Инфоурок Технология Рабочие программыЕңбекке баулу 3- сынып сабақ жоспары

Еңбекке баулу 3- сынып сабақ жоспары

Скачать материал

Еңбекке баулу 3- сынып сабақ жоспары

Тақырыбы: Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау және тазалық –гигиеналық талаптарды орындау

Мақсаты: Жұмыс  орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:  жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

 Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі:  суреттер.

 Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

 ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:  Жұмыс  орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру.  

-  сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; 

- құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану;  - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда  дереу мұғалімге хабарлау.

Сергіту сәті.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.     Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей;

2.     . Сұрақтарға жауап алу .

3.     3. Тапсырмаларды орындау.

Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5бет түсініп оқу.

2. Бағалау

   

 

Тақырыбы:  Қағазбен және қатырма қағаздың қолдану ерекшеліктері

Мақсаты:1.Оқушыларға қағаз туралы түсінік бере отырып, оны белгілеуге, өлшеуге үйрету.   2. білімін, ой – өрісін дамыту.  3. ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

 Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер. 

 Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1.Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.

        Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.

       Ағаш дайындау

       Ағашты орманнан әкету

       Қағаз фабрикаларында қағаз жасау

1.      Қағаз қалай жасалады?

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.

Сендер мыналарды жасай аласыңдар: - қағаз бен қатырма қағазды белгілеу және өлшеуді; - қағаз бен қатырма қағазды бүктеуді; - оларды қайшымен қиюды; - оларды желімдеп, бояуды; - заттарды құрастырып, модельдеуді; - қағазбен аппликация құруды.

Үйренесіңдер: - пышақпен кесуді; - түрлі тақырыптар бойынша сюжетті суреттер құрастыруды.

Сергіту сәті:Суретті,нобайды,сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:а) б ө л ш е к – материалдың тұтас бір бөлігінен дайындалған бұйым;  ә) қ ұ р ы л ы м – белгілі бір құрылғы,  б) б ө л ш е к  э л е м е н т т е р і – жекелеген бөліктер.в) бұйымды дайындаудан бұрын оның құрылымын мұқият зерттеу керек, яғни бөлшектер мен оның элементтерінің пішінін, өлшемдерін, санын, қызметін және өзара орналасу жағдайын анықтап, оларды бір-бірімен біріктіру тәсілдерін білу керек.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.      Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 24-бет. Сызба сызықтары

Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

2.      Ашықхат сызбасын және оның нобайын жаса.  Сұрақтарға жауап алу.

- Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

VII. Қорыту.

 VIII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.22 – 25 бет оқу. 2. Бағалау

 

 

Тақырыбы: Қағаздан гүл жасау

Мақсаты:  Оқушыларға қағаздан гүлдер мен өрнектер құрастыруды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер.

 Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II.  Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қағаздан гүл жасау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз. Оны схемеда көрсетілгендей (1) етіп әрлейміз. Өсімдіктің аталығын (2) жіңішке сым темірден жасауға болады. Өсімдік аталығы табиғи түрде ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті (3) гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. Сабақты (5) жасыл түсті жұқа қағазбен ораймыз. Жапырақ (4) сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.

Өзіңе ұнайтын гүл құрастыр. Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру. 

– Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет?

- Бисер дегеніміз не?

- Олардан нелер жасауға болады? Техника қауіпсіздік ережесін қайталау(қайшы, ине)

Өздік жұмыс: Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.

 V.  Қорыту: - Бүгін сабақта не істедік?

VІ.  Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 35-36 бет оқу, балық жасау.

2. Бағалау

ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

  Тақырыбы: Ыдыс-аяқтар. Қағаздан ыдыс-аяқ жасау.Кәмпит салатын ыдыс жасау.

Мақсаты:    1.Оқушыларға ыдыс-аяқ туралы түсінік бере отырып, қағаздан ыдыс-аяқ жасауды үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Сусыннан босаған пластмасса бөтелкеден кәмпит салатын ыдыс жасауды үйрету.

3.Ой-өрісін, қиялын дамыту.

4.Үнемшілдікке баулу.

5.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, қағаздан жасалған ыдыс.

Қажетті материалдар мен құралдар: 50 мл су, 2 ас қасық ұн, қағаз немесе газет, өзіңе ұнаған кез келген ыдыс, қайшы.

Барысы:   I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) Мұғалімнің түсіндірмесі.

 Қазір бұрынғыдай емес ыдыстың түрі көп. Және олар пластиктен, керамикадан, шыныдан басқа да түрлі заттардан жасалуда. Алайда ыдыс таңдауда абай болған жөн. Өйткені олардың кейбірі адам ағзасына аса зиян екендігі анықталып отыр. Мәселен ішкі бөлігі фарфор, сыртқы көрінісі пластмассаға ұқсайтын ыдыстарды біздің елде кез келген үйдің асханасынан кездестіруге болады. Ал еуропалықтар мұндай ыдыстардан әлдеқашан бас тартқан. Өйткені меламин ыдыстардың құрамындағы қоспалар денсаулыққа өте зиян. Мұндай ыдыстардан формальдегид те көп бөлінеді екен. Ол аллергиялық аурулар тудыратын ауыр металл. Сондай-ақ бүгінде жұқа, жеңіл, әрі төзімді жылтыр ақ түсті металдан жасалған ыдыстар да үлкен сұраныста. Алайда мамандар мұндай ыдыстардың никель мен хром бөлетінін анықтап отыр. Осылайша ата-бабаларымыз «аяғына қарап асын іш» деп ыдыстың тазалығына мән берсе, бүгінде ыдыстың тазалығына қоса сапасына да қатаң назар аудару қажеттілігі сезілуде. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтап отыр. 

 Осындайда адам денсаулығына зиянды зат бөлмек түгілі ішіндегісінің дәмін арттырып, қалыпты температурада сақталуына да жағдай жасайтын ұлттық ыдыс-аяқтың түр-түрін ойлап тапқан ата-бабамыздың даналығы мен көрегенділігіне еріксіз сүйсінесің.

Қазақ халқында ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс жасаймыз.  2 тақырып: мұғалімнің түсіндірмесі:

Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен ермексазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен кәмпит салатын ыдыс жасап көрейік. Ол үшін бөтелкенің бас жағы мен түп жағын қайшымен қиып немесе кеңсе пышағымен абайлап кесеміз. Содан кейін бөтелкенің түбін кеңсе пышағымен оямыз. Ойық арқылы бөтелкенің мойнын кіргізіп, оның жан-жағын ермексазбен жапсырып, бекітеміз. Дайын ыдысты әр түрлі тәсілмен безендіруге болады.

 Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.

2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.

3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.

4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.

5.Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.

6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.

7.Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.

1.Оқулықпен жұмыс .Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Металл ыдыстың қандай түрлерін білесің? Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайдаланған дұрыс? Папье-машеден тағы қандай бұйымдар жасалынады? Пластмасса ыдыстан тағы қандай бұйым жасауға болады? Ыдысты қандай тәсілдермен көркемдеп, әшекейледің?

  VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

 

Қыш бұйымдар жасаудың кереметі

29-Ақпан, 2012 | 3,528 рет оқылды

http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/загруженное1.jpgАрхеологиялық қазба кезінде табылған ыдыстарды «археологиялық заттар», археологиялық деректер» деп атап, тұрмыстық, шаруашылық және басқа да пайдалану  мақсатындағы топтарға бөліп, өңдеу және ыдыс кешендерін талдаудың кейбір тәсілдері  пайдаланылады. Нәтижесінде қыш өнімдері арқылы ескерткіштердің өмір сүрген  уақытын, оның даму кезеңдерін, қандай мәдениетке жататынын және сол мәдениеттің ерекшеліктерін, шығу тегін, таралу аймағын, байланысын, олардың бір-біріне тигізетін ықпалын анықтайды. Осындай тәжірибелердің негізінде қыштан жасалған бұйымдардың тарихи дерек ретіндегі құны арта түседі.

http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/IMG_6427-200x300.jpgҚыштан бұйымдар әзірлеу үшін, ең алдымен, шикізатын таңдайды. Қыш өнімдер жасауда  жергілікті саз пайдаланылған. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы  Ә.Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлерінің зерттеуі бойынша асханалық және сәндік заттарға қажетті лайды екі түрлі сазды араластыру арқылы алған. Құрамында темір қоспалары көп саздар аса икемді және отта жақсы балқиды. Олар қатты ыстық болмаса да, жақсы күйген. Сондықтан түрлі саз қоспаларын тәсілін шеберлер кең қолданған.

Кез келген қыштан ыдыстарды жасаудың технологиясы және технологиялық процесі өзара байланысты бірнеше сатыдан: 1) шикізатты даярлау; 2) ыдыс жасау; 3) ыдыстың  сыртын өңдеу; 4) ыдысты күйдіру, т.б тәсілдерден тұрады.

Шеберлер әкелінген саздың сапасын арттыру мақсатында оған су құйып, ұзақ уақыт күн көзіне, жаңбыр астына жатқызып қойған. Оларды аударып тұру лайдың икемделуіне (халық арасында оны лайдың иін қандыру дейді) тиімді деп саналады.

Кейбір деректерге қарағанда, Хиуа өңірінде шеберлер ірі ыдыстарды жасау үшін екі арба  саз, екі шелек су, екі дағара құм мен екі құмырадай «тозуақ» деп аталатын шөптің дәнін пайдаланған. Шеберханаға жеткізілген сазға әкелінген бетте бір шелек су құйған. Еденге  құм төселіп, жерге ұста, не болмаса оның шәкірті бұрышта тұрған лайдың бір бөлігін  аударып қояды да, аяқпен сазды басып илейді. Біршама уақыт өткен соң, саздың ортасынан шұңқыр жасап, ішіне «тозуақ» дәнімен бірге құм салып, оны қайта басады. Саз әбден араласып жойылған соң, жаңадан үстемелеп, шөп дәні мен құм қайта қосады. Барлық саздың июі әбден қанғанша, осылай жалғаса береді. Бір орыннан екінші жерге сазды жоғарыда сипаттағандай аударып отырады.

Шикізат ретінде пайдаланылатын саздың құрамына қарай керамика түсін өзгертіп отырған. Саз құрамында темір көп болса, керамика әдетте қызыл түсті болған. Ал ақшыл  не сұр түсті керамика жасауда әк қосындылары көп саз алынған.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы қорындағы екі мыңға жуық қыш жәдігерлердің      ішінен VІ-ҮІІ ғғ. тән хумдар мен құмыраларды айрықша атап өтуге болады. Хумдар мен хумшалар (көлемі кішірек ыдыстар) ірі-ірі сұр, қоңыр қызыл ангобтармен қапталған. Олардың сыртына өрнектер жүргізілмеген, тек кейбір ыдыстарда ғана жеңіл таңбаға ұқсас бедерлер бар. Құмыралар көбіне қолдан жасалынады, сондай-ақ арнайы орында құйылатын болған. Олардың қалыптары мен өлшемдері де әр түрлі болып келеді. ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. хумдары аз ғана құм қосылған балшықтан ірі көлемді (1,10м. ернеуінің диаметрі 45-40см.) болып келеді. Олар әлсіздеу отқа күйдіріледі. Лента тәрізді ені 20 см-ге жетерліктей жалғамалы тәсілмен құйылады. Күбі мен хумның аузы бөлек  дайындалады.

Қыштан әзірленетін өнімнің пішінін ұқcату үшін ерте ғасырларда шикізатты арнайы  орынға қойып, аяқпен айналдыра отырып, қолмен икемдейтін болған. Мұндай құралдарға мұражай қорында КК №3222, КК №2534 номерлерімен сақтаулы тұрған жәдігерлерді жатқызуға болады. Олар 2004-2005 жылдары Сидақ ата қаласындағы қазба жұмыстары барысында табылған. Көрсетілген бірінші құрал екі дөңгелек бөліктен тұрады. Олардың  өлшемдерінің диаметрі 15,5-13,5 см. Төменгі бөлігі қалыңдау тастан, бет жағы тегіс  болып келіп, орта тұсы  дөңестеу пішінге түскен. Үстіңгі бөлігі қыш, оның екі беті тегіс  келіп, бір жақ бетінің ортасына астыңғы бөлігінің дөңесіне киілетіндей ойық жасалған.  Осы құралдың ортасын ойық түсіріп, қыштан екінші құралдың бөлігіне кигізілген.  Оның    диаметрі 19-23 см.

Ортағасырларда қыш ыдыстарды негізінен шарықта жасаған. Ыдыстарды шарықта жасау керамикалық бұйымдардың сапасын жақсартып, формаларын күрделендіреді. Ыдыстардың беттерін өңдеуге қолданылған екінші құрал – пышақ сияқты мыс (қола пластина). Пластинаның бір жағы пышақтың ұшындай өткірлене келеді. Мұндай пышақ  ыдыстың қабырғасын июге және оны түзулеп отыруға қолданылса керек.http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/IMG_6439-300x200.jpg

Керамикалық ыдыстарды өңдеуде кең түрде пайдаланылған тағы бір құрал керамикалық төсше деп аталады. Аталмыш сайманды ыдыстардың іші-сыртын тегістеу үшін кәдеге асырған. Қыш ыдыстардың өне бойына ауыз жиегінің төменгі бөлігі тік және көлденеңінен айналдара жабыстырылып және таңбаға ұқсас өрнектер мен қос қабатталған  толқынды сызықтар салынатын. Көбіне өрнектер таяқшамен салынады.

Қыш бұйымдар жасауда шешуші кезең күйдіру болып табылады. Себебі пішінделген, өңделген саз балшық күйдіру арқылы ғана керамикаға айналады. Күйдіру барысында саз  құрамында аса күрделі өзгерістер болып, оның жасанды силикатқа айналу процесі  жүреді. Қыш бұйымдарды күйдіруде пеш құрылымы ерекше маңызға ие.

Керамикалық бұйымдарды ойдағыдай күйдіру үшін оларды пеш ішіне орналастыру аса жауапты іс. Осыған орай ыдыс арасына қоятын саймандар дайындалады. Олардың қалыпта алдын ала нобайы әзірленіп күйдіріледі. Мұражай қорында осындай үлгілердің бірі – жалпақ үш аяқты сепоялар мен боялған ыдыстарды күйдіруге арналған тиектер бар. Сепоялардың әрбір аяқтарының ұшында үштік шошақтар бар. Осы табанды сыр жағылған  ыдыс бетіне тіркейді.

Кеселерді күйдіруге жайғастырып, оларды төңкеріп, табанды жоғары қаратып қояды. Араларына сепоялар үштіктерімен жоғары қойылады. Осындай үлгідегі сепоялар Мервте, Еділ бойында кездескен. Сепоялардың тағы да үш аяқты түрі ұшырасады, бірақ олардың үштік табандары жоқ. Бұл үлгідегі сепоялардың аяқтары түгелімен саусақпен қысу арқылы қырланып жасалған. Ыдыстардың жиегі осы қырға сүйенген. Мұндай сепоялар негізінен тік бойлы ыдыстарды күйдіруде қолданылған. Кесе жиектері күйдіретін пеш сөресіне тимеу үшін «сари» деп аталатын құрал жасалған. Бұлар қазіргі гүл өсіретін құмыралар тәрізді, пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Кейбір үлгілеріне тесік орнатылған. Тесікті сарилер ішімен ыстық леп жүріп, ыдыстарды жақсы күйдірген. Ыдыстарды пеште  орналастыруда қолдан жасалған тіреушелер (тиектер) қолданылған.

Сұр түсті керамика өндіруде күйдіру шешуші орын алады. Себебі керамика түсінің  өзгеруі, ең алдымен, күйдіру процесіне байланысты жүзеге асқан. Мұндай керамиканы  күйдірудің ақырғы сатысында пеш ішіне бықсып жанатын ылғалданған сабан, шөп, жаңа  жұлынған бұтақ салынып, оның тесіктері тұтас бекітілген. Күйдіру процесінің соңында тасталынған бұл заттар бықсып жанады. Бұл аса сақтықты талап етеді, себебі мөлшерден  тыс тасталса, ыдыстың бетін ала-құла етуі мүмкін. Бұл процесс уақыты жағынан да ұзаққа  созылады. Сондықтан пештің толық суынуын күту қажет.

Керамика өндіру өнері күрделі даму процестерімен байланысты. Әрбір кезең, әрбір жаңа  сатыға көтерілу жаңа күрделі техникалық тәсілдерді үйретті. Қыштан әсем дүниелерді жасап шығару үшін шеберлікпен бірге заттың барлық өлшемдері өзіне сай келетіндей зеректік, төзімділік қажет етіледі. Бүгінге жеткен жәдігерлері бойынша археологиялық материалдар негізінде ортағасырлық үлгіде қыш бұйымдар өндіруді сынақ ретінде қолға  алып жүрген шебер ұсталарымыз да баршылық.

Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты  орнын алған қыш бұйымдар жасауды өнер саласы, өткеннің ескерткіші ретінде ғана емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық деп қарауымыз қажет.

 

 

 

 

Тақырыбы: Мақта мен кендірден жасалатын бұйымдардың ерекшелігі

Мақсаты: Оқушыларға жіптен не жасалатыны жайлы түсінік беру.

                 Тілін сөздік қорларын дамыту.

                  Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 Көрн. Түсіндіру, сұрақ-жауап

әдісі: тақырыптық суреттер

түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.

Казіргі уақытты жіпті үлкен машиналармен иіреді. Иіру машаналарында қызмет ететін адамды, жіп иіруші деп атайды. Машина мақта, зығыр жүн жіптерді өзі иіреді және бірден көп жіп иіреді.

Ала әжелеріміз бен апаларымыз жіпті ұршықпен иіреді.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу

Тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру

-         Жіпті немен иіреді?

-         Апаларымыз ше?

-         Жіптен не жасайды?

Қорытындылау.

ҮІІІ Үйге тапсырма

1.    түсініп оқу

2.    бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Графика туралы қысқаша түсінік

Мақсаты: Графика туралы  түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

 І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық 

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

IV. Мақсатын қою кезеңі:  тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.    Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс.

2.    2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады.  Қоян туралы әңгіме құра (2 – сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал – мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс.

 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

 VІI Бекіту кезеңі:Қорытындылау .

VIII  Үйге тапсырма:  1. 12 – 13 бет оқу.

2. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Сызықтың түрлері.

Мақсаты: 1. Оқушыларға сызық туралы тұсінік беру. Қарындаш пен сызықтың салутәсілін көрсету.

2. Ой – өрісін,білімін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

 Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қағаз,әр түсті қарындаш,бояу.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

      Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен.  1,2,3 – сурет бойынша түсіндіру

         Кез– келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1.Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет

1.     Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.     Сұрақ – жауап: 1.Негізгі жұмыс кезеңін ата?

2.     Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе?

3.     Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

1.     Көрме ұйымдастыру.

VII. Қорыту: VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 14 – 15 бет оқу.

2. Бағалау  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ою-өрнек түстерінің үйлесімділігі

 Мақсаты:  Ұлттық бұйымдар. Кілем үлгілерімен таныстыру. Ұқыптылықа тәрбиелеу. Білімін дамыту.    

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі:  Ою – өрнектер,әр түсті қағаз, қайшы, желім.

Сабақ барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

II.  Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Кілем үлгілері.

IІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кілем мен түскиіз – қазақтың үй жиһаздары. Оларды тоқудың  дәстүрлі тәсілдері бар. Кілем түскиізге қарағанда төзімді  әрі сәнді болып келеді. Кілемді өрнектеп тоқиды. Тұскиізді өрнек салып, кестелеп тігеді.

      Кілем тоқу – Азия, Еуропа,  Кавказ халықтарына ежелден белгілі қолөнер түрі. Қазақтар түкті және түксіз (тықыр) кілемдер тоқыған. Кілемді қоспасыз,  таза қой жүні мен түйе жүнінен тоқиды. Оны әдемілеп бояйды. Оларға табиғи бояуды пайдаланады. Шеберлер кілем тоқуды балаларға тоғыз, онбір жасынан үйреткен. Қазір Қазақстанның оңтүстігінде қыз балардың бәрі дерлік кілем тоқуды біледі. Бұл күрделі де қиын жұмыс. Шыдамдылықты, ептілікті, түс үйлесімін құрастыра білуді талап етеді.

      Зер салып қарасаңдар, ою -өрнектерден көп нәрсені байқайсыңдар.  Өрнектерге қарап қозғалстағы адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді, Күн және Айды елестетуге болады. Халық шеберлері өрнек үлгілерін адамды қоршаған табиғат аясынан алады.

Қағаздан кілем құрастыр.                                                 

ІV. Сергіту сәті .

 V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

 Сұрақтарға жауап алу: Кілемнің қандай түрлерін білесіің? Қазақ, орыс халықтары кілемдерінің түр-түс, өрнек мәнерлерін анықта.

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI.  Қорыту:

 VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 122-124  бет оқу.

2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қатырма қағаздан сандықша  жасау

Мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан қобдиша жасауды үйрету.      Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.             

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

 Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II.  Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қатырма қағаздан қобдиша жасау.

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:  Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың және тығыз материал. Одан әдемі бұйымдар жасай аламыз: маска, сәндік қорапшалар, инеқап (ине, түйреуіш салатын), қалып үлгілер, т.б.      Қатырма қағаздан ойыншық, ұсақ әшекей бұйымдардан басқа жіп, қайшы, түйме сақтайтын қобдишалар жасалады. Қақпақты қораптың өлшеміне қарай жасаймыз. Жібі бар шарықтар сақтайтын әсем де ыңғайлы қобдишаны кәмпит, торт, печенье қорапшаларынан дайындаған жөн. Қобдишаны қақпақты және қақпақсыз етіп жасауға болады. Жіптің ұшы шатасып кетпес үшін шарықтың шетінен 10 мм шамасында кертіктер жасаңдар. Жібі бар шарықтарды сақтайтын сәндік қобдиша жасап, сыйға тартуларыңа болады.

1.     Қатырма қағаздар: Қатырма қағаздың қасиеті. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдар

2.     Қатырма қағаздан қорапша жасаудың тәсілін түсіндіру.

3.     Қорапша ішіне жіп сақтайтын шарықтар жасау (түсіндіру).

4.     Оқулық бойынша жұмыс 43 – 44 бет

5.     Сергіту сәті

ІV  жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.     Сұрақтарға жауап алу:  Қатырма қағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар?

2.     Қатырма қағаздан не жасауға болады?

3.     Қатырма қағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады?

4.     Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, желім). 

5.     Жіп сақтайтын қобдиша жасау.

V.  Қорыту. VІ.  Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 43-46 бет оқу.

2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: тоқыма материалдарымен жұмыс.  

Мақсаты: Оқушыларға құрақ өрнек құрастыруды үйрету. Ой – өрістерін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.             

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

 Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: мата, қайшы, ине – жіп, құрақ үлгілері.

Сабақ барысы:

 I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Құрақ құрау

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Құрақ өрнек құрастыру.

Құрақ өрнек – сәндік тәсіл. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Қазіргі кезде де қолданыстан қалған жоқ. Құрақ өрнек (мозаика) дегеніміз – түр – түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек. Қиықтар таза және тегістеп үтіктелген болуы керек. Алдын ала құрақтың суретін салып алу керек. Құрақ түстерінің үйлесімдігіне көңіл бөлу қажет.

1.     Құрақ өрнек құрастырудың техникасы.

Құрақ – сәндік өнердің бір түрі. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Құрақ бұйымдары барлық халықта бар. Алайда олардың пішіні мен өрнектері әр түрлі. Өрнектері бірдей, атаулары өзгеше құрақтар да болады.

Төмендегі құрақтар түрін біздің елімізде «құдық» дейді. Ол Ресейде «ағаш үй», ал Америкада «бөрене үй» деп аталады.

      Үшбұрыш және шаршы қиықтардан жасалған композиция.

2.     Оқулықпен жұмыс, 70 бет.   

IV. Сергіту сәті 

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.     Сұрақтарға жауап беру.  - Құрақ өрнек деп нені айтамыз? Құрақты қарамас бұрын не істеп алу жөн? 2. Өздік жұмыс. Құрақ құрау

VI.  Қорыту. VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 70 бет оқу.

2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Әр түрлі маталар олардың қолданылуы

Мақсаты: Матамен жұмыс істеуді, сүлгіше жасауды үйрету. Ой- өрісін дамыту.

Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ типі:  Жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі:   түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қайшы, ине, жіп, оймақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ.  Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Матамен жұмыс. Құрал – жабдықтар. Сүлгіше жасау

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру  кезеңі: 1. Матаның жіптен тоқылатынын, жіп талшықтардан тұратынын сендер білесіңдер. Талшықтардан жіп жасауды иіру дейді. Ал, иірілген жіптен мата тоқуды тоқымашылық деп атайды. Матаның өң жағы және астар жағы болады. Матаның өңі мен астарын олардың жылтырлығы, түгі, суреттері, әшекейлерінің анықтығы бойынша ажыратылады.

2. Матамен жұмыс істеу. - Пішілген бұйымның жекеленген бөліктерін өолмен көктеп тігеді; - Тепшіп тігеді; - Әшекейлейді; - Тігістер мен дайын бұйымдарды үтіктейді.

 3. Сүлгіше жасау реті:

1. Қалып үлгі дайындаймыз.

2. Қалыңдығы бірдей, түстері өзара үйлескен мата қиындыларын таңдап аламыз.

 3. Қалып үлгіні кезекпен әрбір мата қиындысының бетіне түйрейміз. Бормен жан - жағын сызып шығып, сызық бойынша қиямыз.

4. Қалып үлгі бойынша қиылған қиындыларды бір-біріне жалғап тігеміз.

5. Жиегін әшекейлейміз.

6. Қалың драппен астарласақ, өте әдемі болады.

Сергіту сәті. IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап- тізбектей 67-69.

 2. Техника қауіпсіздік  ережелерін қайталау

1.   Сүлгішені тігу. Көрме ұйымдастыру.

2.   V.  Қорыту. VІ.  Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 67-69 бет оқу.

3.    2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қолмен тігу, жіп түрлері

Мақсаты: Тігіс түрлері туралы түсінік беру.

Міндеттері: Тігіс түрлері, инені ілгері шаншып тігу және көмкеріп

                      тігу,  жайлы түсінік беру және үйрету.

                      Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.

                      Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрн. Оқулық, ине, жіп, мата

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

түрі: аралас

Сабақтың барасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Шілтер өрнекті сулық сүлгі жасау

1.     тақырыпты оқыту

2.     сұрақтарға жауап алу

3.     түсініктерін сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау

Сұрақтар қоя отырып

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тігіс түрлері.

Ү Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

а/ Тігіс түрлері

ә/ инені ілгері шаншып тігу, көктеп тігу, қайып тігу. Көмкеріп тігу.

б/ тақырыптарды оқу

1.     іштей оқу

2.     тізбектей оқу

3.     жеке-жеке оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру

а/ оқушылармен біріге отырып,, тігіс түрлерін тігіп үйрету.

ә/ қауіпсіздік ережесін сақтау.

б/ оқушы жұмыстарын салыстыру

в/ мақтау, мадақтау

ҮІІ Бекіту

-         Бүгін не өттік?

-         Тігістің түрлері қандай?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

1.    97-99 беттер оқу

2.    бағалау.

 

 

Тақырыбы: Әр түрлі маталар түстерінің үйлесімділігі  

Мақсаты: Оқушыларға құрақ өрнек құрастыруды үйрету. Ой – өрістерін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.             

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: мата, қайшы, ине – жіп, құрақ үлгілері.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Құрақ құрау

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Құрақ өрнек құрастыру.

Құрақ өрнек – сәндік тәсіл. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Қазіргі кезде де қолданыстан қалған жоқ. Құрақ өрнек (мозаика) дегеніміз – түр – түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек. Қиықтар таза және тегістеп үтіктелген болуы керек. Алдын ала құрақтың суретін салып алу керек. Құрақ түстерінің үйлесімдігіне көңіл бөлу қажет.

3.     Құрақ өрнек құрастырудың техникасы.

Құрақ – сәндік өнердің бір түрі. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Құрақ бұйымдары барлық халықта бар. Алайда олардың пішіні мен өрнектері әр түрлі. Өрнектері бірдей, атаулары өзгеше құрақтар да болады.

Төмендегі құрақтар түрін біздің елімізде «құдық» дейді. Ол Ресейде «ағаш үй», ал Америкада «бөрене үй» деп аталады.

      Үшбұрыш және шаршы қиықтардан жасалған композиция.

4.     Оқулықпен жұмыс, 70 бет.   

IV. Сергіту сәті  V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

2.     Сұрақтарға жауап беру.  - Құрақ өрнек деп нені айтамыз?

3.     Құрақты қарамас бұрын не істеп алу жөн?

4.     2. Өздік жұмыс. Құрақ құрау

VI.  Қорыту. VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 70 бет оқу.

2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Кітап арасына салатын қыстырғыш

Мақсаты:     Жолақ туралы мәлімет , түсінік беру.

                     Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

                     Қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрн: қағаз түрлері.

әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ауыл шаруашылық мамандық түрлері.

Оқу, талдау.

     ІІІ. Өткенді пысықтау.

    сауыншы не істейді?

     Шопан нені бағады?

Суреттерге талдапу жасау.

ІҮ Мақсат қою кезеңі

    Сабақтың тақырыбын мақсатын қою.

    Ү. Жаңа сабақ.

     Қағаз түрлерін көрсету

     өмірмен байланыстыру

     пайдаланып жүрген қағаз.

      Қағаздың шығу тарихынан мәлімет беру

      Қағаздың қандай еңбекпен келгенін талдау.

      Қағазды күтіп ұстау

      ҮІ Түсінгендерін тексеру

-         қағазды неден жасайды?

Қағаздан не жасап шығарыды?

Қағазды жасау үшін қандай еңбек атқарады?

Қалай күтіп ұстаймыз?

ҮІІ Бекіту

Қағаз түрлерін анықтау, салмағы, тығыздығы.

ҮІІІ Үйге тапсырма

1.    Түсініп оқу

2.    бағалау.

 

 

 

 

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс

Мақсаты: Табиғи материалдардан кірпі жасауға үйрету..

                   Қол икемін дамыту

                  Ұқыпты, үнемді болуға  тірбиелеу

Көрн: суреттер, еңбек папкасы

әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІҮ Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы , мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ

Сабақта қауіпсіздік ережесін.

Бірінші тәсілі.

Бұл тәсілмен 1 – 3 суреттердегі құрамақтардың бөлшектері біріктірілген.

 

ҮІІ Түсінгендерін тексеру

1.     Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу

Тізбектей оқу

Сарамандық кезең

Қағазбен жұмыс істеу

 

ҮІІ Бекіту

Сұрақтарға жауап алу.

Бөлшектерді біріктірудің қай тәсілі неғұрлым қарапайым, берік, үнемді?

1-3 суреттердегі бөлшектердің біріктіру тәсілін анықта.

Өзің таңдап алған зат бөлшектерінің біріктіру схемасың құр.

Сабақты қорыту

Бағалау.

 

ҮІІІ Үйге тапсырма

1.     түсініп оқу

2.     бағалау

 

 

 

Тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық –гигиеналық талаптарды орындау. Өсімдік талшықтар.маталар түрлері

Мақсаты: Қауіпсіздік техникасы ережелері  және тазалық – гигиеналық талаптарды орындау туралы түсінік беру. Маталар түрлерімен таныстыру

                  Танымдық қабілеттерін дамыту.

                  Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрн: еңбек папкасы

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік

түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІҮ. Мақсат қою кезеңіАлжапқыш тігу

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

 қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмысқа кіріспес бұрын есіңе түсір.  Материал – бұйым жасалатын зат. Құрал-сайман – жұмыс істеуге қажет заттар. Жабдық – жұмыс кезінде қажет болатын әр түрлі құрылғылар.

Инемен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелері: 1.Жіп әрқашан инеге сабақталған болуы керек. Сонда ине жоғалса, оңай табылатын болады. 2.Инені үстел үстіне тастама, оны киімге шаншыма. Сенің ине шаншитын жастықшаң бар. 3.Жұмыс аяқталған сон, инені жастықшаға шаншып қой.

Қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелері

1.Қағазды қиған кезде қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт. Сол қолыңның саусақтарына бай бол.  2.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.  3.Қайшыны біреуге бергенде, жабық күйінде бер. Қайшының сап жағын оны беретін адамға қаратып ұста.   4. Жұмыс біткен соң, қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.

ҮІІ Қорыту.

Қайталау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

1.    жұмысты аяқтау.

 

 

 

Тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері, ерекшеліктері

Мақсаты: Табиғи материалдан құрамақ құрастыру тақырыпты түсініп оқу.

                  Қол икемін дамыту

                  Ұқыпты, үнемді болуға  тәірбиелеу

Көрн: суреттер, еңбек папкасы

әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІҮ Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы , мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ

Табиғаттың өзі – конструктор. Бүршіктер – қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Бүршіктер пішіні, көлемі және түрі жағынан алуан түрлі.

Бұтақтар. Қызыл талдың, қарағайдың, шыршаның, бөртегүлдің бұтақтары құрамақ жасауға ыңғыйлы.

Құс қауырсыны. Тұқымдар.

Мүк. Жапырақтар  Құс қауырсыны.  Тұқым

 

ҮІІ Түсінгендерін тексеру

2.     Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу

Тізбектей оқу

Сарамандық кезең

Қағазбен жұмыс істеу

ҮІІ Бекіту

Сұрақтарға жауап алу.

Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек?

Мүктен, бүршіктерден не жасауға болады?

Сабақты қорыту

Бағалау.

 

ҮІІІ Үйге тапсырма

3.     түсініп оқу

4.     бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жазық және көлемді материалдар

Мақсаты: Ерекше материалдан құрамақ құрастыру тақырыпты түсініп оқу.

                  Қол икемін дамыту

                  Ұқыпты, үнемді болуға  тәірбиелеу

Көрн: суреттер, еңбек папкасы

әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІҮ Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы , мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ

Құрамақтардың пайдаланылатын орны.

-         Тасбақалар өте әдемі жасалған. Ұлу қабыршағы мен бүршік түсіне, өрнегіне қарай таңдалып алынған. Оларды жақын адамыңның туған күніне мейрамға сыйлауға болады.

 

ҮІІ Түсінгендерін тексеру

3.     Оқулықпен жұмыс.  Практикалық жұмыс

Тасбақалар неден жасалған (1-2 сурет)? Ермексаздан мүсінделген.

Олардың сауытына қандай табиғи материалдар пайдаланылған? Ұлу қабыршағы мен бүршік пайдаланылған.

Қандай тәсілмен біріктірілген? Неге?   Тасбақалар ермексазбен біріктіру арқылы құрастырылған.

Олар неге жылтыра тұр?  Құрамақтар лакталған.

Сарамандық кезең

Қағазбен жұмыс істеу

 

ҮІІ Бекіту

Сұрақтарға жауап алу.

Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек?

Мүктен, бүршіктерден не жасауға болады?

Сабақты қорыту

Бағалау.

 

ҮІІІ Үйге тапсырма

5.     түсініп оқу

6.     бағалау

 

 

 

 

 

 

 

ТақырыбыТабиғатқа топ серуен

Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру.

 2. білімділікке тәрбиелеу.

3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.

Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мозайка деген не?Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет.

2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа).

3.Оқулық бойынша жұмыс  16 бет 1-5 суреттермен жұмыс

Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.

Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.     Сұрақтарға жауап алу. Жасалу ретін ата?

2.     Қазақстанда суда мекендейтін жануарларды ата?

VII. Қорыту.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 16 бет.

2.Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Материалдарды желім көмегімен бекіту

Мақсаты: Қағазға желім жағу. Қағазды желімдеу тәсілі туралы

                 түсінік бер .Қағазды ұқыпты пайдалануға үйрету.

                 Ой-өрісін, қол икемін дамыту.

                 Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрн: еңбек папкасы

әдісі: сұрақ-жауап, түсініру, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-         Белгілеу және өлшеу тәсілдері.

    ІІІ Білімдерін тексеру

-         сұрақтарға жауап алу.

ІҮ Мақсат қою кезеңі

Қағазға желім жағу. Қағазды желімдеу тәсілі.

Ү. Жаңа сабақ.

1. Қағазға желім жағу.

 2. қағазды желімдеу тәсілі

Оқу , талдау, түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу,

Тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сарамандық кезең

Қағазға желім жағу.

ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не білдік?

ҮІІІ Үйге тапсырма

46-48 бет оқу

бағалау.

             

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ертегі тақырыбы бойынша композиция құрастыру

Бұйра ешкі ертегісі кейіпкерлерін жапсырмалау.

 Мақсаты: Мата түрлерін пайдаланып Бұйра ешкі ертегісі кейіпкерлерін

                  жапсырмалауды үйрету.

                  Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

                   Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрн: Үлгі Бұйра ешкі

Түрі: аралас

әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жапсырмалау. Матамен жапсырмалау.

Тізбектей оқу.

ІІІ. Білімдерін тексеру

-         жапсырмалауды қалай жасайды?

-         өз киімдеріңді қалай жапсырмалау түрлері бар?

-         Матамен жапсырмалағанда ол әдемі берік болу үшін не істейміз?

ІҮ. Мақсатын қою

Ешкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

Ү.Жаңа сабақ.

Үлгі бойынша әңгімелеу, түсіндіру.

Бұйра ешкі ертегісі кейіпкерлерін жапсырмалау үшін қағаздан, матадан үлгісін қиюды үйрету.

ҮІ Түсінгендерін тексеру

Сарамандық кезең

ҮІІ Қорыту.

-         Бүгін не білдік?

-         Қандай мата түрлерін қолдандық?

-         Сабақты аяқтау. Бағалау.

ҮІІІ Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Техникалық және ауыл шаруашылығындағы мамандық түрлері

Мақсаты: Ауылшаруышылығындағы мамандық түрлерімен

                 таныстыру.

                 Ой-өрісін , ойлауын дамыту.

                 Екбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

әдісі: сұрақ-жауап, іздену

көрн: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі

     Ауыл шаруашылығындағы мамандық түрлері

Ү. Жаңа сабақ

     Мамандық туралы түсінік беру.

     Суреттерге талдау.

    Болашақта кім болам?

     Әңгімелету.

     Оқулықпен жұмыс

     Іштей оқу

     Тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру

-         Кім болғың келеді?

-         Трактормен қандай жұмыс түрлерін атқарады?

-         Комбаиншы ше?

-         Сауыншы не істейді?

-         Құс бағушылар ше?

-         Өздеріңнің ата-аналарың қандай мамандықпен істейді?

ҮІІ Бекіту

-         «Кім болам»  әңгімелеу.

ҮІІІ Үйге тапсырма

1.    38-39 бет оқу

2.    бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еңбекке баулу 3- сынып сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 088 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2017 11690
    • DOCX 93 кбайт
    • 66 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылбекова Гульнур Бекболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51102
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 985 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 582 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 073 человека

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе