, адамдық пен арлылыққа үндейтін, үлгі мен өнегеге толы көркем сөздеріміз, әдемі астарлы тіркестеріміз аса құнды дүниелер емес пе?!Осынау көркем әрі  тұғырлы тілімізбен, ұлттық менталитетімізге сай қаруландырсақ, онда олар өз ойын нақты әрі жүйелі  жеткізіп, қарақылды қақ жарған би-шешендеріміздің орнын басар, ұлтымызды әлем халықтарына танытатұғын елінің зиялы тұлғасына айналары анық.Тіліміз әлемдегі ең бай тіл екені белгілі, ал оаның тазалығын, тұнықтығын сақтау жолында аянбай еңбек етері хақ.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі.Қорытындылай келе, қандай тіркес болмасын ол- халықтың тағдыры мен тарихын, оның өмірінің әрқилы кезеңдерінен көрініс табады.Яғни халықтың бастан кешкені, көрген-білгені, түйгендері, қоғамындағы болып өткен оқиғалардың барлығы тұрақты тіркес ретінде жатталып, сақталып бізге жетті.Заман өте келе тілде тұрақталып қалған,қолданыста жүрген тіркестер өзгеріп, басқа мағынаға ие болуда.Алайда заман  талабы осы екен деп, мәнсіз мағынасыз сөздерді, сөз тіркестерін қолдану басқа-басқа қазақ үшін жат қылық деп түсінемін.Маржандай асыл тіліміздің өткір де өрнекті сөздері кез келген «сленгтен»мың есе артық түсері талассыз.Сондықтанда мәнді де, мағыналы сөз қолданған жөн, менің құрдастарым соған әуестенсе екен деймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»

Алматы. «Ғылым» 1977жыл.

2. Г.Смағұлова «Көп мағыналы фразеологиялық мәдени ұлттық аспектілері» Алматы. «Ғылым» 1998 жылы

3. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы. «Ғылым» 1977 жыл.

4.Сейдібек А. «Қазақ әлемі» этномәдени пайымдау Алматы «Санат» 1997 жыл.

5.     Сатенова С.К «Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты» Алматы. «Ғылым» 1997 жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад Қазіргі жастар тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.10.2016 1843
    • DOCX 27.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Марденова Айман Жетибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Марденова Айман Жетибаевна
    Марденова Айман Жетибаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6564
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе