Инфоурок Музыка Другие методич. материалы"Екі жұлдыз" тақырыбында сценарий

"Екі жұлдыз" тақырыбында сценарий

Скачать материал

Тақырыбы: Екі жұлдыз

Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл – қыздарды тәрбиелеу. 

Дамытушылық: өнерпаздарды жан – жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін шыңдау.    

Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру. Нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, музыка техникасы, комп. Экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану.

Фанфар.

Күй әуені естіліп тұрады. 

1-Жүргізуші: 

Армысыздар  ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!

Бүгінгі концертті біз бастайық

Қошеметтеп, қол соғып отырайық!

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша дүлдүлдерім ән салады

Қош келдіңіз  «Екі жұлдыз» байқауына 

Ұмытарсыз сабақ  бойы шаршағанды, - дей  келе Құрметті ұстаздар, оқушылар  және қонақтар бүгінгі «Екі жұлдыз» дүлдүлдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» байқауына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!

2-Жүргізуші: 

 1  – жұп 

Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,

Сұлу сазды әндерімен тербеткен,

Күміс көмей Диас әншімізді қарсы алайық.

Елнұрдай болашақ жұлдызбенен! (музыка ойналады)

2 - жұп 

Ботадай көздері бар мөлдіреген,

Достарымен үнемі бірге жүрген.

Әсемдей қыздарыңды қошеметпен,

Қарсы алайық қайсар мінез Аятпенен! (музыка ойналады)

3 – жұп 

Ұстаздардың шығар әркез көңілінен,

Достарын мейіріміне бөлеген.

Гиззатов Арсенді біз қарсы алайық,

Аружан  атты әнші  қыз жұлдызымен! (музыка ойналады)

4 – жұп 

Өнерін өзіне серік еткен,

Күлімдеп мейірімімен жылу төккен.

Берікқали Әсемгүлді қарсы алайық

Еламандай  әнші, сері жігітпенен! (музыка ойналады)

5 – жұп 

Мейірімімен баршаңызды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Нұрлан Аяулымды  ортаға шақырайық,

Таланты жас өнерпаз Арсенменен! (музыка ойналады)

 Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз. 

1-Жүргізуші: 

Келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1. Мұқатова Жансұлу Елемесқызы - бастауыш сынып мұғалімі

2. Джумагалиева Гүлмира Алибековна - бастауыш сынып мұғалімі

3. Сикенов сейфолла Қайыржанұлы - бейнелеу пәнінің мұғалімі

 «Екі жұлдыз» байқауының ережесімен таныс болыңыздар!

Үміткерлер патриоттық, балаларға арналған тақырыптар желісінде бір әннен  шырқауы керек. 

Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады. 

Орындаушылық техникасы оның ішінде вокалдық мүмкіндіктері  –  жоғарғы балл 5 балл;

Әртістігі – жоғарғы балл 5 балл;

Сахна  мәдениеті  – жоғарғы балл 5 балл. 

2-Жүргізуші: 

Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына шығарып салайық. 

Сахна төріне №1 жұбымыз сұңғақ  бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, сыныптың көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын, 5а сыныбының жас өнерпазы Бигалиев Диас пен өз ісінің білгірі, көрермен жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге бірдей  4 сыныптың спортшы жас өрені Газизов Елнұрды «Қазақстаным» әнімен ортаға шақырамыз! 

1-Жүргізуші: 

Келесі кезекте №2 жұп достарын аялаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, қоғамдық істерге белсене қатысып жүретін 5ә сыныбының оқушысы Кенешова Әсем мен  бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген 4 сынып оқушысы Абилов Аятты «Аналардың тілегі» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

2-Жүргізуші: 

-Енді ортаға №3 жұп өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан,  айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы,  сүйкімді де сыпайы 5ә сыныбының оқушысы Рахымғалиева Аружан мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын деп келген 5ә сынып оқушысы Гиззатов Арсенді «Балалық шаққа саяхат» әнімен ортаға  шақырамыз.

1-Жүргізуші: 

Сахна төріне №4 жұп - өз ортасында ардақты, атқарар жұмысы салмақты, қысқасы оқушылардың ішіндегі ай мен күндей, 5а сынып оқушысы Газизов Еламан мен 3 сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты қызымыз  Берікқали Әсемгүлді «Жаса қазағым» әнімен қошеметтеп ортаға шақырамыз!

2-Жүргізуші:  

Енді ортаға №5 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі 3 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым мен екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты 1 сынып оқушысы Губашев Арсенді «Бала тілегі» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!

1-Жүргізуші:  

Осымен «Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті.

Әділқазылар алқасын шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз. 

Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің жас таланттарын сахна төріне шақырамыз.

Ән:  «Қазақстаным» орындайтын 7 сынып оқушысы Мухамедиярова Милана

Ән: «Байтақ елім – Қазақстан» орындайтын 4 сынып оқушысы Шойтасов Аман

2-Жүргізуші:  

Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» байқауының үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.

1. Бигалиев Диас пен Газизов Елнұр

2. Кенешова Әсем мен Абилов Аят

3. Рахымғалиева Аружан мен Гиззатов Арсен

4. Газизов Еламан мен Берікқали Әсемгүл

5. Нұрлан Аяулым мен Губашев Арсен

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Марапаттау рәсімі. 

1-Жүргізуші:  

 «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 

«Екі жұлдыз» байқауының бүгінгі концерті осыменен  аяқталды.

2 - Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық.

Бірге:

Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.

Ән аманат сіздер үшін,

Бар болыңыздар, сау болыңыздар! 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Екі жұлдыз" тақырыбында сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 1856
    • DOCX 74 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Гулжайнар Нурлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34292
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Народные щипковые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 55 регионов

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе