Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДоклад на тему:Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Доклад на тему:Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Скачать материал

Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

 

 

Қазіргі таңда ешкімді жеке тұлғаға бағытталған оқытуға бетбұрудың қажеттілігіне сендірудің керегі жоқ.   Білім берудің мақсаты білімнің мөлшері мен ақпараттың көлемі емес, ол ақпаратты оқушы қалай қолдана алатыны айқын болып отыр: іздеу, тиімді қабылдау, оның мағынасын түсіну, өмірде қолдана білу.  Қазір «дайын» білімді қабылдау  емес, оқыту процессінде туындайтын өзіңдікін қалыптастыру қажет.   

  Осыған байланысты сабақтың жаңа түрлерін іздестіру өзекті мәселе болып отыр, сабақ беу процессінде материалды сын тұрғысынан бағалауға итермелемейтін ақпараттар көлемі ретінде бермей, жағдаяттарды қолдану, диалогты, ойын,проблемалық технологияларды қолдану қажеттілігі туындайды. 


 Сын тұрғысынан ойлай білу-кемшілікті  ідеу емес,ол таным объектісінің жағымды және жағымсыз жақтарын объективті бағалау.


 Ойдың сыни тұрғысы – адамның өзінің және басқалардың пікірін объективті бағалауы, келтірілген барлық пікірлер мен шешімдерді мұқият және жан-жақт тексеруі. Сыни тұрғылы қалыптасқан ойлы адам тек өзінің ойы мен пікірін ғана дұрыс деп бағаламайды. Сын тұрғысынан ойлау адамға жеке және кәсіби өмірінде жеке  басының басымдылықтарын анықтауға көмектеседі, таңдаған таңдауына жеке жауапкершілігін қабылдауды айқындайды, өз бетімен талдай және шешім шығара білу біліктілігін қалыптастырады, қабылдаған шешімінің салдарын болжай білуге және сол үшін жауап беруге және бірлескен қызметтегі диалогтар мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

  

Кез-келген мұғалім оқытуда және пәнді меңгерту барысында тұрақты және тиімді нәтиже беретін, оқушылардың таным әрекетін белсендіретін барынша тиімді әдістер мен технологияларды іздейді
  Бұл мақсатты орындау үшін мұғалім оқушыларды білім беру процессіне белсендіре кіргізетін 
оқу мен жазу  арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын жете меңгеру қажет.  

  Оқу мен жазу  арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында метапәндік біліктілікті дамыту үшін қолдану қажет.
 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданатын сабақтың құрылысы.  

 

Қызығушылықты ояту-мәселеге енгізу немесе оқушылардың бар білімдері мен тәжірибелерін белсендіру;оқушылардың берілген тақырып бойынша білетініне ой қозғау,оқушы білетінін есіне түсіреді, жауап іздеген нәрселеріне сұрақ қояды.   

 Ой толғау –  жаңа материалға арналған сабақтың бөлігі;  жаңа ақпарат алу, бірақ мұғалімнен емес, оқушының іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. 

 

Рефлексия – материалды бекіту,жаңа ақпаратты меңгеруді, қосуды, жүйелеуді тексеру, ой қозғау кезеңіндегі орын алған қателерді түзету, әр оқушының танып- біліп жатқанына деген жеке көз қарасын қалыптастыру. 


Бірнеше тәсілдерге тоқтала кетейік: «ойлар мен пікірлер себеті»  тәсілі- сабақтың бастапқы кезеңіндегі, білім мен тәжірибені белсендіру жүріп жатқандағы жеке және топпен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру тәсілі. Бұл тәсіл оқушылардың сабақта талқыланатын тақырып бойынша не білетінін анықтауға мүмкіндік береді.     Тақтада немесе презентацияның слайдында - себеттің белгісі, онда оқушылардың өтілетін тақырып бойынша білетіндері шартты түрде жинақталады. 

1. Әр оқушы берілген тақырып бойынша не білетінін  есіне түсіреді және дәптерге жазады   (жеке жұмыс  1-2 минутқа созылады). 

2.Ақпаратпен жұпта және топпта бөлісу. 

3.Әрі қарай әр топ бір мағлұматты не ақпаратты алдында айтылғанды қайталамай айтады.  

 4. Барлық ақпарат, қате болса да, «ойлар себетіне» қысқаша жазылады.

5.Барлық қателер жаңа ақпарат алу барысында түзетіледі.    

Мысалы: тақтаға себеттің белгісі жабыстырылады, оған оқушылар сабақта не істейтіні шартты түрде жинақталады.

  • Айтылымды жетілдіру
  • Жаңаң ақпаратты білу
  • Грамматикалық дағдыларды жаттықтыру
  • Жаңа сөздерді білу
  • Оқу
  • Сұрақ қою
  • Жауап беру

Интерактивті стратегия. Кесте «БілемізБілгіміз келедіБілідік »  


Оқыту берілген тақырып бойынша оқушылардың берілген тақырып бойынша  білетінін белсендіруден басталады. Алдымен олардың тақырып бойынша не білетінін сұраңыз. Оларға сурет не  затты көрсетіңіз немесе өзіңіз білетініңізді талқылаңыз. 


Балалар өз ойларын білдіре бастағанда тақтаға кестенің бірінші бағанына жазып қойыңыз. 


Оқушыларға жұмыс кестесіне туындаған кез келген сұрақты және берілген мақаланы оқығанда алам деген жауаптарын жазып қоюды сұраңыз.  Оқушыларға мақаланы оқығанда жұмыс кестесіне жауап жазып отыруларын ұсыныңыз. 


Оқушылар мақаланы оқып болған соң және өз жұмыс кестелерін толтырып болған соң барлық сұрақтарына жауап алғанын тексеру үшін талқылаңыз.  Оқушыларға ақпаратты одан әрі іздестірудің әр түрлі  тәсілдерін ұсыныңыз.  

 «Аялдама жасап оқу» әдісі.

«Аялдама жасап оқу» әдісі қолданылатын материал әдеби шығармалар болып табылады. Берілген тәсілдің міндетті шарты-мәтіннен аялдама жасау үшін тиімді кезеңдерді табу. Бұл аялдамалар- перделер сипатты: бір жағында білетін ақпараттар орналасқан, ал екінші жағында оқиғаны бағалауға ықпалы зор  мүлдем белгісіз ақпарат бар.  Бұл әдіс өзіндік пікірге күрделі өзгеріс енгізіп қана қоймай, тіпті бұрыңғы ұстанымнан бас тартуды   да талап етеді.   Бірақ  ұстанымнан бас тартуы - біреудің ықпалы емес, оқушының өз бетінше материалмен жұмыс істеуінің нәтижесі. 

 

Берілген тәсіл технологияның барлық кезеңін қамтиды  

1.     Қызығушылықты ояту.Берілген кезеңнің негізінде тек мәтіннің атауы мен авторы жайлы мәлімет, балалар өздері шығарма не жайлы болатынын болжаулары керек.  

2.     Ой толғау. Бұл кезеңде, мәтіннің бір бөлігімен танысып, оқушылар материал туралы болжамдарын нақтылайды.    Тәсілдің ерекшелігі сол, болжамдарын нақтылау кезеңі (Ой толғау кезеңі) бір мезетте келесі бөліммен танысу кезеңіне қызығушылықты ояту кезеңі болып табылады.   Мұғалімнің қоятын сұрақтары Блум сұрақтарының барлық деңгейін қамтуы керек. Міндетті сұрақ : " Әрі қарай не болады және неге?" 

3.     Рефлексия.  Қорытынды пікір алмасу.  Бұл кезеңде мәтін қайтадан біртұтас күйде болады.  Оқушылармен жұмыс түрі әр түрлі болуы мүмкін: хат, пікірталас,бірлесе іздеу, тезистер,мақалды таңдау, шығармашылық жұмыс. 

Мәтінмен бұлай жұмыс істеу мәтінді талдау біліктілігін дамытады, жеке элементтердің байланысын табады (тақырыптың, бейненің, автор ұстанымын көрсету тәсілі), өз ойын ашып айта білуді дамытады, түсіністік пен ой елегінен өткізуге үйретеді.  «Аялдап оқу» әдісі оқушылардың келесі біліктіліктерін дамытады: мәтінді талдау; сұрақ қою; өз көзқарасын дәлелдеу; мәтіннің басты ойдын бөліп көрсете білу. 


Кластер –   белгілі бір тәртіпте мәтіннің мағыналық бірліктерін бөліп көрсету.   Әдістің мағынасы бар білімді жүйелеуге талпыну. Ол «Ойлар себеті» әдісімен байланысты.   Кластерлер сабақтың басқа кезеңінде де ой толғау, рефлексия кезеңінде, сондай-ақ жалпы сабақтың да басты әдісі бола алады.   Есте сақтау үшін біз бір нәрселерді жазып,сызғанда, біз оларды интуитивті түрде ерекше түрде орналастырамыз, белгілеріне сай біріктіреміз.  Кластер – материалды жүйелеудің графикалық әдісі. Біздің ойларымыз шашырамайды, белгілі бір жүйеге жинақталады. 

Тәртібі өте қарапайым. Күн жүйесінің моделін саламыз: жұлдыздарды, ғаламшарларды және олардың серіктерін. Ортасында жұлдыз орналасады- бұл біздің тақырыбымыз. Айналасында ғаламшарлар-ірі мағыналық бірліктер. Оларды тура сызықпен жұлдызбен қосамыз. Әр ғаламшардың өз серіктері  бар.  Кластерлер жүйесі көптеген ақпараттарды қамтиды. Бұл әдісті  ақпаратпен, мәтінмен , негізгі материалмен таныспас бұрын, сұрақтар түрінде немесе мағыналық бөлімдердің атаулары ретінде қызығушылықты ояту кезеңінде қолдануға болады.  

Бұл әдістің рефлексия кезеңінде де қолану аясы кең: Алдын-ала жасалған кластерлердегі қате ойларды түзету, жаңа ақпарат негізінде қайтадан толтыру.   Жаңа кластерлерді презентациялау өте маңызды кезең болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты тек материалды жүйелеу ғана емес, кластер бөлімдері арасындағы өзара себеп-салдарлық байланысты айқындау.    

 

Кластерлер жасау тәртібі: 

  • 1 кезең: оқушылар негізгі, тақырыптың, ойдың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөз тіркесін анықтайды.    
  • 2 кезең : оқушылар берілген тақырып бойынша барлық естеріне түскендері мен білетіндерін жазады
  • 3  кезең: оқушылар жинақтаған материалдарды жүйелеу жүзеге асырылады
  • 4 кезең : жазу барысында жаңадан пайда болған сөздер басты сөзбен тура сызық арқылы байланыстырылады

http://100-bal.ru/pars_docs/refs/112/111466/111466_html_m6fb21366.gif«School» кластері
«Christopher Columbus»
кластері


 

http://rudocs.exdat.com/data/416/415704/415704_html_m6ed0e5e2.png

                                                                                                      

 

«Болжам ағашы» әдісі
Бұл әдіс сюжеттік желіні немесе әңгімені алдын-ала болжам жасауға көмектеседі. Бұл әдістің жұмыс тәртібі мынандай: оқушылар берілген әңгіменің не мәтіннің болуы мүмкін  соңына алдын-ала болжам жасайды.   Ағаштың діңі-тақырып, бұтақтары- - «мүмкін» және «болуы керек» деген негізі екі бағытта  жүретін болжамдар (бұтақтар саны шектеулі емес) , және ең соңғысы – «жапырақтар» - осы болжамдарды жақтап айқындайтын  негіздер. «Болжам ағашы» әдісін мәтінді талдағанда, жағдайды болжағанда, лексиканы бекіткенде қайсы-бір мәселені талдағанда бекіту кезеңінде қолданған орынды.
    Бұл әдіс болжау негізінде құрылатын болғандықтан , оқушылардың сөйлемдерінде келер шақ пен келісу шырайлары белсенді қолданылады.  


Рефлексии кезеңінде   
синквейнді қолдануға болады «Ақпаратты түйіндей білу, күрделі ойды, сезімді, болжамдарды бірнеше сөзбен жеткізе білу- жоғары біліктілік. Ол оқушыдан терең ой мен бай сөз қорын, шешендікті талап етеді.   Синквейн – бұл шағын түрде көрсетілген ақпараттар синтезінен түратын өлең, ол түсініктің мәнін суреттеуге немесе алынған білім негізінде рефлексия жасауға мүмкіндік береді.» (И.Викентьева). 


 С
инквейна құрылысы
 The synquane is a special form of the poem, which consists of 5 lines 
жолы

 

Бұл бес жолды өлең 

  • 1 one word title, a noun that tells what your poem is about; заявляется тема или предмет (бір зат есім); 
  • 2 two adjectives that describe what you're writing about; заттың сипаттамасы беріледі (екі сын есім немесе   есімше); 
  • 3 three- ing participles that describe what your poem is about; заттың қимылының сипаттамасы беріледі  (3 етістік); 
  • 4 a phrase that tells more about what you're writing about; әдетте төрт маңызды сөзден тұратын, автордың  пікірін білдіретін  фраза келтіріледі,  
  • 5 a synonym for your title, another noun that tells what your poem is about. синоним, тақырыптың немесе заттың мағынасын айқындап немесе кеңітетді    (бір сөз). 

Синквейн рефлексия үшін жылдам және күшті құрал, өйткені ол ақпараттты түйіндеуге, күрделі ойларды, сезімдерді және ақпараттарды бірнеше сөздің көмегімен жеткізуге     мүмкіндік береді.   Әлбетте, синквейндерді оқушыладың өзін-өзі шығармашылық таныту құралы ретінде қолдануы өте қызықты. 

Мысалы

  • House - тақырыбы (зат есім). 
  • big, nice – тақырыпты екі сөзбен суреттеу (сын есім). 
  • live, sleep, play – осы тақырып аясында әрекетті үш сөзбен сипаттау (етістіктер). 
  • like to invite friends –тақырыпқа деген көзқарасты көрсететін төрт сөзді фраза  
  • building - тақырыптың синонимі (бір сөз)

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын шет тілдері сабақтарында қолдану өте ыңғайлы. 

Берілген технологияның  мұғалімге беретіні: берілген тақырып бойынша оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізеді, қателесуге қорықпайды және мұғалімнің қатесін түзететіне сенімді болады,

айтылған барлық пікірді жазып қою: оның кез келгені алдағы уақытта жұмыс барысында маңызды болады,

 жеке, жұппен, топпен жұмысты үйлестіру: жеке жұмыс істеу әрбір оқушыға өз білімі мен тәжірибесін белсендіруге, басқа пікірлерді естуге,өз ойын шатасып кетем деген қорқынышсыз жеткізе алуына мүмкіндік береді.

 Жоғарыда келтірілгеннің бәрінен мынандай қорытынды шғаруға болады: сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдалы жақтары көп және оны шет тілдерін оқыту практикасына кеңінен және батыл енгізуге болады. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.    Мектептегі шет тілі.

2.   Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

3.   English. Play and Learn.№7\2006

4.     Кларин М. В. Развитие критического и творческого мышления// Школьные технологии.- 2004.- №2. 
5. Коржуев А. Как формировать критическое мышление// Высшее образование в России.- 2001.- № 5. 
6. Муштавинская И. В. Технология развития критического мышления: научно-методическое осмысление //

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕМІРТАУ қаласының БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» ММ

 

 

 

Білім  беру ұйымдарының тамыз конференциясы

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы»

 

 

 

 

 

«№2 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: А.К.Бозаева

 

 

 

 

Теміртау 2015 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему:Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2015 1370
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бозаева Асылжан Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бозаева Асылжан Канатовна
    Бозаева Асылжан Канатовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9236
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

Учитель иностранного языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 28 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 28 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов