Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Статьи / Эффективность применения 7 модулей на уроках казахского языка в русских классах
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эффективность применения 7 модулей на уроках казахского языка в русских классах

библиотека
материалов

Тақырыбы:

Эффективность применения 7 модулей на уроках казахского языка в русских классах.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарынды 7 модульді қолданудың тиімділігі.



Бағыты: тәжірибе мен жаңашылдық


6 ЖОМ мұғалімі: Исмурзинова С.Ч.


 Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп алам».Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы»мәдени жобасын іске асыруды жеделдету мәселесіне ерекше мән берілген. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне баса назар аударады. Бүгінгі біздің шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға, қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы оларды қалыптастыру үрдісінің басты субьектінің бірі – мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаздар қауымы өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген өз даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс.

Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет.

Деңгейлік бағдарламаның мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті — қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,

2) сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,

4) АКТ-ны қолдану,

5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,

6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту,

7) білім берудегі басқару мен көшбасшылығы.

 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білуді, ынталы, сенімді болуды қалыптастырады.Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де өз тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл”, логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін — өзі іске асыруға, өзін — өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден- бір себебі — осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор. Осы 7-модульді өз сабақтарыма енгізе отырып, менің байқағаным топпен жұмыс жасау үрдісін, сын тұрғысынан ойлау,бағалауды,оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруды үйренді.Көптілді  мектеп бітірушілер еңбек нарығында, өмірлік қызметте де тілдік кедергілерге ұшырамайды. Ізденудің нәтижесінде бүгінгі заман талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады Ол үшін ең бастысы, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп  ойлаймын. Олар тілдік кедергілерді жеңіп,қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгерді.Оқушылар тест тапсырмаларымен жұмыс істеуге  қиналмайды.Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі.Жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тіл арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін танып,Отанға деген махаббаты мен  мақтаныш сезімін ояту –біздің басты парызымыз деп білемін.Сондықтан қазақ тілін оқыту,сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою-бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең таңдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру-жай үйреншікті нәрсе емес, ол-жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Ал мен қазақ тілі мұғалімі ретінде мемлекеттік тілді меңгертуде бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модульді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан рекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының-көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан тақырып бойынша жеке, жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсінуіне туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін әрине біз ұстаздар өзімізде өзгеруіміз керек. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, оқи алуға үйрету керек. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманды жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымен өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты технологиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені, ол оқушыларға үлкен ақпараттық, жан-жақты білім кеңістігіне жол көрсетеді.

«Білімді ұрпaқ- болашaқтың кепілі» демекші,қазіргі заманда елдің болашақ aзаматтарын қалыптастыру бaғытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты сaясатының бірі.Оқытудың жaңа технологиясын оқу үдерісіне енгізу, білім беруді aқпараттандыру – қазіргі заманның басты талабы. Жaңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылaрдың білімге деген ынта-жігерін қызығушылығын, тaлпынысын aрттырып, өз бетімен ізденуге,топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін үйреткен, жүйелі қолдaнуға бағыт-бaғдар берген деңгейлік бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынының пaйдасы өте зор. Бұрынғы қaлыптасқан дәстүрлі сабағымыз бір қалыпты жүйеде болса, ал енді қазіргі сабағымыз жаңа форматта оң өзгерістерге толы. Мұғaлімдерге 7 модуль мәтінін жан-жaқты таныстырып, өз сабaқтарында емін-еркін қолдануға жол aшудамын. Коуч ретінде мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жaқсартуға көмек беріп, жол ашудамын. Менің міндетім – коуч болып үйренгенімді әріптестерімнің тәжірибесіне жaңaшыл бағыт- бaғдар беру.

Қaзіргі тaңда оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы сабағымды ұйымдaстыр- ғанда байқaғаным шәкіртім алынған aқпаратты ойлaстыруға және тaлқылауға, өзгелердің пікірін түсінуге немесе теріске шығаруға үйрене бастады.Мектептегі сaбақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушылaрымды да өзгерте алдым дей aламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген  7 модуль аясындaғы жaңа тәсілдің бірі – тренинг. Сабақ бaрысында оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында, алған білімдерін қиындықсыз қaбылдауына үлкен септігін тигізеді. Қалай оқыту мақсатында ұйымдастырылған топтық жұмыс –  дәстүрлі сабaғымызда көп қолдaнбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушылaрға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққa тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жaғдай жасайды және көшбaсшыны aнықтауға мүмкіндік береді. Ал сыни тұрғысынaн ойлаy – креaтивті тұлғаны қaлыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлaнyды дамыту бағдaрламасы – әлемнің түкпір — түкпірінен жиылған білім берyшілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Бүгінгі күні оқyшылaрдың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің мaңызды да сaлмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқyшылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жaңаша бағалаy жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағaлау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқyшыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымaғаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаyдың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқyшының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқyшыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеyі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалаy, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда). Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалyға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқyшыларда қызығyшылық арта түсті. Құзырлы оқытyдың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бeтімен меңгерyі, түсінyі мен бағалай алуы болып табылады. Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқyы үшін тек өзі жауапты екендігін сeзінетіндігін, қызығушылықтары оянып, бeлсенділіктері артатындығын, олардың ой eркіндігі дамитындығына көзім жeтті. Сондықтан да менБолашақта жаңашыл бағыттағы әдіс-тәсілдерді біртіндеп енгізе отырып, біздің сабақтарымыз нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенемін.


















Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров157
Номер материала ДБ-046246
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх