Инфоурок Биология ПрезентацииЭкология және біз. Презентация

Экология және біз. Презентация

Скачать материал
Скачать материал "Экология және біз. Презентация"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жер ғаламшарының экологиялық апаттары.(Экология және біз)Қостанай облысы 
Ама...

    1 слайд

    Жер ғаламшарының экологиялық апаттары.
    (Экология және біз)
    Қостанай облысы
    Аманкелді ауданы
    Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
    Биология пәні мұғалімі Жақыбаева Гүлім Ғалымжанқызы.

  • Танысу аялдамасы

    2 слайд

    Танысу аялдамасы

  • Сабақ түрі: конференция.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікір-талас, т.б....

    3 слайд

    Сабақ түрі: конференция.
    Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікір-талас, т.б.
    Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
    ΙΙ. Конференция жоспары:
    1.Мұғалімнің кіріспе баяндамасы.
    2 . Топқа бөлінген оқушылар өз топтарына берілген тапсырманы орындап, ортаға шығып баяндау.
    3.Ой – бөлісу: 1. « Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз,онда...»
    2. « Егер сіз аудан әкімі болсаңыз, онда...»
    3. « Егер сіз ақын болсаңыз, онда...»
    4. « Егер сіз суретші болсаңыз , онда... »
    4.Қорытынды. (мұғалімнің тірек – сызбалары арқылы қорытындылау, «Экология» сөзжұмбағын шешу).
    5. Конференцияға жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау.

  • 1.Мұғалімнің баяндамасы:  - Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда Жер бетіндегі бү...

    4 слайд

    1.Мұғалімнің баяндамасы: - Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай , елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы Заң қабылданды. Кодекс ұғымы бір жүйеге келтірілген заңдар мен ережелер жүйесінің біртұтас заңдастырылған жүйесі деген мағынаны білдіреді.
    Қазіргі кезде елімізде қабылданған бұл экологиялық кодекстің 7 бөлімі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық » деп аталып, оның 25 – тарауы түгелімен «Экологиялық білім беру мен ағарту мамандарының біліктілігін арттыру» мәселесіне арналған . Бұл аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ісі мектеп мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі.
    Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бүгін біз – экологияға арнап конференция өткізгелі отырмыз.

  • Атап айтар болсам , қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының арт...

    5 слайд

    Атап айтар болсам , қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы – экологиялық жағдайлардың күннен-күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе, ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және тағы басқа жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат . Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық , өте күшті су тасқындары , сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отыр. Ғалымдардың деректері бойынша 1990 жылдан бері 100 жыл ішінде Жер бетінің орташа жылдық температурасы 0,5 0 С- қа көтерілген болса, ал соңғы әрбір 10 жылда бұл көрсеткіш 0,30 С көтерілгені анықталды. Жер бетінде ғаламдық жылынуы дәл қазіргідей жалғаса беретін болса, осы ғасырдың ішінде ғаламшардағы орташа температуралық жағдай + 1 +50 с көтерілуі мүмкін деген деректер бар.

  • Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуына негізінен, өнеркәсіп орындарынан , ж...

    6 слайд

    Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуына негізінен, өнеркәсіп орындарынан , жанармайды пайдаланатын көліктерден бөлінетін су буларының, көмірқышқыл газының , азот оксидінің , күкірт ангидридтерінің , метанның және тағы басқа улы қоспалардың әсері мол. Мұндай улы қоспалар жер бетінің атмосфера қабатында жылу энергиясының жинақталып, жер бетінің жаппай жылынуына әсер ететіні де белгілі. Жер бетінің ғаламдық жылынуы Антарктидадағы, Арктикадағы мұздың және биік таулы аймақтардағы мұздықтардың жаппай еруіне әсер етеді деген пікірлер де бар. Қазіргі ғылыми деректер бойынша соңғы әрбір 10 жылда әлемдік мұхит деңгейі орта есеппен 6 см-ге көтерілетіні анықталған.

  • Жер бетіндегі ғаламдық өзгерістердің бәріне де адамның шаруашылық іс - әреке...

    7 слайд

    Жер бетіндегі ғаламдық өзгерістердің бәріне де адамның шаруашылық іс - әрекетінің әсері айқын байқалуда. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер баршылық. . Олар ауаның , судың ластануы , өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің бәрі адам өміріне , денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.
    Үздіксіз экологиялық тәрбие беруде мемлекеттік деңгейде мән беріліп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

  • Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында табиғат байлықтары,...

    8 слайд

    Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында табиғат байлықтары, оның ішінде тіршілік көзі – су мәселесіне де арнайы тоқталған болатын. Онда: «Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз»,-деп атап айтқан болатын. Әсіресе, су мәселесіне қорғау, оны болашақтың үлкен байлығы ретінде жеткізу аса маңызды.

  • Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері - оқушы...

    9 слайд



    Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері - оқушылардың табиғи ортадағы адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерді көре білуі, сол табиғи ортаны қалпына келтіруге атсалысуы, оның сапалы болуын қамтамасыз етуін, оқушылардың табиғи ортаға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды.
    «Экологиялық тәрбие» қоршаған ортаға саналы түрде қарайтын, оның байлықтарын парасаттылықпен игеретін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу.
    «Табиғатты қорғайық, аялайық
    Барды - жоқты пайымдай баяндайық.
    Болашақта қызығын көру үшін
    Қатысса деп ойлаймыз барша халық ! »

  • ΙΙ. Әр топқа берілетін тапсырмалар.І топ  “Аралым арым, Балқашым бағым” ІІ то...

    10 слайд

    ΙΙ. Әр топқа берілетін тапсырмалар.
    І топ “Аралым арым, Балқашым бағым”
    ІІ топ Дүние жүзіндегі және қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер. Өндіріс және тұтыну қалдықтары.



    ІІІ топ Табиғаттағы адамның іс әрекеттері.

  • «Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкеледі?»

    11 слайд

    «Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкеледі?»

  • І топқа сұрақ. а)  Экология ғылымы
 нені зерттейді?ә)   Экология ғылымының не...

    12 слайд

    І топқа сұрақ.
    а) Экология ғылымы
    нені зерттейді?
    ә) Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?

  • 2-топқа сұрақа) «Озон тесігі», «Қышқыл жаңбырлар» ұғымдарына түсінік берсеңіз...

    13 слайд

    2-топқа сұрақ
    а) «Озон тесігі», «Қышқыл жаңбырлар» ұғымдарына түсінік берсеңіз?
    ә) Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай?

  • 3- топқа сұрақ а) Өзіміздің Ауданымыздың  экологиясы туралы не білесің?ә) Ауд...

    14 слайд

    3- топқа сұрақ
    а) Өзіміздің Ауданымыздың экологиясы туралы не білесің?
    ә) Ауданымыздың экологиясын қалай жақсар туға болады?

  • а) Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?ә) Нағыз тұрмыстық қалды...

    15 слайд

    а) Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?
    ә) Нағыз тұрмыстық қалдықтарға нелер жатады?

  • а) Қоршаған ортаға қауіпті заттарды ата.      ә) Адамдардың ауыр металдардан...

    16 слайд

    а) Қоршаған ортаға қауіпті заттарды ата.
    ә) Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болуда?

  • ΙΙΙ – бөлім: Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).2. « Егер 
сіз аудан әкімі бо...

    17 слайд

    ΙΙΙ – бөлім: Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).
    2. « Егер
    сіз аудан әкімі болсаңыз, онда...»
    3. « Егер
    сіз ақын
    болсаңыз, онда...»
    « Егер сіз
    табиғат
    қорғау министрі
    болсаңыз,онда...»
    4. « Егер сіз суретші
    болсаңыз ,
    онда... »
    5. «Егер сіз жазушы
    болсаңыз, онда...»
    6. «Ауыл экологиясы» туралы шығарма жазып келген оқушыларға сөз беру;

  • 1-сұрақ : Біздің ауылымызда қоршаған орта ,
 ауа қандай көздер арқылы ластана...

    18 слайд

    1-сұрақ : Біздің ауылымызда қоршаған орта ,
    ауа қандай көздер арқылы ластанады деп ойлайсың?

  • Мұғалім: Қазақстанның және ауылдың экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар ж...

    19 слайд

    Мұғалім: Қазақстанның және ауылдың экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар жасауға болады? Осы жайында ұсыныс, пікірлерің болса,ортаға салуларыңа болады..


  • ΙV.Қорытынды: Құрметті оқушылар! Міне, бүгінгі сабақта өздеріңмен «Жер ғаламш...

    20 слайд

    ΙV.Қорытынды: Құрметті оқушылар! Міне, бүгінгі сабақта өздеріңмен «Жер ғаламшарының экологиялық апаттары.» тақырыбында қазір заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық . Әрине , экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір мектеп оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз.

  • Сабақты мынандай  
экологиялық тірек-сызбамен қорытындылағым келеді.1-тірек-с...

    21 слайд

    Сабақты мынандай
    экологиялық тірек-сызбамен қорытындылағым келеді.
    1-тірек-сызба:

  • 2-тірек – сызба.    Қоғамдық мекемелер, адамАйналадағы ортаға
Мемлекеттік бақ...

    22 слайд

    2-тірек – сызба.
    Қоғамдық мекемелер, адам
    Айналадағы ортаға
    Мемлекеттік бақылау
    Жерді, табиғи
    ресурстарды тиімді пайдалану
    Әскери
    шығынды
    азайту
    ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
    Экологиялық білім
    беру және тәрбие беру
    Өндірістерді,
    әсіресе
    лас өндірістерді
    тиімді орналастыру
    Жерді
    тиімді
    пайдалану
    Аз шығынды, шығынсыз технология енгізу
    Әскери шығынды азайту
    Келіспеушілікті, соғысты болдырмау
    Өсімдіктер
    мен жануарлар
    дүниесін сақтау
    және жаңарту

  • Қорытынды сөз:  - Құрметті оқушылар!
	«Экология және біз» деген тақырыпта өтк...

    23 слайд

    Қорытынды сөз: - Құрметті оқушылар!
    «Экология және біз» деген тақырыпта өткен конференция осымен аяқталды.
    Конференцияның соңында мынандай қаулының жобасы бар:
    1. Ауыл экологиясын қорғауға бүкіл мектеп оқушылары болып атсалысу;
    2. Ауылды көркейту мақсатында «Жасыл желектер» экологиялық ұйымын құрып, оған мүшелер қабылдап, жоспар бойынша жұмыс жүргізу.
    3. Ауылдағы тоқтап қалған ауыз су мәселесін шешуге ауыл әкімінен көмек сұрап, ашық хат жолдау.

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 35616
    • PPTX 19.3 мбайт
    • 2171 скачивание
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жақыбаева Гүлім Ғалымжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жақыбаева Гүлім Ғалымжанқызы
    Жақыбаева Гүлім Ғалымжанқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44985
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек