Инфоурок Другое Научные работыДоклад на научно практическую конференцию Қазақтың ұлттық киімі, Ислам және қазіргі заман

Доклад на научно практическую конференцию Қазақтың ұлттық киімі, Ислам және қазіргі заман

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ К докладу ?лтты? ки_м.ppt

Скачать материал "Доклад на научно практическую конференцию Қазақтың ұлттық киімі, Ислам және қазіргі заман"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ғылыми-әдістемелік конференциясына баяндама Тақырыбы:Қазақтың ұлттық киімі, И...

    1 слайд

    Ғылыми-әдістемелік конференциясына баяндама Тақырыбы:Қазақтың ұлттық киімі, Ислам және қазіргі заман Дайындаған:Ильбисинова А. Ғылыми жетекшісі: Бейсебаева Г.Е.

  • Қазақтың ұлттық киімі,Ислам және қазіргі заман

    2 слайд

    Қазақтың ұлттық киімі,Ислам және қазіргі заман

  • Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз Киім – адам ден...

    3 слайд

    Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит - тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

  • Киімнің негізгі түрлері Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөл...

    4 слайд

    Киімнің негізгі түрлері Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.

  • Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

    5 слайд

    Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

  • Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қаза...

    6 слайд

    Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

  • Бас киімге қауырсын тағу «Алтын Адамның» бас киіміне де төрт алтын қауырсын і...

    7 слайд

    Бас киімге қауырсын тағу «Алтын Адамның» бас киіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Бас киімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

  • Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «...

    8 слайд

    Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.

  • Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі...

    9 слайд

    Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.

  • Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар. Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесіні...

    10 слайд

    Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар. Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді. Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды. Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін.

  • Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар Бойына бала бітпеген әйел бал...

    11 слайд

    Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді. Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.

  • Ислам киіну туралы

    12 слайд

    Ислам киіну туралы

  • Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды! Хижаб тоқсаныншы жылдардың о...

    13 слайд

    Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды! Хижаб тоқсаныншы жылдардың ортасынан, діни ағымдардың сан алуан түрі кең өрістеген кезден бастап қазақ жеріне де тарай бастады. Біздің әже, апаларымыз хижабты естімей тұрып-ақ басына орамал, жаулық салған. Біздіңше, хижабты – мұсылман әйелдерінің басты киімі, оны киіп жүру парыз деп айту – жаңсақтық. Рас, хижаб тек қана орамалмен шектелмейді, ол әйелдің барлық әурет саналған жерін жауып тұруға тиіс. Біздің елімізде қыз-келіншектер хижаб кимей-ақ, ашық-шашық жүрмесе, ол инабаттылық болар еді.

  • Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды. Бұл - арабтардың өмір сүріп...

    14 слайд

    Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды. Бұл - арабтардың өмір сүріп жатқан жерінің табиғат шарттарына байланысты мәдениеті мен дәстүріне негізделген, араб киімі. Бәрімізге белгілі, қазақ халқының терең әрі бай дәстүрі мен тарихы бар. Қазақтар әрқашан да өз қыздарының құқықтарына шектеу қоймай, еркін өсірген. Бозбалалармен бірге олар ұлттық ойындарға қатысып, музыкалық аспаптарда ойнаған, атқа мінген және т.б. Қазақ қыздарының бас киімі, киімдерінің бір бөлшегі ғана болмай, отбасылық жағдайын да көрсеткен.

  • Қаралы киім

    15 слайд

    Қаралы киім

  • Зерегерлік бұйымдар Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қы...

    16 слайд

    Зерегерлік бұйымдар Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері

  • Зергерлік бұйымдардың тәрбиелік мәні. Шашбауды қыздарға 10-12 жасқа толғанда...

    17 слайд

    Зергерлік бұйымдардың тәрбиелік мәні. Шашбауды қыздарға 10-12 жасқа толғанда шашына өріп беретін, ол ерекше сыңғырлап қыздың әдемі сыпайы, сымбатты жүруге тәрбилеуге арналған бұйым. Егер қыз секендеп секіріп жүрсе, шашбауға тағылған әшекейлер салдырлайды, ал сыпайы жүрсе, сыңғыры сән әдемы болады.

  • Білезікке қатысты ырымдар Білезікті көбінесе қыздар кәмілет жасқа жақындағанд...

    18 слайд

    Білезікке қатысты ырымдар Білезікті көбінесе қыздар кәмілет жасқа жақындағанда киген, оны көбінесе наурыз мейрамында жас жігіттер сүйген қыздың сол қолына (жүрекке жақын) кигізген, ал үйлену тойда қос білезік сыйланған — ол неке қиылған әйел белгісі болып табылған.

  • Бұл неғылған мәдениет? Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үш...

    19 слайд

    Бұл неғылған мәдениет? Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес

  • 20 слайд

  • Заманауи әшекей бұйымдар

    21 слайд

    Заманауи әшекей бұйымдар

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • Заманауи модельердердің қазақ киімінің идеялары

    25 слайд

    Заманауи модельердердің қазақ киімінің идеялары

  • 26 слайд

  • 27 слайд

  • 28 слайд

  • 29 слайд

  • Семей қаласының Технология колледжің студенттерінің жұмыстарына назар аударайық

    30 слайд

    Семей қаласының Технология колледжің студенттерінің жұмыстарына назар аударайық

  • 31 слайд

  • 32 слайд

  • 33 слайд

  • 34 слайд

  • 35 слайд

  • 36 слайд

  • 37 слайд

  • 38 слайд

  • Семей қаласының Технология колледжінің К/О шебері Ибрагимова А.С. және оның ш...

    39 слайд

    Семей қаласының Технология колледжінің К/О шебері Ибрагимова А.С. және оның шәкірттерінің жұмыстары және ғаламтордан алынған суреттер мен мәліметтер қолданылған.

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ доклад_к_конференции.doc

Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз

Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит - тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.

Киімдердің әлеуметтік дәрежесі

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күй-еу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Біздің арнайы зерттеп, пайымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.



Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар Бас киімдер бойынша

Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Бас киімге қауырсын тағу

«Алтын Адамның» бас киіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Бас киімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

Бас киімге қатысты тыйымдар

Бас киімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Бас киімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.

Сырт киімдер бойынша

Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.

Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.

Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.

Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым.

Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр

Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.

Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды.

Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін.

Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар

Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.

Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.

Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Аяқ киімді төңкеріп қоймайды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жорықта басқа жастанатын ешнәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды.

Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың география, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана– шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз

Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды!

Хиджаб тоқсаныншы жылдардың ортасынаң, діни ағымдардың сан түрі кең өрістеген кезден бастап қазақ жеріне де тарай бастады. Біздің әже, апаларымыз хиджапты естімей тұрып – ақ басына орамал, жаулық салған. Біздінше, хижабты – мұсылман әйелдерінің басты киімі, оны киіп жүру парыз деп айту – жаңсақтық. Рас, хижаб тек қана орамалмен шектелмейді, ол әйелдің барлық әурет саналған жерін жауып тұруға тиіс. Біздің елімізде қыз-келіншектер хижаб кимей-ақ, ашық-шашық жүрмесе, ол инабаттылық еді.

Бәрімізге белгілі, қазақ халқының терең әрі бай дәстүрі мен тарихы бар. Қазақтар әрқашан да өз қыздарының құқықтарына шектеу қоймай, еркін өсірген. Бозбалалрмаен бірге олар ұлттық ойындарға қатысып, музыкалық аспаптарда ойнаған, атқа мінген және т.б.



Қаралы киім.

Жастау әйелдің күйеуі өлсе, ол басына жасыл орамал тартып, қолына сақина, білезік салмай, құлағына сырға тақпай, әсемденбеген. Қазақ әйелдер «қара жамылғанымен» үстіне бірыңғай қара киім кимеген. Оның түсі қара баран түсті болған. Көп жерлерде жас әйел күйеуінің жылына дейін басына ақ орамал тартып жүреді. Қаралы киім туралы В. Харузи былай деп жазып қалдырыпты: «Қаралы киініп, сыртқы кейпін өзгерту арқылы өлікті жаңылыстырады, себебі өлік туыстарын іздеп келсе, танымай қайтадан қайтып кетеді. Екіншіден басқа жұрттан өзгеше киіну арқылы олар өздерінің марқұмға деген ықылас – ниетін, көңілін білдіреді».

Қазақтардың оңтүстік өңірінде өлікті жоқтаған кезде немесе жетісіне дейін әйелдер басына ақ жаулық тартып отырады, еркектер жетісіне дейін беліне ақ белбеу тағынып жүреді. Олар үстеріндегі барлық әшекей заттарды алып тастап, сәнді киімдерін қарапайым киімге ауыстырып киеді. Қайғы жұтып, қаралы, қаралы болып отырған әйелдер белін буынып алады. Буынатын «белбеуі» бастарына тарататын басқа орамалы, шәлі.

Күйеуі қайтыс болған әйелдер аза тұтып, үстіне қаралы киім киген. Мұны «аза тұтушылардың қаралы киімдері» деп атайды.

Зерегерлік бұйымдар.

Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері.

Шашбауды қыздарға 10-12 жасқа толғанда шашына өріп беретін, ол ерекше сыңғырлап қыздың әдемі сыпайы, сымбатты жүруге тәрбилеуге арналған бұйым. Егер қыз секендеп секіріп жүрсе, шашбауға тағылған әшекейлер салдырлайды, ал сыпайы жүрсе, сыңғыры сән әдемі болады.

Білезікке қатысты ырымдар.

Білезікті көбінесе қыздар кәмілет жасқа жақындағанда киген, оны көбінесе наурыз мейрамында жас жігіттер сүйген қыздың сол қолына (жүрекке жақын) кигізген, ал үйлену тойда қос білезік сыйлаған - ол неке қиылған әйел белгісі болып табылған.

Бұл недеген мәдениет? Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшін таңсық емес.

Елімізде, әсіресе, өрімдей жастардың арасында рэппер мәдениеті кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуенді тыңдағанда «жастарға рэп несімен қызықты екен?» деген сұрақ туады. Сонымен бірге бұл мәдениеттің астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерінен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай. өкініштісі сол, сырттан енген субмәдениеттің кең қанат жаюына жағдай жасап, есікті айқара ашқанымыз соншалық, соңғы кезде облыс, республика орталықтарында оның өкілдері бас қосуды дағдыға айналдырды. Мәселен, Павлодар қаласында 3 жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында субмдениет өкілдері арнайы фестивалін өткізді. Бұл шараға республиканың түпкір-түпкірінен жастар арадай жиналды. Біле білсек, мұндай жиындар қауіпті екенін ескеріп, қоғам алаңдауы қажет.

Заманауи модельердердің қазақ киімінің идеялары.

Осы ізденіс жұмысымыздың негізгі мақсатымыз қазақтың ұлттық киімдері және әшекей бұйымдары мұражайларда көне заманның сән үлгілері ретінде ғана қалмай, қазіргі заманға сай киімдер үлгілерін жасауға ықпал етіп, біздің күнделікті өмірімізді сәнімен, таңғажайып әдемілігімен қуанта отырып, көңілімізді шаттандырып жүргені абзал. Әр адамның жеке тұлға ретінде ерекшелену, жан дүниеміздің әдемілігін, сұлулығын көрсету нақ осы ұлттық киімдеріміздің жаңғыруымен байқалсын деп армандаймыз. Басқа халықтардың сұқытсыз киімдерін үстіне жасырғанша өз халқымыздың еңсесін көтеріп мәдениетімізді басқаларға таныту, ол патриоттық сезім оятудың бір ықпалы.





Әдебиетер тізімі



1. Сабыркүл Асанова «Сымбат, қазақтың ұлттық киімдері» Атамұра Алматы, 1995



2. Нүрпейісов Ә.Р. «Қазақ халқының ою-өнері»



3. Энциклопедия «Қазақтың ою-өрнектері»



4. Козлова Т. В. «Основа теорий проектирования костюма» Москва:Легпромбытиздат 1981 г.



  1. Орлова Л. В. «Азбука моды» издательство «просвещения» 1988 г.

  2. Сонымен бірге осы жұмыста Семей қаласының Технология колледжінің К/О шебері Ибрагимова А.С. және оның шәкірттерінің жұмыстары және ғаламтордан алынған суреттер мен мәліметтер қолданылған.

hello_html_534fdfd4.png

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на научно практическую конференцию Қазақтың ұлттық киімі, Ислам және қазіргі заман"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 2275
    • RAR 9.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсебаева Гульмайра Елтевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсебаева Гульмайра Елтевна
    Бейсебаева Гульмайра Елтевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10634
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой