Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад "Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет сабағының моделі"

Доклад "Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет сабағының моделі"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ тілі менhello_html_2dd79e1c.png

әдебиет сабағының моделі.


Кіріспе бөлімі:

Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша 2015-2016 оқу жылында 1,5,11 сыныптар оқытудың 12 жылдық моделіне көшуді бастағалы отыр.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:

- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

- өзін-өзі дамытуға;

- өз ойын еркін айта білуге;

- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

Әрине, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшу – бүгінгі күн талабы.

Бұл мәселе, тек ғылым министрлігі мен білім бөлімдерін ғана толғандырып қойған жоқ, сонымен қатар пән мұғалімдерді қатты ойландырды деген ойдамын. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді. Сондықтан, әр мұғалімнің мақсаты сабағын заманауи түрде ғана беріп қоймай, білім алушының алған білімін өмірде бейімдей алатын тұлға қалыптастыру.

Осыған орай, біз ауыл мұғалімдері де ат салысып, тырысып келе жатырмыз.

Негізгі бөлім:

Ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдық әлеуметтік ортаның мүмкіндігін зерттеудің нәтижесінде ( Л.С.Выготский, Л.Н.Гумилев, Л.П.Гурва,С.А.Рачниский, В.И.Семенов және т.б.) ауылдық әлеуметтік ортаның бірқатар оңтайлы жағдайларымен қатар жағымсыз жақтары да анықталды: қала оқушылары ата-аналарының білім деңгейіне қарағанда, ауылдық ата-аналардың білім деңгейі төменірек; мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер және мәдениет мекемелерінің жоқтығынан мектепке дейінгі дайындықтың нашарлығы мен интеллектуалды дамуының деңгейінің төмендігі педагогикалық үрдіс нәтижелерінің төмендігіне әкеліп отыр деп баса айтылған. Осыған қарамастан, ауыл балалары білім жағынан қалыспауға тырысуда, мұғалім мен оқушылар түрлі сайыстарға қолдарынан келгенше, қатысуға тырысып, біраз жақсы нәтижелерін де көрсетуде.

Ең басты мақсат - тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилылығын дамыту – ұстаздың міндеті емес пе? Егер адам руханилылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен айырылады, жалаң рацинализм мен прагматизмнің құлына айналады деген ойдамын. Осыған байланысты, біз сабақтарымызға қандай өзгерістер енгізуіміз керек? не болмаса, 12 жылдық оқытуға көшуге ауыл мектептері дайынбыз ба? деген орынды сұрақтар туады. Әрине, ауыл мектебінің хал-ахуалының жақсаруының бір ұшы ауыл мұғалімдері, біздің қолымызда тұр.

Ендеше, көштен қалыспауға, заман өзгерістерге біз де ат салысуға дайынбыз. Себебі, Елбасымыз, үкімет тарапынан да ауыл мұғалімдеріне көп көңіл бөлінуде. Соның бірі, Кембридж тәсілдері бойынша қалалық мұғалімдермен қатар біздер де деңгейлік оқуларды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жақсарту мақсатындағы оқуларды да меңгеріп жатырмыз. Сол себепті, ауыл мұғалімі жұмысын жоғары деңгейде көрсету үшін ата-аналармен ынтымақтаса қимылдағаны дұрыс сияқты. Яғни ата-аналарды қоғамдық педагогикалық жұмыстарға тарту, ауыл ата-анасының әлеуметтік жағдайымен санаса отырып проблемаларды шешу болып табылады.

Сондықтан өзімнің сүйікті пәндерім бойынша, толғандырып жүрген, менің ойымша, сабақ барысында жетіспей жүрген кейбір мәселелерге тоқталып, ойыммен, жобамен бөліссем екен деймін. Назарларыңызға, «Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет сабағының моделі» атты жобаны ұсынып отырмын.

Жобаның мақсаты:

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеу, алған білімдерін өмірде бейімдей алатын, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасы қалыптасқан азамат ретінде, өз өзіне сенімді тұлға қалыптастыру.

Міндеті:

Ауыл балаларының мәдениеті қала балаларының мәдениетімен теңдестіру
Өзектілігі мен маңыздылығы:
Халықты ауылдық жерде тұрақтандырудың басты жолы - мәдени ошақтарды жандандыру.
Болжам:
Ауыл балаларының еңсесі жоғарылай түседі, ауылдан шыққан тегіне ұялмайды, мектеп әлеуметтік жағынан да, білімділік жағынан да заман талабына сай болады.










Жобаның атауы

Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет сабағының моделі

Жобаның өтілу мерзімі

2015-2017жж.

Жобаға қатысатын субъектілер

Ломоносов орта мектебі, басқа ауыл мектептері

Мектеп мекен-жайы

111308, ҚР. Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қасқат селосы, Ломоносов орта мектебі.Е-mail: lomonosovskaya.yandex@mail.kz

Модель қажеттілігі (өзектілігі)

проблемалар

себептері

Білім беруде қолданатын заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Расында да, біздің оқушыларымыз әлем деңгейіндегі халықаралық түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие бола алмай жүргені, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алмайтындығында және өз идеяларын дәлелдеуге, ашық сұрақтарды қоя білуіне үйрету қажет болып тұр.

Сонымен қатар, біз Солтүстік өңірінің тұрғындары болғандықтан, халық орысша сөйлейді, балалар да таза қазақша сөйлей алмауы және де “жаттанды білім” деген сияқты ой толғандыратын мәселелер де баршылық.

Оқушылардың ұлттық құндылықтарға, патриоттық сезімдерге мән бермеушілігі.

Оқушылардың мәдениеттілікке деген көзқарастарының төменділігі.

Сандық технологияларды жетік білмеулері.

Оқушылардың таза қазақша сөйлемеуі.

Ойларын ашық жеткізе алмауы.


Жобаның мақсаты

Жобаның міндеттері

Шағын жинақты ауыл мектебіндегі қазақ әдебиеті сабағының моделін енгізу және іске асыру арқылы табысты, құзыретті, шешімдерді өз бетінше таңдай алатын қабілетті, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Шығармашылдық білім ортасын қалыптастыру

Ұлттық салт-дәстүрлерді дамыта отырып, оқушылар, мұғалімдердің және ата-аналардың мәдени-білімдік деңгейін көтеру

Модельді жетілдіру және тиімділігін анықтау.

міндеттер

нәтиже

критерийлері

Шығармашылдық білім ортасын қалыптастыру

Ұлттық мәдениет пен білім саласында жаңа үлгідегі шығармашыл тұлға ретінде дамыту.

Мектеп оқушыларының көпшілігін ынталы, өз бетінше таңдау қабілеттілігі бар, креативті тұлға ретінде қалыптастыру.

Оқушылардың ОҒҚ, түрлі сайыстарда, жобаларға қатысу

Саламатты өмір сүру салтында тәрбиелеу

Ұлттық салт-дәстүрлерді дамыта отырып, оқушылар, мұғалімдердің және ата-аналардың мәдени-білім деңгейін көтеру

1. Оқушылар мен ұстаздардың ақпараттық , мәдени- білімдік кеңістіктіктерін ұлғайту.

Курстық жұмыстар, мониторинг, сараптама, диагностика. Ата-аналардың қатысуымен жасалатын іс-шаралар.

Модельді жетілдіру және тиімділігін анықтау.

Бағдарламаға сандық технологиялармен жұмыс жасауға - 1 сағат қосу.

Сахналық мәдениетін, оқушы бойына қалыптастыру үшін -1 сағат.

АӘД, ән және сурет сабақтарын біріктіріп жүргізу.

Сабақтарды 30мин. қысқарту.

Біліктілікті арттыру курстар арқылы педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру

Оқушылардың шығармашыл жұмыстарының нәтижесін баспаға шығару.

Іс- шаралардың түрлері

жауаптылар

Өтілу мерзімі

Қазақ ұлттық киім күні

Сынып жетекшілері

Тәуелсіздік күні және наурыз мерекес і қарсаңында

(Ұлдардың арасында) патриоттық әндер конкурсы

АӘД мұғалімі

7 мамыр

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері” викторина

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері

Тоқсандық сынақтар

Қазақ мәдениеті” апталығы, сабақ барысында бесминуттықтарды жүргізу

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері

Пән апталығы

Тарихи- мәдени мұражайларға саяхат

(Қостанай, Астана қалаларына)

Мектеп әкімшілігінің, ата аналардың, жергілікті шаруа қожалықтарының ұйымдастыруымен

Демалыс күндері (каникулдарда)

Тарихи ескерткіштер- ұлттық мұра

(тарихи Түркістан, Тараз қалаларға саяхат)

РОО, ОблОНО

Демалыс күндері (мектептің үздік оқушылары)

Әдеби сахналық қойылымдар

Сынып жетекшілері

Мерекелер қарсаңында


Қазіргі таңда ұлттық тәрбиенің қаймағы ауылда ғана сақталып отырғаны сөзсіз. Сондықтан ұлттық танымды тереңдете түсу үшін ауыл мектептерінде «Туған өлкеміздің салт-дәстүрі», «Біздің өлкеміздің тарихы» деп аталатын әртүрлі модульдерден тұратын «Өлкетану» атты оқу пәнін енгізсе нұр үстіне нұр жауар еді. Дәл осы ұсыныс биыл Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадамының» 13-тапсырмасында баса айтылды.

Елбасымыздың айтқанын, мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ұсыныстарын зерделей отырып, менің ойымша, қазақ тілі сабағын орыс сыныптарымен қатар, қазақ сыныптарына да аптасына тағы 1 сағат қосу керек.

Себебі, ана тілінде сөйлеуге және ойлауға жеткілікті машықтанбаған бала өз ұлтының өкілі бола алмайды.

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін, оқушылардың санасын түрлі діни теріс ұғымдардан сақтау үшін кеңестік дәуірдің үздік оқушыларды батыр- қалаларға, тарихи қалаларға апару саясатын қайта жаңартса, өте жақсы болар еді. Балалардың діни теріс жолға түсуіне жол бермес едік.

Тағы бір айта кететін мәселе, шағын жинақты ауыл мектептеріндегі жоғарғы сыныптарда тіпті- 3,5 оқушыдан жинақталған сыныптар да баршылық, оларға 45 минут бойы бір тақырыпты түсіндіріп тұру әрі тиімсіз, әрі жалықтырады. Сондықтан оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары төмендетпеу үшін, сабақ уақытын 30 минутқа қысқартқан жөн деп есептеймін.

Ән мен сурет пәндерін біріктіріп өткізу дейтін себебім, оқушылардың шығармашыл қабілеттерін дамыту. Өкінішке орай, қазіргі таңда оқушыларымыздың сын тұрғысынан ойлау және ойын жүйелі түрде жеткізу қабілеттері төмен. Мысалға, мен сабақтарымда шағын эссе жазғызғанда табиғат туралы әуендерді қолданғанды, ақындардың өлеңдерін жаттағанда болмаса мазмұнын айтқызғанда оқушыларыма сурет салғызғанды жөн көремін. Әрі есте сақтау қабілеттері де артады.



Қорытынды:
Қорыта келгенде, әрбір ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, игі нәтижелерге жетеді.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДA-035209
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх